- •2. Кіріспе
- •3. Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау
- •4. Негізгі тұжырымдар
- •4.1 Қаржылық сауықтыру
- •4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру
- •1. Бағдарламаның паспорты
- •2. Кіріспе
- •3. Ағымдағы жағдайды талдау
- •4. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
- •5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
- •6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
- •7. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
- •8. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
Бағдарламаның негізгі бағыты экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарды: 1) лизингтік қаржыландыру арқылы; 2) кәсіпорын құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға, отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған; 3) аумақтық кластерлерді дамыту жөнінде мемлекеттік қолдауды ұсыну арқылы Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін еңбек өнімділігін ұлғайтуға ынталандыру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын – Бағдарлама құралдарын ұсыну арқылы жүргізілетін болады.
1. Өтінім берушілерге қойылатын критерийлер
Өтінім беруші Бағдарлама құралдарын алу үшін мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: 1) «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы бойынша: осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруы және/немесе іске асыруды жоспарлауы; Бағдарлама операторының жазбаша оң растауы бар; 2) «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құралы бойынша: Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде: осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыруы; «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралының операторы қаржыландыруға мақұлдаған инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар; Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде: Республикалық немесе өңірлік деңгейдегі индустрияландыру картасына енгізілген жоба; осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл бойы жүзеге асыруы; аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе аттестатталған сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының болуы; 3) «Кәсіпорынның құзыретін арттыру», «Технологиялық процестерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдары бойынша: осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл бойы жүзеге асыруы; 4) «Аумақтық кластерлерді дамыту және іске асыру бойынша шығындарды өтеу» құралы бойынша: Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеу кезінде: конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпазы; Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыру кезінде: конкурстың екінші кезеңінің жеңімпазы. Бағдарламаға қатысу өтінім беру сипатында болады. Өзге бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтінім берушілерге Бағдарлама шеңберінде өтелмейді.
2. Орындаушыларға қойылатын критерийлер
Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алуға арналған инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін өтінім беруші тартатын орындаушы мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: 1) инфрақұрылымдық жобалар және өңдеуші өнеркәсіптегі жобалар бойынша бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) инфрақұрылымдық жобалар және өңдеуші өнеркәсіптегі жобалар бойынша бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу саласында кемінде 3 (үш) жұмысының болуы. Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге өтінім беруші тартатын орындаушы мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: 1) көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті лицензияның, рұқсаттың болуы (аталған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда); 3) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізетін құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған көрсетілетін қызметтер саласындағы кемінде 3 (үш) жобаның болуы. Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу үшін өтінім беруші тартатын орындаушылар аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе аттестатталған сарапшылар немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым болып табылады. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін өтінім беруші тартатын орындаушы мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: білім беру және ғылыми ұйымдар үшін: 1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін тиісті лицензияның, рұқсаттың болуы (аталған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда); 2) көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; тағылымдаманы және/немесе оқытуды ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін: 1) көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) көрсетілетін қызметтер саласында бұрын іске асырылған кемінде 3 (үш) жобаның болуы; базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін – тағылымдама бағдарламасына сәйкес келетін салада біліктілігінің және кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу үшін өтінім беруші тартатын орындаушының тиісті салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Технологиялық процестерді жетілдіруді жүргізу үшін өтінім беруші тартатын орындаушы мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: 1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін тиісті лицензияның, рұқсаттың болуы (егер аталған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда); 2) көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 3) көрсетілетін қызметтер саласында бұрын іске асырылған кемінде 1 (бір) жобаның болуы. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін тартылатын орындаушы мынадай критерийлерге сәйкес болуға тиіс: 1) көрсетілетін қызметтер саласында біліктілігінің және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) көрсетілетін қызметтер саласында бұрын іске асырылған кемінде 2 (екі) жобаның болуы.
3. Бағдарлама құралдары және оларды ұсыну шарттары
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау: 1) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынуға; 2) мыналар: Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу; Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға; 3) мыналар: кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде; сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын құзыретін арттыруға; 4) технологиялық процестерді жетілдіруге; 5) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға; 6) отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеуге; 7) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеуге; 8) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеуге негізделеді.
1-құрал. «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды құрал операторы ұсынады. Құрал операторы – «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ. Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда, жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс. Лизинг мәнінің жалпы құны, кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге). Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20-ды құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін арттыру мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттарда өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.
2-құрал. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау түріндегі мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шеңберінде: 1) Бағдарлама шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін шығындардың 50 %-ы, бірақ 2 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде; 2) Индустрияландыру картасы жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) айдан бұрын жүргізілген шығындардың 50 %-ы, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде және құрылыс-монтаждау жұмыстары сомасының 2 %-ынан аспайтын шығыстарды төлеу көзделеді.
3-құрал. «Кәсіпорын құзыретін арттыру» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге кәсіпорын құзыретін арттыру түріндегі мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Кәсіпорын құзыретін арттыру шеңберінде: 1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) айдан бұрын жүргізілген, бірақ 1 (бір) қызметкерге 2 млн. теңгеден және бір кәсіпорын бойынша жылына 15 (он бес) қызметкерден аспайтын, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшерінде; 2) өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын жүргізілген (бұл ретте толық күнтізбелік айлар өтеледі), бірақ 1 (бір) маманға жылына 9 млн. теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) қызметкерден аспайтын, сарапшыларды тарту (еңбекақы (ЕТҚ)) арқылы озық өндірістік тәжірибені енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40%-ы мөлшерінде төлеу көзделеді. Еңбек өнімділігін артыруға бағытталған кадрларды, оның ішінде кәсіпорынның топ-менеджерлерін даярлау және/немесе қайта даярлау өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында инженерлік-техникалық персоналдың, топ-менеджерлердің, оның ішінде шет елдерде де біліктілігін арттыруды, оларды оқытуды, қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуін көздейді. Кадрларды, оның ішінде кәсіпорынның топ-менеджерлерін даярлауды және/немесе қайта даярлауды өтінім беруші: 1) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдардағы, оның ішінде шетелдік, курстарда, семинарларда оқыту; 2) тағылымдама ұйымдастыру үшін тартылған ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мамандандырылған ұйымдарда өткізілетін, оның ішінде шетелдік, тағылымдамалар арқылы жүзеге асыра алады. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу: 1) кадрларды даярлауды немесе қайта даярлауды жүзеге асырған ұйымның көрсетілетін қызметтерінің құнын (бір шарт шеңберінде қызметкерлер тобы жіберілген жағдайда, бір қызметкерге көрсетілген қызметтер құны барлық қызметкерлер санына барабар айқындалады); 2) іссапарға жіберілген орынға бір мәрте бару және тұрақты жұмыс істеу орнына кері қайту құнын; 3) жұмыскердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде тәуліктік шығындардан басқа, курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағылымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын тұру құнын қамтиды. Бұл ретте өтеуге қабылданатын шекті шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу нормаларына негізделе отырып есептеледі. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік тәжірибелерді енгізу технологиялық процестерді жетілдіру, жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында білікті шетелдік мамандарды тартуды көздейді. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу көрсетілетін қызметтерге (еңбекке) ақы төлеуді көздейді және жол жүруге, тұруға арналған шығындарды, тәулікақы төлеуді қамтымайды.
4-құрал. «Технологиялық процестерді жетілдіру» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге технологиялық процестерді жетілдіру түріндегі мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Технологиялық процестерді жетілдіру ақпараттық технологиялар саласындағы, оның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыптастыруды және оны ұйымдарда енгізуді, компанияны басқару жүйесін қалыптастыруды, қайта ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуіне байланысты проблемалардың жиынтығын шешу бойынша, инженерлік ой мен шешім әзірлеуді, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздеуді және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауды, өндіріс процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару мен өнімдерді өткізу, өнеркәсіптік дизайн әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтерге технологиялық аудитті, энергия аудитін, консалтинг жүргізуді көздейді. Технологиялық процестерді жетілдіру шеңберінде: 1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) айдан бұрын жүргізілген, шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден аспайтын техникалық диагностика жүргізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 50 %-ы мөлшерінде; 2) өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын жүргізілген, бірақ 30 млн. теңгеден аспайтын, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырылатын технологиялық процестерді жетілдіру кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшерінде төлеу көзделеді.
5-құрал. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру түріндегі мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологиялар жоспарын әзірлеу және енгізу арқылы жүзеге асырылады (ұйымның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелері, энергия тиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Lean, Кайдзен, TPM, ERP, әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу, жобалық менеджмент, зерттеулер, әзірлемелер және инновациялар, ақпараттық технология, энергия және экономикалық менеджмент саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) стандарттары). Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шеңберінде: 1) өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын жүргізілген, бірақ 5 млн. теңгеден аспайтын, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшерінде; 2) өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын жүргізілген, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын іске асыру кезінде кәсіпорын шеккен шығындардың 40 %-ы мөлшерінде төлеу көзделеді.
6-құрал. «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» Құрал операторы – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7-құрал. «Аумақтық кластерлерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеу шығындарының бір бөлігін өтеу» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу түріндегі Мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеу кезінде 1 (бір) аумақтық кластерге шаққанда 50 %, бірақ 15 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі жұмсалған шығыстарды төлеу көзделеді. Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің жеңімпазы болып табылатын өтінім берушіге жүзеге асырылады.
8-құрал. «Аумақтық кластерлерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыру шығындарының бір бөлігін өтеу» Бағдарлама шеңберінде өтінім берушіге мемлекеттік қолдауды Бағдарлама операторы ұсынады. Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыру шығындарын өтеу аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің екінші кезеңінің жеңімпазы болып табылатын өтінім берушіге жүзеге асырылады.
4. Бағдарлама құралдарын ұсыну тетіктері
«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралын ұсыну тетігі 1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкес келетіні туралы мәліметтерді көрсететін Жоба паспортын жібереді. Жоба паспортының нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 2. Бағдарлама операторы өтінім берушіден жоба паспортын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігі тұрғысында тексеруді жүзеге асырады және өтінім берушіге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жазбаша растауды жібереді. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін Бағдарлама операторының оң қорытындысын алған кезде құрал операторына тізбесі құрал операторының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес айқындалатын құжаттарды, оның ішінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын қоса бере отырып, өтінім береді. Қажетті құжаттар тізбесі құрал операторының интернет-ресурсында орналастырылады. 3. Құрал операторы өтінім беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін құрал операторының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық жобаның, оның ішінде Бағдарламада «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы бойынша өтінім берушіге қойылатын осы Бағдарлама критерийлеріне сәйкестігі тұрғысында сараптамасын жүзеге асырады. 4. Оң шешім болған жағдайда, құрал операторы мен өтінім беруші қаржы лизингі шартын жасасады. 5. Құрал операторы Бағдарлама операторы мен өтінім берушіні осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді. 6. Құрал операторы мен өтінім беруші арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін құрал операторы Бағдарлама операторымен және өтінім берушімен Инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 7. «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралын алған өтінім беруші Бағдарламаның нысаналы индикаторына сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.
«Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау», «Кәсіпорын құзыретін арттыру», «Технологиялық процестерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын ұсыну тетігі 1. Бағдарлама құралын алу үшін өтінім беруші қаржылай қолдамайтын оператор немесе тікелей Бағдарлама операторы арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өтінім берілген құралдарға сәйкес талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, Бағдарлама құралын алуға өтінім береді. 2. Бағдарлама операторы өтінім берушінің өтінімін қаржылай қолдамайтын оператордан алған жағдайда өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттарға осы Бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексеру жүргізеді және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Қаржылай қолдамайтын оператор арқылы құралдарды ұсыну тетігі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес айқындалады. 3. Бағдарлама операторына өтінім тікелей берілген жағдайда соңғысы өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларға толықтығы тұрғысында сараптама жүргізеді, өтінім мен оған қоса берілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы өтінім берушіні хабардар етеді. 4. Өтінім беруші өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы хабарламаны алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілген құжаттарды Бағдарлама операторына қайта енгізеді. 5. Бағдарлама операторы 11-тармаққа сәйкес толықтығы тұрғысында оң сараптаманы алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды осы Бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексеруді жүзеге асырады және шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. 6. Бағдарлама операторы шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге Бағдарлама операторы қол қойған Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің 2 (екі) данасын қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Қажет болған жағдайда, хабарламада шығындардың бір бөлігін өтеуге қабылданатын соманы түсіндіру келтіріледі. Шығындардың бір бөлігін өтеудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, Бағдарлама операторы мұндай шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті негіздемесі келтірілген хабарлама жібереді. 7. Өтінім беруші Бағдарлама операторынан сәйкессіздік(тер) көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін оны (оларды) жояды және өтінім мен қоса берілген құжаттарды Бағдарлама операторына қайта енгізеді. 8. Өтінім беруші Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін 1 (бір) данасы Бағдарлама операторына қайтарылады. 9. Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімде: 1) құрал бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу сомасы; 2) Бағдарлама операторының құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты өтінім берушіден сұрату құқығы; 3) Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді бұзу және оның шарттары бұзылған жағдайда шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде құрал бойынша берілген ақша қаражатын қайтару; 4) Бағдарлама операторының салыстырмалы талдау мен тиімділікке бағалау жүргізуі мақсатында өтінім берушінің Бағдарлама операторына қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісім түскенге дейінгі 2 (екі) жыл және түскен күннен бастап 2 (екі) жыл ішіндегі деректерді қоса алғанда, өтінім беруші туралы статистикалық деректерді кейіннен индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға және Бағдарлама операторына таратуға статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін өтінім берушінің Бағдарлама операторына келісім беруі. 10. Бағдарлама операторы және өтінім беруші Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Бағдарлама операторы өтінім берушіге құрал бойынша өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындардың бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады, бұл ретте өтінім берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін Бағдарлама операторына сыйақы көзделмеген. 11. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құралының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу шығыстарының төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезінде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 2) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 3) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері; 6) орындаушы әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспары; 7) құрал операторының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы оң шешімінің көшірмесі; 8) орындаушының қызметтер көрсету саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын біліктілік туралы мәліметтер (тартылатын компанияның біліктілігі мен қызметкерлерінің тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 9) орындаушыда қызметтер көрсеткен кезде тартылатын, мынадай талаптарға сәйкес келетін штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер: арнайы жоғары білімінің болуы; жобаның тиісті саласының зерттеулері аясында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі (жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 10) тартылатын орындаушы ұқсас қызметтерді көрсеткен клиенттерден кемінде 1 (бір) ұсыныс. 12. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құралының шеңберінде Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе оны сараптау шығыстарының төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезінде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 1) кемінде 1 (бір) қаржы жылында бюджетке салықтың және өзге міндетті төлемдердің төленгендігі туралы ақпарат; 2) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 3) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері; 6) техникалық-экономикалық негіздеменің көшірмесі; 7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың көшірмесі мен түпнұсқалары (егер аталған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда, өтінім қолма-қол тәсілмен ұсынылған кезде салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады, немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері); 8) орындаушының қызметтер көрсету саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын біліктілік туралы мәліметтер (тартылатын компанияның біліктілігі мен қызметкерлерінің тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 9) орындаушыда қызметтер көрсеткен кезде тартылатын, мынадай талаптарға сәйкес келетін штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер: арнайы жоғары білімінің болуы; жобаның тиісті саласының зерттеулері аясында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді; 10) тартылатын орындаушы ұқсас қызметтерді көрсеткен клиенттерден кемінде 1 (бір) ұсыныс. 11) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе аттестатталған сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады). 13. «Кәсіпорын құзіретін арттыру» құралының шеңберінде кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау/қайта даярлау шығыстарының төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезінде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 2) кемінде 1 (бір) қаржы жылында бюджетке салықтың және өзге міндетті төлемдердің төленгені туралы ақпарат; 3) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 6) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері; 7) өтінім берушінің инженерлік-техникалық персоналының және/немесе топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы; 8) жұмыс беруші мен кәсіпорында алынған білім мен дағдыларды қолданумен байланысты біліктілігін, оның ішінде шетелде арттырған қызметкер арасындағы міндеттемелер жазылған, қызметкермен жасалған шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі; 9) курстарда, семинарларда оқу, тағылымдамадан өту қорытындылары туралы есеп; 10) өтінім берген қызметкердің курстарда, семинарларда оқығанын, тағылымдамадан өткенін құжаттамалық растау – сертификат (бар болса); 11) теміржолмен жүрген кезде – купелі вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың «Турист» және «Бизнес» сыныпты купелі вагондарын қоспағанда); су жолдары, шосселік және топырақты жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік жол жүруге тиісті қаражат беретін жағдайлардан басқа); жол жүру билеттері мен қонақүйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары бар болса, пойыздарда төсек-орын жабдығын пайдалану құнын растайтын құжаттың көшірмесі; 12) жұмыскердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағылымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде нақты шығындар бойынша стандарт сыныбындағы бір орындық қонақүй нөмірінің құны бойынша тұру, оның ішінде броньдау құнын; тәуліктік шығындардан басқа, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік шетелдік іссапары шығыстарын өтеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мөлшерлемелер бойынша шығыстарын растайтын құжат көшірмесі; 13) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдар үшін – жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар, рұқсаттар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл құжаттар міндетті болса); 14) мамандандырылған ұйымдар үшін – тартылатын орындаушы ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерден кемінде 1 (бір) ұсыным; 15) орындаушыда жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын біліктілік туралы мәліметтер: оқыту мен тағылымдаманы ұйымдастыру үшін тартылатын білім беру, ғылыми, мамандандырылған ұйымдар үшін – көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл; базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін – тағылымдама бағдарламасына сәйкес келетін салада кемінде 5 (бес) жыл. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді; 16) орындаушыда қызметтер көрсеткен кезде тартылатын, мынадай талаптарға сәйкес келетін штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер: арнайы жоғары білімінің болуы; жобаның тиісті саласының зерттеулері аясында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 14. «Кәсіпорын құзіретін арттыру» құралының шеңберінде сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу шығыстарының төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезінде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 2) кемінде 1 (бір) қаржы жылында бюджетке салықтың және өзге міндетті төлемдердің төленгені туралы ақпарат; 3) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 4) білікті шетелдік маманның көрсеткен қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын құжат; 5) білікті шетелдік маманда тиісті салада жоғары кәсіби білімінің бар екендігін растайтын мәліметтер (шетелдік маманның біліктілігін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 6) білікті шетелдік маманның тиісті салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер (жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 7) алынған әсерді көрсете отырып, орындалған жұмыс туралы есеп. 15. «Технологиялық процестерді жетілдіру» құралы шеңберінде шығыстардың төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 2) кемінде 1 (бір) қаржы жылында бюджетке салықтың және өзге міндетті төлемдердің төленгені туралы ақпарат; 3) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 6) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері; 7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың көшірмесі мен түпнұсқалары (егер аталған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда, өтінім қолма-қол тәсілімен ұсынылған кезде салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады, немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері); 8) орындаушының көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер (тартылатын компанияның біліктілігін және қызметкерлердің тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 9) орындаушының қызметтер көрсеткен кезде тартылатын, мынадай талаптарға сәйкес келетін штаттағы және штаттан тыс мамандарының бар екендігін растайтын мәліметтер: арнайы жоғары білімінің болуы; жобаның тиісті саласының зерттеулері аясында кемінде 3 (үш) жыл өндірістік жұмыс тәжірибесі (жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 10) тартылатын орындаушы ұқсас қызметтерді көрсеткен клиенттерден кемінде 1 (бір) ұсыным; 11) орындаушының технологиялық аудит, энергия аудиті, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға байланысты проблемалар жиынтығын шешу бойынша қызметтер көрсету нәтижесінің қорытындысы бойынша есеп; 12) орындаушының инженерлік ой мен шешім әзірлеу, жаңа конструкциялар мен технологияларды іздеу және оларды өндірісте енгізу мүмкіндіктерін айқындау, сараптау және ұсынымдар әзірлеу, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау бойынша есептерді дайындау, өнеркәсіптік дизайн әзірлеу бойынша қызметтер көрсеткенін растайтын құжаттар. 16. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралы шеңберінде шығыстардың төлемін алуға үміткер өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінімді қолма-қол тәсілмен беру кезінде жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады) немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариатта куәландырылған көшірмесі. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 2) кемінде 1 (бір) қаржы жылында бюджетке салықтың және өзге міндетті төлемдердің төленгені туралы ақпарат; 3) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 6) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері; 7) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарының (есебінің) және/немесе орындалған іс-шаралар туралы (еркін нысанда, тұжырымдар мен ұсынымдардан тұратын кемінде 50 парақ); 8) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру жоспарын енгізу актісі; 9) орындаушының қызметтер көрсету саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын біліктілік туралы мәліметтер (тартылатын компанияның біліктілігі мен қызметкерлерінің тәжірибесін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 10) орындаушы (басқарушы немесе оны алмастыратын адам) қол қойған түйіндемені қоса бере отырып, орындаушының кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттағы және штаттан тыс білікті қызметкерлердің бар екендігін растайтын мәліметтер (қызметкерлердің біліктілігін растайтын мәліметтерді ұсыну нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді); 11) тартылатын орындаушы ұқсас қызметтерді көрсеткен клиенттерден кемінде 1 (бір) ұсыным. 17. Бағдарлама операторының өтінім берушілерден тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ. 18. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Ұсынылған ақпаратта өтінім беруші есептерде пайдаланылған деректер көзін және есеп жүргізілген күнді көрсетеді. 19. Құралды алуға арналған өтінім материалдары бірыңғай папкаға жиналған, парақтары нөмірленіп, осы Бағдарламаның талаптарына қатаң сәйкестікте ресімделген болуға тиіс.
«Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» құралын ұсыну тетігі «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» құралын ұсыну тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
«Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және жол картасын әзірлеу шығындарын өтеу» құралын ұсыну тетігі 1. Аумақтық кластерді дамыту стратегияcын және жол картасын әзірлеуге арналған шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпазы Бағдарлама операторына мынадай құжаттар топтамасын қоса бере отырып, өтінім береді: 1) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының және жол картасының көшірмелері; 2) өтінім беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі; 3) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі; 4) орындаушы көрсеткен қызметтің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі; 5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмасының көшірмесі. 2. Бағдарлама операторы құжаттар топтамасы қоса берілген өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығы тұрғысынан тексеру жүргізеді. 3. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Бағдарлама операторы толықтығы тұрғысынан тексеру аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде пошта арқылы және/немесе өтінім берушінің өтінімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына (бар болса) сәйкессіздікті көрсете отырып хабарлама жібереді. 4. Өтінім беруші сәйкессіздік туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және Бағдарлама операторына өтінім мен қоса берілетін құжаттарды қайта енгізеді. 5. Бағдарлама операторы өтінімге толықтығы тұрғысынан тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның осы Бағдарламаның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді. 6. Осы бағдарламаның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізілгеннен кейін Бағдарлама операторы 3 (үш) жұмыс күн ішінде шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. 7. Бағдарлама операторы шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді. 8. Бағдарлама операторы өтінім мен қоса берілген құжаттардың осы Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуін белгілеуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге өтінім берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібереді. 9. Конкурс жеңімпазын тану туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде Бағдарлама операторы шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге құрал бойынша өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындардың бір бөлігін өтеуді жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына өтінім берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
«Аумақтық кластерлерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыру шығындарының бір бөлігін өтеу» құралын ұсыну тетігі 1. Аумақтық кластерлерді дамыту стратегиясын және жол картасын іске асыру шығындарының бір бөлігінің өтемін алу үшін аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің жеңімпазы Бағдарлама операторына индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша құжаттар топтамасын қоса бере отырып, өтінім береді. 2. Бағдарлама операторы құжаттар топтамасымен қоса берілген өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасына толықтығы тұрғысынан тексеру жүргізеді. 3. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Бағдарлама операторы толықтығы тұрғысынан тексеру аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде пошта арқылы және/немесе өтінім берушінің өтінімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына (бар болса) сәйкессіздікті көрсете отырып хабарлама жібереді. 4. Өтінім беруші сәйкессіздік туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және Бағдарлама операторына өтінім мен қоса берілетін құжаттарды қайта енгізеді. 5. Бағдарлама операторы 6 (алты) жұмыс күні ішінде берілген құжаттар топтамасына сараптама жүргізіп, шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. 6. Бағдарлама операторы шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді. 7. Бағдарлама операторы өтінім мен қоса берілген құжаттардың сәйкес келмеуінің анықталуына байланысты шығындардың бір бөлігін өтеудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібереді. 8. Конкурс жеңімпазын тану туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде Бағдарлама операторы шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге құрал бойынша өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындардың бір бөлігін өтеуді жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына өтінім берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
Бағдарлама құралдарын мониторингтеу Бағдарлама құралдарының іске асырылуын мониторингтеуді Бағдарлама операторы мен құралдар операторлары жүргізеді. Тұтастай алғанда, Бағдарламаның және жекеше алғанда, құралдардың іске асырылуын мониторингтеу нысандары мен мерзімдерін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
