- •Билет №2
- •3.Рк екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., м. Мисарович, э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:
- •2. Осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастықта экология проблемаларын шешу және экологиялық дағдарысты жеңу жолында екі соңғы көзқарас болған.
- •3. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. Австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген.
- •Билет №5
- •3. Қоңсылас организмдер – негізінде жануарлар және бір жағынан адаммен түрлендірілген ортада адаммен қатар тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер.
- •Билет №6
- •Билет №7
- •2. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:
- •Билет №8
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Билет №11
- •Билет №12
- •Билет №13
- •Билет №14
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Билет №24
- •2. Ғаламдық экологиялық проблемалар
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Билет №27
- •Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия.
- •В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Демэкология деген не?
- •Билет №31
- •Билет №32
- •Билет №33
- •Билет №34
- •Билет №35
- •Билет №36
- •Билет №37
- •2. . Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.
- •Билет №39
- •Билет №40
- •Басты пайдалану.
Билет №16
организмдердің тіршілік әрекетіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.
Топырақ эрозиясы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары.
Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не.
Жауаптар:
1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы); Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.
2. Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі.Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.
3. 3. Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.
Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.
Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.
ҚОСЫМША Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.
