Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

§ 25, 26

Бағыттар

Әмір Темір мемлекеті (Мауараннахр)

Ноғай Ордасы

Батыс Сібір хандығы

Уақыты

1370-1405ж (Әмір Темір басқарған кезең)

ХІІІ –ХV ғ.

ХІV - ХV ғ. бсы

Территориясы

Сырдария мен Амудария аралығы,

Мауараннахр

Батыс Қазақстан , Еділ мен Жайық аралығы

Қазақстанның солтүстігі, Сібір жері

Астанасы

Самарқан

Сарайшық

Қызыл тура

Билеуші титулы

Әмір Темір

Хан

Хан

Құрылу тарихы

Құрылу тарихы

●Әмір Темір- монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан,

● Әкесі –Тарағай бек

●Әмір Темір 1336-1405ж. өмір сүрген

●1370 ж. Әмір Темір Мауараннахрды басып алапы, 35 жыл билік құрады

●Ноғай Ордасы Алтын Орданың ыдырауынан құрылды

●Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған, Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған.

●Ноғай Ордасының басым көбі –маңғыт тайпасы болды, сондықтан да Ноғай Ордасын «маңғыт елі» деп те атаған

●Ноғай Ордасының негізін қалаушы -Едіге

●Сібірдің ұлан –байтақ жерін ежелден түрік тайпалары мекендеген.

●Батыс Сібір тайпаларымен көрші қонып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйтқысы қыпшақтар болды

●Түрік тілдес тайпалар бірлестігінде басты роль атқарған –керейіттер болды

●Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамында болды

●Тайбұға Шыңғысханның құрметіне астанасы Тура қаласын –Чимги –Тура деп өзгертеді ( қазіргі Тюмень )

●1428ж. Батыс Сібір жерін Шайбани Әбілқайыр басып алады

Қоғамдық құрылысы

●Әмір Темір жеке –дара билік жүргізді

●Едігенің өзін хан деп жариялауға құқы болмады, Едіге «беклер бек»- «ұлы әмір»атағын алды

●Түрік тайпалары басшылары –мырза деп аталды

●Ноғай Ордасында ұлысты билеуші –мырза болды

--------------------------------------------

Саяси жағдайы

Саяси жағдайы

Әмір Темір

Ноғай Ордасы

Батыс Сібір

●Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын өзіне жақын жатқан Ақ Орданы басып алуды көздеді

●1376ж.Ұрұс хан Әмір Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап етеді, Әмір Темір жауап ретінде Тоқтамысқа әскер беріп аттандырады,осы жылы Ұрұс қаза табады.

●1377 ж.Ұрұс ханның ұлы Темір –Мәлік Сауранда Тоқтамысты жеңеді

●Тоқтамыс келесі жорығында Ақ Орда билеушісі болады

●1391 ж.21 қаңтарда Әмір Темір өзіне бағынбауды бастаған Тоқтамысқа қарсы 200 мың әскермен жорыққа аттанады.

●1391ж.18 маусымда Құндызша шайқасында Тоқтамысты қирата жеңді,Тоқтамыс қашып құтылады

●1393ж.бастап Тоқтамыс билігін қайта қалыпан келтіреді

●1395ж. Терек шайқасында Тоқтамыс Әмір Темірден мүлде жеңіледі

●1371-1390ж.Моғолстанға 10 шақты рет жорық жасайды

●1376ж. Әмір Темір Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырып, Қмар ад-динді Атбасар маңында талқандайды

●Әмір Темірдің Ақ Орданы әлсіретудегі мақсатына табылған себеп: Түй –Қожаның баласы Тоқтамыстың Темірге қашып баруы

●1404 -1405ж.Әмір Темір Қытайға әскерін аттандырды .

●1405ж.Қытайға жорық кезінде Отырарда қайтыс болды

●Әмір Темір жорықтарының қазақ жеріне тигізген әсері –экономикасы мен мәдениеттің дамуына үлкен зардабын тигізді

●Әмір Темір ислам дініне арқа сүйеді, оған дәлел Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыруы

●1405ж.Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін,Мауараннахр мемлекеті ыдырап кетті.

●Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында 1389 ж,1391 ж, 1395 ж. ірі үш шайқас болған.

●Сарайшықтың іргесі –Х ғ. қаланған,ХІІІ –ХІV ғ. дәуірлеген,1580ж. Дон, Еділ казактарының шапқыншылығынан біржола қираған,Сарайшықта Алтын Орданың,қазақ және ноғай хандары жерленген

●Ноғай Ордасы өз алдына жеке мемлекет болды –Едігенің баласы –Нұ рад –диннің кезінде және Алтын Ордадан бөлінді

●Маңғыт елі Едігеге арнап «Едіге жырын «шығарды

●Едіге Орданы 15 жылдай билеген,(1369-1411ж)

●Батыс Сібірдегі тайбұға тайпасы да Едіге билігін мойындаған

●1446ж. маңғыт Уақас би Үзкент қаласына билік жүргізген

●Едіге ұрпақтары –Мұса мырза, Жаңбыр-

шы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа танымал болды

●ХV ғ. басында Ноғай Ордасы ыдырай бастады.

●1550ж.ортасында Қазан,Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді

●Ш.Уәлиханов қазақ ханы Жәнібек хан тұсында өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атады

●Ноғай Ордасы екіге бөлінді:

1/ Үлкен Ноғайлы –Еділдің шығысы

2/ Кіші Ноғайлы – Еділдің батысы

● Ноғай Ордасы ыдыраған соң көп бөлігі Кіші жүзге қосылды

●1273ж.Ноғай Византия императорының қызына үйленеді

●Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Батыс Сібір жерінде билікті Ибақ хан алады және қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасып, Әбілқайырдың мирасқоры Шайх –Хайдарды өлтіреді ,ал оның баласы –Мұхаммед Шайбани Астраханға қашып кетеді

●1481-1484ж.Ибақ хан орыс мемлекетіне екі рет елші жіберген және орыс патшасы ІІІ Иванмен сауда жөнінде келісімге келген.

●1495ж.Ибақ хан Чимги –Турада тайбұғалық Мұхаммедтің қолынан қаза табады

●Батыс Сібір билеушісі болып, Мұхаммед жарияланады

●Сібір атауы сыпыра этникалық атауынан шыққан

●Көшім хан Қадырғали Жалаиридің жазуынша Шайбани әулетінің ұрпағы

●Көшім хан Батыс Сібір халқына ислам дінін тарата бастады

●Сібір хандығының (Көшім хандығы)астанасы –Искер болды

●Парсы шежірешісі Рашид ад –Дин Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін,Жошы ұлысының,онан соң Алтын Орда құрамын енгенін жазады

●Алтын Орда ханы Батый Сібір жерін Шайбаниға сыйға тартқан

●1555ж.Көшім Сібір жұртын билеп тұрған тайбұға руымен ұзақ күрес жүргізеді,тайбұғалықтар Көшім билігін мойындайды

●Көшім басқарған кезде Сібір хандығының күш-қуаты артады

●Ресейдің Сібірге жорығы 1582ж. Ермактың бастауымен басталды және Искер түбіндегі шайқаста Ермак жеңеді

●1584ж.Ермак Сәтбек батырдан жеңіледі

●1598ж.Сібір ханы Көшім Ресейден толық жеңіледі

●1598ж.Сібір хандығы құлайды

●Сібір хандығындағы түрік тілдес тайпалар қазақ хандығы құрамына өтті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]