Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІЖ Дрістер жаа.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
586 Кб
Скачать
☆

7. Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін берілген адамды транзиттік тасымалдаумен байланысты мәселелерді қарау және сот үкімін орындау

76. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдаумен байланысты мәселелерді қарау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және ҚІЖК-нің 595-бабымен реттеледі.

Департамент шетел мемлекетінің аумағы арқылы транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуды ұстап беру туралы сұрау салу сияқты тәртіппен жасайды және қарайды.

77. Департамент облыстық прокуратурадан берілген адамға қатысты Қазақстан Республикасының құзыретті органы қолымен куәландырылған және елтаңбалық мөрмен бекітілген қосымша материалдарды сұрайды және шетел мемлекетінен оның аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға рұқсат сұрайды.

78. Этаппен апаруды, ұстап берілген немесе берілген адамды қабылдауды ұйымдастыру үшін Бас прокуратураның сұрау салуын шетел мемлекеті құзыретті мекемесінің қарау нәтижесі ҚАЖК хабарланады.

Шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуды қарау нәтижелері шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне, ҚАЖК, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне хабарланады.

79. Департамент транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуды бір ай мерзімде жасайды және қарайды.

8. Шарттық жұмысты жүзеге асыру

80. Департамент:

1) оларды дайындау және жасау қажеттігі мен орындылығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын дайындайды және келіседі;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Халықаралық шарттардың құқы туралы Вена конвенциясына, 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына; «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» № 1300 қаулысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қазанда № 95 бұйрығымен бекітілген Бас прокуратура жұмысының регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын дайындайды және келісуді;

3) Департамент мүдделі құрылымдық бөлімшелер және Бас Прокурордың Аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңымен, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілерді қарауды жүзеге асырады.

Бас прокуратураға келіп түскен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру мақсатында әзірленген халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті белгілеген мерзімде жүзеге асырылады.