- •2. Демэкология2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
- •Билет №2
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Билет №7
- •Билет №8
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Билет №11
- •Билет №12
- •Билет №13
- •Билет №14
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Билет №24
- •Билет №26
- •Билет №27
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №40
Билет №11
Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
популяция деген не?
Көліктің әсері. «Демографиялық жарылыс» дегеніміз не. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіздер: табиғи ареал, амфибиялар, жерсіндіру, абиотикалық жағдай, биоценоз.
Жауаптар: Химиялық ластану. Кез келген химиялық ластану – бұл оған арналмаған орында химиялық заттың пайда болуы. Адам қызметінің процесінде пайда болатын ластанулар оның табиғи ортаға зиянды әсерінің басты факторы болып табылады.
Химиялық ластағыштар қатты улану, созылмалы аурулар тудыруы, сондай-ақ канцерогенді және мутагенді әсер етуі мүмкін. Мысалы, ауыр металдар улы әсер ете отырып, өсімдік және жануарлар тіндерінде жинақталуға қабілетті. Ауыр металдардан басқа, хлордиоксиндер аса қауіпті ластағыштар болып табылады, олар гербицидтерді және көптеген басқа заттарды өндіру кезінде пайдаланылатын, хлор өндіретін хош иісті көмірсутектерден түзіледі.
2. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады. Популяцияның сипаттамасы:
Жыныстық сипаты бойынша;
Жас ерекшелік-әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;
Территориялық таралуы бойынша;
Этологиялық сипаты бойынша;
3. Көліктің дамуымен жануарлардың олардың табиғи ареалының шегінен тыс қоныстануы күрт ұлғаяды. Бұл кездейсоқ процесс: өсімдіктер мен жануарлар корабльдердің түбіне бекітіліп, вагондарға, трюмдарға және т.с.с. өтіп, жүктермен бірге «саяхаттайды». Темза сағасында алғашқы жылдам клиперлердің пайда болуымен Үнді мұхитқа тән омыртқасыздардың табыла бастағаны белгілі.Негізінде осындай жолмен өсімдіктер тұқымдары және омыртқасыз жануарлар тасымалданады; омыртқалылар, басты түрде амфибиялар мен рептилиялар, сондай-ақ сүт қоректілер және сирек жағдайда құстар аз мөлшерде, бірақ айтарлықтай жүйелі әкелінеді.Тірі организмдерді жаңа ортаға жерсіндіру нәтижелері таза экологиялық заңдылықтармен анықталады: жерсіндіру жерлеріндегі жағдайлар экологиялық қуысқа және жеке факторлар мен олардың кешендері ұшырайтын ауытқулар диапазонына қаншалықты сәйкес келеді. Қолайлы жайылымдық және абиотикалық жағдайларда, егер жерсіндірме түрлердің саны түрі өзгеше көбейетін топтарды құру үшін жеткілікті болса және егер жергілікті биоценоз құрамында айтарлықтай күшті бәсекелестер және көптеген арнайы жыртқыш-тар жоқ болса, түрдің тамырлануы мүмкін болады. Осы жағдайлар сақталғанда, қандай да бір уақыт өткенде жерсіндірілген түрдің «демографиялық жарылысы» байқалады, ол санының күрт өсуінен байқалады және адам өмірінің сол немесе басқа жағдайларына жағымсыз әсерлермен жалғасады. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы).
