Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
338
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

құрамындағы нақты сату бағасы мен номиналды құн арасындағы айырмашылық енгізілмейді. Көрсетілген айырма тек қана қосымша капитал ретінде қаралады және оны тұтыну мұқтаждықтарына жіберуге болмайды. Бағалы қағаздар бойынша (акциялар, облигациялар және т.б.) дивидендтер және пайыздар түрінде алынатын табыстарға 15 %-дық мөлшерлеме бойынша осы табыстардың көздеріне салық салынады.

Қарыз міндеттемелерін сату (жабу) бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма түріндегі қаржы заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салық (корпоративтік табыс салығы) төлейтін заңды тұлғалардың негізгі емес қызметтен түскен табыстарының құрамына толық енгізіледі.

Пайыздар, дивидендтер түріндегі акциялар және басқа бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалар алатын табыстарыға, сол табыстарды төлеу көздеріне салық салыбайды. Дивидендтер мен пайыздар төлейтін банктер және басқа кәсіпорындар, ұйымдар осы табыстар мен салық декларациясына енгізілуге жататын табыс салығынан ұсталған қаржылар туралы мәліметтерді тиісті салық органдарына хабарлауға міндетті.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Бағалы қағаздармен жасалатын қандай операцияларға салық салынбайды?

2.Салықтың мөлшері қандай?

3.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салықтар қандай көздер есебінен төленеді?

4.Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер түрінде алынатын табыстарға салықтар қалай салынады?

5.Бағалы қағаздармен жасалтын операциялар бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыстарына салық салудағы ерекшеліктер қандай?

72. Инвестициялық салық несиесі

Инвестициялық салық несиесі, бұл — салық төлеушіге салық инспекциясы тарапынан белгілі уақытқа салық төлеудің мерзімін ұзарту.Бұлсалықтықжеңілдіктердіңбіртүрі,сондықтанинвестициялық салық несиесін алу үшін төмендегі шарттар сақталуы тиіс:

1. Кәсіпорын жеңілдік алуға есептеп отырған негіздерін анық белгілеп алу керек. Заңда екі жағдай қарастырылған: қаржылар

141

жабдықтар,станоктар,қондырғыларжәнет.б.,яғнинегізгіқорлардың белсенді жағын сатып алуға пайдаланылады және бұл қаржылар кәсіпорынның мүлкін өтеп алуға бағытталады;

2. Өздерінің салық төлемдерін кеміте алатын салық төлеушілердің шеңбері шектеулі. Мысалы, негізгі құралдардың белсенді жағын сатып алу кезіндегі жеңілдіктер тек қана жұмыс істейтіндердің саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар үшін, ал мүлікті өтеп алу бойынша жеңілдіктер тек қана мүлкі өтеліп алынатын кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жартысынан көбі кіретін серіктестіктерде болады. Сөйтіп, салық несиесінің берілуі шағын бизнесті қолдау және еңбек ұжымдарының қатысуымен жекешелендіру процесіне бағытталған.

Салық несиесі корпоративтік табыс салығының төлеуге тиесілі сомасын кеміту түрінде, не кәсіпорынның мүлкіне есептелген салықты кеміту түрінде берілуі мүмкін.

Салық несиесі бюджетке қайтарылуы тиіс.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Инвестициялық салық несиесі деген не?

2.Жеңілдіктер алу үшін қандай негіздер болады?

3.Инвестициялық салық несиесін пайдалануға қандай төлеушілердің құқығы бар?

4.Салық несиесі бюджетке қайтарылуға тиісті ме?

73. Баланстың реформациясы. Табыстар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысу

Жиынтық кірістер (пайдалар), залалдардың есебі, сондай-ақ жылдың соңында кірістерді бөлуге № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шоты арналған. Бұл — арнаулы қорытынды (жиынтық) шот. Оның дебеті бойынша шығыстар жағы, ал кредиті бойынша кірістер жағы жабылады.

Жыл бойы № 60 пен № 62 бөлімшелер шоттарының кредиті бойынша өсу жиынтықтарымен кәсіпорынның кірістері:

№70 бөлімше шоттарының дебеті бойынша өткізілген дайын өнім, жұмыстар, қызметтер, сондай-ақ сатылған тауарлардың өзіндік құны бейнеленетіндігін;

№71—77 бөлімшелер шоттарының дебетінде: тауарларды өткізу бойынша, жалпы және әкімшілік, сыйақылар, негізгі емес қызметтер, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар бейнеленетіндігін атап өту қажет.

142

Жылдың соңында баланстың реформациясы жасалады, яғни барлықжоғарыдаайтылғаншоттарнұсқауларғасәйкес№5410шотқа жабылады да жылдық жиынтық пайда (залал) анықталады. Бұл жерде аталған операцияның кезінде табыс салығы, бюджетке төленуге тиісті айыппұлдар мен өсім бойынша шығыстар шегерілетіндігін ерекше айта кету керек.

Есепті және өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы) (№ 5430 шоттағы қалдық) құрылтайшыларға табыс төлеуге төмендегі сызба бойынша бағытталады:

3350 «Еңбекақы төлеу

 

3030 «Қатысушы-

 

5430 «Өткен

 

лардың дивидент-

 

жылдардағы

бойынша қысқа

 

 

 

тері және кірістері

 

бөлінбеген пайда

мерзімді берешек

 

 

 

бойынша берешек»

 

(жабылмаған залал)»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл шоттың өзінде бөлінбеген пайданың қалдығы немесе жабылмаған залалы есептеледі.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Жылдың соңында жиынтық табыс (залал) қалай анықталады?

2.Жиынтық табыс (залал) қай шотта бейнеленеді?

3.Баланстың реформациясы деген не?

4.Баланстың реформациясы үшін қай шот қолданылады?

74. Бухгалтерлік есептілік пен есеп айырысу

Есептілік — белгілі кезең ішіндегі кәсіпорындардағы есепті жұмыстардың қорытынды нәтижесі. Онда кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелері, шаруашылық құралдары мен олардың көздерініңжағдайы,өндіріскежұмсалғаншығындартуралымәліметтер болады.

Кәсіпорын(шетелдікинвестицияларменжұмысістейтінкәсіпорындардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге тапсыруы тиіс:

—құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға);

—мемлекеттік салық инспекциясына;

143

— ҚР-ның заңдарына сәйкес кәсіпорын қызметінің жекелеген жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік органдарға.

Мемлекеттік немесе муниципалды меншікте толық немесе бөлшекті түрде болған, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелері толық сатып алғанға дейін кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті басқару өкілетті органдарына да тапсырады.

Шетелдікинвестицияларыбаркәсіпорынбухгалтерлікесепберуді кәсіпорынның әрбір қатысушысына (меншік иесіне) мемлекеттік салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.

Тоқсандық есеп берудің негізгі үлгілерінің бірі кәсіпорынның балансы (№ 1 нысан) болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бойынша айналымдар есептеліп және есепті тоқсанның келесі айының соңына қалдықтар есептеп шығарылады. Баланстан басқа, есепті тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы есеп (№ 2 нысан) толтырылады.

Жылдық есеп берудің алдында материалдық құндылықтар, ақша қаражаттарыменолардыңесепайырысуларытүгенделуікерек.Оның мақсаты — дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп алмау үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақтылығын анықтау және барлық есеп айырысуларды салыстыру, сондай-ақ кредиторлық қарызы бар болған кезде өсім, айып, айыппұлдар төлеуден қорғау.

Жылдық есеп беру барлық қосымшаларымен бірге келесі жылдың 31 наурызын қоса есептеген мерзімде (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар есепті келесі жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде) тапсырылады. Бухгалтерлік есеп берудің үлгілерін толтыру мен оларға қосымша түсініктерден басқа, кәсіпорын салық және статистикалық органдарға тиісті есепті материалдарды тоқсан сайын тапсырады.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Есеп беру кімдерге тапсырылады?

2.Бухгалтерлік балансты толтыру үшін мәліметтер қайдан алынады?

3.Жылдық есеп беруді дайындамас бұрын түгендеу жүргізілуі міндетті ме?

4.Ол не үшін жүргізіледі?

144

5.Жылдық есеп беру неден тұрады?

6.Жылдық есеп беруді тапсырудың мерзімдері қандай?

II бөлімше. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

75. Жұмыс есеп жоспарын құру

2005 жылы желтоқсан айының 22 жұлдызында № 426 бұйрықпен бекітілген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі есеп шоттарының Жұмыс жоспары сыртқы экономикалық қызметті дамыту, халықаралықкапиталдытартужәнееркінкәсіпкерлікаймақтарқұру өте қажет болғандықтан, халықаралық стандарттарға жақындату үшін жасалған. Ол 2006 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Одан басқа, нарықтық қатынастардың даму жағдайына байланысты бұрын сәйкес шоттар қарастырылмаған есептің объектілері пайдаболды.Мысалы,материалдықемесактивтер,акциялар,облигациялар және басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар. Меншіктің мемлекеттік емес түрлерінің пайда болуымен бухгалтерлік есепте қолданылған бұрынғы әдістердің көбісі қолайсыз болып қалды. Мысалы, акционерлік қоғамда «Капитал» шоттарындағы сомаларды негізгі құралдардың тозуына азайту қисынсыз болады. Өйткені, бұл — қолда бар акциялар мөлшеріндегі кәсіпорынды құрудағы қатысушылардың салымдары.

Жұмыс жоспарында 200-ден астам баланстық шоттар бар. Онда Типтік жоспардан ерекше баланстан тыс шоттар болмайды.

Шағын кәсіпорындар үшін бұл шоттардың толық құрамын пайдаланудың қажеті жоқ. Бухгалтерлік есеп шоттарының негізінде төмендегі шоттардың қысқартылған жүйесімен өзіндік жұмыс жоспарын құру қажет.

Бөлім

Аталуы

Шоттардың

нөмірлері

 

 

1

2

3

 

Негізгі құралдар

2410, 2510, 2520

Негізгі құралдар

Негізгі құралдардың

2420

 

тозуы

 

 

 

 

 

Өндірістік қорлар

Материалдар

1310—1317

Өндіріске жұмсалған

Негізгі өндіріс

8010

шығыстар

 

 

145

 

 

 

 

Дайын өнім

 

Дайын өнім, тауарлар және

Өткізілген өнім,

1320

жұмыстар, қызметтер

 

өткізу

 

және тауарлардың

7010

 

 

өзіндік құны

 

1

2

3

 

Кассадағы қолма-қол

 

 

ақшалар

 

 

Есеп айырысу

1010—1020

Ақша қаражаттары

шотындағы ақшалар

1040

Валюталық шоттардағы

1050

 

 

ақшалар

1070

 

Арнаулы шоттардағы

 

 

ақшалар

 

 

 

 

 

Алуға тиіс шоттар

 

 

Төленуге тиіс шоттар

1210

 

Бюджетпен есеп

3310

 

айырысу

3110—3190

Есеп айырысу

Басқа әртүрлі

 

 

кредиторлармен есеп

3540

 

айырысу

 

 

 

 

Қаржыландыру

Банктердің несиелері

3010, 4010

Жиынтық пайда (залал)

Қаржылық нәтижелер мен

5410

Жиынтық табысты

табысты пайдалану

5430

пайдалану

 

 

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарын дайындау мен оны енгізу неге қажет болады?

2.Баланстан тыс шоттар дегеніміз не, олар не үшін қолданыла-

ды?

3.Жұмыс есеп жоспары не үшін құрылады?

4.Пайдаланатын шоттардың санын кеміту үшін шоттардың жұмыс жоспарын құру кезінде қандай қағида қолданылады?

76. Есептің үлгісін таңдау. Аналитикалық есептің регистрлерін таңдап алу

Бұл бөлімшеде бухгалтерлік есептің Бас-журнал және Ордерліжурнал үлгілерін пайдаланумен шаруашылық қызметті жүргізудің

146

сызбалары көрсетілген.

Бас-журнал (мемориалды-ордерлі) үлгінің көрсетілген варианты өзінің қызметін өндіріс пен қызметтер саласында жүргізетін кооперативтерде, ұйымдарда есепті регистрлерді қолдану және бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша нұсқауларға сәйкес зерттеліп, дайындалған.

Типтік регистрлерге анықталған кемшіліктерді жою мақсатында өзгерістер енгізілген (бухгалтерлік есепті жүргізу мен бухгалтерлердің тәжірибелі дағдыларына сәйкес): а) аналитикалық есептің барлық ведомостарына бухгалтерлік есеп шоттарына тән көрсеткіштері — «Дебет», «Кредит», айналым ведомосының реквизиттерін сақтаумен «Корреспонденцияланатын (байланысатын) шот» бағанасы енгізілген; ә) шаруашылық кітабының орны-

на синтетикалық есептің мәліметтерін білікті

 

қорыту, жүйелі және

 

 

 

хронологиялық есепті өзара салыстыру мен

 

баланс толтыру үшін

 

ақпаратты

дайындаудың мүмкіндігін беретін

 

 

Құжаттар

 

 

журнал — бас кітап

 

енгізілген

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Касса

 

Аналитикалық есептің ведомостары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журнал — бас кітап (синтетикалық есептің регистрі)

Баланс

Бастапқы құжаттардың негізінде хронологиялық бірізділікпен сол айдың барлық шаруашылық операциялары жазылады. Сонымен, әрбір операция бойынша кітапта тіркелген сомалар тиісті шоттардың «дебет» және «кредит» бағаналары бойынша қосарлы жазудың әдісімен бейнеленеді. Әр айдың аяқталуы бойынша әрбір шот бойынша айналымдары есептеледі және тоқсанның соңында бухгалтерлік балансқа көшірілетін қалдықтар есептеліп шығарылады.

147

Журнал-ордерлі үлгі де біздің республикада шаруашылықтың

барлық салаларындағы кәсіпорындарда кеңінен қолданылады.

Бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін есіңізге салайық. Есепті

регистрлерболыпсинтетикалықесептіңкарточкалары,жинақтаушы

ведомостар, сондай-ақ көбінесе өзінің құрамында аналитикалық

және синтетикалық есепті үйлестіретін журнал-ордерлер саналады.

Бас кітап синтетикалық есепті алып жүреді, ал есепті регистрлер

болса (карточкалардан басқа) байланысатын (корреспонденция

болатын) шоттардың қиылысында, шаруашылық операциялардың

сомаларын бір жұмыс тәсілімен жазуға мүмкіндік беретін, сызудың

шахмат тәрізінде жасалған.

 

Бас кітап кредиттік нысан бойынша, яғни журнал-ордерлердің

нөмірлерін қоса, шоттардың кредитінен әрбір шоттың дебеті бойына

айналымның мағынасын түсіндіру жолымен құрылған.

Одан басқа, бас кітапта есепті кезеңнің басы мен соңына сальдо

(қалдық) және кредит бойынша жалпы сома жазылады. Кезеңнің

соңындағы сомалардың жиынтықтары мен журнал-ордерлердің

көрсеткіштері балансты толтыру үшін негіз болып табылады.

Журнал-ордерлі үлгі жұмыстың кеңдеу көлеміне қарамастан,

дәлірек, дұрыстау және толығырақ болады, өйткені балансты құ-

растырудың барысы бойынша бас кітапты аналитикалық есептің

 

Құжаттар

Негізгі құралдар,

карточкаларымен салыстыру түрінде жұмыстардың орындалуы

жөнінен бақылауды қамтамасыз етеді.

материалдар, өндірістік

 

 

шығындар — жұмыстар,

 

Өңдеуші кестелер,

қызметтер, бұйымдар

Касса

бойынша аналитикалық

жинақтаушы және топ-

есептің карточкалары

 

тастырушы ведомостар

 

 

Журнал-ордерлер

 

 

Бас кітап

 

Баланс

148

Бухгалтерлік жазулар негізінде әр айдың шаруашылық операциялары жазылатын бастапқы құжаттар тігіледі. Олардың әрбіріне жеке-жеке жазудың нөмірі (кітап немесе ведомость бойынша) мен дебеттелетін және кредиттелетін шоттардың шифрлары қойылады. Бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік қағидаларын сақтау кезінде кәсіпорынның өзі есептің үлгісі мен ақпаратты өңдеудің технологиясын таңдайды.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Қандай кәсіпорындарда мемориалды-ордерлі үлгі бойынша есеп жүргізу тиімдірек болады?

2.Бұл үлгі кезінде аналитикалық есеп қалай ұйымдастырыла-

ды?

3.Қандай жағдайларда журнал-ордерлі үлгіні пайдалану тиімдірек болады?

4.Бұл үлгі кезінде синтетикалық есеп қалай ұйымдастырылады?

5.Кәсіпорын есептің үлгісін өзі таңдай алады ма?

77. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысына жүктеледі. Ол бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, құжаттар мен мәліметтердің есебін дайындау мен тапсыруға байланысты бас бухгалтердің талаптарын кәсіпорынның барлық басқа қызметкерлері тарапынан толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бас бухгалтер басшының бұйрығымен қызметке тағайындалады немесе босатылады және оған тікелей бағынады. Ол нормативті құжаттарды пайдалана отырып, барлық шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс бейнеленуі мен бақылануын қамтамасыз ету, кәсіпорын басшылары үшін шұғыл ақпарат беру, бухгалтерлік есеп беруді дайындап, оны белгіленген мерзімдерде тапсыруға міндетті.

Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауар-материал- дық құндылықтар мен ақша қаражаттарын, сондай-ақ есеп айыры-

149

су, несие, қаржылық міндеттемелер және шаруашылық келісімдерін қабылдау мен босатуға негіз болатын құжаттарға қолтаңбасын қояды.Айтылғанқұжаттарбасбухгалтердіңқолтаңбасынсыззаңсыз болып саналады және орындауға жатпайды.

Егер бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болатын болса (демалыста немесе ұзақ іссапарда), онда басшы қолтаңбасын қою құқығын басқа адамға беру туралы жазбаша түрде бұйрық шығарады. Бас бухгалтерге заңдылыққа қайшы және келісім шарт пен қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды дайындау мен орындауға тиым салынады. Мұндай құжаттар туралы ол басшыға жазбашатүрдехабарлауғаміндетті.Басшыданайтылғанқұжаттарды есепке алу туралы жазбаша ұйғарым алған соң, бас бухгалтер оны орындайды. Бірақ, орындалған операциялардың заңсыздығы үшін жауапкершіліктің барлығы толығымен кәсіпорынның басшысына жүктеледі.

Материалды жауапты тұлғалардың (кассирлер, қоймашылар және т.б.) тағайындалуы, босатылуы мен орын ауыстырылуы бас бухгалтермен келісіледі.

Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық құжаттарды жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырады. Құжаттарды тапсыру барысында бухгалтерлік есептің жағдайы мен есепті мәліметтердің дұрыстығы туралы кәсіпорынның басшысы бекітетін акт жазылады.

Штатында кассирі жоқ кәсіпорындарда, оның міндетін бухгалтер немесе кәсіпорын басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа қызметкер атқаруы мүмкін.

Кәсіпорынныңбасшысыбухгалтерлікесептіжүргізудімамандандырылған ұйым немесе маманға келісім шарт негізінде тапсыруы мүмкін.

Қайталау үшін сұрақтар:

1.Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кімге жүктеледі?

2.Бас бухгалтерді кім тағайындайды?

3.Оны кім орнынан босатады?

4.Ол кімге бағынады?

5.Бас бухгалтердің міндеттеріне нелер кіреді?

6.Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге қандай құжаттарға қолтаңбасын қояды?

7.Бас бухгалтер ұзақ уақыт жоқ болған кезде құжаттарға кім

150