- •Мазмұны
- •I. Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері
- •II. Электрондық ақшалар, олардың тиімділігі
- •III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
- •Ақшаның пайда болуы
- •1.2. Ақшаның түрлері
- •II Электрондық ақшалар
- •2.1 Электрондық ақшалар
- •2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері
- •III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
- •3.1. Қазақстан Республикасындағы «Электрондық ақшалардың» дамуы
- •3.2 Электрондық төлемдер
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Қосымшалар
III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
3.1. Қазақстан Республикасындағы «Электрондық ақшалардың» дамуы
Жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енетін болады. Бірақ ол ақша қағаз түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына “Электрондық ақша туралы” заң жобасын таныстырды. Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны “электронды әмиян” десеңіз де болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Жаңа заңға сәйкес, электронды ақшаның екі түрі болады. Бірі - электронды карточка арқылы, екіншісі - желілік электронды әмиян арқылы іске асырылады. [8]
2004 жылғы 15 желтоқсандағы төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндеттелген сауда және қызмет көрсететін ұйымдардың санаттарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысының орындалуын қадағалауды күшейту қажет. Бұл қаулы төлем карточкалармен есеп айырысу желісін кеңейтуге бағытталған. Алайда, тиісті қадағалау шаралары жүргізілмегендіктен еш тиімділік байқалған емес
«Заң жобасы қабылданумен барлық қазақстандық интернет пайдаланушылары мен сатушылар арасында жасалатын мәмілелер, заңды негізде, тек ұлттық валютада көрсетілген отандық эмитенттермен шығарылған электрондық ақшаларды пайдаланумен жүзеге асырылуға тиіс», - деп хабарлаған алдында Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов заң жобасын Мәжілісте таныстыруда.[18]
Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады. Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.[8]
Ұлттық Банк 2010-2011 жылдары электрондық ақшаның құқықтық мәртебесін заңды түрде бекіту және төлемдерді жүзеге асыру үшін оларды шығару мен пайдалану кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында Парламент Мәжілісінде және Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын келісу бойынша жұмыс жүргізілді. 2011 жылғы 21 шілдеде бұл заңға ел Президенті қол қойды. Ұлттық Банк сондай-ақ электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу тәртібін реттейтін, сондай-ақ олардың эмитенттеріне және Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақша жүйелеріне талаптарды белгілейтін тиісті заңға тәуелді актілерді әзірледі және бекітті. Осылайша, қазіргі кезде Қазақстан банктерінің электрондық ақшаны шығаруға және олардың айналысына арналған қажетті құқықтық база дайындалды.[8]
Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Аталған заң жобасына сәйкес сауда операцияларын жасау үшін заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің электрондық ақшаны сатып алуына және пайдалануына шектеу белгіленеді. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілері өздері жеткізетін тауарлар (қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуге электрондық ақшаны қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқылы. Сонымен бірге заң жобасында белгіленген шекті мәндерден асатын сомаға электрондық ақшаны пайдалануға жол берілмейді.
Жасыратыны жоқ, электрондық ақшаның пайдаланылуы көлеңкелі капиталдың айналымын, заңсыз келісімдерді болдырмауға кепіл бермейді. Сондықтан да, электрондық ақшаның көмегімен келісімдерді реттеу және бақылау туралы іс-шаралар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында ескерілген. Сондықтан “Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, нотариустардың және адвокаттардың қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатындығын көздейді. Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны шығару құқығына тек банктер ғана ие болатынын ескере отырып, оларға қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша қолданылып жүрген заңнаманың барлық талаптары қолданылатын болады. Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады. Сонымен бірге заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі.
Жалпы елімізде интернет арқылы есеп айырысуды қазірдің өзінде қолданатындар бар. Әсіресе коммуналдық және ұсақ төлемдерді жүргізу кезінде. Бірақ оның барлығы осы күнге дейін ресейлік жүйе арқылы іске асырылып келген. Енді жаңа заң арқылы өзіміздің отандық жүйе дайындалып, барлық электрондық есеп-айырысулар заңдастырылатын болады.
Батырбек Әлжанов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
- Қазақстанда 3 млн интернет пайдаланушы бар. Интернет дүкендер - 270. Соның ішінде 40 дүкен элекронды ақшамен жұмыс істейді. Біздікілер Украина, Ресейдің шығарған электронды ақшасымен жұмыс істеп келді.
Заң жобасының негізгі мақсаты елімізде электрондық ақшаны шығаруға және оны ел аумағында пайдалануға арналған құқықтық негізді қалыптастыру болып табылады. Жалпы, бұндай электрондық ақша жаңадан енгізілетін дүние емес, өйткені осындай электрондық ақша Қазақстанда айналымда бар. Дегенмен, бұндай ақша елімізде резидент еместер тарапынан шығарылады және бұлардың бәрі шетелдік валютада болып отыр. Сондықтан да заң жобасы жүзеге асса, қазақстандық банктер ұлттық валюта, яғни теңге бойынша электрондық ақша шығара бастайды. Өз кезегінде интернет пайдаланушылар желілерді пайдалана отырып, онлайндық сатып алулар жасай алады
Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады. [17]
Кеңірек ойланып қарасақ, электрондық ақшаны пайдалану жалпы қоғам, көпшілік үшін шындығында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Сонда электрондық ақша жүйесін енгізу және келешекте осындай сипаттағы төлемдерді жүзеге асыруды одан әрі дамыту қалай жүрмек деген сұрақ туындау мүмкін. Алайда қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.
