Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Ide_1187_gey_Isemestr_14-15o_1179_u_zh.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
31 Мб
Скачать
☆

7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мен банктен ....................... алдым. Банк ............................ 15 пайыздан берді. Қазіргі таңда барлық банктер халықты ............................. жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Банк ........................... несиелерінің пайызы жоғары.

Керекті сөздер: (несиені, несиелендіру, несие, несиелерінің)

8.Құжаттың атауын тауып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасы бойынша жеңілдікті тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Нұсқа бойынша ----------- ;

  • Отбасы мүшелерін айқындайтын құжаттардың ------------- ;

  • Отбасы құрамы жайлы ------------ ;

  • Еңбек өтілі көрсетілген жұмыс істейтін жерінің ---------- , сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі өтілі қоса көрсетілуі тиіс;

  • Қызметтері;

  • Неке туралы куәліктің --------------- (мұндай құжат болса);

  • Жылжымайтын мүліктің бары немесе жоқтығы жайлы ------------ .

Керекті сөздер: анықтама, көшірмесі, анықтама, арыз, анықтамасы, көшірмесі.

Оқимыз. Сөйлейміз

9.Берілген сұрақтар бойынша сұхбаттасыңыздар.

  • Тұрғын үй бағдарламасы туралы не айтасыз?

  • Біздің қаламызда осы бағдарлама қалай жүріп жатыр?

  • Сіздіңше, несиені қайтару мерзімі қанша жыл болу керек?

  • Тұрғын үй бағдарламасы кімдер үшін тиімді?

Сұхбатқа жауап беруде мына сөздерді қолдана аласыз: меніңше (по-моему), соншалық (столько), онша (не очень), амалсыз (поневоле), шамасы (вероятно), алдымен (сначала), тиіс (следует), баяу, ақырын (медленно), ұзақ (долго),

Тұрғын үй дизайны

Тыңдаймыз. Оқимыз.

Сөздік қор көркемдік үлгісін жасау, жаңаша сипат, қонақ қабылдау, төргі бөлме, қабырғаның түс қағазы, ашық түсті, терезе пердесінің түстері, үйлесулері керек, жарасымды сипат, жиһаз, ескеріледі, таңдау керек, көлеміне қарай, күн көбірек түсетін, жас шамасын, жатын бөлме, таңдамағаныңыз дұрыс, сәттілік беретін түстер, кереуеттер, ас бөлме, бөлмені кеңейтеді, бір мезгілде, қажетті жабдықтар, жуынатын бөлме, ылғалданып тұруына жол бермеу, бөлмені желдетіп, құрғату, ең ұтымды түстер, дәліз, үйдің кіреберіс бөлмесі, ауыз үй, қабырғаға кіргізе жасалған.

Ой түрткі

Үй жиһазжары мен бөлмелерін атап, оларды қалай орналастыру және қандай түсті таңдау керектігін айтып, ой бөлісіңіз. (сөздік қорды пайдаланыңыз)

-Сіздің ойыңызша, пәтердің бөлмелері қандай болу керек?

-Қазіргі заманауи жиһаздарды білесіз бе?

Тыңдаймыз. Оқимыз

Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Тұрғын үй дизайны

Дизайн сөзі заттардың көркемдік үлгісін жасау деген мағынаны білдіреді. Дизайн өнері қазіргі заманда жаңаша сипатқа ие болып отыр.

Өз үйім – өлең төсегім

Қонақ бөлмесі - пәтердегі ең үлкен бөлме. Ол барлық отбасы мүшелерінің бос уақытын өткізуге — жұмыс күнінен соң демалуға, ән-күйді тыңдауға, теледидар қарауға, қонақ қабылдауға арналған. Төргі бөлме жарық, кең болсын десеңіз, қабырғаның түс қағазын ашық түстіге ауыстырғаныңыз дұрыс, жұмсақ жиһаздың, кілемнің, терезе пердесінің түстері бір-бірімен үйлесулері керек. Корпустық жиһаз комплектісі қонақ бөлмеге жарасымды сипат беріп тұрады. Корпустық жиһаздарға киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, кітап салатын шкафтар, бар т. б. жатады.

Жиһазды қойған кезде қонақ бөлмесінің түрлі аймақтарға бөлінуі керек екені ескеріледі. Корпустық жиһазды алғанда қонақ бөлменің көлеміне қарай таңдау керек.

Балаларға арналған бөлме күн көбірек түсетін жақта болғаны абзал. Онда балалар ұйықтайды, сабаққа дайындалады, ойнайды, сурет салады. Сондықтан, бұл бөлмелерді жиһаздағанда балалардың жас шамасын ескеру қажет.

Төрлетіңіз!

Төрге шығыңыз!

Құтты болсын!

Жатын бөлмеге де қоңырқай, сұр түсті таңдамағаныңыз дұрыс, себебі, ол түстер ауыр, сәттілік беретін түстер емес, жатын бөлмеге ашық түске жақын түстерді таңдағаныңыз дұрыс. Жатын бөлмедегі негізгі жиһаздар — кереуеттер мен киім-кешек шкафы.

Ас бөлмеге ақ түсті ас үй жиһазын алғаныңыз дұрыс, себебі ол бөлмені кеңейтеді, ал, терезеде ашық түсті перде болғаны дұрыс.. Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс. Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердің орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс.

Жуынатын бөлме. Алдымен бөлменің жинақы, таза, жарық болуы қажет. Ішіндегі жабдықтар мен олардың түсін таңдауда ерекшеліктерге мән беру керек. Ылғалданып тұруына жол бермеу үшін бөлмені желдетіп, құрғатып қойған дұрыс. Ең тиімді тәсіл - бөлмені мұнтаздай таза ұстау, құрғақ болуын қадағалап тұру. Жуынатын бөлмеде қажетті жабдықтардың толық болуына жағдай жасау керек. Бөлмеде пайдаланатын ең ұтымды түстер: күлгін, ашық жасыл, көгілдір, сарғыш, сонымен бірге ақ және қара түс.

Дәліз, үйдің кіреберіс бөлмесі келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үйдің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме.

Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіп көрсетеді.Ауыз үйде қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады.

Жазамыз