Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
776 Кб
Скачать
☆

3. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау

 

329. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету өткізудің көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.

330. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есіктерінің болуы және мыналармен:

1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиіс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгімен;

2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;

3) әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі - жүргізушінің кабинасында, басқасы - автобустың жолаушылар салонында);

4) екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

5) екі жылжуға қарсы тіректермен;

6) авариялық тоқтау белгісімен;

7) колоннада жол жүргенде - автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен;

8) санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиіс.

331. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердің жалпы саны осы көлік құралы үшін белгіленген және отыру үшін жабдықталған орындардың санынан аспайды.

332. Балаларды тасымалдауды бастамастан бұрын осы талаптарға сәйкес болуын тасымалдаушы пайдаланатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі үшін жауапкершілік жүктелген лауазымды адам тексеруі тиіс (бас инженер, техникалық бақылау бөлімінің бастығы, өзге де жауапты адамдар).

Соның ішінде, автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтіретін құрылғылардың, есіктерді басқару сымдарының, төбедегі желдетпе люктердің қақпақтарын ашу тетіктерінің, салонды желдету және жылыту жүйелерінің, есіктер жұмысының сигнал берулері мен аялдаманы талап ету сигналының, дыбыс сигналының дұрыстығы; орындықтардың, тұтқалардың, ілме басқыштардың, желдеткіштердің жай-күй мен бекітілуі, өрт сөндіргіштердің бар болуы және бекітілуі, дәрігерлік дәрі қобдишасының жабдықталуы тексерілуі тиіс.

Террорлық актілердің алдын алу мақсатында бөтен заттардың бар болуына автобустарды мұқият тексеру жүргізіледі.

Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам автобустың техникалық жарамдылығы және балаларды тасымалдауға дайындығы жөнінде жолпарақта немесе өзге ресми құжатта белгі қояды.

333. Балаларды жаппай тасымалдау үшін екі және одан көп автобустар бөлінген жағдайда тексеру жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Тікелей рейс алдында автобустардың техникалық жай-күйін бақылау және оның нәтижелерін тіркеу белгіленген тәртіппен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

334. Балаларды тасымалдауға бөлінген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретін ересектерге өздерінің орындарынан балалардың мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беруі тиіс.

 

 

4. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

 

335. Егер балалар тасымалдау кезінде бірнеше тасымалдаушыға тиесілі автобустар пайдаланылатын болса, онда қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану үшін жауапты адамдар тасымалдаушылардың тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық кезеңдеріндегі өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.

336. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады. Тәуліктің 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейін теміржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейін жолда кідіріп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етіледі.

Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.

337. Тәуліктің жарық мезгілінде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.

338. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.

339. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

340. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

341. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.

Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

342. Балаларды тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде елді мекендерді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаушы:

автомобиль жолдарының, балаларды отырғызу және түсіру пункттерінің жағдайын комиссиялық тексеру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүгінеді;

балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын автобустардың өту уақытын көрсете отырып, арнайы аялдау орындарын маршруттарда белгілейді.

343. Балаларды теміржол өткелдері арқылы өтетін тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру оларды кешенді тексеруді және қарамағында темір жол өткелдері бар ұйымдардың бастықтарымен маршрут қозғалысын келісуді қамтуы тиіс.

344. Реттелмеген теміржол өткелдері арқылы балалардың тапсырыстық тасымалдауды ұйымдастыруға тыйым салынады.

345. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушіден патрульдік автомобильді лектерге ілесіп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының міндетті белгілеу бар жазбаша өтінімді ұсынады. Аталған белгісінсіз автобустар тапсырыс берушіге ұсынылмайды. Өз кезегінде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшін жол полициясы органдарын хабардар етеді.

346. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 м қашықтықта орналасуы тиіс.

347. Балаларды жаппай тасымалдау үшін автобустарды бөлу кезінде тасымалдаушы лектердің үлкенін тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезінде көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігіне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екі автобус кезінде - осы автобустардың жүргізушілерінің санынан; үлкені болып тағайындалған жүргізушінің автобустарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс) тиіс.

348. Балаларды тасымалдау маршрутының рұқсат етілген ұзақтығы жүргізушінің жұмыс ауысымы ұзақтығының нормативтерін сақтауын, қозғалыстың қауіпсіз жылдамдық режимін сақтауын негізге ала отырып, сондай-ақ тәуліктің күндізгі уақытында балаларды тасымалдауды жүзеге асыру талаптарын ескере отырып белгіленеді.

349. Автобустың салонында багажды орналастыруға рұқсат етілмейді. Автобуста багаж бөлімдері болмаған кезде багажды тасымалдау жүк немесе басқа қосымша көлік құралдарының көмегімен қамтамасыз етіледі.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]