Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
98
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6. Элювиалды топырақтарға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi

6.1. Элювиалды топырақтардан, яғни, пайда болу орнында қалған және бастапқы жынысының белгілі бір дәрежеде құрылымын және текстурасын сақтаған тау жыныстарының мүжілген өнімінен тұ­ратын негіздерді мыналарды ескере отырып жобалау қажет:

олардың беріктік және деформациялық сипат­тамаларының айырмашылығы көп топырақтардың, яғни, мүжілу дәрежесі әр түрлі тастардың және тасты емес топырақтардың әртүрлі типтерінің бар болуы­нан жоспарда және тереңдігі бойынша олардың біршама біртексіздігі;

элювиалды (әсіресе, ірі сынықты және қатты мүжілген тасты) топырақтардың ашық қазаншұңқыр­да жатқан уақыт аралығында олардың беріктігі төмендеу мүмкіндігі;

қазаншұңқыр мен іргетастарды орналастыру кезінде элювиалды құмдақтар мен шаңды құмдар­дың сумен қаныққан жағдайында олардың аққыш күйіне өтіп кету мүмкіндігі;

кеуектілік коэффициенті е > 0,6 және ылғал­дылық дәрежесі Sr < 0,7 болатын элювиалды шаңды құмдарда шөкпелі қасиеттерінің бар болуы.

6.2. Негіздегі элювиалды топырақтардың қазан­шұңқырда ашық жатқан уақыт аралығында олардың беріктігі төмендеуінің мүмкіндігі мен дәрежесін дала жағдайларында тәжірибелі жолмен анықтау қажет.

Элювиалды топырақтар беріктігінің мүмкін болатын төмендеуін алдын-ала бағалау үшін беріл­ген уақыт аралығында: тасты топырақтар тығыздығы­ның; шаңды-балшықты топырақ пенетрациясының меншікті кедергісінің; құмды топырақтарда өлшемі 0,1 мм-ден кіші, ал ірі сынықтыда 2 мм-ден кіші болатын бөлшектер кұрамының өзгеруін ескеретін жанама әдістерді қолдануға болады.

6.3. Элювиалды топырақтардан тұратын негіз есебін 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орындау керек. Егер элювиалды топырақтар шөкпелі болатын болса, онда 3-бөлімнің талаптарын ескеру қажет.

6.4. Элювиалды топырақтардан тұратын негіз­дің есептік деформациялары кезінде негіздің шектік немесе жеткіліксіз көтергіштік қабілетінен гөрі 2.67-2.71 т.т. нұсқауларына сәйкес келесі шараларды көбірек қарастыру қажет:

құмнан, малтатастан, қиыршықтастан немесе бастапқы тау жыныстарының сынықтары бар, әсіре­се тасты топырақтардың беті тегіс емес болатын ірі сынықты топырақтардан тұратын таратушы төсем­дерінің тығыздалған топырақтарын орнату;

негіздің үстіңгі аймағынан тасты топырақтардың кірінділерін алу, «қалталардың» бос толтырғышын және тасты топырақтардағы мүжілу «ұяларын» қиыр­шықтаспен, малтатаспен немесе құммен тығыздап отырып толық немесе жартылай ауыстыру.

6.5. Негіздер мен іргетастар жобасында элю­виалды топырақтарды атмосфералық әсерлерден және қазаншұңқырды орнату барысында сулардан бұзылуын қорғауды қарастыру қажет. Ол үшін судан қорғау шараларын қолдану, негізді орнатуында және одан ары іргетастарды тұрғызу; қазаншұңқырда топырақты толық алмауды қарастыру; тасты топы­рақтарды қопаруға жару тәсілін тек ұсақшпурлы бөлу жағдайында ғана қолдану қажет.

7. Тұздалған топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi

7.1. Тұздалған топырақтардан тұратын негіздер келесідегілермен негізделетін олардың ерекшелікте­рін ескере отырып жобалануы қажет:

суды ұзақ сүзгілегенде және тұздарды сілтіле­генде суффозиялы шөгулердің ssf пайда болуы;

тұздарды сілтілеу құбылысында топырақтың физика-механикалық қасиеттерінің, қағида бойынша, оның беріктік сипаттамаларының төмендеуіне әкеліп соғатын өзгеруі;

суланған топырақтың ісінуі мен шөгуі;

топырақ құрамындағы тұздардың еруінен же­расты құрылым материалдарына жерасты сулары­ның жоғары агрессивтілігі.

7.2. Тұздалған топырақтар, қағида бойынша, ұзақ суланған статикалық жүктемелермен дала сы­нақтары арқылы, ал алаңшасының жеке участкеле­рін толық меңгеру үшін – қосымша тәжірибелік әдістермен (сығу-сүзу сынақтарымен) анықталатын салыстырмалы суффозиялы сығуымен sf сипат­талады.

Ұқсас инженерлік-геологиялық жағдайлардағы құрылыс тәжірибесі және ізденіс нәтижелері бар бол­ғанда салыстырмалы суффозиялы сығуын тек зертханалық әдістермен ғана анықтауға болады.

7.3. sf -тің нормативтік мәнін міндетті 2-қосым­шаның талаптарына сәйкес анықтау қажет.

sf -тің есептік мәнін (1)-формуладағы топырақ бойынша сенімділік коэффициентін g =1 деп алып нормативтік мәніне тең етіп алуға болады.

7.4. Тұздалған топырақтардан тұратын негіз есебі 2-бөлімнің талаптарына сәйкес орындалуы қажет. Егер тұздалған топырақтар шөгетін немесе ісінетін болып табылатын болса, онда олар 3 және 4-бөлімдердің талаптарына сәйкес ескерілуі қажет.

Негіз деформацияларын сыртқы жүктемелердің әсерінен шөгуін, шөкпесін, ісінуін және ширау мен суффозиялы шөгуін ескере отырып анықтау қажет.

Суффозиялы шөгулерді міндетті 2-қосымша нұсқауларына сәйкес анықтау керек.

Топырақтың ұзақ сулану және тұздардың сілті­лену мүмкіндігі жоқ болғанда негіз деформациялары сумен толық қаныққан топырақтардың деформация­лық сипаттамаларына байланысты тұздалмаған топырақтар сияқты анықталады.

7.5. Тұздалған топырақтардан тұратын негіздің есептік кедергісі R топырақтардың ұзақ сулануы және тұздардың сілтіленуі мүмкін болғанда, тұздар сілтіленгеннен кейін сумен қаныққан күйдегі топырақ­тар үшін алынған беріктік сипаттамаларының (II және сII ) есептік мәндерін қолдана отырып (7)-формула бойынша есептеледі.

Топырақтардың ұзақ сулануы және тұздардың сілтіленуі мүмкін емес болғанда, негіздің есептік кедергісін, сумен қаныққан күйінде тұздалған топы­рақтар үшін алынған беріктік сипаттамаларын қол­дана отырып (7)- формула бойынша анықтау керек.

7.6. Тұздалған топырақтардан тұратын негіздің есептік деформациялары кезінде, негіздің шектік немесе жеткіліксіз көтергіштік қабілетінен гөрі судан қорғау шараларын және қажетті жағдайларда 2.67-2.71 т.т. нұсқауларына сәйкес келесі шараларды көбірек қарастыру керек:

құрылымдық шаралар;

шаңды-балшықты топырақтардан төсем орна­ластыруымен тұздалған топырақтарды жартылай немесе толық кесу;

тұздалған топырақ қатқабатын терең іргетастар­мен кесу;

топырақтарды бекіту немесе тығыздау;

топырақтарды алдын-ала тұзсыздау;

судан қорғау және құрылымдық шаралары кіре­тін шаралар кешені, сондай-ақ топырақ төсемін орнату.