Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аспан и К.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

2.5.Меншікті капитал есебі

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді.

Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының қүнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;

  • резервтік капитал;

  • бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:

  • «Жәй акциялар»;

  • «Артықшылығы бар акциялар»;

  •  «Салымдар мен жарналар»

деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық кордың өскен сомасына:

Д-т: «Төленбеген капитал» шоты;

К-т: «Жәй акциялар» немесе «Артықшылығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:

Д-т: «Ақшалар» шоты;

К-т: «Төленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:

  • «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар»;

  • «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар»;

  • «Есеп айырысу шотындағы ақшалар»;

  • «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар»;

  • «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар» деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар», «Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа түрде салатын болса:

Д-т: «Материалдық емес активтер»: «Негізгі құралдар»; «Материалдық құндылықтар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

К-т: «Төленбеген капитал» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

Д-т: «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар»;

«Материалдық құндылықтар»;

«Ақшалар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі.

К-т: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.