- •Құжаттарды топтастыру
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Өмірбаян
- •Түйіндеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Жеке іс қағазы
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы
- •Анықтама
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Анықтама үлгісі
- •Форма справки
- •Бұрыштама
- •Келісімшарт
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Сенімхат
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Сенімхат үлг
- •Құттықтаухат
- •Түсініктеме хат
- •Мәтінге арналған сөздік
Келісімшарт
Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:
Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілер: тұрғын үйді сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.
Жер учаскелері туралы мәмілелер: жер учаскесін сатып алу- сату, сыйға беру, ауыстыру туралы.
Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер т.б.
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі: пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Негізгі сөздік
Төменде қол қоюшылар-нижеподписавшиеся
маған тиесілі-принадлежащий мне
жеке басы –личность
құқықтық іс-әрекетке қабілеті-дееспособность
тариф бойынша салық алынды-взыскано по тарифу
мәміле-сделка
жекеменшік құқығы бойынша по праву собственности
тыйым салынбаған-под арестом не состоит
құқылы-вправе
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Келісімшарт қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?
6. Қай кезден бастап күшіне енеді?
7. Қандай жағдайларда келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады?
2-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып, сұрақ қойыңыз.
Кез келген келісімшарт тараптардың қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлға екінші тарапқа 30 күн бұрын жазбаша түрде хабарлап келісімшарт мерзімін тоқтатуға құқылы.
Келісімшартты орындау барысындағы туындаған даулар тараптардың өзара келісімімен шешіледі. Тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар қолданылып жүрген Заңдар арқылы белгіленген тәртіпте қарастырылады.
Мүлік, мүдде таластары келісімшарт бойынша арнайы сот орындарында шешіледі.
Тапсырысты орындаушы тарап келісімшарт жасасқан күннен бастап жабдықты уақытында жеткізуге кепілдік береді.
3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімшарт жасау, мәміле барысында, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі, дау-таласта болған жоқ, жалпы пайдалы аумағы, көрсетілген пәтер маған тиесілі, менің қатысуым кезінде қол қойылды,жеке басы анықталды,пәтердің инвертарьлық құны, «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Нижеподписавшиеся, составление договора, заключили настоящий договор о нижеследующем, указанная автомашина принадлежит мне, на основании технического паспорта, выданного Госавтоинспекцией, под арестом не состоит, не заложена, договор подписан сторонами в моем присутствии, дееспособность сторон проверена, личность сторон установлена, текст договора прочитан вслух, договор состален в 3 экземплярах, действующее законодательство, расходы по оформлению договора, зарегистрирован в реестре № 5, выдан МВД РК, зарегистрирован в БТИ, передаточный акт, уплата долгов, обязанности и права сторон, нарушение условий договора, споры возникающие приисполнении настоящего договора, договор утративший силу, в соответствии с требованиями соглашения, права и обязанности сторон,индивидуальное трудовое соглашение, вступает в силу. проживающий по адресу, по праву собственности, составляет, купля-продажа, до заключения настоящего договора.
5-жаттығу. Үлгімен танысыңыз. Мазмұнын ауызша айтыңыз.
Автокөлікті сату-сатып алу туралы келісімшарт
Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 11-үй, 2007 жылғы 29 мамыр.
Біз, төменде қол қоюшылар,--------------------------------------------------------
төмендегілер туралы келісімшарт жасадық:
Мен, азамат Болат Мақсатұлы, «Жигули» маркалы жеңіл автокөлігімді сатамын, кузовының типі.............., шығарылған типі.........., шасси нөмірі............., двигатель нөмірі..........., мемлекеттік нөмірі ........, мен, азамат, Дәулет Омаров, көрсетілген автокөлікті сатып аламын.
Көрсетілген автокөлік Мемлекет-тік автоинспекция 2006 жылғы 20 сәуірде берген №7777 техникалық паспорттың негізінде маған, Болат Мақсатұлына тиесілі.
Автокөлік жеті жүз мың (700 000) теңгеге сатылады. Көрсетілген теңгені қол қою кезінде азамат Дәулет Омаров төлейді.
Осы уақытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.
Осы келісімшартты ресімдеудің шығынын азамат Дәулет Омаров төлейді.
Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екінші данасы азамат Болат Мақсатұлына, үшінші данасы азамат Дәулет Омаровқа берілді.
Тараптардың қолы сатушы.......... сатып алушы.........
2007 жылғы 29 мамырда осы келісімшартты мен, Әмірбек Айдана Болатқызы, Қостанай қаласындағы лицензия №55 «Әділ» нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым.
Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын автокөліктің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.
Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. №337 тізбеге тіркелді. Тариф бойынша 1000 мың теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус .................. (қолы)
6-жаттығу. Келісімшарттағы қажетті сөздерді қойыңыз.
1. Аталған пәтер............................. құқығы бойынша азамат Мақсат Сұлтановқа ...................... .2. Осы келісімшарт жасалғанға дейін пәтер ешкімге................... жоқ, қарыз.............., .................алынған жоқ. 3. Тараптардың .......... ............ анықталды, ................. ..................... .............. тексерілді, пәтердің сатушыға ............ екендігі тексерілді. 4. Тариф бойынша 500 теңге ............... ................ ............... .5. Келісімшарт мәтіні ................ оқылды. 6. ТИБ-тің ................... бойынша пәтердің құны 2 000 теңге. 7. Келісімшартты ............... ................... азамат Нұрбол Болатов төлейді. 8. ....... ............. .......... № 9 бабының мазмұны ............................ Еңбек келісімі-тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.
7- жаттығу. Тақырыптық келісімшарт үлгілерін құрастырыңыз.
Пәтерді сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.
Автокөлікті сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.
Саяжайды сату- сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз.
Еңбек келісімін жасаңыз.
Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту туралы келісімшарт жасаңыз.
ЖЕКЕ ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
Жеке еңбек келісімі-қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік, немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттейді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:
тұрақты түрде жұмыс істейтіндер
уақытша жұмыс істейтіндер
негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер
қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер
Еңбек келісімі 2 дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен қызметкердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Еңбек келісімі нені реттейді?
Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?
Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
Келісім кімде сақталады?
Тараптар бір-біріне қандай кепілдік береді?
2-жаттығу. Еңбек келісімінде қолданылатын сөз тіркестерді естеріңізде сақтаңыздар.
келісім нысаны, қоса атқарушылық, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), жұмыс беруші, тараптардың келісімімен, мерзімді ұзарту, келісім шарттарын өзгерту, кәсіби біліктілігін арттыру, шарттарды орындауды талап ету, адал атқару, ішкі еңбек тәртібі, мәліметтер құпиялығын сақтау, маман мүддесі, нұсқан келтірмеу, материалдық жауапкершілікке тарту, тәртіптікжауапкершілік, еңбекақы төлеу, дер кезінде хабарлау, мезгілінен бұрын тоқтату, өзара келісімі бойынша, міндеттерді орындамаған жағдайда, Тараптар арасында туындаған даулар, жазбаша енгізу, сот арқылы шешу, келісімнің ажырамас бөлігі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды, КР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін.
3-жаттығу. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Осы шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердің негізгі жұмыс орны болып табылады.
Қызметкердің басқа қызметтерді қоса атқаруға құқығы бар және өзінің негізгі қызметінен босамай-ақ қосымша қызмет атқара алады.
Қызметкер сынақ мерзімінде жүрген кезде ҚР еңбек туралы заң актілерінде және осы шартта белгіленген нормаларды пайдаланады.
Қызметкер өзінің қызметін орындауға тікелей қажетті Жұмыс беруші берген мүліктердің дұрыс сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады.
Қызметкер қызмет бабына байланысты өзіне ғана мәлім Жұмыс берушінің коммерциялық құпия мәліметтерін жарияламау жөнінде жазбаша түрде міндеттеме береді.
Жұмыс беруші ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 91 бабының 2-7 тармақтарында белгіленген жағдай-ларда қызметкерге келтірілген зардаптар үшін толық мөлшерде жауапты болады.
ҚР «ҚР-дағы еңбек туралы» 10.12.99 жылғы №493-1 Заңының 8-бабының және ішкі қолданыс үшін шығарылған жарғылар мен актілердің талаптары шегінде Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері болады.
Қызметкерге жыл сайын жалақысы сақталатын, ақылы, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі.
Іссапарға байланысты кепілдіктер мен өтемақылар ҚР қолданылып жүрген заң актілеріне байланысты төленеді. Іссапарға ҚР Үкіметінің белгілеген нормасынан артық төленетін өтемақылар оны растайтын құжат болғанда төленеді.
Жұмыс беруші қызметкерді ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіпте арнайы киіммен, құралдармен, көлікпен және басқа инвентарлармен, сонымен бірге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Қызметкер мемлекетік сотқа жүгінсе, онда ол мемлекеттік баж салығынан және басқа да соттың төлемдерінен босатылады.
Меншік иесінің немесе заңды тұлғаның ауысуы осы шартты бұзуға негіз бола алмайды.
Егер осы шарттағы ережелер Қазақстанда бекітілген халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңдарының ережелеріне қайшы келетін болса, онда ең бірінші халықаралық шарттары, содан кейін ҚР заңдары заңды болып табылады.
Егер ҚР заң актілерінде қызметкердің жағдайын жақсарту жөнінде өзгертулер енгізілсе, онда осы шарттың соған сәйкес тармақтарына да өзгертулер енгізіледі, егер керісінше болса, онда шартқа өзгеріс енгізілмейді.
Коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді жарияламау туралы міндеттеме, 1 бет, 1 дана.
Әкімшілік сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қызметкерге қажетті жағдай жасауға міндеттенеді.
АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Қызметтік хаттар
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.
Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, хабарлама хаттар, бастама хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.
Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.
Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады.
Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Хатта сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс. Көпсөзділік хаттың мәнін түсінуге қиындық тудырады.
Хаттарда «Адресат» (хатты алушының) деректемесінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі керек: фирма; құрылымдық бөлімшелер; лауазымы; аты-жөні; алушының почталық мекен-жайы.
Мекемеден жіберілетін барлық хаттар бастама және жауап хаттар болып екі топқа бөлінеді. Жауап хатты жіберуші өзі алған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.
Мәтінге арналған сөздік
ақпараттық-анықтамалық құжаттар – информационно-справочные документы
хат – письмо
жеделхат – телеграмма
анықтама – справка
мағлұмат хаттар – докладная записка
ішкі – внутренний
пайыз – процент
басқару қызметі – управленческая деятельность
туындайтын – возникающих
көптеген – многочисленных
жедел мәселелер – оперативные вопросы
шешу үшін – для решения
қолданылады – применяется
мазмұн – содержание
ілеспе хат – сопроводительное письмо
кепілдік беру хаттары – гарантийные письма
ақпараттық хаттар – информационные письма
жарнамалық хаттар – рекламационные письма
коммерциялық хаттар – коммерческие письма
сұрату хаттары – письма-запросы
шақыру хаттары – письма-приглашения
жауап хаттар – письма-ответы
өтініш хаттар – письма-просьбы
хабарлама хаттар – письма-уведомления
бастама хаттар – инициативные письма
еске салу хаттары – письма-напоминания
мәтін – текст
қарапайым – простой
жүйелі – последовательный
арнайы бланк – специальный бланк
құрастырушы - составитель
мақсат – цель
көпсөзділік – многословие
деректеме – реквизит
құрамдас бөліктері – составные части
дұрыс көрсетілуі керек – должны быть правильно указаны
лауазым - должность
түпкілікті – окончательный
ресімдеу – оформлять
Қызметтік хат үлгісі
|
ҚЫЗМЕТТІК ХАТ Кәсіпорынның атауы Директор Кәсіпорынның мекен-жайы Ә.Н. Сардаровқа Тел. Факс: 001111, Қостанай, 00.00.00 № 21/1 – 3 № ___ 00.00.00 Алтынсарин, 12
Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы
Құрметті Әнуар Нұрбекұлы! Біз Сізге 00.00.00-дағы № ___ келісім-шарт бойынша келісілген үш офис жиһазының жиынтығын, өкінішке орай, уақытында жеткізіп бере алмағаныңыз туралы хабарлаймыз. Өзара келісілген мерзімнен бері екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз. Жеткізуді кешіктіру бұдан әрі жалғасатын болса, бірлескен қызметіміз доғарылуы мүмкін. Біз Сіздер қажетті шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деп есептейміз.
Директор қолы аты-жөні
Байтұрсынов 265 5192
|
Форма служебного письма
|
СЛУЖЕБНОЕ ПИСЬМО
Наименование предприятия Директору Адрес предприятия Сардарову А.Н. Тел. Факс: 001111, Костанай, 00.00.00 № 21/1 – 3 № ___ 00.00.00 Алтынсарина, 12 О задержке поставки мебели
Уважаемый Ануар Нурбекович! Сообщаем Вам, что обьязательства по контракту 00.00.00 № ___ о поставке трех комлектов офисной мебели, к сожалению, не выполняются. Напоминаем, что согласованный нами срок отгрузки истек две недели назад. Дальнейшая задержка поставки может привести к прекращению совместной деятельности. Мы рассчитываем, что Вы примете необходимые меры и сообщите нам о результатах.
Директор подпись Султанов К.Б. Байтурсынов 265 5192 |
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?
Басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын қандай хаттар құрайды?
Қызметтік хаттар қандай мақсаттарда қолданылады?
Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар қалай болып бөлінеді?
Қызметтік хаттың мәтіні қандай болуы тиіс?
Қызметтік хат қандай бланкіде толтырылады және онда нелер көрсетіледі?
Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты не?
Мекемеден жіберілетін барлық хаттар нешеге бөлінеді?
Кепілдік хат үлгісі
(Форма гарантийного письма)
|
Кәсіпорынның атауы «Іскер» АҚ-ның Кәсіпорынның мекен-жайы Бас директоры Тел./факс А.Е. Белгібаев мырзаға
КЕПІЛДІК ХАТ 001111, Қостанай, 00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23 № 2-5/114 00.00.00
Құрметті Асқар Ерболұлы Біздің мекен-жайға Сіздің компанияңыздың екі контейнер өнімінің жіберілу мүмкіндігін растауыңызды өтінеміз. Біз ол заттарды осы айдың аяғына дейін алғымыз келеді. Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз. Біздің есеп шотымыз _________________ , ____________ банкі Директор қолы аты-жөні Бас бухгалтер қолы аты-жөні М. О.
|
|
Наименование предприятия Генеральному директору Адрес предприятия АО «Іскер» Тел./факс г-ну Белгибаеву А.Е.
ГАРАНТИЙНОЕ ПИСЬМО 001111, Костанай, 00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23 № 2-5/114 00.00.00 Уважаемый Аскар Ерболович! Просим подтвердить возможность отправки в наш адрес двух контейнеров изделий Вашей компании. Мы заинтересованы в их получении до конца текущего месяца. Предоплату гарантируем. Наш расчетный счет ___________________ , банк ______________________
Директор подпись И.О. Фамилия Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия М.П. |
2-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.
Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарындағы ұқсас. Жарнамалық хаттардың мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығы-ңызды тудыру. Хаттан мәтіні нақты, анық және толық болуға тиіс. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шараның сипатын беріледі, өтпейтін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі. Көбінесе, ақпараттық хаттарға көмегімен қандай да бір ұйымның қызметін, өндіретін өніміңді, шығаратын әдебиеттеріңізді үгіттейді. Растау хатында «растаймыз» деген сөз болуың тиіс.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Инициативные письма – это письма, которые требуют ответа. Большая категория таких писем выражает просьбу (предложение, запрос) к адресату в решении каких-либо вопросов. Это самая распространенная разновидность писем, их тематика не ограничена. Их характер предполагает вариантность положительного или отрицательного решения поставленного вопроса.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.
Ескертпе хат міндеттеменің ескертеді қандай да бір немесе жақындағанын мерзімінің өтіп кеткенін. Бұл хат мүмкін қысқа болуы өте. Мұндай аяқталады “ескертеміз” хаттар сөзбен деген. Шақыру хаттың мақсаты – шақыру адресатты іс-шараларға жүргізілетін қандай да бір. Кепілдік беру жоғары хаттарының функциялары бар құқықтық. міндеттемелерге кепілдік хаттарда беріледі белгілі бір кепілдік. Кездерінде коммерциялық хаттар оны келісім-шарттар жасау және орындау жасалады.
5-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.
Жіберілетінхаттарғамүдделілауазымиелерібұрыштамабелгісоғадымысалықаржымәселесібойыншахатқабасбухгалтербелгісоғадыбұрыштамабелгілеркәсіпорынныңөзіндеқалатынхаткөшірмесініңалдыңғыбетінеқойыладыегерқұжатекіадресбойыншажіберілетінболсаалдыңғыекіданасыарнаулықағазғабасылыпкөшірмесіжайқағазғатүсіріледіяғнибарлығыүшданаболадыкейжағдайдахатмөрменкуәландырыладықабылданатынхаттарғакеліптүскендігітуралыбелгіжәнекәсіпорынныңбасшықызметкерлерініңтапсырманыорындауғаалғандығытуралыбұрыштамабелгіқойыладыондаорындаушыныңтегіесіміәкесініңатытапсырмамазмұныжәнеорындаумерзімікөрсетіледі.
БАЯНДАУ ХАТ
Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Жоғары тұрған басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету жағдайында автордың бастамасы немесе басшының нұсқауы бойынша жасалады. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы да болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету.
Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.
