Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
275
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.3 Бөлу жұмыстарының элементтері

Инженерлік-геодезиялық бөлу жұмыстарының негізгі элементтері болып жобалық бұрышты құру, жобалық арақашықтықты бөлу, жобалық белгілер мен еңістерді жер бетіне шығару табылады.

Жобалантын бұрышты құру үшін АВ сызығынан (сурет 8) жұмыс жағдайындағы жергілікті жерде А нүктесінде теодолиттік жүріс жасалады. Мұнда лимбаны бекітеміз, В нүктесінде көздегіш трубаны табамыз. Одан кейін осы есеп бойынша егерде бұрыш сағат тілінен ауытқыса (жобаланатын бұрышта сағат тіліне қарама-қарсы жүріс жасалса) жобаланатын бұрышты қосамыз, Табылған санақты көлбеу айналымға және жергілікті жердегі Скл нүктесін орнатамыз.КП айналымын қайталай отырып Скп нүктесін табамыз. Нүктелердің арасындағы алынған қима ортасынан бөлініп, С нүктесін аламыз. Бұрыштарды жобалауды қорытындылау үшін қабылдау әдісі өлшенеді.

а)

б)

Сурет 8. Теодолиттің (а) және рулетканың (б) көмегімен жобалық бұрышты құру сызбасы

Көбінесе құрылыс алаңдарында тура бұрышты құру рулетканың көмегімен (сурт 8,б.) орындалады және «египеттік» өзіндік негізде үшбұріштың қабырғалары 3:4:5 қатынаста құрылады.

Жергілікті жердегі і жобалық бұрыштың құру дәлдігі өз өлшеулер (көздеп және лимбтен есеп алу) құрылғылар, сыртқы жағдай әсері қателіктеріне байланысты. Центрлеу мен редукция қателері және бастапқы мәліметтер қателері, яғни А және В пункттер орнындағы қателер жобалық бұрыштың құру дәлдігіне әсерін тигізбейді.

Бірақ бұл қателер ВС бағытымен С бөлінетін нүктесінің орын ауысуын тудырады.

Жобалық түзуді тұрғызу. Жергілікті жерде жобалық түзуді тұрғызу үшін берілген бағыттағы бастапқы нүктеден жобалық мәнге тең горизонталь жүріс пен арақашықтықты салады.Сызыққа түзетулерді оны тұрғызу процесі кезінде енгізу қажет,өйткені бұл жоғары дәлдікті өлшеулер кезінде жұмысты қиындатады және шиеленістіреді. Сондықтан, көбінесе оны бұрышты құру кезіндегідей жүргізеді.

Жергілікті жерде жобалық арақашықтықтың жуық мәнін салып, бекітеді. Бұл арақашықтықты компарирленген өлшеу құрылғыларымен және барлық өлшемдері түзетілген дәл қашықтық өлшеуіштер арқылы қажет дәлдікпен өлшейді. Камеральді өңдеуден кейін бекітілген кесіндінің ұзындығын алады және оны жобалық мәнмен салыстырып, соңғы нүктенің В′ кесіндісінен сәйкесінше белгімен ∆ l сызықтық түзетуді табады. Тексеру үшін тұрғызылған АВ түзуін өлшейді:

∆l=lж−lөлш

және

lж=lөлш+∆l (19)

lж дәлдігінің талабына сәйкес өлшеу құралдарын таңдайды.

∆l сызықтық түзету дәлдігін анықтау, яғни жобалық арақашықтықты тұрғызу дәлдігі, бұл тәсілде АВ´арақашықтығын өлшеу дәлдігіне толығымен байланысты:

m∆l = ml өлш (20)

Жерде жобалық арақашықтықтың өлшем түзетулері бөлу белгілері бар, оны сызықтық өлшеу кезінде енгізетінін ескеру керек.

Мысал ретінде бастапқы енгізілетін түзетулерді қарастырайық: өлшеу құралын компорирлеу үшін, температура және жердің еңістігі үшін.

Мысалы, температура кезіндегі өлшеу ұзындығы оның номиналды ұзындығынан артық өлшеу құралы бар делік. Өлшеу құралымен өлшенген екі бекітілген нүктелер арасындағы сызыққа түзетуді оң таңбамен енгізу керек. Сол себепті өлшеу құралымен көп ұзындық өлшесек те нәтижесін ойлағанымыздай аламыз. Керісінше, құрал өлшеу кезіндегі температура теңдігіне сәйкес өзінің номиналды ұзындығынан қысқа болса, онда түзетуді теріс таңбамен енгізу керек. Бұл жағдайда қысқартылған өлшеу құралымен өлшеу нәтижесі ойлағанымыздан көбірек болады. Өлшеу құралымен жобалық арақашықтық салу кезінде тек қана Группа 1061анықталған бір нүкте болады, ал екіншісін арақашықтықты тұрғызу арқылы табады.

Сондықтан, егер ұзартылған өлшеу құралымен жобалық арақашықтықты бөлсек, онда жердегі ұзындықты жобадағыдан ұзынырақ аламыз, сәйкесінше түзетуді теріс таңбамен енгізу керек. Егер өлшеу құралы қысқартылған (мысалы: қыста) болса, тұрғызылған сызық жобадағыдан қысқа болады және түзетуді оң таңбамен енгізу керек.

Көлбеу жазықтықта өлшенген түзуге оны көкжиекке келтіру үшін жердің көлбеуіне түзетулері енгізіледі.

Бұл тузету горизонталь салудан еңіс арақашықтығы әрқашан ұзын болатындықтан теріс таңбамен енгізіледі. Құрылысты бөлу кезінде кері құбылыс бақыланады: жобалық арақашықтық горизонталь салу бойынша тұрғызылуы керек, оны еңіс жерде бөле отырып, жобалық ұзындықты қысқартады.

Сәйкесінше, бұл жағдайда түзету оң таңбамен енгізілуі керек. Әдетте құрылысты бөлу кезінде көлбеуге түзетулер енгізбес үшін және өлшеу дәлдігін арттыру үшін жобалық арақашықтықты көлденең орнатылған тақтайшалар бойынша салады.

Жерде жобалық сызықты салу үшін талап етілген дәлдігіне байланысты болат және инварлы өлшеу құралдары, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, шағын жарық қашықтық өлшеуіштер қолданылады.

Жобалық биіктікті жер бетіне шығару. Құрылғының көкжиегін қолдана отырып, жобалық биіктіктер мен белгілерді жақын орналасқан реперлер арқылы жер бетіне шығарады. Алаң бедері түсірілген түсіріс және реперлер биіктігі берілген таза еден деңгейі биіктігі жүйесінде есептеледі.

Нивелирді бірінші репер мен P салынатын нүктесі арасына қойып, құрылғының көкжиегін анықтайды.

H j=H реп 1+a (21)

мұндағы, Hреп – репер биіктігі және a- ондағы рейка бойынша есеп, Hj-ді екінші репер бойынша есептейді.

P нүктесін H жоб жобалық биіктікке орнату үшін b мәнінің есебін білу керек. Сурет бойынша

Hреп1+a=Hжоб+b,

бұдан

b=Hреп1+a−Hжоб

немесе b=Hj−Hжоб.

Жобалық биіктікті сәйкесінше орнатылған рейканың өкшесіне қазық қағып, болтты бұрап және колоннада шекара жүргізіп оны жер бетіне белгілейді.

Тексеру үшін жер бетіне шығарылған нүктелерді нивелирлейді және олардың шын белгілерін анықтайды да жобадағымен салыстырады. Жіберілген қателер табылған жағдайда жұмысты қайталайды. Бір вертикаль жазықтықта орналасқан жобалық биіктік нүктелерін ауыстыру үшін міндетті түрде жазықтықтағы құрылғының көкжиегін белгілеу керек. Бұл сызықтан сәйкесінше Группа 1041артқанын жоғары және төмен өлшеп, осы немесе басқа жобалық биіктікті анықтайды.

Егер тұйықтаушы түйінінің шегі құрастырушы түйіннің шегінен артық, яғни өлшем тізбегінде «компенсатор» болған жағдайда, өлшемдер тізбегі теориясын қолдану арқылы бөлу жұмыстарын есептеу дәлдігі анағұрлым орынды болады.

Көлбеу жазықтықта өлшенген түзуге оны көкжиекке келтіру үшін жердің көлбеуіне түзетулері енгізіледі.

Сурет 9. Ортадан нивелирлеу

Жобалық биіктікті жер бетіне шығарудың негізгі қателері болып табылады:

1) бастапқы мәндер қатесі, яғни жобалық белгілерді орнататын іске арналған реперлердің биіктігінің қатесі;

2) рейка бойынша ma реперінің a есебінің қатесі;

3) bж санағында орнатылған рейканың қатесі;

4) жобалық нүктені жер бетіне шығару қатесі.

Нүктелерді қазықпен бекіту үшін mф=3-5 мм деп, ал болаттар мен бұрандаларды қолдану кезінде mф= 1 мм және кем деп алуға болады.

Жалпы жағдайда

m2 ж =m2 реп1 +m2 a +m 2 b +m2 ф (22)

немесе

m 2 ж=m 2 реп1 + 2m 2 a+m2 ф.

Нүктенің жобалық белгісі жер бетінде және артe мәнінде орнатылуы мүмкін.

h арт=Hж−H реп1 (23)

P нүктесі мен жобалық белгілерді орнату және репер арасындағы h артуын нивелирлеумен анықтайды. h арт=h белгісінің әртүрлігіне байланысты нүктесінің биіктігін өлшеп, h=h арт алу керек. Бұл тәсіл көп еңбекті қажет етеді.

Жер бетіне жобалық көлбеудің жазықтығы мен түзуін шығару. Жобалық еңістікті жер бетіне шығару үшін нивелирлер мен теодолиттер қолданылады. Әсіресе, осы мақсатта лазерлік құралдарды қолдану нәтижелі болады.

Нивелирдің екі көтеру бұрандалары АВ сызығына параллель етіп бекітеді. Берілген бойлық еңістің есептелінген А және В нүктелерінің жобалық белгілерін жақын орналасқан реперлерге орнатады.

Аспапты екі көтеру бұрандаларымен (элевациондық бұранда) еңкейте отырып, А және В нүктелерінде қойылған белгілер, яғни нивелирдің көздеу Группа 1021сызығын жобалық сызықтың еңісіне параллель етіп қалыпқа келтіреміз.

Жақындау тәсілі бойынша рейкадағы есептің теңдігіне жетеді. Егер енді АВ тұстамасына рейканы орнатсақ, көтеру және түсіру арқылы одан есепті алып, А және В соңғы нүктелеріндегі есептеріне тең болса, онда рейканың өкшесі берілген еңіс сызығынің қазіргі нүктесін жер бетіне белгілейді.

Группа 1001Рейканы белгілі арақашықтық (мысалы, 5 м) сайын ауыстыра отырып, А және В нүктелерінен берілген еңіс сызығын жер бетіне бекітеді. Жобалық белгілерде орнатылған А және В нүктелерін, бұл тапсырма төмен дәлдікпен бірдей ұзындықтағы үш визирдің көмегімен визуальды жолмен шешілуі мүмкін. А және В нүктелеріндегі тірек визирлерінен АВ параллель, А 1 В 1 сызығын есептейді. Бұл сызыққа аралық визирдің С нүктесін көз мөлшерімен енгізіп, АВ сызығындағы С нүктесінің орналасуының негізін анықтап отырады. Жобалық жазықтықты жер бетіне ұқсастырып шығарыды. А,В,С,D нүктелерін жобалық белгілерге орнатып, нивелирдің үш бұрандаларының көмегімен жақындау тәсілі арқылы рейкадағы барлық төрт нүктелердің есептері тең болады, яғни берілген жобалық жазықтық көздеу сызығына параллель болу керек. Енді сол рейка есебін АВСD фигурасындағы кез келген нүктеге қоямыз. Оның өкшесі жер бетінде бекітілген жобалық жазықтықта жатады. Жобалық белгінің деңгейін келтіре отырып, теодолиттің көмегімен оны бастапқы нүктеге орнатып, сол арқылы құрал биіктігін өлшейді.Егер құралдың биіктігін рейкада және қадада белгілеп, берілген бағыттағы дүрбінің көздеу өсімен 5-10 м сайын белгіні есептесек, онда жобалық еңіс сызығында жатқан қадамен рейканың өкшесі негізінде жердегі нүктені көрсетеді. Бұл нүктелерді биіктігіне сәйкес қазықтармен бекітеді. [13]