Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-НДІРІСТІ-ТАБЫСТЫЛЫЫН-АРТТЫРУ-ЖОЛДАРЫ.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
803 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Өнім өндіру табыстылығын (рентабельділігін) арттырудың өзектілігімен ғылыми-тәжірибелік маңызы нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына байланысты туындайды. Нарықтық экономикада өндірістің рентабельділігі өнімді өткізуден түскен ақшалай түсімдер арқылы өндіріс шығындарын жабу ғана емес, ұдайы өндірісті жүргізу үшін қажетті деңгейде пайда алудағы кәсіпорынның рентабельділігін білдіреді.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар, оқу құралдары, кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.

ҚР бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының барлық қызметінен болатын таза нәтиже, яғни пайда 13891,9 млн тенгені құрайды, оның ішінде: Ақмола облысы бойынша 1678,6 млн тенге, Ақтөбе облысы бойынша 515,6 млн тенге, Алматы облысы бойынша 100,0 млн тенге, Алматы қаласы бойынша 14,2 млн тенге, Қарағанды облысы бойынша 1003,3 млн тенге, Қостанай облысы бойынша 8232,4 млн тенге, Солт.Қазақстан облысы бойынша 1553,3 млн тенге, яғни ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан түсетін пайданың үлес салмағы Қостанай облыстарында жоғары. Бірқатар облыстарда, атап айтқанда Қызылорда облысы – 322,8 млн тг., Павлодар облысы бойынша 41,9 млн тг шығынға шыққан.

Кәсіпорынның табысын талдау және деңгейі мен серпінін талдау үшін № 2 «Табыстар мен шығыстар туралы есеп» нысанының мәліметтері негізінде жүргізіледі.

«KazBestProduct» АҚ-ның табыстылығын талдау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен түсім 7588,3 м. тенгеге, яғни 19,5 %, ал өнімнің өзіндік құны сәйкесінше 26,7% немесе 9211 м теңгеге өсіп отыр. Нәтижесінде жалпы табыс 1622,7 м. теңгеге кеміп отыр, яғни 2005 жылы 2720,3 м. теңгені құраған.

«KazBestProduct» АҚ-ның кезең шығындары 2004 ж. 3079,4 м. тг құраса, 2005 жылы 43736,5 м. тг құраған, яғни 344,8 м. тг немесе 11,2 %-ға артқан. Шығындар баптарының артуы табыстың төмендеуіне әкеледі. Негізгі қызметтен түсетін табыс 2004 ж 1264,8 м. тг құраса, 2005 жылы 703,9 м. тг мөлшерінде зиянға (шығынға) шыққан. Бірақ негізгі емес қызметтен түсетін табыс мөлшері 70,8 м. тг-ге артқан.

Кәсіпорынның таза табысы 2004 жылы 894,8 м. тг-ні құраса, 2005 жылы 619,5 м. тгзиянға шыққан. Бұл кезең шығындарының, яғни жалпы және әкімшілік шығындарының, өткізу бойынша шығындардың сәйкесінше өткен жылғымен салыстырғанда артқы есебінен болып отыр.

Талдау нәтижесіне байланысты 2005 жылы негізгі қызметтен түсетін табыстың құрылымында кері өзгерістер болды. 2004 жылы жалпы табыстағы негізгі қызметтен түсетін табыстың үлесі 98,9 %, негізгі емес қызметтен түсетін табыстың үлесі 1,1 % болған. 2005 жылы 619,5 м. тг. зиянға шығуы жалпы және әкімшілік, өнімді өткізу шығындарының артуынан, алдыңғы жылдардан қалған жабылмаған зиянның орнын толтыру нәтижесінен болып отыр деуге болады. Будан кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауын, тұрақсыздығын көруге болады.

Жалпы мынадай қорытындыға келуге болады: табыстың өзгерісіне ең қолайсыз әсерін тигізген фактор кәсіпорынның шығындары көлемінің өзгерісі (-8602,4 м.тг) және өімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (-3715,9); ал өнімге электрэнергиясының тарифінің өзгерісі (11218,5) қолайлы әсерін тигізген.

«KazBestProduct» АҚ-ның 2004-2005 ж.ж. табыстылық деңгейін талдау нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің табыстылығы (рентабельділігі) 2004 ж. 9,19% болса, 2005 ж. 6,12 %, яғни 2005 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік құралдарының табыстылығы 2004 ж. 2249,7 %-ды құраса, 2005 ж. меншік құрамының шығындылығы (зияндылығы) 2405,2 %-ды құраған. 2005 жылы кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін) қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2004 жылы таза табыс мөлшері 2,3 % болса, 2005 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды құраған. Ал, өндірістің табыстылығы, яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза табыспен есептегенде 2004 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса, 2005 жылы өндірістің зияндылығы (шығындылығы) 1,4 %, ал өндірістің табыстылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4 %-ды құраған.

«KazBestProduct» АҚ-ның негізгі қорларының айтарлықтай ескіргенін және оларды жаңарту деңгейінің төмендігін ескерсек, ең алдымен жоғары тиімділікті техникалар мен технологиялар Тарту, инновациялық әлеуетін дамыту, жоғары сапалы шикізаттармен үздіксіз және толық қамтамасыз ету, маркетингтік қызметін жетілдіру, өндіріс ауқымын кеңейту, ұйымдық құрылымын жетілдіру және тиімді басқару жүйесін жасау сияқты мәселерге баса назар аудару қажет.

Ауыл шаруашылық өнімнің өндірістік шығындар құрылымында тұқым, ұрық, егетін материал, еңбек ақының үлес салмағы жоғары, ал мал шаруашылығында жем- щөп пен негізгі қорлардың амотизациясының үлесі көп. Осыған байланысты негізгі ауыл шаруашылық мәдениетін өңдеу және жинауда кешенді механикаландыруды енгізу жанды еңбек шығындарының азаюына, материалдық - ақшалай шығындардың көлеміндегі еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту және шығындарды азайту жол – көлік шаруашылығының дамуы, өндіріске өнімді қораптаудың жаңа формаларымен әдістерін енгізу, өндірістің барлық қорларын үнемді жұмсау есебінен жетуге болады.