- •Он екінші апта қазақ халқының дәстүрлі өнері (3 сағат)
- •1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз.
- •Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра
- •3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1.Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Қазақ кино өнері
- •2. Сұрақтарға жауап әзірлеңіз.
- •5.Мәтінді берілген жоспар бойынша топқа бөліп баяндаңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Қосымша оқуға. Астана Опера (театр)
- •Kk.Wikipedia.Ord/wiki
- •1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.
- •Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
- •2.Мәтінге жоспар құрыңыз.
- •Он үшінші апта
- •2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4.Есіңізге түсіріңіз.
- •5.Мәтіннен шылауларды тауып, теріп көшіріңіз, түрлерін ажыратыңыз.
- •6.Мәтінді оқып, бәдік айтысы жайлы біліп алыңыз.
- •7. Сұхбаттасыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Күй атасы – Құрманғазы
- •Kk.Wikipedia.Org
- •2. Мәтіні төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.
- •3. Мәтіндегі күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.
- •4. Сөйлемдерді, қажетті шылауларды қойып, толықтырыңыз.
- •5.Берілген мақалдарды жаттап алыңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Ұлттық байлық
- •3. Қазақстанның үлттық байлығына не жататынын көрсетіңіз.
- •5. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •6.Сұхбаттасыңыз.
- •7.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын айтыңыз, жаттап алыңыз..
- •Ұлттық құндылықтар
- •Он төртінші апта
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •3. Сұхбаттасыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат) Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •«Заман жаршысы» газеті.
- •6. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Өлеңді жаттап алыңыз. Құмарлық
- •Көркем сөз – көркем өнер (3 сағат)
- •Бірінші сабақ (1 сағат)
- •1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз. М. Әуезов – суреткер
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарын сөздіктің көмегімен анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
- •3. Мәтіннен жазушының ауыл адамдарын – жерлестерін суреттеген үзіндіні тауып, сипаттама беріңіз.
- •4. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
Айтыс – айтыс (состязание акынов)
Суырып салма – импровизация
Әлеуметтік көзқарас – социальный взгляд
Өлі мен тірі – живые и мертвые
Кең өріс алды – широко распростронялось
Тапқырлық – находчивость
Сезімталдық – чувственность
3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Айтыс қандай өнер?
Айтыстың өлеңнен айырмашылығы неде?
Қазақ айтысы қашан зерттелді және кім зерттеді?
Айтыс қандай түрлерге бөлінеді?
«Айтыс түйіні – шындық» дегенді қалай түсінесіз?
Бұрынғы, қазіргі айтыскер ақындардан кімді білесіз?
Өзіңіз айтысты тыңдадыңыз ба?
Айтыс тыңдарманға қандай әсер береді?
4.Есіңізге түсіріңіз.
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын сөз табы «Шылау» деп аталады. Шылаулар өз алдына сөйлем мүшесі болмайды. Шылаулар қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.
|
Септеулік шылау
|
Жалғаулық шылау |
Демеулік шылау |
|
Атау, барыс, шығыс және көмекте септіктерде тұрған сөздерден кейін қолданылады. Оларға жататындар: үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар |
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Оларға жататындар: және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. |
Сөйлемге қосымша мағына береді. Оларға жататындар: ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті |
5.Мәтіннен шылауларды тауып, теріп көшіріңіз, түрлерін ажыратыңыз.
Үлгі: және (жалғаулық), т.б.
6.Мәтінді оқып, бәдік айтысы жайлы біліп алыңыз.
Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу үшін оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған.
Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене бір кәдікті,
Көш! Көш!
Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым.
Ж і г і т:
Қаратауым дегенде, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.
Қ ы з:
Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,
Таудан арғы бұлтпенен араласып.
Енді екеуіміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығалық сабаласып.
Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар.
7. Сұхбаттасыңыз.
Ажар, Сен айтыстың қандай түрлерін білесің?
........................................................................... .
Айтыстың қай түрі өте ертеде шыққан?
........................................................................... .
Бәдік айтысының айтылу жайлы туралы не айта аласың?
.................................................................................................. .
Қыз бен жігіттің айтысында әлеуметтік мәселе қаралған ба?
............................................................................................................ .
Қазіргі заманда ақындар айтыса ма, айтысса, ол жайлы сенің пікірің қандай?
.............................................................................................................. .
