- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Жасушалардың қатерлі ісікке айналу механизмдері жайлы қазіргі көзқарастар.
- •Ісік жасушаларының антигендік құрамы
- •Ісік дамуындағы иммунитет тежелуінің маңызы
- •23-Ші сурет. Антиденетәуелді жасушалық цитотоксикалық әсері
- •24-Ші сурет. Цитокиндердің ісікке қарсы иммунитетте қатысуы
Ісік жасушаларының антигендік құрамы
Өзінің антигендік құрамы жағынан ісік тіндері мен сау тіндер тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан айырмашылығы бар. Адамда кездесетін қатерлі ісіктерде ерекше антигендердің болуын алғаш рет тәжірибе жүзінде Л.А. Зйльбер ашқан. Кейін ол көптеген тәжірибе және клиникалық зерттеу кезінде дәлелденді. Ол антигендер ісікке байланысты болып, соған сәйкестік білдіреді, мұндай өзгерістер сау тіндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседі.
Ісік антигендерінің генетикалық құрылысы ішкі немесе сыртқы болады. Ісік антигендерінің сыртқы генетикалық құрылысы жасушаға сырттан енгізілген өзгерістердің енуіне байланысты (онкогендердің вируспен жұқтырылғанда). Бұл кезде богде генетикалық
бағдарлама жасушада вирус антигенінің (типтік және топтық ерекшелігі) және вирусты емес антигеннің әсерінен пайда болады. Оларға ісік ядросы мен цитоплазмасының антигендері және беткей ісікерекшелі трансплантациялық (ОСТА) антигендері жатады.
Ішкі себептермен шақырылған ісікерекшелік антигендердің пайда болуы тұқымқуалаушылыққа байланысты, тік тасымалдау арқылы вирус онкогенінің геномга енуі немесе жасуша бөлінуін қадағалаушы гендердің онкогендер, ісік тежеуші гендер (өсу факторларына арналған рецепторлар түзілуін қадағалаушы және пролиферацияны кедергілейтін фактор, т. б.) мутантты түрлерімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, ісікерекшелі антигендер пайда болуы осы топ гендерінің обыр туғызушы әсерімен өзгеруге де байланысты болуы мүмкін, себебі олар адам өмірінде үнемі түзіліп тұрады.
Қатерлену кезінде жасушалардың аз немесе үлкен мөлшерде табиғи қызметтері кемиді және олар әлсіз дамыған жасушаларға айналады. Бұл үрдіс сау тіндерге саты ерекшелік антигендердің жойылуына алып келеді.
Осымен бірге, әдетте эмбрион кезеңде болатын гендер белсенділігі арқасында, рак-эмбрионалды антигендер де пайда болады (РЭА). Рак жасушасы геномының жұмысы белсенді түрінде, басқа тіндерге зиянды әсерін тигізуінің нәтижесінде ісік жасушасының бетінде басқа тіндерге тән антигендер пайда болады (гетеромүшелік антигендер).
Қазіргі кезде ісіктер түрімен бірлескен көпшілікті эмбрионалды антигендер анықталған. Оның ішінде толық зерттелген: альфа-фетопротеин, карцино-эмбрионалды антиген, эмбрионалды сульфоглико-протеин, Н-цитокин, Реган фосфатазасы, т. б. Рак- эмбрионалды антигендердің аурулар қан сарысуында анықталуы рактың ерте анықталуына мүмкіндік береді.
Альфа-фетопротеин адам ісіктерінде бірінші анықталған эмбрионалды антигендердің бірі. Ол аурулар қанында және бауыр гепатоцеллюлярлы ісіктер жасушаларында кездеседі, сонымен қатар, аналық және аталық жұмыртқа бездерінің тератобластомаларында кездеседі. Бұл антиген асқазан ісігі бар ауруларда, қуық асты без ісігінде және асқазан ісігінің бауырга жайылуы кезінде қан сарысуында кездеседі.
Карцино-эмбрионалды антиген ауру қанында серологиялық адіс көмегімен анықталады және тік ішек, тоқ ішектің қатерлі ісігі жасушаларында табылады.
Эмбрионалды сульфогликопротеин асқазан шырышты қабатының қатерлі өзгерген жасушаларында байқалады, ал Н-цитокин асқазан-ішек, сүт безі, өкпе, қуық асты безі, қалқанша без, лимфогранулематоз сияқты катерлі ісігі бар аурулардың қан сарысуында анықталады және ол жүкті әйелдердің қан сарысуында табылған.
Реган фосфатазасы қатерлі өкпе және асқазан-ішек жолдары ісігінде 10-20% жағдайда болады. Бұл фермент плацентаның сілтілі фосфатазасымен бірдей, ол плацентамен түзіледі және жүкті ана қанында кездеседі.
Тәжірибелі зерттелуде жануарлар қатерлі ісіктің жасушаларында, шақыру тәсіліне қарамастан (әртүрлі онкогенді вирустар, химиялық канцерогендер, сәулелену), бірнеше рак-эмбрионалды антигендер табылған. Бұл антигендердің қатерлі жасушаларда пайда болуы маңызды және ол ісіктегі эмбрионалды гендерді жанартып, жұмыс істеуін айқындатады. Бұл гендердің тежелуі вирус геномымен шақырылады және жасушаға химиялық, физикалық канцерогендердің, гормондардың әсерімен туындайды.
Сөйтіп, қатерлену кезінде ісік жасушаларында екі үрдіс бірдей жүреді: антигендік қарапайымдану - қалыпты тіндерге сай антигендерді жоғалту; антигендік күрделену - берілген тіндерге тән емес жаңа антигендердің пайда болуы, соның ішінде ісікерекшелі, рак-эмбрионалды, вирусерекшелі және гетеро(басқа) мүшелік антигендер.
Ісікерекшелі антигендердің мінездемесі жағынан тәжірибелік ісіктерді екі негізгі топқа белуге болады:
Канцерогендермен (рак туғызғыш заттармен) әсерленген ісіктер. Бұл ісіктердің әркайсысында өзіндік антигендері бар, мысалы, таза бір топқа жататын әртүрлі жануарлардың барлық тіндерінде немесе бір жануардың әртүрлі тіндерінде бірдей канцерогенмен туғызған антигендер.
Вируспен эәсерленген ісіктер. Бірдей вируспен әсерленген ісіктердің антигендері ұқсас болады, тіпті олардың әртүрлі жануарларда кездесіп, әртүрлі морфологиялық құрылымы болса да.
Тура осындай заңдылық адамда кездесетін қатерлі ісіктерде де байқалады. Вирусәсерлі ісіктерде (лейкоз, лимфома, т.б.) ісік түріне тән көпшілік ауруларда болатын ортақ антигендер табылады. Сонымен қатар, адамда кездейсоқ пайда болатын вируспен байланысты емес ісіктерде, осы ауруларға тән ортақ антигендер табылмайды, бірақ өзіндік ісікерекшелік антигендер кездеседі.
Ісікерекшелі антигендер ісік жасушаларының ішінде де, бетінде де орналасуы мүмкін. Жасуша ішіндегі антигендердің рөлі ісікке қарсы туру серпілістерде маңызды емес немесе рөлі өте аз болады, себебі иммунды жүйенің оны тануына жетістігі жоқ. Ісік жасушасының бетінде орналасқан антигендерді тану өте оңай және ол арнайы иммунды жауапты тудыратын негізгі бір себеп болып табылады.
Ісікке қарсы иммунды жауаптың түзілуінде ісікерекшелі трансплантациялық антигендер (ОСТА) маңызды рөл атқарады, олар адам ісіктерінің көптеген жасушаларында
кездеседі және көбінесе гистосэйкестіктің әлсіз антигендер қатарына жатады. Олардың мөлшері ісік жасушаларының бетінде қанша төмен болса, сонша ол ісік қатерлі болады.
