- •3. Халықаралық дербес құқықты құқықтьщ бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет.
- •4) Бақылау теориясы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •2) Мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.Б.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •4. Мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар халықаралық несиелерді пайдаланады.
- •Дәріс 7: халықаралық дербес көлік құқығы
- •1833 Жылдың 22 қарашасында император Николай 1 кезінде «Артықшылықтар туралы Ереже» деген құжатпен аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- •1967 Жылы Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымды (воис-тың) құрылуын бекітетін Стокгольм конвенциясы қабылданды, кейіннен бұл ұйым бұұ арнайы ұйымы ретінде енді.
- •3. Аралас тәсіл. Ол аталған екі тәсілдердің элементтерінен тұратын модификацияланған тәсіл болып табылады. Қр ак-нің 961-бабында типсіз деп көрсетілген объектілерге қатысты қолданылады.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •1992 Жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.
- •Пайдаланылатынн әдебиеттер:
- •3. Еңбек көші-қоны және осы саладағы мемлекеттік саясат.
- •1990 Жылдардан бастап, Қазақстан Республикасында реэмиграция үрдісі қарқынды түрде дамыды. Мысалға 1991-2000 жылдар аралығында Республикамызға 183 мың адам келді.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
4. Мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар халықаралық несиелерді пайдаланады.
Қызметті несиелеуді көптеген дамыған мемлекеттердің фирмалары мен компаниялары пайдаланады. Ол салынған капиталдың тиімділігін жоғарлату үшін пайдаланылады. Экспортер несиені алу арқылы тауар мөлшерін ұлғайтады және кіріс алады.
Егер несиелерді мерзімі бойынша жіктесек, онда олар: а) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін; б) орта мерзімді – 1-5 жылға дейін; в) ұзақ мерзімді – 5 жылдан жоғары деп бөлінеді. Көбінесе орта мерзімді, ұзақ мерзімді несиелер өндірісте қолданылады.
Несиелер ақша, валюта түрінде ғана емес, сондай-ақ, тауар түрінде де болады. Тауарлық несиелердің орнын толтыру тек ақша түрінде ғана болуы тиіс.
Халықаралық несиелеудің саласында несиені беруші субъектіге байланысты несиелер: а) фирмалық; б) банктік; в) үкіметтік; г) халықаралық қаржы мекемелерімен берілетін болып бөлінеді.
Фирмалық несиелер экспортер және импортер болып келетін кәсіпорындармен, шетелдік фирмалармен беріледі.
Банктік несиелер банктермен беріледі. Мәселен, 1994 жылдың 16 мамырында меморандум негізінде Иранның Орталық банкі несиелер берді.
Халықаралық несиелеу саласында пайыздар мөлшері 5-10% арасында болады.
Ашық шот нысанындағы несиелеу деп экспортер тауарды түсіргеннен кейін, сатып алушыға шот ашады, оны төлеу импортермен бірден емес, келісілген мерзімде жасалады.
Егер импортер тауар түскенге дейін, оның жарты сомасын төлеуге келіссе, онда экспортерды импортер несиелеген болады. Мұндай несиені сатып алу авансы дейміз. Кепілзаттың аванстан айырмашылығы, кепілзат сыртқы сауда мәмілесі орындалмағанда қайтарылмайды, ал аванс қайтарылады. Егер сыртқы сауда мәмілесі кепілзатты алған тараптың кінәсінен орындалмаса, онда ол кепілзатты екі есе мөлшерде төлейді. Кепілзаттан басқа залал мөлшері есептеледі.
Дәріс 7: халықаралық дербес көлік құқығы
Сабақтың мақсаты: ХДКҚ маңызын ашу.
Жоспары:
1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігі
2. Халықаралық тасымалдаудың жеке түрлері
3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау
1. Халықаралық көлік құқығы – халықаралық құқық бөлігі. Халықаралық дербес көлік құқығы халықаралық дербес құқықтың бөлігі ретінде ұлттық заңнамада, халықаралық көлік конвенциялары мен келісім-шарттарында мазмұндалған, тасымалдау қатынастарын реттейтін құқықтық қағидалар мен нормалар кешені. Халықаралық дербес көлік құқығының пәні ретінде жеке және заңды тұлғалар қатысушысы болып келетін көлік міндеттемелері табылады. Жүкті, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдаудың құқықтық реттеуіндегі ерекшелік ретінде оның халықаралық сипаттағы нормалар мен әдет-ғұрыппен қатар, коллизиялық және ұлттық заңнама нормаларымен реттелуі табылады.
Бұл нормалар мүліктік қатынастарды реттейді, сондықтан азаматтық құқыққа жатады. Ол өзбетінше ерекше қатынастар тобын құрайды және азаматтық құқықтың бір бөлігі болып келетін, халықаралық дербес құқықпен реттеледі.
Халықаралық дербес көлік құқығында ерекше бір сұрақ халықаралық көлік ұйымдары. Халықаралық құқық халықаралық ұйымды үш егеменді мемлекеттен тұратын, тұрақты органдары бар және өкілеттігі анықталған қызмет тәртібі бар түрінде сипаттайды. Бұл бірлестік, байланыстың мақсаттары мен қағидалары көзделген, бірлесіп әзірленген шартқа негізделеді.
Енді халықаралық дербес көлік құқығы нормаларының әзірленуіне табыс жасаған көлік ұйымдарын қарастырайық.
1. Теңіз көлігі саласында – халықаралық теңіз комитеті (ХТК) – 1897 жылы құрылған. Кемелердің соқтығысуы үшін жауапкершілік және кеме иелерінің жауапкершілігін шектеу сұрақтарымен айналысады. Бұл комитет 20 жуық конвенцияны әзірлеуге ат салысқан. ХТК-ның бастамасымен «Гаага ережелері» деген атпен белгілі 1924 жылғы коносамент жөнінде кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы қабылданды.
Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі, 1958 жылы құрылған. ХТҰ халықаралық теңізде жүзу сұрақтары бойынша көпжақты келісімдердің жобаларын дайындаумен айналысады. Мәселен, келесі Конвенциялар қабылданды: 1969 ж. Мұнаймен қоршаған ортаны ластағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы Конвенция; 1974 ж. Жолаушылар мен теңдеме жүкті теңіз бойынша тасымалдау туралы Афиндік Конвенция және т.б.
Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), БҰҰ арнайы органы 1966 жылы құрылған.
2. Әуе көлігі саласында – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), 1947 жылы құрылған. ИКАО «Халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталатын халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі сұрақтар бойынша халықаралық стандарттар мен практиканы әзірлейді.
ИКАО-дан басқа азаматтық авиация саласында аймақтық авиа ұйымдар халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді – Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясы (ЕКАК), Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйым (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы (КОКЕСНА), Азаматтық авиацияның Латынамерикандық комиссиясы (ЛАКАК) және Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС). Сонымен бірге, көптеген үкіметтік емес авиа ұйымдар бар. Мәселен, Әуе тасымалдаушыларының халықаралық қауымдастығы (ИАКА), Әуе чартерлі тасымалдаушыларының қауымдастығы (АККА) және т.б.
3. Теміржол көлігі саласында арнайы халықаралық ұйымдар белсенді қызмет атқарады: Теміржолдардың байланыс ұйымы (ТБҰ) және Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВП). ТБҰ-ның негізгі мақсаты – халықаралық жолаушылар мен жүк қатынастары туралы келісімдердің істерін жүргізу. ЖВП – қатысушылармен жалпы паркіге берілген, теміржол вагондарының бірлескен пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін құрылған еуропалық мемлекеттердің арнайы халықаралық ұйымы.
Теміржол саласында тағы бір ұйым ретінде Бернде орналасқан Халықаралық теміржол қатынастарының орталық бюросы табылады. Бұл ұйымның мақсаты – халықаралық келісім-шарттар бойынша істерді жүргізу және әзірлеу мен қайта қарау табылады. Бұл ұйым құқықтық материалдар мен сот практикасын кешенді түрде жариялайды.
Үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөль атқарады - Берндегі Теміржолдар көлігінің халықаралық комитеті.
Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі көлік бойынша комитеті 1947 жылы БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 4 сессиясындағы шешімімен құрылған. Бұл Комитет теміржол, автожол және су көлігі сұрақтары бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның кеңесші органы және оның мақсаты – көлік саласындағы қатысушы-мемлекеттер арасында байланыстарды дамытуға көмек көрсету табылады.
Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің Экономикалық комиссиясының ішкі көлік бойынша комитеті 1951 жылы құрылған. Бұл ұйым Еуропадағы сияқты мақсаттарды аз дамыған және дамушы мемлекеттерде жүзеге асырады.
Теміржолдардың халықаралық одағы (ТХО) 1922 жылы құрылды. 1951 жылдың 1 қаңтарында ТХО-мен бір жағынан және Жолаушылар мен теңдеме жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк поездарының кестесі бойынша Еуропалық конференция, Теміржол көлігінің халықаралық комитеті және Еуропалық жолдарда автожол қызметін көрсету бойынша одақ екінші жағынан қызметтерді тығыз басқару және сұрақтарды шешуде келісімге келді.
4. Автокөлік саласында арнайы мамандандырылған халықаралық үкіметтік ұйымдар жоқ. Үкіметтік емес ұйымдар ішінде халықаралық автокөліктің дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан ұйым – Автокөліктің халықаралық одағы (АХО) табылады, ол 1948 жылы құрылған. Орналасу жері – Женева қаласы. Одақ мақсаты – барлық мемлекеттерде ұлттық және халықаралық автокөліктің дамуы, кәсіби тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау және олардың еңбегін жеңілдету табылады. Негізгі міндеттер қатарына кедендік қиындықтарды жою табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Еуропалық экономикалық комиссияның шегінде АХО-ның бастамасымен «ТИР Конвенциясы» қабылданды. Конвенциямен белгіленген МДП кітапшаларын қолдану жүктердің транзитті авто тасымалдауының дамуына әкеледі. 1955 жылы АХО-ның бастамасымен тез бұзылатын азық-түліктердің тасымалдауы бойынша халықаралық ұйым құрылған. Осындай тауарлардың ірі тасымалдаушылары осы ұйымның мүшелері.
Экспедициялық қауымдастықтардың халықаралық федерациясы (ФИАТА) 1926 жылы құрылған ұйым. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – экспедициялық-көлік қызметтердің сапасын жоғарлату және кеңейту табылады. ФИАТА экспедиторлық фирмалардың мүдделерін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік ұйымдарында білдіреді.
2. Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару кажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің жүкті алушының жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру кажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:
жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты аркылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;
халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады;
халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттын екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартка немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с).
Халықаралық дербес көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен катар, кұқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір акшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші (Shipowner – англ; Ship Her – неміс; le bourdeois -француз). Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (armature, Reeder) қатар «фрахтователь» (freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ-та олар freight/con tractors деп аталады.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді (transporteur - франц., carrier - ағыл.; transportowiec - поляктық).
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы - бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, теңдеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар.
1.Теңіз тасымалдауы.
2. Әуе тасымалдауы.
3. Теміржол тасымалдауы.
4. Автокөлік тасымалдауы.
5. Аралас тасымалдау.
Теңіз тасымалдауы ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында уындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және кұқықтық қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.
Көптеген мемлекеттердің заңдылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз заңдылығына сәйкес) кеменің жалау заңы қолданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің заңдылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы қолданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.
Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді.
1924 жылы Брюссельде коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенция жасалды. Бұл конвенцияны қысқаша «Гаага ережесі» деп атайды. Қазіргі заманда бұл конвенцияны қолдануға байланысты өзгерістер енгізілген.
Тасымалдау шартының екінші тарабы болып жүк жөнелтуші, фрахтователь танылады.
Жүкті қабылдап алушы тұлға болып белгіленген жерде оған жүкті беруін немесе жолда келе жатқан жүкті беруді талап ете алатын танылады.
1924 жылы Гаага ережелері бойынша қарастырылған мәселелер:
коносаменттің мәртебесі;
тасымалдаушының жауапкершілігі;
тасымалдаушының жауапкершіліктен босатылуы;
арыз беру жағдайы.
Егер тараптар Гаага ережесін қолданатын болса - бұл ереже бойынша аса қауіпті жүктерді және жануарларды тасымалдамайды.
Гаага ережесі бойынша тасымалдаушының міндеттері:
1) тасымалдаушы кемені жүзуге дайындық жасау керек. Ол үшін техникалық құралдарын қарап, калай жүретінін карастыру керек;
2) экипажды дайындау керек;
3) егер тез бұзылатын тағамдар болса, олар үшін арнайы бір бөлме бөлу керек.
Егер тасымалдаушы жүк берушіден жүкті қабылдаған кезде жүктің саны мен сапасы инвойс бойынша сәйкес келмесе, онда тасымалдаушы коносаменттің шетіне жүктің саны мен сапасы сәйкес емес деп жазады да бұны «Лас коносамент» деп атайды. Егер құжат бойынша және фактілі түрде тексерілгенде саны мен сапасы сәйкес болатын болса, онда тасымалдаушы «Таза коносаментті» жүк жөнелтушіге ұсынады.
Гаага ережесі бойынша тасымалдаушы 13 жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Жалпы бұны форсмажорлық жағдай деп атайды және де новигациялық кателіктер бойынша да босатылады. Ал егер тасымалдаушы кінәсіздігін дәлелдей алмайтын болса, жауапкершілікке тартылады. Жүк қабылдаушы жүкті қабылдағаннан кейін жүкті қарап шығуы керек. Жүктің саны жетіспеуіне байланысты жүк тасымалдаушыға үш күн ішінде жазбаша түрінде хабарлауға міндетті. Талап мерзімі - 1 жыл. Гаага ережесіне 1968 жылы өзгертулер енгізіліп, ол 1978 жылы күшіне енді. Осы конвенцияны қысқаша «Правила Висби» деп атайды.
Висби ережелерінің ерекшеліктері - тек қана конвенцияға қосылған мемлекеттер арасында қолданылады және тасымалдаушы жауапты болатын болса, ол жүктің ақысын төлеу керек. Осы ереже бойынша әр жүктің орнына 10000 франк төлеу керек. Ал егер жүктің орнын анықтай алмаса, онда әрбір жүктің брутто кг. бойынша өлшенеді.
1 кг брутто 30 франк пуанкаре
1 франк пуан каре 65,5 мг. 900 алтын бұйым сынамасы.
Қазіргі заманда сауда жүгін жеткізу үшін теңіз тасымалдауында чартер шарттары қолданылады. Бұл көбінесе делдалдық арқылы жасалатын шарт және бірнеше міндеттейтін жағдайлары бар: стивидорлық жұмысқа ақы төлеу, диспачқа, демереджге.
Мұнда фрахт жүктің салмағына қарай төленеді. Фрахттың бірнеше түрі бар:
1. Егер кеменің ішінде жүк толығымен орын алып тұрса, ол нақты фрахт деп аталады.
2. Ал егер жүк жартылай толтырылса, оның жартысы бос болған жағдайда мұндай фрахтты «өлік» фрахт деп атайды.
3. Аванс берілген фрахт. Мұнда жүкті тиер алдында алдын ала фрахт төлейді.
Алдын ала фрахт. Алдын ала фрахттың аванс фрахтынан айырмашылығы 100 % төлеу керек.
Әрбір жүктің орнына 835 СДР төленеді, ал әрбір брутта кг/ға - 25 СДР төленеді. 1СДР - 1,37$.
Францияда 100 кг/ды - квинтал дейді, ал Германияда - двойной центнер. Мұнайды мұндай тасымалдауда баррельмен, ал бидайды бушельмен есептейді.
1 баррель - 42 галлон.
1 галлон - 4,546 л.
Халықаралық әуе тасымалдауы
Әуе тасымалдауы жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол «Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.
1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы конвенцияға Қазакстан Республикасы да косылған.
Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Казақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа кол қойған.
Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды:
а) аралас тасымалдауында;
ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды.
Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүк құжаты қолданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүк құжатында жүк жөнелтушімен тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.
Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады.
Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уақытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі.
Әуе тасымалдауында чартерлік тасымалдау колданылады. Бұл шартта фрахтователь - тасымалдаушы, фрахтовщик - жүк жіберуші.
Теміржол тасымалдауы
Көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы аясында ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы» Берн конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн конвенциясын қайта қарау конференциясында жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.
КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы үш есе етіп қайтарылады.
Біздің Қазақстан Республикасывда 2001 жылы 8 желтоқсанда «Теміржол көлігі туралы» Заң қабылданды.
Осы Заңның 65-бабына сәйкес: «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес поезде орын беріп, оны баратын жеріне, жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті».
Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады.
Автокөлік тасымалдауы
Жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 қыркүйектегі Жол жүру белгілері және сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар, халықаралық жүкті тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады (1975 жыл).
Еуропалық елдер арасындағы жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру шарты туралы Конвенциямен реттеледі.
Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен үшінші тұлғаға зиян келтіруде кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келісімдер бойынша, яғни екі жақты, автокөлік тасымалдауында, Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру міндетті түрде карастырылуы кажет.
Бұндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындау
кезінде үлкен рөлге ие болып табылады.
3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк жәнелтуші, жүкті алушы мүліктік жаупкершілікте болады. ТМД елдерінде шектеулі жауапкершілік кағидасы қолданылады.
АҚШ-тың заңдылығы: белгілі бір жағдайларға байланысты тасымалдаушының шарттың жауапкершілігіне шектеуге жол береді. Германияның жүкті автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша белгіленген немесе тариф бойынша белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды.
Француз заңдылығы: тасымалдау шартында тек қана жүкті жеткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді.
Кейбір елдердің ұлттық заңдылығында және халықаралық келісімдерде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе немқұрайдылығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп қарастырылған.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша құрылады.
Тасымалдау кезінде арақашықтықты анықтау және көліктің жүру маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісім-шартта көрсетіледі.
Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.
Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты - ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі.
Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын кұқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, кдла ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды.
Жолаушы құқықтары:
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге кұқылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге қол жүгін ақысыз алып жүруге құқылы;
теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар;
Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы теңдеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндеттенеді. Теңдеме жүкті тасымалдау құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
Енді жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілікті сипаттайық.
Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында теңдеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік қағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралынын баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дулей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.
Жолаушы көлік құралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларыңда нақты көрсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, керсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық заңдылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Лунц А.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М., 1975.
2. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М, 1981.
3. Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972.
Дәріс 8: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ
Сабақтың мақсаты: ХДОҚ түсінігін ашу.
Жоспары:
1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар
2. Некеге отыру және некені тоқтату
3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
4. Халықаралық дербес құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
1. Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық дербес кұқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады.
Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар катарына Балалар құқықтарын корғау және халықаралық бала (қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени кұқықтарды корғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша кұқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 каңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше камқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімкімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және коғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық, келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тен құқықты одақ.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен катар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Халықаралық дербес құқықта неке және отбасы қатынастарына токталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық дербес құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.
Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты корғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамнын теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген кұқықтарын анықтайды.
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, казіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындыкқа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылықка ие болып табылады. Некелік құқық, қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы - мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында біркатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық дербес құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Біркатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық дербес құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.
Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некені токтату кезінде - некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган сот елінің құқығы қолданылады (Кытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы).
Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі кағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.
2. Некені заңды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастары туралы заңнамалар мен Қазакстанның заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке отбасы заңдарынын негіздерінің бірі. Бұл мән-жайдың халықаралық дербес құқықтағы неке және неке қатынастарын реттейтін заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың заңдық кұқықтары мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді.
Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін жалпыға танымал заңнама талаптарын негізге ала отырып, отбасы қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтының колда бар мүмкіндіктеріне қарай көмектесетінін кімде-кімнің болса заңсыз араласуына тыйым сала отырып, корғайтынын, ол үшін некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет некеге, отбасына қамқорлық жасау туралы өзіне міндеттеме қабылдайтынын білдік. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуінен сондай-ақ қоғамның өнегелі отбасы – игілік негізі мүдделерінен туындайды. Сондықтан халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын ретгейтін заңдар бойынша отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау керек.
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргі заман жағдайында, халықаралық қатынас пен әріптестіктің дамуы кезінде қазақстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі көптеп, орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалармен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу жағдайларын көбейтеді.
Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «lex loci selebrationis» деген коллизиялық қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада кезделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл арқылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мүвдай өкілдік етуге жол бермейді.
Шетелдіктердің де некеге тұруларынын. материалдық шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, казақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында «Егер тұлғалардың бірі басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды.
Шетелдік азамат, егер оның өз заңы екі некеге рұқсат бергеннің өзінде бізде некесін тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екі некеге рұқсат етілмейді.
Шетелдіктер, сонымен катар, біздің азаматтар некеге тұрған кезде, некеге тұруға ешқандай кедергі жоқ екендігі тексеріледі және мұндай тексерістің ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықталады. Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту міндеті некеде тұрушыларда болып келеді.
Некеге тұрушының басқа некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір дәлел оның басқа некесі туралы Азаматтық хал актілерін жазу органдарында ол туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетелдік біздің Республикада некеге отыру ниетін біддіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәлелдейтін анықтама қағазын алып келуге міндетгі. Тәжірибеде әдетте мұндай анықтама қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен немесе консулдығымен беріледі.
Біздің құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік, діни, ата-ана келісімінің болмауы, т.б.) біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады. Тәжірибеде шетелдікпен некеге отыруға толық емес, ішінара шектеулер қойылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшін рұқсат алу Венгрияда, Үндістаңда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген.
Біздің азаматтардың шетелдік азаматтармен некелерін тіркеу кезінде бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа алынуы керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетге орын алмауы анық. Мынадай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге тұрушыларда оның мұндай некеге отыруға келісім бар-жоқтығын анықтауы керек. Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып, шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уақыт беріледі. Егер де осы белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірақ некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган мұндай келісімнің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мұндай неке біздің заңнама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегінде біздің мемлекеттін азаматынын езінін некелескен адамынын, мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен маңызға ие болып есептеледі, өйткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезінде бұл некенің басқа мемлекетте, онын ішінде некелескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады.
80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.
Материалдық шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары қамтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.
Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
Консулдық некелер. Біздің заңнама Қазақстан Республикасының аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды. Шетел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының аумағында елшіліктер мен өкілдіктерде жасалатын некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиіслі келісімі болуы кажет. Бұған коса мұндай некелердің жарамдылығына тағы бірқатар талаптар қойылады: а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.
Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркеуге рұқсат етеді. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттің заңына сәйкес некені тіркеуі тиіс деп көрсетілген. Тек кейбір консулдық конвенцияларда ғана консул некені өзінің келген мемлекетінің заңнамасына қарсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп керсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек езі келген мемлекеттің заңнамасына қайшы болмаған жағдайда ғана өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.
Консулдық конвенцияларда осындай некенің тіркелгендігі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау қажеттігі туралы жазба жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиісті мемлекеттің муниципалитетінде, мэриясында немесе басқа да органдарында және діни ғұрыптарды сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейіннен, біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе деген сұрақ туады. Біздің заңнама бұл орайда нақты жауапты беріп отыр.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының ережесіне сәйкес, егер неке Қазакстан Республикасының аумағынан тыс, сол тиісті мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Қазақстан Республикасының некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады.
Басқаша айтканда, мұндай неке заңды болып танылуы үшін біздің мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық нормалары бұзылмауы тиіс болып табылады. Бұл айтылғанның мазмұнын ашатын болсақ біздің мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол біздің заңнаманың қоятын материалдық шарттарын сақтауы керек. Шетелдікке қатысты айтар болсақ, қазақстандық азаматпен некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, өйткені, ол неке біздің мемлекеттің аумағында емес, басқа мемлекеттің аумағында жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенің жасалған орнының заңы қолданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсақ, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып қалуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық қалындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиелік шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жаткан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотқа талап арызын береді. Сот талап қоюшының пайдасына істі шешеді.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы мен шетел азаматының некесін тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың шетел азаматымен некелесуге құқығын танитын кағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттердегі елшілігі бере алады.
Сонымен қатар, жоғарыда атап кеткеніміздей, консулдық конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кеңес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын.
Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы неке тиісті мемлекеттегі Қазакстан Республикасының елшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің заңдары басшылыққа алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады.
Консулдық, мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықтайды. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені тіркеумен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық талаптарын сақтауға міндетті.
Мұндай некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің материалдық нормаларының сақталуына тікелей байланысты.
Шетелде жасалған шетелдіктердің некесін Қазақстан Республикасында тану. Осы уақытқа дейін біздің азаматтардың шетелде жасаған некелері туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсақ олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен, шетелдерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сақтайтын болса, олар заңды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердің арасындағы неке солардың жеке заңдарының талаптарын және некеге отыру жерінің талаптарын сақтай отырып жасайтын болса, ол біздің республикада да сөзсіз танылады. Бұл аталғанымыз біздің мемлекетіміздің жария тәртіп туралы ескертпесімен қаншалықты дәрежеде шектелуі мүмкін?
Бұл сұраққа да біздің «Неке және отбасы туралы» Заң жауап береді. Оған сәйкес, егер жасалған неке біздің Қазакстан Республикасының негізгі құрылысына қайшы болатын болса, онда шетелде шетелдіктердің арасында неке танылмауы мүмкін. Осы ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады: шет елдердің заң талаптарын сақтай отырып жасалған полигамдық неке біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе? Біздің ше, мұндай неке біздің мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенің болуы, кез келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында некені жасауға кедергі болып табылады.
Некені жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу орны үлкен маңызға ие болып табылады. Кейбір жағдайларда фиктивті некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту мақсатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасына кіру-шығу ережелерін айналып өту мақсатында.
3. ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандығын, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірігіп шешу құқығы.
Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең кұқыктарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардын бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардьщ арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын толықтай сақтап калады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т.б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін.
Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. ҚазақКСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге кұқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандыктан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай кұқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешкдйсысы да бірбірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу кұқығы отбасының бюджетін бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір меселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамкоршы органдары шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтканда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі олардың бірлескен меншік режимі қолданылады.
Бұған дейін де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы, халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар ерлі-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу қағидалары айкындайды. Осы ортақ, кағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқығы: ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең кұқықпен билік етеді және пайдаланады, екінші бір затты - тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ сырт көзге олардың ортақ, мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапкан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардын қайсысы кандай затты иемденуіне, ол заттың кандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке кұқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ каржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің кұндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша мүлікті иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы кажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені токтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда, олардын үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының косқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінін мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінін үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін белу туралы несие берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай затгын берілетінін сот айкындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардын біріне беретін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлейді.
Ерлі-зайыптылардың заң бойынша жеке кұқыктары мен мүліктік құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негізі болып, олардың үйі болып некеге тіркелген күні саналады. Ол неке міндетті түрде жергілікті Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жүргізіледі.
Ерлі-зайыптыларды тіркеу күнінен соң отбасындағы теңдігіне негізделген неке қатынастары басталады. Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер аткарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрінде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күшті әрі берік болуы үшін әйел мен еркектің өзара қарым-қатынасын неке аркылы шариғи тәртіпке келтірді, қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне осы үлгіде рұқсат береді. Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реггейтін заңнамалар бойынша да бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де өмір салтын ұстана ма немесе бір жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, ішімдікке салынған емес пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына деген қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.
Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүліктегі аз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зияннын орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл мәселелердің бәрі осы іске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерілуі негізінде сот арқылы шешіледі.
Айтылғандардан кергендей, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың кұқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.
Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келісімдерде болуы мүмкін. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келісімдерге сәйкес егер ерлі-зайыптылар бір мемлекет азаматы бола түрып, басқа мемлекеттің аумағында түрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетінің заңы колданылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегі қатынастарын да реттейді. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы – Ресейде тұрып, ал оның зайыбы - Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелік қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі.
Бірақ, сонымен қатар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келісім реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердің заңымен анықталуға жатады.
Балалармен ата-аналардың арасындағы қатынастар. Баланың кұқықтық жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшін 1989 жылдың 20 карашасында қабылданған Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші тарайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен байланысты болады. 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың азаматтығы олардың келісімі болған жағдайда ғана өзгертілуге жатады.
Балалардың азаматтығы олардың ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда өзгертуге жатпайды. Ал балалардың азаматтығын өзгерту үшін ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың келісімі қажет болып табылмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы автоматты түрде олардың ата-анасының азаматтығымен байланысты болып табылады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы азаматтар өздерінін азаматтығын өзгерту үшін келісім берулері шарт болып табылады. Бұл құжат өз кезегінде нотариалдық бекітілуге жатады.
Егер екі ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгереді.
Егер екі ата-ана да немесе балаға қамкоршы ретінде танылған Казакстан Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда ата-ананың екеуі де азаматтықтан шыға отырып, өз баласына ынта білдірмеуі мүмкін, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының арызымен ол Қазакстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін. Бірақ, бұл өз кезегінде кейіннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын өзгертуіне кедергі болып табылмайды.
Егер оның ата-анасының біреуінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-ананың өтініші бойынша онын баласыныңда Казақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алдыртуы мүмкін.
Мемлекет калған жағдайдың барлығында өзінің азаматтығында қалатын азаматтың құқықтарын корғауға міндеттенеді. Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгісіз бола отырып, ол бала Қазақстан Республикасының аумағында болатын болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасында көлікті тану ата-ана мен баланың азаматтығына қарамастан біздің елдің құқығы бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады ма, әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда казақстандық құқықпен реттеледі. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне карауға міндетті, ез кезегінде балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге міндетті.
Ата-аналық, құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешілуі тиіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды заңсыз ұстап жүрген адамдардан сот тәртібінде талап етуге құқылы болып табылады. Шетелдік ата-аналар да осы құқыққа ие.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз етуге міндетті, сонымен катар, еңбекке кабілетсіз балаларды да асырауға міндетті болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Казақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететін болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент төлеуге міндетті. Мұндай алименттерді төлеу міндеті Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуі тиіс болып табылады. Алименттік міндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар біздің заңнамада жоқ. Бірақ ресейлік халықаралық дербес құқық теориясында бұған байланысты ресейлік заң қолданылады деп шешілген болатын.
Ата-ана мен баланың арасындағы қатанастардың реттелуіне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады.
Бірақ келісімге келуші мемлекеттердің бірінде ата-ана тұрып, екіншісінде баланын өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттің заңы бойынша анықталатындығын айту қажет. Мысалы, егер әкесі - Ресейде тұрып жатқан болса, ал оның баласы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жаткан болса, онда әкенің барлық міндеттері, сонымен катар оның алименттік міндеттемелерінің барлығы осы Казакстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталатын болады. Бұл шарттардағы баланың құқығын қорғаушы бір элемент болып табылады.
Сонымен, баланың анасы, әкесі Қазақстан Республикасынан тыс тұрып жатқан бала әкесінен өз елінің соты бойынша алименттерді мәжбүрлеп орындатуы мүмкін.
4. 1989 жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға кол коюшылар баланы асырап алу жүйесінің өмір сүріп жаткандығын мойындайды және ен бірінші ретте баланын мүддесінің қамтамасыз етілуін кездейді» делінген.
Сонымен катар ол:
1) бала асырап алынуды тек кана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс.
2) баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек кана бала сол мемлекеттің өзінде асырауға беріле алмайтын болған кезде ғана қолданылады;
3) баланы бір мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттің өзінде қолданылатын ереженің қолданылуын анықтайды;
4) баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бірінде болмауы тиіс.
«Неке және отбасы туралы» Заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің Казақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшін Қазакстан Республикасыныңтиісті органының рұқсатын алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу Казақстан Республикасының консулдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып табылады.
Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берілмейді.
Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бірқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін куәландыратын құқықты көрсетуге міндетті.
Қорғаншылық пен камкоршылықты орнату егер азамат өз әрекетеріне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылықка алынуы тиіс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала (қыз) асырап алуы әлемдік денгейде, қалыпты тәжірибеге айналған болатын. «Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу тәжірибесі өте кең қолданыста болып келді. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық және іс жүргізу жақтары жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық деңгейде жаңа Конвенция қабылдау кажеттілігі пайда болды. Оның басты себептерінің бірі бала (қыз) асырап алудың халықаралық кұқықтық ережелерін әлемнің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала (кыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін реттейтін алғашқы Конвенция жобасын жасап шығаруға міндетті болып табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993 жылдың 29 мамырда қабылданды.
Гаага конвенциясының ережелері бойынша бала (қыз) асырап алу 18 жасқа дейінгі азаматтарға ғана қолданылады.
Жалпы қорыта айтканда, неке және отбасы қатынастарын халықаралық реттеудің маңызы ерекше зор.
Сонымен, халықаралық дербес құқықтың реттеу үшін бағытталған бір саласы осы неке және отбасы қатынастары екендігін білдік. Неке және отбасы қатынастарында біз байқағандай, көптеген коллизиялық мәселелер туындайды. Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшін кұқық қабілеттілігі мәселесі), ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеудегі мәселер, ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастар, ата-аналардың баланы асырауға байланысты міндеттемелері, бала асырап алу жөніндегі қатынастар, міне осылардың барлығы коллизиялық мәселелерді туындатады.
Осы аталған коллизияларға байланысты бірқатар мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдарын талдап, зерделедік. Некені тоқтату немесе некеге отыру шындығында да белгілі бір құқықтық салдарға жетелейтіні анық. Құқықтық салдар, әсіресе, тұлғалардың мүліктік жағдайларына қатысты бірақатар жаңа міндеттер мен құқықтар косылатыны анық.
Бұл тұрғыда біз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсіресе, Конституция бекіткен қағидалары мен негізгі нормаларға тоқталдық. Олар: ерлі-зайыптылардың теңдігі, бала құқықтарының кемсітілмеуі, баланың өз ата-анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б. Бұл қағидалар сөзсіз халықаралық дербес құқықта басты орынға ие болып табылады.
Дәріс 9: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК
Сабақтың мақсаты: Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік құқығын сипаттау.
Жоспары:
1. Интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастыру тарихы
2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігі
3. Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар
4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдері
1. Шығармашылық ретінде қандай да бір жаңа және өзінің қайталанбастығымен тұпнұсқалығымен анықталатын нәрсені тудыратын қызмет түсіндіріледі. Шығармашылық адамға тән нәрсе, себебі оның жасаушысы – шығармашылық қызметтің субъектісі бар.
Шығармашылық процесі әлеуметтік құқықтық қызмет емес. Шығармашылық процестің өзі құқықтық нормалардың шегінен тыс жатыр. Бірақта, шығармашылық қызметтің ұйымдастырушылық әдістері туралы көптеген баспалар бар: «іскерлік ойын», «аналогия», «аналогияны қабылдамау», «ұжымдық генерация» т.б. Осының арқасында көптеген бір маманның немесе әртүрлі мамандардың топтары тартылады. Осындай топтарда құқықтық та қатынастар пайда болуы мүмкін. Бірақ бізге қажеті бұл қатынастар емес, шығармашылық нәтиженің пайда болу процесі негізгі. Осы процестің нәтижесі өзінің жаңалығымен және қайталанбастығымен сыртқа көрінеді. Ол ретінде ғылыми жаңалық, өнертабыс, әдеби және өнер туындысы, өнеркәсіптік үлгі, ноу-хау болуы мүмкін.
Шығармылық рухани қызмет, ол идеалды-жеке сипатта болады және осы қасиетіне қатысты заңдар мен құқықтық актілердің әрекет етуіне жатпайды. Заңнаманың бұл жердегі рөлі шығармашылық еңбектің нәтижелеріне құқықты тану, осындай нәтижелерге билік ету жағдайы, оны тудырушылардың құқықтарын қорғау табылады.
«Интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «интеллектулдық меншік құқығы» сияқты ұғымдардың КСРО-ның кең кеңістігіне қайту мерзімі болып, 1991 жылдың 31 мамырында КСРО мен одақтас республикалардың Азаматтық заңнама негіздерін қабылдау мерзімі табылады.
Қазақстан Республикасында аталған ұғымдарды толық қолдану егемендік алғаннан кейін жүзеге асты. Мәселен, 1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» ҚазКСР-нің Заңының 9-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігі ретінде интеллектуалдық және материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған. Бірақ позитивті мағынада «интеллектуалдық меншік», «интеллектуалдық меншік құқығы» сияқты ұғымдар КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған жоқ. Кеңес дәуірінде интеллектуалдық меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша құқығында болған жоқ, оның бір ғана авторы болды мемлекет.
Осы саладағы, қазіргі таңдағы ең үлкен ерекше өзгеріс болып шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтың жеке тұлғалар мен ұйымдарға ауысуы табылады.
Сонымен қатар, бұрынғы КСРО мемлекеттерінде және Қазақстанда интеллектуалдық меншік объектілерінің белсенді қалыптасу процестері жүріп жатты. Осы бағыттарды толығымен түсіну үшін дамыған мемлекеттердегі интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу мен дамудың тарихи тәжірибесін білген жөн.
Біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең XY ғасыр мен XYIII ғасырдың ақырғы төртінші тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады.
Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды қамтиды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады.
Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп аталады.
Монополиялық артықшылықтар кезеңі сол кездегі техникалық жетістіктерді әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен бізге қызықты.
Жеке деректер бойынша, Англияда жетістіктер шығарған адамдардың және шетелдік тауардың жаңа түрлерін әкелген адамдардың құқықтарын қорғау XIY ғасырдан басталады.
Ең ертедегі артықшылық құқықтар, мәселен Венециялық Республикада 1474 жылы «Парте Венеция» атымен атақты, бірақ өнертапқыш пен оны шетелде енгізген тұлға арасында айырмашылықтар көзделмеген.
Мұндай адамдарға айрықша монополиялы түрде өзінің жетістігін өзіне табыс тапқанға дейін мерзімде қолдануға мүмкіндік берілді. Бұл жағдай монополистке бәсекелестік күресте үлкен қолдау болды. Монополияны алу тәртібі де қызығушылық тудырады. Монополияны куәландыратын құжат болып Letters Patent – «ашық мадақтама» деп аударылатын құжат табылады. Артықшылық берілгені туралы жария түрде айтылатын, оның мерзімі аяқталған соң, монарх оны соза алмайтын.
Артықшылықтар жүйесі ары қарай дамытыла берді. Мәселен, 1628 жылы монополиялар туралы корольдік мәртебе қабылданды, онда патент артықшылық беретін жалғыз құжат болып саналды және оның мерзімі 14 жылмен ғана шектелді. Ақыры артықшылық алу үшін өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі қалыптасты.
Сонымен, өнертабысқа қатысты монополиялар кезеңінде өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі мен мемлекетке табысты патенттің қалыптасуы және үшінші тұлғалар алдында монополияның қорғалатындығы туралы қорытынды жасауға болады.
Тауарлық белгілерді құқықтық қорғаудың тарихы өнертабысқа қарағанда жас, бірақ жеке объектілеріне қатысты ежелгі тарихы бар.
Тауарлық белгілердің тарихы ғасырларға тереңдеп кетеді, сондықтан алғашқы тауарлық белгілердің пайда болу кезеңін анықтау өте қиын. Бірақ шамамен екі үш мың жыл бұрын адамдар алғашқы құмырлар сатуға бастады. Осы құмырларда таңбалар болды, оны біз қазір тауарлық белгілер деп атаймыз. Қытайда алғашқы шыққан ыдыстарда нақты таңбалар болды, онда мемлекет басқарған императордың аты-жөні жазылған.
Сонымен қатар, үш мың жыл бұрын Үндістаннан шығарылған қолөнершілердің қолжазбасы бар заттары табылған.
Рим империясында мыңдаған таңбалар болған, олардың ішіндегі ең кең таралғаны фабрикалық таңба – Fortis табылады.
Қазақстанға қатысты мұндай қатынастардың жинақталуы ежелгі тарихта бар: «Тауке- хан ережесінде», «Жеті-жарғыда». Онда былай деп жазылған: «Әрбір ру және тайпада өзінің таңбасы (тамга – белгісі, елтаңбасы) болу керек. Нақты кімнің меншігі екенін білу үшін, таңба арқылы мал, мүлік белгіленеді».
Жер шарының басқа бөліктерінде қолөнершінің тұлғасын және мүліктің шыққан жерін анықтау мақсатында тауарлық белгілер қару-жараққа, тұрмыстық мүлікке, бағалы заттарға соғылды.
Біздің пікірімізше, «таңба», «тамга», «тавро», «клеймо», ағылшындық бранд сөздері тауарлық белгінің негізін құрап, тауар шығарушы мен тауар арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл сөздер белгі мағынасын атқарса да, бірақ экономикалық рөльді әлі атқарған жоқ. Бұл таңбалар жеке топ тауар шығарушылардың цехтік мүдделерін қорғау мақсатында Батыста гильдия деп аталатын адамдармен қолданылды. Сол кезде осы тауардың таңбасын заңсыз қолданса, адам қатаң жазаланатын (мамандығынан айыру, өлім жазасы т.б.).
Ұлттық жүйелер кезеңі диалектика заңы белгілегендей оның алдындағы кезең сын көтермегеннен кейін басталды. Бұл сын бір жерлерде төңкеріс түрінде, бір жерде бейбітті түрде феодализмнен капитализмге өту кезеңінде болды.
Интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен рөлін қайта қараудың идеялық негізі болып сол кездегі жаратылыс құқығының теориясы табылады. Барлығына мәлім болғандай, бұл теория адам мен қоғамның өзара қатынасының терең сұрақтарын қайта қарауға ат салысты. Батыс мемлекеттерінің буржуазия идеологтары Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс феодалдық қатынастардан арылудың бағыттарын ұстанған. Олардың негізгі идеялары Ресейде Ф. Проковичпен, В.Н. Татищевпен қолдау тапты.
Адам өмірінің құдаймен сыланғанына адам құқықтары мен бостандықтарының табиғатпен ұсынылғаны келді. Жаратылыс құқықтарының қатарына жеке меншікте жатқызылды.
Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең тараптары болып табылады, ол бойынша бір тарап мемлекет жоғарғы игіліктерді – адам өмірін, оның меншігін қорғауға міндетті болды. Адамның табиғат жаратылысынан туындайтын құқықтары жаратылыс құқығы болса, ал оған сәйкес қабылданған мемлекет заңдары позитивтік құқық деп аталды.
Авторлық құқық саласында артықшылықтар жүйесін сынға алудың нәтижесі болып 1709 жылы Англияда қабылданған Анна патшасының Мәртебесі табылады. Бұл акті авторлық құқық туралы алғашқы дерек болып саналды. Осы кезеңнен бастап автордың айрықша құқығы туралы (туынды жарияланғаннан бастап 28 жыл бойы қорғалатын), өз құқықтарын басқаға беру туралы, құқық бұзушының әрекеттерін сотқа шағымдану туралы айтуға болады.
Францияда болған көптеген төңкерістер арқасында қоғамдық және идеологиялық өзгерістер болды. Соның арқасында феодалдық қана емес сонымен қатар, кітап шығарушылардың да артықшылықтары тоқтатылды. 1791 және 1793 жылдары Құрылтай Кеңесінің Декреттері автордың туынды шығаруға деген құқығы оның өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 10 жыл бойы оның мұрагерлеріне берілетіндігін бекітті. Бірақ авторлық құқық пайда болу үшін туындыны міндетті тіркеудің талабы бекітілмеген.
Осыған ұқсас авторлық құқыққа қатысты өзгерістер АҚШ-тың заңнамасында да болды. АҚШ-та қазіргі таңға дейін Анна патшысының Мәртебесі күшінде, ал 1790 жылы қабылданған заң (кітаптар мен басқа да объектілерді әрбір 14 жыл сайын депондау туралы) 1976 жылы Авторлық құқық туралы заң қабылданғанға дейін күшінде болды.
Көптеген сол кездегі дамыған мемлекеттерде терминологиялық және нақты айырмашылықтарды есепке алмағанда, авторлық құқық туралы заңнама осы құқықтарды меншік құқығы ретінде қарастырды. Осыған қатысты, И.А. Зенин интеллектуалдық меншік объектілеріне байланысты құқықты «проприетарлық тұжырым» немесе «проприетарлық тұрғы» деп атады, ол ағылшын тілінен меншік деп аударылады.
Шығармашылық объектілері саласында материалдық және материалдық емес құқықтарға қатысты түсінікке, И. Канттың философиялық ойларының қатты әсерінен авторлық құқықтар автор меншігі ғана емес, сонымен бірге автор мүдделерінің бірі болып табылады. Автор өз туындысына құқығын қорғауға мүмкіншілік алды, себебі ол автор тұғасының бөлігі болды. Осы аспекті И. Канттың пікірінше, негізгі болды, ал материалдық құқық моральдық құқықтың жалғасы болды. Со кездегі заң әдебиеттерінде және заңнамасында «моральдық құқық» термині болды, ол автордың экономикалық емес құқықтарын анықтайтын. Қазіргі қазақстандық заңнамада ол жеке мүліктік емес құқықтар деп аталады.
Авторлық құқықа қарағанда патенттік құқық ілгері дамыған жоқ. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде артықшылықтар жүйесін ары қарай дамыту арқылы патентік қатынастар дамыды. Мысалы, Англияда артықшылықтар объектілерін пайдалануға қатысты сот практикасы 1711 жылы келесі қорытындыға келді: монополия алу үшін басқа құжаттармен қатар, оның «сипаттамасы» тапсырылатын.
Францияда монополияның кез келген түрімен күресу мақсатында, патент иелері өздерінің өнертабысын бір жыл ішінде қолданбаса, оған құқықты жоғалтады деген ереже бекітілді. Қазіргі таңда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтың мерзімділігі патенттік құқықтың негізгі принциптерінің бірі.
Осы және басқа да әкімшілік және сот практикасы бірыңғай ұлттық патенттік заңдарға енгізілді. Мұндай заңдар АҚШ пен Францияға қарағанда азаматтық заң төңкеріс негізінде өзгерген мемлекеттерде ерте қабылданды.
Сол кездегі патенттік заңдардың негізінде белгіленген жалпы принцип болып заңда белгіленген формальды және материалдық сипаттағы талаптарды орындаған өнертапқыштарға патенттің берілуі табылады. Осы принциптер 1790 жылы АҚШ-та және 1791 жылы Францияда патенттік заңдарда орын алды. Осы заңдар толығымен автордың меншік құқығын бекітті. Мәтінде франция дерегінің 1-бабында былай деп жазылған: «Кез келген жаңалық немесе өнертабыс кез келген түрінде автор меншігі болып табылады; осының арқасында заң оған толық және жан-жақты кепілдендірілген пайдалануды қамтамасыз етеді».
Осы қатынастарды сипаттайтын келесі белгісі ретінде патенттік қорғаудың ұлттық сипаты табылады. Мәселен, АҚШ-тың патенттік заңына 1793 жылы жасалған өзгерістер бойынша, патент тек қана сол мемлекет азаматтарына берілген. Францияға өнертабыс кіргізген адамдар оның авторы сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болған. Сонымен қатар, Францияда өнертабысқа патент алған өнертапқыш басқа мемлекетте патент алса, онда өзінің мемлекетінде оны пайдалану құқығынан айырылатын. Ақырғы ережеге сәйкес біздің пікірімізше, сол кездегі патенттік құқықтың негізгі функциясы болып ішкі нарықты қорғау табылады.
Осы және басқа да талаптар халықаралық экономикалық қатынастар дамыған сайын жұмсара бастады және патент берудің саны ұлғая түсті. Өнертабыстың ұғымы мен маңызына қатысты пікірлер күрт өзгере түсті. Жаңа техниканы әкелу жаңа инновацияға теңестірілуден бас тартылды. Өнертабысқа қатысты оның жаңалығына талаптар қойыла бастады және техникадағы деңгейі ұғымы енгізіле бастады.
Ресей империясында және оның бөлігі болып табылатын Қазақстанда ұқсас процестер жүріп жатты, бірақ кейбір өзгешеліктермен. Зерттеушілердің пікірінше, ресейдің интеллектуалдық меншік құқығының тарихында, авторлық құқықта, оның ерекшеліктері бөлінеді:
- XYIII ғасырға дейін кітап басуға мемлекеттік монополияның үстемдігі, алғашқы жеке типография тек қана 1771 жылы ғана пайда болды;
- тек қана шығарушыларға мемлекетпен артықшылықтардың берілуі және авторлар мен шығарушылардың арасында құқықтық реттеу пәні бойынша құқық қатынастардың болмауы;
- Ресейдің авторлық құқығы мен цензуралық заңнаманың арасындағы тығыз байланыс;
- XIX ғасырда авторлық құқықты меншік құқығының объектісі ретінде тануы және әдеби, шығармашылық меншік құрылысын енгізу;
- авторлық құқықтың қазіргі түсінігін енгізу тек қана 1911 жылы мүмкін болды.
Ресейдің патенттік құқығы еуропалық және американдық жолмен дамыды (63,42). Оның ерекшеліктері жеке артықшылықтар жүйесінің ұзақ мерзімді болуынан көрінеді. Ресейдің алғашқы патент заңы 1812 жылы қабылданды. Бірақ Александр 1 1812 жылдың 17 маусымында қабылданаған манифесті «Шығармашылық пен қолөнердегі әртүрлі өнертабыс пен жаңалықтарға артықшылықтар туралы» деп аталған. Артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын және қорғайтын құжатты айтатын. Яғни, «артықшылық» деген термин ретінде қазір патент деп аталатын құжат түсіндірілген.
Аталған Манифесттің бірінші бөліміне сәйкес өнертабысқа артықышылық ретінде артықшылықта көрсетілген тұлғаға зат меншігі болып табылатындығын және үкіметке кезінде ұсынылғанын куәландыратын куәлік табылатын. Артықшылық толығымен артықшылықта көрсетілетін тұлғаға өнертабыстың жататындығын көрсетпейді, сондықтан кез келген үшінші тұлға осы құқықты тану үшін дауға түсе алатын және өз құқықтарын сотта қорғай алатын.
