Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жақсы стратегияның үш сипаты

Cassela Wines, Cirgue du Soleil секілді, көгілдір мұхитқа жол ашқан бірегей, айрықша құндылық қисығын жасады. Стратегиялық арқауда көрсетілгендей, [yellow tail] құндылық қисығының белгілі бір фокусы бар компания бәсекелестіктің барлық негізгі факторларына күшін жұмсай бермейді.

2-6 СУРЕТІ

Soutwest Airlines әуекомпаниясының стратегиялық арқауы

Жоғары --------------------------------------------------------------------------

Southwest

------------------------------------------------------------------------------------

Орташа әуе компаниясы

-----------------------------------------------------------------------------------

Автомобиль көлігі

-------------------------------------------------------------------------------------

Төмен -----------------------------------------------------------------------------------------------------------

Баға Тамақтану Күту залы

Орындар Жылы Жылдамдық Тікелей класын шыраймен рейстер

таңдау қызмет көрсету жиілігі

Рейстердің

ауысып отыратын

ірі тораптар

арқылы түйісуі

Оның құндылығының қисығы басқа ойыншылар көрсеткіштерінен ерекшеленеді – компания өз бәсекелестеріне теңескен жоқ, оның орнына балама нұсқаларды қарастырды. [уеllow tail] стратегиясының ұраны айқын, күнде ішуге болатын қызықты қарапайым шарап.

Көгілдір мұхиттың тиімді стратегиясын, [уеllow tail] стратегиясы сияқты құндылықтың қисығы арқылы бейнелесе, үш қосымша сипатқа ие екендігі байқалады. Олар: фокус, дивергенция, тартымды ұран. Бұл сипаттарсыз компания стратегиясы бұлыңғыр, айқын емес болуы мүмкін, шығын деңгейінің жоғары болу жағдайында оны жылжыту қиынға соғады. Құндылықтың жаңа қисығын жасауға арналған бас-аяғы төрт әрекет нәтижесінде құрылған компанияның стратегиясын үнемі осындай сипаттарға ие болатындай етіп бағыттап отыру қажет. Осы үш сипат көгілдір мұхит идеяларының коммерциялық өміршеңдігін тексеретін лакмус қағазының қызметін атқарады.

Қысқа қашықтыққа әуе тасымалдарын жасайтын саланы қайта құру аумағындағы компанияның тиімді стратегиясына осы үш сипаттың құндылық инновациясы арқылы қалай мән беретінін түсіну үшін, Soutwest Airlines әуе компаниясының стратегиясын қарастырайық (2-6 суретін қараңыз). Soutwest Airlines компаниясы клиенттерін, бір жағынан, әуе көлігінің жылдамдығымен, екінші жағынан, автомобильмен жүрудің үнемділігі және икемділігі арасында азапты таңдау жасау қажеттілігінен құтқару мақсатында көгілдір мұхит жасады. Ол үшін Soutwest Airlines компаниясы клиенттеріне икемді кесте бойынша жиі аттанып тұратын және тұтынушылардың көпшілігіне бағасымен ұнаған, жоғары жылдамдықпен жүретін көлік ұсынды. Әуе көлігі саласындағы бәсекенің кейбір факторларының мәнін қысқартып және азайтып, ал басқа факторлардың маңызын арттырып, оған қоса балама – авто көлік – саласынан алынған жаңа факторларды жасап, Soutwest Airlines ұшақпен ұшатын адамдарды теңдесі жоқ пайдалылықпен қамтамасыз етіп, шығыны төмен бизнес-үлгінің көмегімен құндылықтың күрт өсуіне жол ашты.

Стратегиялық арқауда Soutwest Airlines құндылығы қисығының өз бәсекелестері қисығынан елеулі айырмашылықтары бар. Компания стратегиясы көгілдір мұхиттың тартымды стратегиясының әдетті мысалы болып саналады.

Фокус

Кез келген жақсы стратегияда фокус бар, және стратегияның бейіні немесе құндылық қисығы оның болуын айқын көрсетуі керек. Soutwest стратегиясын қарастырғанда, компанияның тек үш факторға ғана: жылы шыраймен қызмет көрсету, жылдамдық және жиі орындалатын тікелей сапарларға ерекше көңіл бөлетінін бірден байқай аламыз. Назарын осы үш бағытқа тіге отырып Soutwest Airlines автомобильмен жүруге қатысты шығындарға қарағанда тиімді болып келетін бағалар орната білді; тамақтандыру, күту залдары және түрлі кластағы орындарға компания қаражат бөлген жоқ. Ал оның дәстүрлі бәсекелестері, керісінше, салада бәсеке туғызып жатқан барлық факторларға қаржы бөлуде, сондықтан да оларға Soutwest-тің деңгейіндегі бағаларды ұсыну қиынға соғады. Қаражатты барлық факторға қатар бөлемін деп, бұл компаниялар өз әрекеттерін бәсекелестерінің қадамдарына тәуелді етіп қояды. Нәтижесінде шығыны жоғары бизнес-үлгілер пайда болады.