Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РП стат каз_2014.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

2 Бөлім Әлеуметтік-экономикалық статистика

11-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Әлеуметтік-экономикалық статистика пәні туралы түсінік, бақылау объектілері.

  2. Әлеуметтік-экономикалық статистика әдістері.

  3. ҰЕЖ-ң макростатистикалық үлгі ретіндегі артықшылығы.

  4. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіш жүйесі, оның маңызы және республиканың даму заңдылықтарын зерттеудегі ролі.

  5. Статистикалық көрсеткіштер жүйесін халықаралық статистикалық практика талабына сай жетілдіру салдары.

12-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Халықтың еңбек потенциалы, еңбек ресурстары ұғымдары туралы түсінік.

  2. Халық саны мен құрамы туралы түсінік, статистикада алатын орны.

  3. Халықтың табиғи және механикалық қозғалысының көрсеткіштері. Халықтың

  4. Еңбек ресурстары статистикасының міндеттері, көрсеткіштер жүйесі. Еңбек ресурстарының балансы.

  5. Еңбек ресурстарының санын зерттегенде қолданылатын топтастырулар. Еңбек ресурстарының ұдайы өндірісінің көрсеткіштері.

  6. Экономикалық белсенді халықтың жіктемесі.

  7. Жұмыс уақыты қорын зерттеу.

  8. Жұмыс уақытының құрылымы, пайдалану көрсеткіштері.

  9. Еңбек өнімділігі, оның индекстері.

5 Тақырыптар, сөж/мөж-ді орындау тапсырмалары мен сұрақтары

1 Бөлім Статистиканың жалпы теориясы

1-тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

  2. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы.

  3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

  4. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланыстылығы.

  5. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар.

2-тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Статистиканың қоғамдағы атқаратын орны, негізгі міндеттер.

  2. Статистика органының Қазақстанда ұйымдастырылуы.

  3. Халықаралық статистика ұйымы. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік статистика” туралы заңы.

3-тақырып. Статистикалық бақылау

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Статистикалық бақылау дегеніміз не?

  2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру формаларын атаңыз.

  3. Статистикалық бақылаудың түрлерін атаңыз.

  4. Статистикалық бақылаудың тәсілдерін атаңыз.

  5. Бақылаудың нәтижесін тексеру жолдарын атаңыз.

  6. Мәліметтерді жинаудың қандай жолдары бар?

  7. Тіркеуге алу мерзімі бойынша статистикалық бақылау қандай түрге бөлінеді?

  8. Жиынтықтағы бірліктерді қамтуы бойынша статистикалық бақылау қандай түрге бөлінеді?

  9. Жартылай бақылаудың түрлерін атаңыз.

  10. Статистикалық бақылау қатесінің түрлерін атаңыз.

4-тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Статистикалық топтастырудың түрлерін атаңыз.

  2. Қайта топтастыру дегеніміз не?

  3. Статистикалық қатарлардың түрлерін атаңыз.

  4. Статистикалық таратпалы қатар дегеніміз не және ол қандай белгілер бойынша құрылады?

  5. Статистикалық кестелер және олардың элементтері.

  6. Статистикалық кестелердің түрлері.

  7. Графиктердің түрлерін және маңызын атаңыз.

  8. Графиктердің негізгі элементтерін атаңыз.

  9. Дискретті вариациялық таратпалы қатардың графигі қалай аталады?

  10. Интервалды вариациялық таратпалы қатардың графигі қалай аталады?

5-тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Абсолютті шамалар дегеніміз не?

  2. Абсолютті шамалар қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

  3. Қатысты шамалар дегеніміз не?

  4. Қатысты шамалардың экономикадағы ролі қандай?

  5. Жоспардың, жоспарлық тапсырманың орындалуының және динамиканың қатысты шамалары өзара қалай байланысады?

  6. Құрылымның қатысты шамасы қалай есептеледі?

  7. Үдемелік қатысты шама қалай есептеледі?

  8. Үйлестік қатысты шама қалай есептеледі? Мысал келтіріңіз.

6-тақырып. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Орташа шамаларға анықтама беріңіз.

  2. Статистикада орташа шамалардың қандай түрлері қолданылады?

  3. Жай арифметикалық орташа шама қалай есептеледі және қандай жағдайда қолданылады?

  4. Салмақталған арифметикалық орташа шама қалай есептеледі және қандай жағдайда қолданылады?

  5. Арифметикалық орташа шаманың негізгі қасиеттерін атаңыз.

  6. Вариациялық таратпалы қатарда «моменттер» тәсілі бойынша арифметикалық орташа шаманы есептеу алгоритмі қандай?

  7. Гармониялық орташа шама қандай жағдайда қолданылады?

  8. Дискретті және интервалды қатарларда мода қалай есептеледі?

  9. Дискретті және интервалды қатарларда медиана қалай есептеледі?

7-тақырып. Ішінара бақылау

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ішінара бақылау мен жаппай бақылаудың қандай ерекшеліктері бар?

  2. Кездейсоқ, механикалық, типтік, сериялық іріктеулер қалай жүргізіледі?

  3. Қайталанатын және қайталанбайтын іріктеулердің қандай айырмашылықтары бар?

  4. Қайталанатын және қайталанбайтын іріктеулер кезінде іріктеудің орташа қателері (белгінің орташа шамасы үшін және үлесі үшін)қандай формулалармен есептеледі?

  5. Белгінің орташа шамасы үшін және үлесі үшін қатенің шегі қалай есептеледі?

  6. Сенімділік коэффициенттері нені көрсетеді?

8-тақырып. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы.

  2. Динамикалық қатардың аналитикалық көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы.

  3. Динамикалық қатардың орташа көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы.

  4. Динамикалық қатарларды талдау тәсілдері: қатарлар деңгейін салыстыру, бір негізге келтіру және т.б.

  5. Динамикалық қатардың дамуын, өсуін анықтау.

  6. Динамикалық қатардың интерполяция мен экстраполяция тәсілі және оның статистикада қолданылуы.

  7. Маусымдық ауытқу туралы түсінік, оның мәні мен маңызы, статистикада қолданылуы.

9-тақырып. Индекстер

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Индекс туралы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы.

  2. Жеке және жалпы индекстер, есептелуі және статистикада қолданылуы

  3. Орташа индекстер, есептелуі және статистикада қолданылуы

  4. Өндірілген өнім көлемінің жеке және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы.

  5. Өзіндік құнның жеке және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы.

  6. Еңбек өнімділігінің жеке және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы.

  7. Тұрақты, өзгермелі құрамды және құрылымның өзгеру индекстері.

  8. Индекстердің өзара байланыстылығы және статистикада қолданылуы.

  9. Нарықтық экономикада индекстік әдісті қолдану арқылы талдау жасау.

10-тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылыған сататистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Корреляциялық байланыс нені білдіреді?

  2. Регрессия теңдеуінің мәні неде?

  3. Регрессия коэффициенті нені сипаттайды?

  4. Сызықтық байланыс кезінде регрессия теңдеуінің параметрлері (ең кіші квадраттық әдісі бойынша) қалай есептеледі?

  5. Қисық сызықты байланыс кезіңде регрессия теңдеуінің параметрлері қалай есептеледі?

  6. Икемділік коэффициентінің экономикалық мәні неде?