Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабы.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

: Тапсырмалар.

Нұсқа

Тапсырмалар

1

1) Сегіз төреші жарысқа қатысқан командаға келесі бағалар қойды: 9.2, 9.4,9.6,9.3, 9.5, 9.4, 9.1, 9.3. Орташа бағаны және орташа бағадан асатын неше баға бар екендігін анықтау қажет.

2

Факультетте 15 группа бар. Әр группадағы студенттер саны келесідей: 25,23,18,16, 22, 19, 20, 21, 24, 17. Егер әр группаның 60% қыздар құраса, әр группадағы қыздар саны қанша?

3

А(3) және В(3) бір өлшемді массивтері берілген. Ci=Ai + Bi теңдеуімен анықталатын С(3) массивін және оның жұп сандарының қосындысы мен теріс сандарының нешеу екендігін анықтау керек.

4

А(10) массивінің теріс элементтерінің қосындысын есептейтін бағдарлама құру.

5

Факультетте 15 группа бар. Олардың саны келесідей: 12, 15, 25,23,18,16, 13, 22, 19, 20, 21, 24, 17, 14, 10. Бюджеттік негізде оқитын студенттер саны әр группаның 20% құрайды. Әр группадағы бюджеттік негізде оқитын студенттер санын анықтау керек.

Бақылау сұрақтары

  1. Массив дегеніміз не?

  2. Массивтерді қалай орналастыруға болады?

  3. Бір өлшемді массивтің жалпы жазылу түрі?

  4. Массив элементтері қалай нөмірленеді?

  5. Массивке оның элементтерін қалай меншіктеуге болады?

Зертханалық жұмыс №9.

Тақырыбы: «Екі өлшемді массивтер.»

Жұмыстың мақсаты: Екі өлшемді массивтерге бағдарлама құру.

Теориялық бөлім:

Екі өлшемді массив С#-та массивтерден тұратын массив ретінде беріледі. Екі өлшемді массивтің кез келген элементі екі индекс арқылы анықталады. Егер екі өлшемді массивті кесте түрінде елестететін болсақ, онда бірінші индекс жолды, ал екінші индекс бағанды білдіреді.

Мысалы, 10x20 өлшемді екі өлшемді массивті сипаттау үшін төмендегідей жазамыз:

int[ , ] a=new int[10,20];

Екі өлшемді массивті енгізу:

for (i = 0; i < n; j++)

for (j = 0; j < m; i++)

a[i,j] = Convert.ToDouble(Console.ReadLine());

Мысал. A(3,3) екі өлшемді массивінің арифметикалық ортасын табу

using System;

class Program

{

public static void Main()

{

int t, i;

int n = 3, m = 3;

double s = 0;

double[,] a =new double[n,m];

Console.WriteLine("Massiv elementterin engiziniz:");

for (t = 0; t < n; t++)

for (i = 0; i < m; i++)

a[t,i] = Convert.ToDouble(Console.ReadLine());

for (t = 0; t < n; t++)

{

for (i = 0; i < m; i++)

{

a[t, i] = (t * m) + i + 1;

Console.Write(a[t, i] + " ");

}

Console.WriteLine();

}

for (t = 0; t < n; t++)

{

for (i = 0; i < m; i++)

{

s=s+a[t,i];

s /= n * m;

}

Console.WriteLine();

}

Console.WriteLine("s="+s);

}

}

: Тапсырмалар.

Нұсқа

Тапсырмалар

1

  1. Әр түрлі он станцияда (i=1,2,…,10) төрт түрлі жанармай сатылады (j=1,2,3,4).

І станциясындағы j түрлі жанармай көлемі – dij келесі теңдеумен анықталады: dij= 1+cos(i+j), мұндағы i=1,2,…,10, j=1,2,3,4. Қай станцияда және қандай жанармай түрі көп сатылғанын анықтау қажет.

2

Екі өлшемді массив берілген. Ең кіші элементтің орнын және массивтің теріс элементтерінің көбейтіндісін анықтау керек.

3

К(3,4) матрицасындағы жұп номерлі (баған не жолы жұп) элементтерді 1-мен алмастыру. Бастапқы және соңғы матрицаны шығару.

4

В(5,5) массиві берілген. Берілген массивтің жол бойынша оң элементтерінің қосындысын есептеп жауабын А(5) массивіне меншіктейтін бағдарлама құру. Массив элементтері нақты сандар.

5

С(3,4) екі өлшемді массив элементтерінің жұп сандарының ең кішісін анықтайтын бағдарлама құру. Массив элементтері бүтін сандар.

6

А(3,3) екі өлшемді массивінің негізгі диагональ астындағы элементтерінің (диагональмен қоса) қосындысын табу және массивті баған түрінде шығару.

Бақылау сұрақтары

  1. Екі өлшемді массив дегеніміз не?

  2. Массивтегі 1-ші және 2-ші нені білдіреді?

  3. Массив ішіндегі динамикалық жадты белгілеу үшін не қолданылады?

  4. Матрица элементтері бірінен кейін бірі орналасу үшін не қолданылады?