Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторные работы.docx
Скачиваний:
75
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жағдайда кестені қолдану керек?

2. Кестенің енін қалай өзгертуге болады?

3. Кестедегі бірнеше қатарды қалай біріктіруге болады?

4. Кестедегі жолды қалай жоюға болады?

5. Кестедегі қатарды қалай жоюға болады?

6. Кестедегі ұяшықтарды қалай біріктіруге болады?

7. Жақтау форматын қалай таңдауға болады?

8. Кестеге қатар қалай қосылады?

9. Кестеге қалай жол қосуға болады?

10. Қандай жағдайда AVERAGE функциясы пайдаланылады?

№ 8 Зертханалық жұмыс.

Microsoft Word-та Web-парақ құру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word-программасында Web-парақ құрып, гиперсілтеме орнату.

Жұмыстың орындалу реті:

1. МS Word мәтіндік редакторын ашыңыз (Пуск – Программа - МS Word).

2. Алдымен құжатты құрып, соңынан сақтағанда Тип файлада «Web-страница» бөлігін таңдаңыз.

3.Бірінші жолда “Менің бірінші Web-парағым” мәтінін теріңіз.

4. Главная- заливка командасы көмегімен параққа фон қойамыз. Кірістіру–сурет-Бейне (Вставка-рисунок-картинки) командасын тандап құжатқа қалауыңыз бойынша сурет орналастырыңыз. Сурет мәтіннің артында орналасуы тиіс. Ол үшін суретті ерекшелеп, Қою-сурет (Вставка-Рисунок) командасын таңдап, ашылған Қою-сурет (Вставка-Рисунок) сұхбатық терезесінде Деңгей (Положение) бөлігінен Мәтін артында (За текстом ) жағдайын таңдаңыз.

5.Осы құжатта келесі мәтіндерін теріңіз.

Менің тобым: А топшасы

В топшасы

6. Парақты қалауыңыз бойынша ат беріп сақтаңыз.

7. Жаңадан екінші бөлімде көрсетілген тәсілмен парақ құрыңыз.

8. Онда “А” топшасының студентерінің тізімін теріңіз.

9. Парақты “А” топшасы деген атпен сақтаңыз.

10. Жоғарыдағыдай тәсілмен үшінші бір парақ ашыңыз, онда “Б” топшасының студентерінің тізімін теріңіз және “Б” топшасы деген атпен сақтаңыз.

11. Алғашқы сақтаған параққа көшіңіз.

12. Ондағы “А” топшасы мәтінін ерекшелеп, Қою (Вставка) мәзірінен Гиперсілтеме (Гиперcсылка) командасын таңдаңыз.

13. Ашылған Гиперсілтеме қосу (Добавление гиперсылки) сұхбаттық терезесінде Адрес жолына жоғарыдағы сақталған “А” топшасы атын ерекшелеп беріңіз.

14. ОК батырмасын шертіңіз.

15. Көк түске боялған “А” топшасы мәтініне СTRL пернесін басулы күйде тышқанды шертіңіз.

16. Сіздің ерекшеленген мәтініңіз “А” топшасы парағымен байланысып тұрғанына көз жеткізіңіз.

17. Жоғарыдағыдай тәсілмен “Б” топшасы парағын байланыстырыңыз.

18. Дайын болған жұмысты оқытушыға көрсетіңіз.

19. “Менің Астанам” атты Web-парағын құрыңыз.

20. Жаңа қарапайым құжат ашып, онда МS Word мәтіндік редакторының терезесінінің (8.1.-сурет), құжатты сақтау, құжатты ашу сұхбаттық терезелерінің суреттерін және аспаптар тақшасындағы қалаған үш батырманың суреттерін қойып, батырмаларды сипаттап жазыңыздар. Microsoft Word–тың терезесінің және қажетті сұхбаттық терезелерінің бейнесін алу үшін PrintScreen (PrtScrn) пернесін басып, Paint стандартты бағдарламасына терезе бейнесін Түзету-Қою (Правка-Вставить) командасымен қойыңыз. Paint стандартты бағдарламасының ерекшелеу (выделение) құралымен қажетті бейнені қиып, МS Word құжатына қойыңыз.

8.1.-сурет.Microsoft Word терезесінің бейнесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Web-парақты құру командасын атаңыз?

  2. Гиперсілтеме командасы қай мәзірде орналасқан?

  3. PrintScreen (PrtScrn) пернесі қандай мүмкіндікті береді?

  4. Web-парақты құру командасын атаңыз?

  5. Гиперсілтеме командасы қай мәзірде орналасқан?

  6. Құжатты сақтау командасы қалай орындалады?

№ 9 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де функция пайдалану

Жұмыс мақсаты:

Excel програмасында кестеде функция мәндерін есептеп абсолютті адрестеуді қолдануды үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

1 кезең. Excel–ті жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы-MS Excel командаларын орындаңыз. Y=k*(x^2-1)/(x^2+1) функциясының мәндерін х айнымалысы аралығында 0,2 қадамымен өзгергендегі мәндері үшін есептеу керек. Мұндағы К=10. Есептің нәтижесін мынандай кесте түрінде көрсету қажет болсын:

11.1.-сурет. Excel жұмыс аумағы

1. А1 ұяшығына N әріпін

2. В1 ұяшығына Х әріпін енгізіңіз.

3. С1 ұяшығына К әріпін енгізіңіз.

4. Д1 ұяшығына у1=x^2-1 формуласын теріңіз. Бағаналардың енін формула толық көрініп тұратындай етіп өзгертіңіз.

5. Е1 ұяшығына у2=x^2+1

6. Н1 ұяшығына ХО және Н2 ұяшығына -2 сандарын енгіз.

7. Осылайша I1-step I2-0.2

8. J1-K J2-10

9. Автотолтыруды қолдана отырып, А2 ұяшықтарынан А22 ұяшығына дейін 1-ден 21-ге дейінгі сандарды жазыңыз.

2 кезең. Кесте ұяшықтарына автотолтыру және абсолютті адрестеуді пайдаланамыз.

10. В1 бағанасына х-тің мәндерін формуламен есептеп жазамыз.

11. В2 ұяшығына +$H$2 адресін теріп Enter пернесін басамыз.

12. В3 ұяшығына =B2+$I$2 формуласын енгіземіз. Бұл Х-тың бастапқы мәніне I2 ұяшықтың мәні, қадамы тұрақты 0,2-ге тең болғандықтан абсолютті адрестеуді пайдаланамыз.

13. Осы формуланы В4:В22 ұяшықтарына автотолтыру арқылы формуланы барлық ұяшыққа енгіземіз. Нәтижесінде осы бағанда -2 мен 2 аралығындағы қадамы 0,2-ге өсіп отыратындай шамалармен толтырылуы керек. (-2, -1,8, -1,6...2)

14. С бағанының С1 ұяшығына К-коэффициентінің мәндерін еңгіземіз.

15. С2 ұяшығына =$J$2 абсолютті адрестеу жазамыз.

16. С2 ұяшығындағы формуланы С3:С22 ұяшықтарына автотолтыруды пайдалан.

17. Осы бағанда бастапқы дан соңына дейін 10 саны шығуы тиіс.

18. D2 ұяшығына =B2^2-1формуласын жаз. D3:D22 ұяшықтарына автотолтыруды пайдалан. Нәтижесінде бастапқы мәні 3 және соңғы мәні 3 болуы тиіс.

19. Дәл жоғарыдағы тәсіл бойынша Е бағанасына y2=x^2+1 функциясының мәндерін есептеу формуласын өрнектеңіз. Нәтижесінде барлық сандар оң және бастапқы мәні 5 соңғы мәні де 5 болуы керек.

20. F2 ұяшығына С2*D2/Е2 формуласын жазыңыз. Осы формуланы F2:F22 ұяшықтарына көшіріңіз. Бастапқы мәні 6 және соңғы мәні 6 болады.

Бақылау сұрақтары

  1. Excel-де ұяшық дегеніміз не?

  2. Excelқадамы тұрақты болған жағдайда абсолютті адрестеуді қалай

пайдаланамыз?

  1. Excel ұяшыққа формула енгізу үшін алдымен нені енгіземіз?

  2. Excel программасының атқаратын қызметі?

  3. Excel (*)жұлдызша белгісі нені білдіреді?

№10 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де логикалық функцияны пайдалану

Жұмыстың мақсаты:

Microsoft Еxcel- программасында логикалық функциямен есеп шығару.

Жұмыстың орындалу реті:

Жаңа құжат ашып оны сақтау керек. Құжаттың 3 парақтың аттарын математика, информатика, тарих етіп өзгертеміз.

1-Кезең1-ші парақтың 1-тапсырмасы:

Кестенің А1:Е15, F5:J5 және В17:В22 бағандарындағы ұяшықтарына кестені өзгеріссіз көшіріңіз.

12.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

2-Кезең Кестенің F6:J15 ұяшықтарына логикалық функцияның-если амалын пайдаланып формула тереміз.

12.2.-сурет. Microsoft Excel формула функциясы

12.3.-сурет. Функция шебері терезесі

Мысалы F6 ұяшығына мына формуланы G6-ға

H6-ға I6-ға

J6-ға мына формулаларды енгізу керек. Ол үшін Формулы-логические–если.

3-тапсырма С17 ұяшығына Формулы–Математикалық категориясы –СУММ функциясын таңда. Аргументы функции терезесін тышқан батырмасымен ұстап жібермей төмен орналастырып число1 жолына F6 ұяшығына барып тышқанды жібермей F15 ұяшығына дейін тартамыз. Число1 жолына F6:F15 ұяшықтар адресі жазылуы керек. С18 ұяшығына G6:G15 С19 H6:H15 С20 I6:I15 С21 J6:J15, С22-ге С17 ден С22-ге дейін белгілеп стандартты қатардағы сумма белгісіне басыңыз. 2-парақтың тапсырмасы

Дайын кестені толық белгілеп сілтеменің оң жағын басып Копировать және информатика парағын ашып Вставить. Мұнда D6:D15 бағанындағы сандар- ды ауыстыр. F6:J15, C17:C22 ұяшықтарында өзгеріс енгізілгенін байқайсыз. 3-парақтың тапсырмасы 2-ші парақтың тапсырмасындай етіп қайталаңыз.

Бақылау сұрақтары

1.Функция шеберінің қандай категориялары бар?

2.Функция шебері қанша қадамнан тұрады?

3.Сумма функциясы қандай категорияға жатады?

4. Если функциясы қандай категорияға жатады?

5. Если функциясы қанша аргументтен тұрады?

№11 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де диаграмма құру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel-де диаграмма құруды үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа Жалақы есептеу атауын беріңіз.

  2. Кестеге 13.1-суреттегі мәліметтерді ендіріңіз.

13.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

3. D4 ұяшығына =C4*0,1 формуланы енгізіп, зейнетақы қорына төлемді есептеңіз.

4. Е4 ұяшығына =C4*0,05 формуланы енгізіп, салыққа төлемді есептеңіз.

5. Ғ4 ұяшығына =C4-(D4+E4) формуланы енгізіп, қызметкерлердің қолына алатын еңбекақысын есептеңіз.

6. D4:Ғ4 ұяшықтар диапазонын ерекшелеп, автотолтыру тәсілімен формуланы жол бойынша көшіріңіз.

7. 3, 4, 5-пунктердегі есептеулердің нәтижесі 13.2.-суретте берілген

13.2.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағындағы есептеулер нәтижесі

8. Мәліметтерге диаграмма тұрғызу үшін Қою-Гистограмма (Вставка - Гистограмма) командасын беріңіз.

9. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.3.-сурет) бірінші қадамындағы гистограмманы таңдаймыз және диаграмманың қажетті түрін таңдаңыз.

13.3.-сурет. Гистограмма сұхбаттық терезесі

10 Гистограмма сұхбаттық терезесінен біріншісін таңдаймыз. Сосын диаграмманы белгілеп Конструктор-Макеты диаграмм үлгісінен диаграммаға макет таңдаймыз.

11. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің Работа с диаграммами – макет ішкі бетінде диаграммаға Қызметкерлердің еңбекақысы тақырыбын беріңіз.

13.4.-сурет. Гистограмманың нәтижесі

12. Кестедегі мәліметтерден зейнетақы қоры мен салыққа төлемдер бойынша дөңгелек типті диаграмма тұрғызыңыз және нәтижені оқытушыға көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. Диаграмма шебері қай мәзірде орналасқан және неше қадамнан тұрады?

  2. Диаграмма шебері қадамдарын сипаттаңыз.

  3. Диаграмма типтерінің қандай түрлері бар?

№ 12 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де макрос құру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel-де макрос арқылы беттерді бір бірімен байланыстыру.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Excel-ді жүктеңіз. Ол үшін Пуск–Программы-MS Excel командаларын орындаңыз. Жаңа жұмыс кітабындағы 3-параққа 2 парақ қосыңыз. Ол үшін Вставка-Лист командаларын орындаңыз.

2. 1-ші парақты–Ms word. 2-ші парақты Ms excel. 3-ші парақты Ms access. 4-ші парақты Power-Point. 5-ші парақты Информатика деген жазбалармен ауыстырыңыз.

3. Әр параққа WordArd-тың көмегімен аттарына сәйкес етіп мәтін теріңіз және Вставка-Рисунок-Клип пайдаланып картинка орналастырыңыз. Қалған 3 парақты осылай етіп әшекейлеп орындаймыз. 1-ші парақтың 1-ші тапсырмасы С5:G20 дейін ұяшықтарды қарамен белгілеп цвет заливки таңдаймыз.

WordArd–тың көмегімен мәтін тереміз.

4.Осы мәтіндерге макростар пайдаланамыз. Ол үшін батырма тышқанның оң жағын басамыз макрос тағайындау макрос тағайындау (назначить макрос) шыққан терезеге батырманың атын теріп Ок басамыз. Сосын Вид-макрос-жазуды бастау (Вид-Макрос-Запись макроса). Шыққан терезедегі макростың атына (имя макрос) батырманың атын теріп Ок батырмасын басамыз. Енді Ms word парағын ашып Вид-макрос-жазуды тоқтату (Вид-Макрос-Остановить Запись) батырмасына басамыз. Ары қарай информатика парағына оралып Ms word батырмасын басқанда Ms word парағы ашылу тиіс.

Бақылау сұрағы:

  1. Excel-де макрос орналастыру командалары қай мәзірде орналасқан?

№ 13 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де тізім түрінде мәліметтер қорын өңдеу

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel-де тізімде мәліметтерді сүзгілеу. Автосүзгі. Кеңейтілген сүзгі. Есептелінетін критерийді қолдану.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа ведомость атауын беріңіз.

15.1.-сурет.Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер

  1. Төменде берілген кестедегі мәліметтерді енгізіңіз.

  2. Төлемақыны төмендегі формула бойынша есептеңіз. Алдымен =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7)) формуласын енгізіп, көлікті жөндеу құны если функциясының көмегімен сәйкестендіріңіз, сонан соң, формула жолына курсорды қойып, шыққан нәтижеге көлік санын көбейтіңіз. Формула келесідей болады: =ЕСЛИ(C4=$I$5;$J$5;ЕСЛИ(C4=$I$6;$J$6;$J$7))*D4

  3. Көлік саны мен төлемақының барлық санының қосындысын СУММ функциясының көмегімен есептеңіз.

  4. Курсорды тізімнің, яғни негізгі кестенің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (Данные) - Сүзгі (Фильтр) –Автосүзгі (Автофильтр) командасын таңдаңыз. Кестенің тақырыптар жолында, ашылатын мәндер тізімі бар -батырмалары пайда болады.

  5. №1-бригада жұмысшылары тізімін шығару керек болсын. Ол үшін бригада тақырыбының төменгі жағындағы ашылатын мәндер тізімі бар арнайы батырмасын шертіп, ашылған тізімнен 1 мәнін таңдаймыз.

  6. Келесі сүзгі критерийі: Көлік түрі өрісінен «ВАЗ- 2121» мәнін таңдау. Онда экранға үш жол ғана шығады.

  7. Жекелеген баған бойынша сүзгі критерийін өшіру үшін, ашылған тізімнен Барлығы(Все) параметрін таңдау керек.

9. Көлік саны өрісінде келесі шарт бойынша іріктеу жүргізіңіз: үшке тең және үшеуден артық көлік жөндеген қызметкерлер жайында жазбаларды таңдау. Ол үшін ашылған тізімнен Шарт…(Условие…) параметрін таңдап, ашылған Пайдаланушы автосүзгісі (Пользовательский автофильтр) сұхбаттық терезісінде 15.3.-суретте көрсетілгендей қажетті параметрлерді енгізіңіз.

15.3.-сурет.Сұхбаттық терезеде шартты орнату

Нәтижесі 15.4.-суретте көрсетілген.

15.4.-сурет.Автосүзгі нәтижесі

10. Күрделі сүзгілеуді, яғни кеңейтілген сүзгілеуді қарастырайық. Мысалы 9000 тг. мен 10000 тг. аралығында төлемақы алатын қызметкерлер жайында жазбалар қажет болсын. Ол үшін алдымен бос жерге критерийлер интервалынан басқа қорытынды блогын анықтауымыз қажет. Нәтижелерді орналастыру үшін L6:M6 диапазонынан бос жерді қарастыруымызға болады (15.5.-сурет).

15.5.-сурет.Қос шартты критерий интервалы мен қорытынды блогы

11. Курсорды тізімнің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (данные) – Сүзгі (Фильтр) – кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) командасын таңдаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде (15.6.-сурет) қажетті параметрлерді енгізіңіз.

15.6.-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұхбаттық терезесі

Нәтижесі 15.7.-суретте көрсетілген.

15.7.-сурет.Кеңейтілген сүзгіні қолдану нәтижесі

12. Шартты автосүзгінің көмегімен А әрпінен басталатын қызметкерлердің аты-жөнін шығарыңыз және кеңейтілген сүзгінің көмегімен тек 6000 тг.-ден кем төлем ақы алатын қызметкерлер жайында жазбаларды шығарыңыз. Жұмыс кітабын сақтап, оқытушыға нәтижені көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сүзгінің қандай түрлері бар және сүзгі қандай мәзірде орналасқан?

  2. Автосүзгіде шартты қалай ендіреміз?

  3. Кеңейтілген сүзгіде қандай параметрлерді енгіземіз?

№ 14 зертханалық жұмыс

Microsoft Excel-де формулаларды және стандартты функцияларды қолдану.

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге кестеге мәліметтер жазу және оларды өңдеу, адрестерді дұрыс көрсетуді үйрету, формуламен жұмыс істеу және функцияларды қоглдану жолдарын үйрету, кестені безендіру жолдарын меңгеру

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. MS Excel-де кесте құрып, формула арқылы толтырып шығыңыз (1 кесте).

Боялған ұяшықтардағы берілгендер формула арқылы есептелінеді.

1 кесте - Формула арқылы толтыру

2. Белгісіз элементтерді формула арқылы тауып, есепті шығарыңыз (2 кесте).

Боялған ұяшықтардағы берілгендер формула арқылы есептелінеді.

2 кесте - Формула арқылы есепті шығару

P=a+b+c (үшбұрыш периметрі)

P=P/2 (Жарты периметр)

S- аудан (Герон формуласы бойынша табылады)

S=корень(р*(р-а)*(р-b)*(p-c))

3.Математикалық функцияларды қолдана отырып, кестені толтырыңдар (3 кесте).

3 кесте - Математикалық функцияларды қолдану

Бақылау сұрақтары:

1. Функция дегеніміз не, не үшін қолданамыз?

2. Статистикалық категория не үшін керек?

3. Ұяшықтарды біріктіру командасы?

4. Ұяшыққа сөздерді тасымалдап жазу командасы?

№15 Зертханалық жұмыс

Жанама кесте құру. Зейнеткердің айлық счеттарын сәйкестендіру

Жұмыстың мақсаты: MS Excel-де жанама кесте құрудың тәсілдерімен жұмыс істеуді үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. MS Excel бағдарламасын жүктеп жұмыс кітабын ашыңыз. Ашылған жұмыс кітабында төмендегі 1 кестеге сүйене отырып, кесте құрыңыз.

1 кесте - Зейнеткердің айлық есепшоттарын сәйкестендіру

2. Мәліметтерді алу.

  • Курсорды Е3 ұяшығына орналастырыңыз.

  • Келесі формуланы жазыңыз =C2-D2

  • Автотолтыруды пайдаланып, Е13 ұяшығына дейін есептеңіз.

3.Жанама кесте құру.

Курсорды А2 ұяшығына орналстырып, жанама кесте құрыңыз. Ол үшін Қою–Жанама кесте (Вставка-Сводная таблица) командасын таңдап, шыққан сұхбат терезесінде Әріқарай батырмасын басыңыз, пайда болған терезеде ерекшеленген абсолютті адрес диапозоны көрсетілген. Әріқарай батырмасын басып, жұмыс істеуін белсендіріңіз.

Пайда болған терезеден Жанама кесте (Сводная таблица) Зейнетке шыққан күнін таңдаңыз. Осы өрісті А1 ұяшығына әкеліңіз.

4.2-ші парақта қосымша кесте құрыңыз.

01.01.2005 зейнетке шыққандардың саны

Барлық жиналған зейнетақы соммасы

Барлық деректер тек зейнеткер Жайшиеваның

Есеп- шоттан қалған сомма

Есепшот-тан алынған сомма