Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шет елдерді салы жйес2222.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

2.3. Дамыған елдердің салық салу тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігі

1967 қабылданған заң жиынтық айналымнан алынатын салықтан (өзіндік айналым сабақтас баспалдақтар айналымы) айналымның кезекті кезеңіне салынатын салықтан тазартылған айналым салығына, яғни қосылған құн салығына өтуді білдірді.

Қосылған құн салығы бұйымның бағасының өндірісі, қайта өңдеу және өткізудің әрбір стадиясындағы өсімінен алынады. Қосылған құн өзімен бірге пайдалынған шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, отынның, электр қуатының және келісім бойынша орындалған жұмыстың шегеріп тастағандағы тиеліп жөнетілген құнды ұсынады. Заң салық салу бойынша жеңілдіктер мен жеткізулер сипатын анықтайды. Мысалы, теңіз флоты мен азаматтық авиация үшін экспортқа шығарылатын тауарлар, несиелік операциялар мен бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларға салық салынбайды.

Әдетте, салық ставкасы 16 пайызды құрайды. 7% жеңілдетілген ставка азық-түлік өнімдеріне (ішімдік сусындары мен кафе, мейрамхана айналымдарынан басқа) және өнер туындыларына қолданылады.

Азық-түлікті қоюшы бюджет табысына тапсырыс берушінің төлем жасауы мен қаражат аударуын күтпестен төлемдік талап толтырғаннан соң бірден қосылған құн салығының сомасын аударады. Бұл тәртіп тәжірибеде 1979 жылдың 26 қарашасындағы қосылған құн салығы туралы заңмен бекітілген.

Қосылған құн салығы бюджеттің барлық үш түріне (федералды, жердің және жергілікті) бөлінеді. ГФР-да қосылған құн салығы табысты реттеуші қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Оның көмегімен ағымдық бюджеттерді қалыптастырғанда жерді қаржылық жағдайда тегістеу жүргізіледі. Әрбір 2-3 жыл сайын федералдық үкіметпен жердің қаржылық органдары қосылған құн салығы болуы туралы келіссөздер жүргізеді. 1992 жылы ол былай бөлінді: 60 пайызы — федералды бюджетке, 35 пайызы — жердің бюджетіне, 5 пайзы жергіліктіге.

Германия Федерациясының салық заңдарына сәйкес тұтынуға салынатын салықтар жекелеген тауарлардың тұтыну мен қолданудан алынатын алым ретінде анықталынады.

Әдетте, тауар салық салу өндірісі стадиясында немесе шетелден әкелінген кезде жүзеге асырылады. Тұтыну салығы салынатын тауарлар төрт негізгі топқа бөлінеді:

  1. Аударымдары федералдық бюджетке түсетін тауарлар (мұнай және мұнай өнімдері, қант, шай, спирт-арақ өнімдері, кофе, жарық беретін құралдар, тұз және т.б.). Федералдық бюджетке осы салық түсімінің үлес салмағы орталық өкіметтің барлық салықтар түсімдерінің 20 пайыздан астамын құрайды.

  2. Салықтық түсімдері жерлер бюджетіне бағытталатын тауарлар. Бұл негізінен сыраға салынатын салық.

  3. Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар. Бұл салық елге енгізілетін тауарлардың басым көпшілігіне салынады. Импорттық айналымға салық бір мезгілде қосылған құн салығының нысаны болып табылады.

  4. Жергілікті органдар салығы салынатын тауарлар (кейбір ішімдікті және ішімдіксіз сусындар, құйып сату мен кафе ұстауға лицензиялық төлем, иттерге салық).

Тұтынуға салықтар фискалдық қатынастардағы салық салу нысандарының ішіндегі бірден-бір тиімдісі болып табылады. ГФР-да жасалған зерттеулерге сәйкес, оларды жинауға жұмсалған шығындар осы салықтардан алынатын барлық түсімдер шамасына 0,7% құрайды. Негізінен салық салуға көрсетілген тауарларды шығаратын кәсіпорындар санының аздығы тұтыну салығының жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тұтыну тауарларынан алынатын салықтық аударымдардың дұрыстығына бақылауды негізінен кедендік қызмет, ал жерлер мен жергілікті салықтардың бар болуымен қатар бақылауды қаржылық ведомстваларда жүзеге асырылады. Көптеген экономистердің айтуынша, ГФР-да тұтыну салығы салуға жатқызылатын таурлардың қатаң сыныпталуы жоқ. Бірінші әлемдік соғыс кезінде әскери-теңіз флотын қаржыландыру үшін енгізілген шарапқа салық қазіргі уақытқа дейін салынады.

Неміс фирмалары шетелге тауар шығаратын кезде қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

ГФР-дағы импортқа кедендік салық салу тауарлардың жекелеген топтары бойынша ерекшелінеді. ГФР өнеркәсібі мүдделі импорттағы көптеген шикізаттық және жартылай фабрикаттар үшін, не кедендік баж белгіленбейді, не олардың мөлшері елеусіз.

Дайын бұйымға кедендік баж жоғары болса да, бірқатар ерекше айырмашылықтары бар. Әлде қайда төменгі баж әлемдік және ішкі нарықта ГФР фирмалары күшті позицияны иеленетін тауарларға белгіленеді.

Германиядағы салық салудың айрықша ерекшелігі болып салық жүйесіндегі қосылған құн салығы бойынша жалпы және жеңілдікті ставкаларының болуы табылады. Бюджеттің табыстарындағы қосылған құн салығының үлесі Қазақстан республикасындағыдай 28 пайызындай құрайды.

1992 жылдан бастап Қазақстан республикасы салық жүйесінде бірден-бір негізгі салық болып қосылған құн салығы табылатындықтан, осы салықтың, отанының салық жүйесі біз үшін үлкен қызығушылық тұғызады. 1949 жылы қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре өңдеп, 1954 жылы Францияда енгізді.

Соңғы 30 жыл ішінде түсімдер сомасы бойынша жанама, оның ішінде қосылған құн салығы басым болып табылады.

Франциядағы салықтарды үш топқа топтастыруға болады, табысты алушыдан оны алу сәтінен бастап алынатын табыс салығы; табыс жұмсалғанда тұтынушыға салынатын салық; меншіктен алынатын, яғни затқа айналдырылған табыстан алынатын капиталға салық. Сондай-ақ, елдің салық жүйесі тұтынуға салық салуға бағытталған. Табыстар мен меншікке салық салу қалыпты болып табылады. Бюджет жүйесінің жетекші буыны болып қосылған құн салығы табылатындығын бәрімізге мәлім. Елдің аумағында тұтынылатын және қолданылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлығын тұтынуға салық туралы сөз болмақ.

Сыртқы нарықпен байланысты операциялар қосылған құн салығынан босатылған. Экспортқа жатқызылатын операциялар жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар оларды қайтарып алу құқығын қолдану мүмкіндігін иеленеді. Импорттық операциялар іштегі құқыққа сәйкес салық салуға жатқызылады. Германиядағы салық салудың айрықша ерекшелігі болып салық жүйесіндегі қосылған құн салығы бойынша жалпы және жеңілдікті ставкаларының болуы табылады. Бюджеттің табыстарындағы қосылған құн салығының үлесі Қазақстан республикасындағыдай 28 пайызындай құрайды.

1992 жылдан бастап Қазақстан республикасы салық жүйесінде бірден-бір негізгі салық болып қосылған құн салығы табылатындықтан, осы салықтың, отанының салық жүйесі біз үшін үлкен қызығушылық тұғызады. 1949 жылы қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре өңдеп, 1954 жылы Францияда енгізді. Соңғы 30 жыл ішінде түсімдер сомасы бойынша жанама, оның ішінде қосылған құн салығы басым болып табылады.

Франциядағы салықтарды үш топқа топтастыруға болады, табысты алушыдан оны алу сәтінен бастап алынатын табыс салығы; табыс жұмсалғанда тұтынушыға салынатын салық; меншіктен алынатын, яғни затқа айналдырылған табыстан алынатын капиталға салық. Сондай-ақ, елдің салық жүйесі тұтынуға салық салуға бағытталған. Табыстар мен меншікке салық салу қалыпты болып табылады.

Бюджет жүйесінің жетекші буыны болып қосылған құн салығы табылатындығын бәрімізге мәлім. Елдің аумағында тұтынылатын және қолданылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлығын тұтынуға салық туралы сөз болмақ. Сыртқы нарықпен байланысты операциялар қосылған құн салығынан босатылған. Экспортқа жатқызылатын операциялар жасаған және қосылған құн салығын төлеген тұлғалар оларды қайтарып алу құқығын қолдану мүмкіндігін иеленеді. Импорттық операциялар іштегі құқыққа сәйкес салық салуға жатқызылады. Францияда 3 млн. жуық қосылған құн салығының төлеушілері бар. Әдетте декларация негізінде ай сайын қосылған құн салығы бюджетке енгізіледі. Кәсіпорындар салық орталықтарына декларация мен бірге салықты төлеген чекті ұсынады. Тауар айналымының көлеміне байланысты қосылған құн салығын төлеудің тоқсандық және жылдық мерзімдері қолданылады.

Қазіргі ауқытта әлемнің 40-тан астам елі, оның ішінде еуропалық елдердің көпшілігінде қосылған құн салығықолданылады. ҚҚС-тық осындай дамуы оның ставкасы санының қысқаруы мен есептеу әдісінің жетілдіріулуімен түсіндіріледі. ҚҚС жерлердің бюджетіне түсетін ГФР-нан ерекшелігі, Францияда ҚҚС орталық бюджетке толығымен түседі. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары мемлекеттен қосылған құн салығы есебінен дотация алады. қосылған құн салығының бөлігі — 1,4% ЕЭА қажеттілігіне жұмсалады. Францияда қосылған құн салығы, өзімен тұтыну салығын ұсынатын бірқатар жанама баждармен толықтырылады. Олардың кейбірі мемлекет пайдасына алынатын болса, басқалары жергілікті басқару органдары бюджетіне аударылады.

Қосымша салық салынатын тауарлар, оның ішінде бірінші кезекте ішімдік сусындары, темекі бұйымдары, сіріңке, от тұтағыш, қымбат металдардан жасалған бұйымдар, қант және кондитерлік өнімдер, сыра мен минералды су, автокөліктердің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттар. Қосылған құн салығынан басқа, жанама салықтар электр қуатына, теледидар жарнамасына салынады. Туристік немесе табиғи қайнар көздерге жақын орналасқан аудандарда жергілікті органдар туристік алымды енгізіледі. Ұлыбританияның салық жүйесі айырықша белгісі болып мемлекттік бюджеттің негізгі табыстарын бірдей үлесте жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығы мен кедендік баж алатындығы табылады. Шағын бизнеске салық салу кезінде азайтылған ставка қолданады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысымды қорытындылай келсем, салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерін заңды хұқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі,төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.

        Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспапқол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықталдың тізімі бір бетке сиып кете алады,ал жеңілдіктер томдарды алып жатады.

Әкімшілік-әміршілік жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесі үшін қызмет көрсетеді. Ол халықты үкімет алдында тұқыртып ұстаудың құралына айналды.Ал нарықтық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Содан да болар, Америкада іскер адамның екі туған күні бар деп есептеледі:біріншісі-өзінің туған күні және екіншісі-оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.

        Салық кодексінде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бөлігінде 2004 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге байланысты осы салықтарды ай сайынғы есептеу тәртібі өзгерді.

        201.00 нысан бойынша төлем көзінен салық салынатын,төленген салықтар бойынша есепті салық агенттері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді. Салық агенттері 201.00 нысан бойвнша есептен басқа осы есепке қосымша нысанды табыс етеді. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:

Салық салу обьектілері бойынша;

Салықты алатын және салықтан жиналған сомға билік жасайтын органға қарай;

Пайдалану тәртібі бойынша;

Обьектінің экономикалық белгісі бойынша;

Қазақстан Республикасында экономиканы модернизациялау және реформалаудың қазіргі жағдайында шетел инвестициясы мен озық технологиясын тарту қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда көптеген шетел компаниялары Қазақстан рыногына келмес бұрын біздің салық салу механизмімізге зерттеу жүргізеді. Себебі олар екі жақты салық қыспағына ұшыраудан қауыптенеді. Шет елдердің салық салу механизмі барынша дамыған және кез келген өркентті елдерде салық төлеуден жалтару мемлекетік маңызы бар қылмыс болып есептеледі.

Шет елдерде Қазақстанға қарағанда салық салу режимі өте қарқынды дамыған. Қазақстан енді дамып келе жатқан мемлекет деп айтуға болады.

Менің ойымша Қазақстан болашақта шет елдермен теңеседі, Салық жүйесі болады. Тарихымызда „Салық Кодексін” Қазақстан Республикасымен қатар ТМД елдері де осы аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1995 жылдың салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету,  салық жүйесін максималды ықшамдау, яғни заңдар мен нормалардан бір салық ставкаларын төмендету арқылы, салық прессингін әлсірету,  тікелей және жанама салықтарды оқтайлы түрде ұштастыру,  тұрақты салық салынатын базасы бар, мүлік салықтарының рөлін күшейту. Яғни, бюджет жүйесінің звенолары арасында кірістер мен шығыстарды оңтайлы түрде аймақтық бюджет кірістерінің деңгейін жоғарлату;  жасанды түрде қалыптасатын аймақтық бюджеттердің демеу қаржысын жою.  Сонымен қатар, қазіргі кезде теориялық және практикалық мәселелер қарастырылуда. Салық жүйесі – нарықтық экономикасын негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол мемлекеттің шаруашылық дамуына әсер етуші басты құрал болып, әлеуметтік және экономикалық даму приоритетін анықтайды. Сондықтан, Қазақстанның салық жүйесі қоғамның жаңа қатынастарына үйлесіп, әлемдік тәжірибелерге сәйкес келуі керек.

Дамыған елдердің салық құқығы өз кезегінде сауданы сауда - өнеркәсіп қызметінің, коммерциялық немесе іскерлік қызметтің бір бөлігі ретінде қарастырады. Мемлекеттің салық заңдылығы ең алдымен мемлекет аумағында салық қатынастарын реттейтін заңнамалық құжаттардың, салық жүйеінің біртұтастылығын қамтамасыз етеді. Ірі халықаралық компаниялардың құрамында халықаралық салықтық жоспарлау, салық мәселелерімен айналысатын арнайы орган жұмыс жасайды.

Салық төлеушілер елінің салық заңнамасымен бекітілген барлық салықтарын төлесе, шетелдік салық төлеушілер салықты тек сол елдің аумағында алған табыстарынан ғана төлейді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуына талдау жасау арқылы мынадай қорытындыға келуге болады.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетте өзінің ішкі жіне сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретін пайдаланады. Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары, салық салуды ұйымдастырут салық механизмiне жатады.

Салық ұғымы мен салық жүйесi ұғымы тығыз байланысты. Өйткенi мемлекетке түсетiн салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа да төлемдердiң жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы салық жүйесiн құрайды.

Қазақстанның салық жүйесінің негізін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы құрайды. Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім кездері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп - өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2007ж.-232 б.

  2. Сейдахметова Ф.С. "Налоги в Казахстане", Алматы, 2002 г.

  3. Есенбаев М. Жаңа салық жүйесі жолында /Казахстанская правда.-1997. − 9 шілде. − 10 б 

  4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2006. – 131 бет.

  5. Б.Ж. Ермекбаев, М.Ж Арзаева «Шет мемлекеттердің салықтары», Алматы 2004

  6. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2006. – 448 бет.

  7. Елубаева Ж. "Салық жүйесін жетілдіру жолдары" "Қаржы-қаражат" Алматы, 2010ж. №5

  8. Юткина Т.Ф . Налоги и налогообложение. -М, 2000. - 429 с.

  9. Столяров В.Ф. Налогообложение и рыночная экономика.-Киев.-1992.

  10. Акуленок Д.Н. Налоговый портфель.-М, 2001. - 35 с.

  11. Абдракимова Ж. Табыс салығы // Қаржы -қаражат.-Алматы. – 2011 ж.

  12. Қазақстан.Республикасының салық кодексі

  13. Налоговое обозрение Франций.//Финансовая газета. – 2010г - № 1 – с. 23

  14. Рожнева Т. Налоговая система Германии // Финансы. –2010. – №5.

  15. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. “Шет мемлекеттердің салықтары” / Алматы 2005 ж. “Экономика”

  16. Статистический ежегодник. Алматы. – 2012г.

  17. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том