Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журнал 2.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Экспо – дағы Талғат Ермегияевтің жолы

Талғат Амангелдіұлы Ермегияев 1969 жылы 7 мамырда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Ермегияев Амангелді Дінұлы (1944 ж. т.), «Алматықұрылыс» ¥ХК» АҚ президенті. Анасы - Ермегияева Жаңыл Нәбиқызы. Алматы сәулет-кұрылыс институтын (1993) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Джорджтаун университетін (АҚШ, 1996); М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (2004) «Тасымалдарды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның темір жолдарын электрлендіру перспективалары». Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. «Қазақстанның темір жолдарын электрлендіру перспективалары» жарияланымының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. Талғат Амангелдіұлы 1969 жылы Алматы қаласында туған.  Білімі жоғары, 1993 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.  2004 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша аяқтаған.  2009 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетін (Санкт-Петербург қаласы) дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты деген ғылыми дәрежесіне ие.  1993-1998 жылдар аралығында Халықаралық экономикалық және әлеуметтік реформалар қорының Алматы бөлімшесінде («Реформа» қоры) директордың орынбасары, атқарушы директор болып жұмыс істеді.  1998-2002 жылдары «Рахат» Қазақстан-Австрия бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары қызметін атқарған.  2002-2005 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, атқарушы директор, құрылыс жөніндегі басқарушы директор.

2005-2006 жылдар аралығында - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті.  2006-2008 жылдары - «АлматыҚұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті лауазымын атқарды.  2008 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі болып істеді. 2011 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі. 2012 жылдан бастап – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болды. 2013 жылдың қаңтарынан бастап - «Астана ЭКСПО – 2017»Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметінде.

03 October 2014, 13:00

ЭКСПО-2017 көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында  Т.Ермегияев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық пен Көрме кешені құрылысының барысы туралы баяндады. 

Қазақстан Президенті Ұлттық компанияның алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты.

- Дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады. Құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субьектілерін жұмыспен қамтыған жөн. Тағы бір маңызды мәселе - көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдалану, олар көрмеден кейін де пайдаланыста болуы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы өз кезегінде көрме нысандарының құрылысы құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес жүріп жатқанын айтты.

- Жыл аяғына дейін облыс әкімдіктерімен бірқатар меморандум жасау жоспарланып отыр. Онда құрылысқа қажетті материалдар пысықталады. Бүгіннің өзінде құрылыс материалдары жергілікті компаниялардан сатып алынуда, - деді Т.Ермегияев.

Ол сондай-ақ компания қаржыландырудың балама көздерін тарту тетіктерін әзірлегенін айтты. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының ақпаратына қарағанда, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса қамтығанда, тікелей шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 800 миллион доллар болады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 барлық 38 нысанын пайдалануға беру 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Көрменің халықаралық қатысушылары өз экспозицияларын дайындау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтарында бастайды.

2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылатын ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса ел, оннан кем емес халықаралық ұйымдар, инновациялық технологиялардың 10 шақты  көшбасшы-компаниялары қатысады деп жоспарлануда. Көрмені 2 миллионнан астам адамның келіп көруі күтілуде, соның шамамен 85 пайызы қазақстандықтар болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]