Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NSU-Конспект лекции каз.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.3 Практикалық сабақтардың жоспары

Қалыпқа келтірілмейтін жүйелер

№1 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты экспоненциалдық заңдылыққа бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты: Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген.

Тапсырма: Элементтің істен шыққанға дейінгі жұмыс уақыты экспоненциалдық заңдылыққа бағынады. Заңдылық параметрі . t = 100, 500, 1000, 1500, 2000, 2500 сағ. тең деп алып, жүйенің сенімдідік көрсеткіштерін анықтаңдар және p(t), (t), f(t) тәуелділіктерін тұрғызып, талдау жасаңдар. (1000, 1500 сағ.) уақыт интервалындағы элементтің істен шықпау және істен шығу ықтималдылықтарын анықтаңдар.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-16), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары :

  1. Экспоненциалдық заңдылықтың қолданыс аймағы.

  2. Таралым параметрі (t) уақыт бойынша қалай өзгереді?

  3. p(t), (t), f(t) көрсеткіштерінің өзгеру графиктерін көрсетіңдер

№ 2 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты қалапты заңдылыққа бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты : Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау : Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген. Сенімділік сипаттамаларын анықтау барысында қалыпты заңның нормалданған функциясын қолданыңдар.

Тапсырма: Элементтің істен шыққанға дейінгі жұмыс уақытының таралу заңдылығы қалыпты заңдылыққа бағынады. Заңдылықтың параметрлері белгілі: m = 100 cағ. және 2 = 1000 сағ. t1 = 70 сағ. дейінгі және t1 = 70 –тен t 2 = 90 сағ. дейінгі уақыт интервалындағы элементтің сенімлілік көрсеткіштерін p(t1), p(t1, t2), Q(t1), Q(t1, t2), f(t1), λ(t1) және Тср есептеңдер.

Ескертпе: Есептеуде қажет болатын қалыпты заңның нормалданған функциясының Ф(z) кейбір мәндері : z=0,95; 0,32 мәндері үшін, ф (0,95)=0,829 және ф (0,32)=0,626.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-17), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қалыпты таралым параметрлерінің мағанасы.

  2. Қалыпты заңдылықтың қолданыс аймағы

  3. Қалыпты заңның нормалданған функциясы Ф(z) арқылы істен шығу ықтималдылығы қалайша анықталады?

№3 практикалық сабақ

Тақырып: Істен шығуға дейінгі жұмыс уақыты Вейбулла таралымына бағынған жағдайда, жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау

Сабақ мақсаты : Жұмыс уақыттарының таралым заңдылығы белгігі болған жағдайда, жүйенің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға машықтану.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 2, 3 және 4 дәрістерде келтірілген.

Тапсырма: Жүйелердің сенімділігі (механикалық жабдықтар, қуатты генераторлық лампалар, кейбір шала өткізгішті аспаптар) Вейбулла таралымымен сипатталады. Таралымның берілген параметрлері үшін және К = 2,6, жүйелердің t = 200, 400, 600, 800, 1000, сағ. сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін тауып, p(t), (t), f(t). тәуелділіктерін тұрғызыңдар. К = 1,0 және К = 0,5 деп алып, есептеулерді қайталаңдар. Есептеу нәтижесін талдап, К- параметрінің сенімділікке тигізер әсерін анықтаңдар.

Әдебиеттер қос. 5(3-15), қос. 7 (5-17), дәріс материалдары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Вейбулла заңдылығының қолданыс аймағы

  2. α және к параметрлерінің сенімділік функцияларына тигізер әсері

№ 4 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін статистикалық анықтау

Сабақ мақсаты: Сенімділік сынағының нәтижелері бойынша, істен шықпау P*(t) және істен шығу Q*(t) ықтималдылықтарын, істен шығу жиілігі f*(t) мен істен шығу қарқынын λ*(t) анықтау.

Әдістемелік нұсқау; Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 4 дәрісте келтірілген. Есепті шығару барысында (3.2), (3.7), (3.12), (3.16), сонымен қатар (12.2), (12.3) және (12.6) формулаларын қолданыңдар.

Тапсырма:

  1. N=100 қалыпқа келтірілмейтін жүйелер сынақтан өтсін. t1=7500 сағатта істен шыққан жүйелер саны n(t1)=10; t2=8000 сағатта - n(t2)=11, t3=8500 сағатта n(t3)=13 деп тіркелген.

t2=8000 сағат үшін р*(t2), Q*(t2), f*(t2) және λ*(t2) мәндерін анықтаңдар, f*(t2) және λ*(t2) мәндері үшін t1=t2-Δt/2; t3=t2+ Δt/2, (мұндағы Δt = t3 - t1, ал t2 уақыт моменті интервалдың ортасында орналасқан ) интервалдарын қарастырыңдар ..

  1. Сынақ NUT жоспары бойынша жүргізілген. Жоспар бойынша N=40, T=480 сағ.Сынақ нәтижелері: t1=51; t2=65; t3=100; t4=138; t5=158; t6=261; t7=320; t8=365; t9=422 сағ.

Сынақ нәтижелері бойынша істен шығу қарқынын λ*.табыңдар

Әдебиеттер қос.. 5 (75-84); дәріс материалдары

Бақылау сұрақтары:

  1. Сынақтың қандай түрлерін білісіңдер?

  2. Сынақ жоспары деп нені түсінесің?

  3. Сынақтың қандай жоспарларын білесің ?

№5 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін статистикалық анықтау

Сабақ мақсаты : Сенімділік сынағының нәтижелері бойынша, істен шыққанға дейінгі жұмыс уақытының орта мәнін Тср және дисперсиясы D*(t) мен ортаквадраттық ауытқуын σ*(t) анықтау. Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 4 дәрісте келтірілген. Есепті шығару барысында (4.4), (4.7), (4.8) формулаларын қолданыңдар

Тапсырма:

  1. Сынақтан өтетін жүйелер саны N=8.Әрбір жүйенің істен шыққанға дейінгі жұмыс істеу уақыты төменде берілген

t1t2t3t4t5t6t7t8

12300 7600 14100 2900 9300 8500 10600 13100

Сынақ нәтижелері бойынша Т*ср, D*(t), τ*(t) мәндерін ақықтаңдар.

2) Сынақ NUN жоспары бойынша жүргізілген. Жоспар бойынша N=10.Әрбір жүйенің істен шыққанға дейінгі жұмыс істеу уақыты төменде берілген

t t t t t t t t t t

10 15 50  100 25 30 90 40 70 60

Алғашқы істен шыққанға дейінгі жұмыс уақытының Т*ср (орта мән) нүктелік бағалануын табыңдар.

Әдебиеттер қос. 5 (75-84), дәріс материалдары

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс уақытының орта мәні қалай анықталады?

  2. Дисперсия ұғымы

  3. Орта квадраттық ауытқу ұғымы

Қалыпқа келтірілетін жүйелер

№6 практикалық сабақ

Тақырып: Қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері.

Сабақ мақсаты: Істен шығу ағындарының қасиеттерін қолдана отырып, қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 5 дәрісте келтірілген.

Тапсырма :

    1. Істен шығу ағындарының параметрі келесі өрнекпен берілген

ω(t) = 0,2*10-3*()

Келтірілген формуланы қолдана отырып, алғашқы істен шыққанға дейінгі жұмыс уақытының орта мәнін анықтаңдар.

Ескертпе: қасиетін пайдаланыңдар

2) Жүйелердің істен шығуларын талдау нәтижесінде, істен шығу жиілігінің келесі өрнегі алынған

Алғашқы істен шыққанға дейінгі уақыт аралығындағы сенімділіктің келесі сипаттамаларын табыңдар P(t), λ(t), tcp, ω(t).

Әдебиеттер қос. 5 [15-26], қос.7 [16-28]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қалыпқа келтірілетін жүйелер түсінігі

  2. Қалыпқа келтірудің қандай модельдерін білесіңдер

  3. Істен шығу ағындары. Қарапайым стационарлық ағым түсінігі

№7 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәндерін статистикалық анықтау

Сабақ мақсаты: Сенімділік сынағының нәтижелері бойынша, қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 5 дәрісте келтірілген

Тапсырма :

1) Сынақ NRT жоспары бойынша жүргізілген. Жоспар бойынша N=80, T=180 сағ.. Сынақ кезінде істен шығу оқиғаларының уақыттары тіркелген: t1=48, t2=75, t3=118, t4=142 және t5=175 сағ. Сынақ нәтижелері бойынша істен шығу қарқынын λ* есептеп табыңдар

2) (t1, t2) уақыт интервалында қалыпқа келтірілетін жүйеге бақылау жүргізіліп, n(t1, t2) істен шығу оқиғалары тіркелген. Бақылауға дейін жүйе t1 сағ жұмыс істеген, ал бақылау соңында жалпы жұмыс уақыты t2 сағ. құрады. t1=350 сағ. t2=1280 сағ. және n(t1, t2)=15 деп алып, істен шығу аралығындағы жұмыс істеу уақытын табыңдар.

3) N=100 қалыпқа келтірілетін жүйелерді эксплуатациялау кезінде істен шығу сандарын n әрбір Δt=100 сағ. интервалында тіркеуге алып отырған. 1000 сағ. өткендегі бақылау нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген

Δti сағ.

0-100

100-200

200-300

300-400

400-500

500-600

600-700

700-800

800-900

900-1000

n

2

4

6

7

8

9

9

10

10

10

Сынақ нәтижелері бойынша істен шығу қарқынын λ(t) есептеп, графигін тұрғызыңдар Ескертпе: Есептеу кезінде келесі формуланы қолданыңдар λ(ti)=

мұндағы N(ti) - ti уақыт моментіндегі сынақтан өтіп жатқан жүйелер саны, Δt – интервал ұзақтығы, n(Δti) - i- ші интервалда орын алған істен шығу сандары

Әдебиеттер қос5 [15-26],қос.7 [16-28]

Бақылау сұрақтары:

  1. λ(t) графигін салып, талдау жасаңдар

  2. Сенімділік көрсеткіштерін статистикалық анықтау

  3. Қалыпқа келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері

№8 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділіктің комплекстік көрсеткіштері

Сабақ мақсаты : Даярлық және оперативтік даярлық коэффициенттерін, сонымен қатар еріксіз тұру және техникалақ қолданыс коэффициенттерін анықтау.

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 6 дәрісте келтірілген

Тапсырма:

  1. Істен шығу аралықтарындағы жұмыс уақытының орта мәні tcp=500 сағ., қалыпқа келтіру уақытының орта мәні tвср=2 сағ.. Істен шығу аралықтарындағы уақыт таралымы экспоненциалдық заңдылыққа бағынады. Даярлық коэффициентін Кг және оперативтік даярлық коэффициентін Ког(t) уақыттың t=200 сағ. мәнінде анықтаңдар. Сонымен қатар еріксіз тұру коэффициентін де Кп. анықтаңдар.

2) Қалыпқа келтірілетін жүйенің даярлық коэффициентіKr = 0,9. Қалыпқа келтіру уақытының орта мәні tвcp = 100 сағ. t = 10 сағаттағы жүйенің ақаусыз күйде болатындығының Kr (t) ықтималдылығын табыңдар .

3) Қалыпқа келтірілетін күрделі жүйенің істен шығу қарқыны тұрақты шама 1/сағ. Қалыпқа келтіру уақытының орта мәні tвcp=100 сағ.. t0=10 сағаттағы жүйенің жұмыстық күйде болу ықтималдылығын Kr (t) есептеңдер.

Әдебиеттер қос.7 [16-28], дәріс материалдары

: Бақылау сұрақтары:

1 Сенімділіктің қандай комплекстік көрсеткіштерін білесіңдер? Неге олар комплекстік деп аталады?

  1. Даярлық коэффициенті және еріксіз тұру коэффициенті нені сипаттайды?

3 Даярлық коэффициенті мен техникалық қолданыс коэффициенттерінің айырмашылығы неде?

Локолдық жүйелердің сенімділігін есептеу

№9 практикалық сабақ

Тақырып: Параллель-тізбектей жалғанған құрылымдық схемасы бар жүйелердің сенімділігін есептеу.

Сабақ мақсаты:Күрделі жүйелердің сенімділігін айқындауға машықтану

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 7 дәрісте келтірілген

Тапсырма:

  1. Сенімділіктің төмендегі құрылымдық схемасы бойынша, жүйенің сенімділігін есепте

Жүйе бөлшектерінің сенімділігі берілген: p1=p2=0,6 ; p3=p4=0,8 ; p5=0,9.

  1. Резервтелген жүйенің сенімділік құрылымдық схемасы берілген.

Жүйе бөлшектерінің істен шығу қарқындары тұрақты λ=const және сандық мәндері белгілі:

λ1= λ2=0.23*10-3, 1/ сағ.; λ3=0,5*10-4 1/ сағ.; λ4= λ5=0,4*10-3 1/ сағ.;

Істен шыққанға дейінгі жүйенің жұмыс уақытының орта мәнін Тср табыңдар.

Ескертпе: Тср=, мұндағы Рс(t) –жүйенің істен шықпау ықтималдылығы.

Әдебиеттер қос. 7 [29-45], дәрістік материалдар .

Бақылау сұрақтары:

1 Сенімділіктің құрылымдық схемасы дегеніміз не?

2 Қандай жағдайда сенімділіктің құрылымдық схемасында бөлшектер тізбектей жалғанады?

3 Қандай жағдайда сенімділіктің құрылымдық схемасында бөлшектер параллель жалғанады?

№10 практикалық сабақ

Тақырып:Жұлдызды схеманы үшбұрышқа және керісінше түрлендіру тәсілін қолдану.

Сабақ мақсаты:Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау

Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 7 дәрісте келтірілген. Есептеу барысында келесі тәртіпті ұстану қажет

  1. Үшбұрыш схемасымен жалғанған 1, 2 және 5 бөлшектерді жұлдызды схемаға түрлендіру қажет.

  2. Жұлдызды схема бөлшектерінің істен шығу ықтималдылықтарының эквивалентті мәндерін q1,q2,q5 сәйкесінше формулаларды қолдана отырып анықтау қажет.

  3. Эквивалентті схемадағы 1, 2 және 5 бөлшектердің істен шықпау ықтималдылықтарын р1, р2,р5. анықтау қажет

  4. Эквивалентті схеманың (тізбектей-параллель жалғанған) істен шықпау ықтималдылығын анықтау қажет.

Тапсырма:

Сенімділіктің төмендегі құрылымдық схемасы бойынша, жүйенің сенімділігін есепте. Жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең

1

3

2

5

4

Әдебиеттер нег.2 [53-54] ,дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

  1. Күрделі құрылымдық схемаларды қарапайым түрге келтірудің қандай тәсілдерін білесің?

  2. Жұлдызды схеманы үшбұрышқа және керісінше түрлендіру тәсілінің негізінде не жатыр?

  3. Есептеудің негізгі кезеңдерін атап өтіңдер.

№11 практикалық сабақ

Тақырып:Күрделі құрылымды базалық элементке жіктеу тәсілі.

Сабақ мақсаты:Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: Сенімділікті есептеу кезінде келесі тәртіпті ұстану қажет.

1 Базалық бөлшек ретінде 5 бөлшекті алыңдар.

2 5 –ші бөлшекті қысқа тұйықтап, алынған жаңа схемаға 5 бөлшекті тізбектей жалғаймыз. Жаңа схеманың сенімділігін (істен шықпау ықтималдылығы) есептеу кезінде, 5 бөлшектің жұмыс істеу ықтималдылығы р5 алынады.

3 5 –ші бөлшекті ажыратып, алынған схемаға 5 бөлшекті тізбектей жалғаймыз. Жаңа схеманың сенімділігін (істен шықпау ықтималдылығы) есептеу кезінде, 5 бөлшектің істен шығу ықтималдылығы (1-р5) алынады.

4 Жүйенің ізделіп отырған сенімділігі 2-ші және 3-ші пунктерде есептеліп табылған сенімділіктердің қосындысына тең.

Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.

Әдебиеттер нег.2 [54,55], дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

  1. Күрделі құрылымдық схемаларды қарапайым түрге келтірудің қандай тәсілдерін білесің?

  2. Есептеудің негізгі кезеңдерін атап өтіңдер.

  3. Бұл тәсілді қолдану барысында қандай пайымдамалар жасалады?

№12 практикалық сабақ

Тақырып: Күй тәсілі.

Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Күй тәсілі бойынша есептеу барысында келесі кестені қолданған жөн.

Күйлердің реттері

Бөлшектердің күйдері

Күйлердің ықтималдылықтары

1

2

3

4

5

1

2

…

16

Кестені толтыру барысында «+»таңбасымен бөлшектердің жұмыстық күйін, ал «-» таңбасымен істен шығу күйлерін белгілеу қажет (жұмыстық күй 16 тең).Жүйенің ізделіп отырған сенімділігі әрбір күй ықтималдылықтарының қосындысына тең (кестенің соңғы бағанасы).

Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.

Әдебиеттер нег.1[71,72], дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

1 Сенімділіктің құрылымдық схемасы тізбектей жалғанған үш бөлшектен тұрады. Схеманың жұмыстық және істен шығу күйлерін анықтаңдар.

2 Сенімділіктің құрылымдық схемасы параллель жалғанған үш бөлшектен тұрады. Схеманың жұмыстық және істен шығу күйлерін анықтаңдар.

  1. Тәсілдің кемшілігі неде жатыр?

№13 практикалық сабақ

Тақырып: Минималды жол және минималды қима тәсілі .

Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау: Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Минималды жол және минималды қима тәсілімен құрылымдық схемаларды құру ережесі:

1 Алынған бір минималды жолдың бойындағы жүйе бөлшектері бір-бірімен тізбектей жалғанады, ал жолдар болса, бір-бірімен параллель қосылады. №10 практикалық сабақта келтірілген құрылымдық схема үшін минималдық жолдар болып келесі бөлшектердің жиынтығы алынады: 1,3; 1,5,4; 2,4; 2,5,3;

  1. Әрбір минималдық қима бойында орналасқан бөлшектер бір-бірімен параллель жалғанады, ал қималардың өздері бір-бірімен тізбектей қосылады. №10 практикалық сабақта келтірілген құрылымдық схема үшін минималдық қималар болып келесі бөлшектердің жиынтығы алынады: 1,2; 3,4; 1,5,4; 2,5,3;

Минималдық жол тәсілі жүйенің істен шықпау ықтималдылығын жоғарғы жақтан шектейді, ал минималдық қима – төменгі жақтан шектейді .

Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.

Әдебиеттер нег.1 [73-75], дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

  1. Минималды жолды құрудың ережесі

  2. Минималды қиманы құрудың ережесі

3 Минималды жол мен минималды қима тәсілдерінің нәтижелері бірдей ме?

№14 практикалық сабақ

Тақырып: Сенімділікті логико-ықтималдылық тәсілмен есептеу.

Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 8 дәрісте келтірілген. Төменде есептеуді негізгі кезеңдері келтірілген.

  1. Жүйенің жұмыс істеу шарттарының сөз жүзінде айтылуы.

  2. Жүйе жұмысының жұмыс істеу шартын логикалық функция Fл .арқылы өрнектеу.

  3. Логикалық функцияны минимизациялау (қайталанбайтын формаға келтіру)

  4. Логикалық функцияны Fл арифметизациялау

  5. Оқиғаларды олардың ықтималдылықтарымен айырбастау

  6. Жүйенің істен шықпау ықтималдылығын анықтау.

  7. Алынған нәтижеге талдау жасау

Тапсырма: Жоғарыдағы тәсілді №10 практикалық сабақта қарастырылған сенімділіктің құрылымдық схемасына қолданып, жүйенің істен шықпау ықтималдылығын табыңдар. Есептеу кезінде жүйе бөлшектерінің сенімділіктері бірдей және сандық мәні 0.9 тең деп алыңдар.

Ескертпе: Логикалық функцияны Fл қайталанбайтын формаға келтіру үшін, функцияны 5 –ші базалық бөлшек бойынша екі құрылымға жіктеу қажет.

Әдебиеттер нег.1 [75-79], нег.2 [55-58],дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

  1. Есептеудің негізгі кезеңдерін атаңдар

  2. Математикалық логиканың негізгі заңдары

  3. Қарапайым логикалық операцияларды атаңдар

  4. Бұл тәсілдің кемшілігі

№15 практикалық сабақ

Тақырып: Граф өткелдерді қолдану тәсіліне негізделген есептеулер.

Сабақ мақсаты: Тәсілді қолдана отырып, күрделі жүйелердің сенімділігін айқындау Әдістемелік нұсқау: Қажетті теориялық мағлұматтар және есептерді шығаруға арналған формулалар 9 дәрісте келтірілген. Есептеу кезінде (9.3), (9.4) және (9.5) формулаларын пайдаланыңдар.

Тапсырма: Жүйе үш бөліктен тұрады. Әр бөліктің істен шығу қарқыны =0,01 1/сағ. тең, ал қалыпқа келтіру қарқыны =2,0 1/сағ. Күйлердің граф өткелдері төменде берілген. Жүйенің жұмыс қабілеттілігінің ықтималдылықтарын және жүйенің даярлық коэффициентін (ықтималдылықтардың қосындысымен анықталады) табыңдар.

Ескертпе:: 1-ші күй – бөлшектердің бардығы жұмыс істеп тұр, күй ықтималдылығы р1; 2-ші күй – бөлшектің біреуі істен шыққан, ықтималдылығы р2; 3-ші күй - бөлшектің екеуі істен шыққан, ықтималдылығы р3; 4-ші күй – жүйенің барлық бөлшектері істен шыққан. λіј және μіј сәйкесінше мәндері:

λ 12=3λ=0,03; λ23=2λ=0,02; λ34= λ=0,01

μ21= μ=2; μ32=2 μ=4; μ43=3 μ=6;

Әдебиеттер нег. .2 [58-68], дәрістік материалдар

Бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей граф-өткел бойынша теңдеудерді құру ережесі.

  2. Есептеулерді жеңілдетудің жолдары

Қалыпқа келтірілетін жүйелерді есептеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?