Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_1semetr.doc
Скачиваний:
74
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
666 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның географиялық орны

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.

Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Мәтін бойынша сөздік жасаңыз.

4. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: тау массиві, үлкен аймақ, Сарыарқа даласы, әдемі табиғат, ұлан-байтақ дала, биік тау.

Қазақстан климаты

Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.

Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуан жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3-інде орман. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы басым өседі.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша 20 сөздік құрастырыңыз.

3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы

Жердің шарға ұқсастығын Пифагор (біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр), Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр) дәлелдеген. Олардың дәлелі – Ай тұтылғанда оның бетін Жердің дөңгелек көлеңкесі жабатыны. Қазіргі жыл қайыруымыздан екі ғасыр бұрын ғалым, Александрия кітапханасының қызметшісі Эратосфен аулада отырып Жердің «белін» есептеп шықты, радиусы 6370 км екен.

XVII – XVIII ғасырларда ғалымдар Жердің пошымы эллипсоид пішінді екенін дәлелдейді. Ондай пішінді математика жолымен атақты И. Ньютон дәлелдеген еді. Қазірде көгілдір тартқан Жер бейнесін ғарыштан фотоға түсіріп, бой-қырын да өлшеп алдық. Жердің эллипсоид пішініне көзіміз жетті. Эллипсоид – геометриялық сызық, ал Жер бетінің дөңес-ойыстары бар емес пе? Сондықтан геодезистер Жер пішінін геоид деп атайды.

Эллипсоид сияқты геоид та сопақ, экваторлық бүйірі шығыныңқы. Жердің

Экваторлық радиусы а = 6378245 м

Полярлық радиусы в = 6356863 м

Ендеше, Жер полюстері кіндігіне экватор бойындағы нүктеден 21400м жақын болғаны, яғни (а-в)/а =298,3=1/300 санын Жердің сығылуы деп атайды.

Бір жағынан қарасақ, Жердің сопақтығы оның зор денесімен салыстырғанда түкке тұрмастай, аз шама секілді. Дегенмен ойланып көрейік: экватор бойында адам салмағы 500г аз, ал Эльбрус шыңында 120 грамм жеңіл. Экватор бойында сағат маятнигі Мәскеуден гөрі баяу жүреді. Демек полюстен экваторға көшірілген дене полюспен салыстырғанда жеңілірек болады.

Көп планеталар секілді Жер де батыстан шығысқа қарай айналып тұрған дене. Өзіміз білетіндей, ол өз білігінен 23 сағат 56 минөт, 4 секөндте бір айналады. Ендеше айналу жылдамдығы 30 км/с, яғни мылтықтың оғынан 36 есе жылдам. Соның себебінен Жердің ішкі жағында неше түрлі процестер болып жатады. Ал үздіксіз айналып тұрған Жер «подшипниктерінің» үйкелесінен күн тәулігі мың жылда 0,01 минөтке ұзарады; миллиардтаған жылдарда ше? Оның үстіне Жер білігі 23,5 градусқа еңкіш екенін де ескерелік.

Тапсырмалар.

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Сөйлемдерді аяқтаңыз: Жердің шарға ұқсастығын ... ... дәлелдеген. Олардың дәлелі – ... ... . ... ... жердің «белін» есептеп шықты. Жердің айналу жылдамдығы 30 км/с, яғни ... .

3. Сабақтас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемдердің айырмашылығы неде?

4. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын еске түсіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (10-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]

  1. «Қазақстанның географиялық орны» тақырыбына әңгіме жазу.

  2. «Қазақстан климаты» тақырыбына сұхбат құрастыру.

  3. «Жердің пішіні, өлшемі мен қозғалысы» тақырыбына реферат жазу.

11-тақырып. Қазақстан экологиясы. Қазақстанның табиғатын қорғау. Қолданбалы экология. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты салалас сөйлем. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты салалас сөйлем. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]