Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
христианды.docx
Скачиваний:
122
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

Православие

Православие – құдайды дұрыс мадақтау де­генді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәти­жесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгі­сінің 12 тармағында берілген. Православие сені­мінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кей­піне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады.

Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті қасиетті құпия дәстүрді құрайды: шоқындыру, тазару (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), миромен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеу­де), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету литургия болса, басты мереке – Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход свя­щен­никтері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді.

Православие тарихи-өңірлік тұрғыда Балқан түбегіндегі грек, болгар, серб, черногорлықтар, маке­дондықтар, румындар мен албандардың бір бөлігінде, ал Шығыс Еуропада шығысславяндық халықтардан өзге грузиндер, гагауздар, абхаздар мен осетиндер, молдовандар арасында, Ресей Федерациясында орыстармен қатар чуваштар, удмурттар, комилықтар мен карельдер, сахалар, но­ғай­бақтар ішінде тараған. Өткен ғасырдың аяғын­да православиенің таралуы қара құрлықта Сахара шөлінің оңтүстігінде және Оңтүстік-Шы­ғыс Азияда жайыла бастаған. 1453 жылы Визан­тияның құлауымен осы бағытты ұстанатын елдерде бір-бірінен дербес автокефалды шіркеулер құрылды. Православиеде католик дініндегідей бір дінбасыға бағынған орталық жоқ.

Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Фин­ляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.

Католицизм

Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Като­­лицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.

Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» – жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерек­шелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасын­­дағы тазартқыштың (чистилище) болуы. Католик дінін ұстанатын дінбасылар барлық деңгейде некеге тұрмауға, отбасын құрмауға ант (целибат) береді. Христиандардың бұл тар­мағының православиеден тағы бір айырмашылығы –филиокве, яғни мұнда киелі рух тек Құдай-Әкеден ғана емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі деген догмада. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарлары­ның Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себептің бірі болды. 9 ғасырда Рим Папасының қарсы­лы­ғына қарамастан, “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шір­кеуі­не” күштеп ендір­ді. Содан бері ол “Батыс шір­кеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалып­тасты. “Шығыс шір­кеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дін­бұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда.

Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін, басында Рим Папасы тұрған, халық­аралық орталығы Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді. Папаның ресми толық атауы былай аталады: Рим епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим про­вин­­циясының архиепископы және митро­политі, Вати­кан мемле­кет-қала монархы. Ол тақта өлгенше отырады.

Ватикан конституциясына сәйкес, Рим Папасына жоғары заңнамалық, атқару және сот билігі жатады. Ватиканның басқарушы органы Қасиет­ті Тақ деп аталады да, Рим католик шіркеуінің орталық әкімшілік аппараты Рим куриясы, ол әлем ел­дерінің көпшілігінде әрекет ететін шіркеулер мен қауымдық ұйымдарды басқарады. Өңірлік деңгей­де епископтық конференциялар әрекет етеді.

Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» ордендер деп аталатындардың әсері өте күшті. Қазіргі уақытта католиктік монахтардың миссио­нерлік қызметінің жаңа нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан болып отыр.

Қазақстан аумағында католицизмнің бірінші пайда болуы XIII ғасырдан бастау алады. Олар Рим бастапқы священниктерінің тапсырмасы бойынша Ұлы хандарға сапар шегетін католик миссионерлерінің (францискан монахтары Джиованни дель Плано Карпини – 1245 ж., Гильом де Рубрук – 1253 ж. және т.б. миссиялары) келуімен байланысты. Қазақ даласына миссионерлер қан­ша ағылғанымен, олар өз дегендеріне жете алмады. Ал католик қоғамдарының пайда болуына Сібірге ХІХ ғасырдың ортасында және ХХ ғасырдың басында айдалған, жер аударылған поляктардың Қазақстанға келуі және Ресейдің еуропалық бөлігінен католик-немістер мен латыштардың көшуі елеулі рөл атқарды.