5. Салмақтау схемаларын қалыптастыру
Өнеркәсіп өнімі мен өндірістік сипаттағы қызметтерге баға индексін құру үшін салмақтау схемалары қолданылады, оның көмегімен қолданылатын стандартты жіктелімге сәйкес төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге аграгаттық көрсеткіштердің біріктірілуі жүзеге асырылады.
Салмақтау схемаларын республика және әрбір өңірлер бойынша құрастырылады. Ол ішкі өңірлік, өңіраралық және жалпы республикалық аспектінің өндіруші кәсіпорын құрамын көрсететін баланстық кестені көрсетеді. Салмақтау схемаларын қолдану арқылы нақты түрлер, өнім түрлері мен қызметтері, өңірлер бойынша агрегатты баға индекстері ел бойынша жеке және агрегатты баға индекстері орташа бағалары есептеледі.
Ақпарат негізі болып республиканың бір жылғы бағасы, өткен есептіге, ресурстар балансы мен тауарлар мен қызметтердің қолданылуы кедендік статистика мәліметтері негізіндегі мемлекеттердің экспорт құрамы өндіруші кәсіпорындармен өндірілген және көрсетілген, өндірістік сипаттағы қызметтер мен өнімдер құны табылады.
Салмақтау схемаларын қалыптастыру процесі бірнеше тізбекті кезеңдерден тұрады және мыналарға негізделеді:
1- бақылауға енгізілген (алғашқы құн) өнімдер (қызметтер) құнын түрлер, топтар, сыныптар, бөлімдер, секциялар арасында бөлінеді;
2- базалық теңестіруге қолданылатын кезең бағасы есебімен алғашқы құнды түзету (түзету құны);
3- өндірілген өнім, қызмет тізімінің барлық көлем құны есебімен түзету құнын нормалау (нормалау құны);
4- әрбір өткізу арнасы бойынша өнеркәсіп өнімін нормаланған құнды түрлер, түр тармақтары бойынша анықтау.
Салмақтау схемаларын қалыптастыру жұмыс істеп тұрған Тізімге сәйкес бағалық бақылауға іріктелген бір жылға, өткен есептіге, позициялар бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызметтің алғашқы құнын анықтаудан басталады. Әрбір өңір бойынша құрастырылған құндар облыстық статистика бөлімшелеріне олар анықтаған өнім және қызмет түрлері мен түр тармақтарымен сәйкестікке тексеріске жіберіледі. Облыстық статистика департаменттерінің қызметкерлері құндарды талдайды және айқындайды, керек жағдайда түзетеді (жояды, өзгертеді) және оларды қосады.
Талданған мәліметтер базасында өңірлер бөлінісінде республика бойынша алғашқы салмақтау схемаларын қалыптастырады. Келесі қадам өткен жылғы желтоқсан баға құрамына келтіру болып табылады, өйткені қолданыстағы әдістеме бойынша индекс салмағы мен салыстырылған кезең бірдей болуы қажет. ӨБИ-ді есептеуге базистік баға ретінде өткен жылғы желтоқсан бағасы қолданылады, ал қолданылатын өнеркәсіп өндіру құны орташа жылдық болады. Базистік кезеңнің желтоқсан бағасын өнімнің орташа жылдық құнына келтіру үшін түзету коэффициенті есебі қолданылады.
Түзету коэффициенті есепті жыл желтоқсанын өткен жылғы желтоқсанға оның орташа жылдық мәніне қатынасының индекс мәнін көрсетеді:
5-мысал
|
Айлар |
Есепті айдың баға индексі өткен жылғы желтоқсанға, пайызбен |
Айлар |
Есепті айдың баға индексі өткен жылғы желтоқсанға, пайызбен |
|
Қаңтар |
102,1 |
Шілде |
146,2 |
|
Ақпан |
104,4 |
Тамыз |
159,5 |
|
Наурыз |
109,7 |
Қыркүйек |
165,0 |
|
Сәуір |
116,3 |
Қазан |
172,6 |
|
Мамыр |
124,4 |
Қараша |
178,5 |
|
Маусым |
134,4 |
Желтоқсан |
199,4 |
|
Индекстер сомасы = 1712,5 | |||
|
Орташа жылдық индекстер шамасы = 1712,5/12=142,7 | |||
|
Түзету коэффициенті = 199,4/142,7=1,3973 | |||
Ол екі таңбалы коды бар және төменгі саты агрегацияларға (сынып, топтар, түрлер, түр тармақтар) қолданылатын (В, С, Д және Е) секциялары бойынша есептеледі.
Алынған өндіріс статистикасы мәліметтері бойынша (1 баған 6-мысал) алғашқы өнім (қызмет) құны түзету коэффициентіне (2 баған 6-мысал) көбейтіледі және нәтижесінде түзету құны шығады, кейін салмақтау схемаларын есептеуде қолданылады, бірақ соңғы емес (3 баған 6-мысал):
6-мысал
|
Экономикалық қызмет түрлерінің атауы |
Коды |
№1-Ө (жылдық) есептілігіндегі өнеркәсіп өнім құны, мың теңге |
Түзету коэффициенті |
Түзетілген (аралық) құн, мың теңге |
|
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
|
Металлургия өнеркәсібі – барлығы |
24 |
2,20000 |
х |
2,63172 |
|
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру |
24.1 |
0,90000 |
1,3973 |
1,25757 |
|
Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтерді өндіру |
24.2 |
0,10000 |
1,0573 |
0,10573 |
|
Бастапқы өңдеу арқылы өзге болат бұйымдарын өндіру |
24.3 |
0,40000 |
1,0722 |
0,42888 |
|
Негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру |
24.4 |
0,50000 |
1,0423 |
0,52115 |
|
Металл құю |
24.5 |
0,30000 |
1,0613 |
0,31839 |
|
Сомасы |
|
2,20000 |
х |
2,63172 |
Әрі қарай, алынған түзетілген құнды бірыңғайландыру (қайта жасау) қажет, себебі нәтижесінде салмақ сомасы (2,63172 мың теңге) секциясын анықтау бойынша қызмет түрлері (2,200000 мың теңге) алғашқы құнға кіретін сомаға тең болады.
6-1-мысал
|
Экономикалық қызмет түрлерінің атауы |
Коды |
№1-Ө (жылдық) есептілігіндегі өнеркәсіп өнім құны, мың теңге |
Түзету коэффициенті |
Түзетілген (аралық) құн, мың теңге |
Бірыңғайлан-ған құн, мың теңге |
|
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Металлургия өнеркәсібі – барлығы |
24 |
2,20000 |
х |
2,63172 |
2,200000 |
|
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру |
24.1 |
0,90000 |
1,3973 |
1,25757 |
1,05127 |
|
Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтерді өндіру |
24.2 |
0,10000 |
1,0573 |
0,10573 |
0,08839 |
|
Бастапқы өңдеу арқылы өзге болат бұйымдарын өндіру |
24.3 |
0,40000 |
1,0722 |
0,42888 |
0,35852 |
|
Негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру |
24.4 |
0,50000 |
1,0423 |
0,52115 |
0,43566 |
|
Металл құю |
24.5 |
0,30000 |
1,0613 |
0,31839 |
0,26616 |
|
Сомасы |
|
2,20000 |
х |
2,63172 |
2,200000 |
Ол үшін алынған түзетілген құндарды экономикалық қызмет түрлері арқылы меншікті салмақтары бойынша жалпы секциялар табылады және пропорционалды құн мәні (2,200000 млн.теңге) жіктеледі:
24.1 = 1,25757 / 2,63172 * 2,200000 = 1,05127
24.2 = 0,10573 / 2,63172 * 2,200000 = 0,08839
24.3 = 0,42888 / 2,63172 * 2,200000 = 0,35852
24.4 = 0,52115 / 2,63172 * 2,200000 = 0,43566
24.5 = 0,31839 / 2,63172 * 2,200000 = 0,26616
Сомасы = 2,200000
Сонымен құрылған бірыңғайланған өнім құны (немесе салмақ) және ол есепті жыл бойы базистік болып қолданылады.
Сондықтан дайын өнеркәсіп өніміне бағаларды бақылау өткізу арнасына тәуелділігімен жүзеге асады, салмақтау схемаларын қайта қалыптастыру кезеңі болып түпкілікті қайта құрылған құндарды ҚР, ТМД елдері, ТМД елдерінен басқа өткізу арналары бойынша жіктеледі. Ол үшін «Қосымша салмақтау құру анықтамалығы» (әрі қарай – Ақсқ) құрастырылады, онда өндірілген өнімнің меншікті салмағы бақыланатын сыныптарда, өткізу арналар түрлері бойынша көрсетіледі.
Баланс ресурстары мен қолданылуларға сәйкес өндірілген өнеркәсіп өнімінің ішкі нарықтағы және жеке түрлер мен сыныптар бойынша экспорт жеткізілімдеріне қатынасы арқылы анықталады. Экспорт құрылымы туралы мәліметтер негізінде кедендік статистика мәліметтері бойынша ТМД елдері және ТМД елдерінен басқа экспортқа жіберілетін өнімдерге ара-қатынасы арқылы табылады.
Мысалы, шартты:
баланс ресурстары мен қолданылуларға сәйкес тас көмір ресурстары 100000 млн.тоннаны құрады, олардың ішінде ішкі нарықта 72800 млн. тоннасы қолданылды, экспортқа жіберілгені – 27200 млн.тонна, пайыздық ара-қатынаста, сәйкесінше 72,8% және 27,2%;
кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес ТМД елдеріне жеткізілген тас көмірге экспорт проценттік ара-қатынасымен 85%, ТМД елдерінен басқа елдер – 15%-ды құрады;
берілген өнімге өткізу арналары бойынша меншікті салмақ анықталады:
ҚР – 72,8%,
ТМД елдері – 27,2*85/100 = 23,1%,
ТМД елдерінен басқа – 27,2*15/100 = 4,1%;
барлығы = 100%.
Көрсетілген пайыздардан түзетілген базистік салмақтар біржола өткізу арнасы бойынша жіктеледі:
6-2-мысал
|
Коды |
Атауы |
Бірыңғайлан-ған құн, мың теңге |
ҚР |
Экспорт |
соның ішінде елдер | |
|
ТМД |
ТМД басқа | |||||
|
051010 |
Тас көмір |
111255 |
80994 |
30261 |
25700 |
4561 |
|
|
СПРдвс |
100% |
72,8% |
27,2% |
23,1% |
4,1% |
|
051010100 |
Домналық балқыту үшін күлсіз, бірақ дымқыл негізіндегі қызу шығару мүмкіндігі 23,865 МД/кг астам кокс өндіруге арналған кокстенген тас көмір |
33377 |
24298 |
9079 |
7710 |
1368 |
|
|
|
|
(=33377* 72,8%) |
|
(=33377* 23,18%) |
(=33377* 4,1%) |
|
051010200 |
Күлсіз, бірақ дымқыл негізіндегі қызу шығару мүмкіндігі 23,865 МД/кг астам бу өндіруге арналған, сондай-ақ жылытуға қолданылатын энергетикалық тас көмір |
55627 |
40496 |
15131 |
12850 |
2281 |
|
051010210 |
Антрацит |
16688 |
12149 |
4539 |
3855 |
684 |
|
051010220 |
Энергетикалық тас көмір |
38939 |
28348 |
10591 |
8995 |
1596 |
|
051010900 |
Өзге де тас көмір |
22251 |
16199 |
6052 |
5140 |
912 |
Қорытындылау кезеңінде салмақтау схемаларын қалыптастыру мүмкін, 6-1-мысалында көрсетілген алгоритмге сәйкес бірыңғайланған құны қайта жасалады. Келтірілген түзетулер арқылы соңғы құн түрлер, тауарлардың, өнімдердің түр тармақтары өңірлер бойынша салмақтау схемаларының қорытынды позияциялары қайта есептеледі. Позициялар бойынша болжанған құндарға бағалық бақылау жүзеге асырылуы қажет.
Республика бойынша салмақтау схемаларын қалыптастыру жасалады:
өңірлер бойынша құн сомасы өнімдер мен қызметтер түрлері деңгейінде;
өндіруші кәсіпорындар бағасына бақылауға Тізімге сәйкес барлық агрегация кезеңдері бойынша сомаға кіретін сыныптар, топтар және бөлімдер деңгейінде.
Жыл сайын өңірлік тауарлар және өнімдер тізім түрлері өзгерісімен салмақтау схемаларының жартылай ротациясы жүзеге асырылады.
Индекстерді есептеуде жаңа салмақтауға көшуде үзіліссіздік қағидасы қолданылады. Бұл индекстерге үйлесу әдісімен жетеді, баға индекстерінің серпінділік қатарлары бар салмақтар арқылы есептеледі. Қабыстыруда бір қатарға (аса ұзын) екі немесе бірнеше баға индекстерінің серпінділік қатарларын біріктіру түсіндіріледі.
Бұл үшін өтпелі кезеңде (жылдың белгілі айы) баға индекстерін есептеуде жаңа және ескі салмақтар бойынша жасалады, содан кейін тіркеу коэффициенті (ескі салмақ бойынша индекске есептелуі, жаңа салмақ бойынша есептелуінің баға индексіне қатынасы) табылады. Алынған тіркеу коэффициентіне барлық мәліметтер көбейтіледі, өтпелі айдан кейінгі, индекстер қатары салғастыру түріне келтіріледі.
Қайта жасалған жаңа стандартты салмақтар түбегейлі бірыңғайланған болып есептеледі және әрі қарай баға индекстерін есептеуде кейінгі базалық кезеңге қолданылады.
