Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.у к лаб.по почв..doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Топырақ түйіртпегіне әсер ететін факторлар:

  1. Өсімдік тамырлары;

  2. Топырақ жануарлары;

  3. Гумус, кальций гуматы;

  4. Балшықты заттар;

  5. Темір және алюминий гидрототықтары;

  6. Карбонаттар;

  7. Микроорганизмдер;

  8. Органикалық тыңайтқыштар;

2 Топырақ түйіртпегінін жіктелуі

Кесте 1.

Топырақ түйіртпегінің жіктелуі (Захаров С.А. мәліметтерінен).

Тегі

Түрі

Өлшемі

1.

2.

3.

I топ – текше тәрізді түйіртпек

Тасты

Ірі тасты

> 10 см

Ұсақ тасты

1 – 10 см

Кесекті

Ірі кесекті

3 – 10 мм

Кесекті

1 – 3 мм

Ұсақ кесекті

0,25 – 1 мм

Тозаң тәрізді

< 0,25 мм

Жаңғақты

Ірі жаңғақты

> 10 мм

Жаңғақты

7 – 10 мм

Ұсақ жаңғақты

5 – 7 мм

Дән тәрізді

Ірі дәнді

3 – 5 мм

Дәнді

1 – 3 мм

Ұсақ дәнді

0,5 – 1 мм

II топ – Призма тәрізді түйіртпек

Бағана тәрізді

Ірі бағана тәрізді

> 5 см

Бағана тәрізді

3 – 5 см

Ұсақ бағана тәрізді

< 3 см

Бағаналы

Ірі бағаналы

3 – 5 см

Ұсақ бағаналы

< 3 см

1.

2.

3.

Призмалы

Ірі призмалы

3 – 5 см

Призмалы

1 – 3 см

Ұсақ призмалы

0,5 – 1 см

Жұқа призмалы

< 0,5 см

Қарындаш тәрізді(ұзындығы > 5 см)

< 1 см

III топ – Плита тәрізді түйіртпек

Қабатты

Қабат тәрізді

> 5 мм

Плита тәрізді

3 – 5 мм

Күйтабақ тәрізді

1 – 3 мм

Жапырақ тәрізді

< 1 мм

Қабыршақты

Қабықты

> 3 мм

Ірі қабыршақты

1 – 3 мм

Ұсақ қабыршақты

< 1 мм

(Қосымша сурет 1 қара.)

Топырақ құрылымының бірнеше типтерін ажыратады, олардың негізгілері:

кубтәрізді - топырақтың құрылымдық бөлшектері үш өзара перпендикулярлы остерде біркелкі дамыған - қара топырақтар және орманды дала аймағы топырақтары (шаңды, кесекті, дәнді, жаңғақты, тоң кесекті);

призматәрізді - құрылымдық бөлшектері көбінесе вертикалды остерде дамыған - құрғақ дала топырақтары мен сортаңдар (призматәрізді, бағаналы және бағаналы тәрізді);

плитатәрізді - құрылымдық бөлшектері көбінесе екі горизонталды остерде дамыған және вертикалды бағытта қысқарған - күлгін топырақтардың В горизонты және сортаңдардың А горизонты (плиталы, пластинкалы, жапырақты).

3 Н.И. Саввинов әдісі бойынша топырақтын агрегатты талдау

Агрегатты талдаудын мақсаты – топырақ құрамындағы 0,25 – 10 мм арасындағы бөлшектерінін мөлшерін есептеп шығару. Табиғи құрылысы бұзылмаған топырақ үлгісінен 0,5 – 2,5 кг топырақ алынады. Өсімдік тамырларымен тас және басқа кірмелі заттар теріп алынады. Осы топырақ диаметрі 10; 7; 5; 3; 2; 1; 0,5; 0,25 мм елек жүйесінен өткізіледі. Төменгі електен кейін түбі жабық ыдыс орнатылып ұсақ түйіршіктер соған жинақталады. Топырақты 100 – 200 г бөліп аз мөлшермен кенет шайқамастан електен өткізу керек. Әр електін үстінде жиналған топырақ үлгілері бөлек ыдысқа жиналып салмағы өлшеніп, мөлшері % арқылы есептеледі. Талдау жұмысынын қорытыңдысы кесте 3 толтырылып, бағаланады. Топырақтын түйіртпектілігіне келесі мәліметтер бойынша баға беріледі:

Кесте 2.

0,25 – 10 мм арасындағы агрегаттардын мөлшері, %

Баға

> 80

Өте жақсы

80-60

Жақсы

60-40

Қанағаттанарлық

40-20

Қанағатсыз

< 20

Нашар

Кесте 3.

Топырақтын агрегаттық құрамы

Топырақтын аты

Топырақ агрегаттарынын өлшемдері, мм және олардын жалпы салмақтан мөлшері, %

> 10

10-7

7-5

5-3

3-2

2-1

1-0,5

0,5-0,25

<0,25