- •Кіріспе
- •I Бөлім. Әдептің теориялық негіздері
- •1.1 Әдеп ұғымының мәні және оның қоғамдағы рөлі
- •Ұлағатты сөздер
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •1.2 Әдептің даму тарихы.
- •2.1. Әдептілік – мәдени қарым-қатынас таратудың формасы
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •II Бөлім. Күнделікті қарым-қатынас мәдениетіндегі жеке тұлға
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2.2 Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •2.3 Сөз сөйлеу әдебі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4. Үстел басындағы әдептілік
- •Өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар
- •2.5 Қоғамдық орындардағы мінез-құлық әдебі
- •5.1 Мейманханада, Демалыс үйінде, Санаторийде.
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Қосымша әдебиеттер
- •2.6 Маманның сыртқы келбеті
- •Жігіттер гардеробы
- •Қыздардың гардеробы
- •Іскер адамдар киімдері
- •Ресми қабылдауларға арналған костюмдер
- •Галстукты байлаудың түрлері
- •Сән үлгілері.
- •Романтикалық стильдегі киім үлгілері
- •Фольклорлық (этникалық) стилдегі киім үлгілері
- •Қыздар мен жігіттердің шаш қою үлгілері
- •Аксессуарлар түрлері
- •Інжу тізбесі мен сырға
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •Нақыл сөздер
- •III Бөлім Болашақ маман әдебі
- •3.1 Адамның қимыл-қозғалыс мәдениеті
- •Өзiн өзi бақылау сұрақтары
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •3.2. Сыйлық беру әдебі
- •Өзiн өзi бақылау сұрақтары
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Студент әдебі
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •3.4 Болашақ маманның қатынас мәдениеті
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •3.5 Кикілжің және оны конструктивті жеңу
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •Тест «Кикілжіңді ұнататын тұлғасыз ба?»
- •Үш бөлім бойынша студенттердің өзін-өзі тексеруіне арналған тесттер «Мен қарым-қатынаста қандаймын»
- •Сіз қалай сөйлейсіз?
- •Жаңа танысқан адамдарыңызбен тез тіл табыса аласыз ба?
- •Сізді қалай жеңіл мойындауға болады?
- •Глоссарий
- •Сөйлеу этикеті
- •Өзіне қарату және назар аударту Бейтаныс адамды өзіне қарату
- •II. Сәлемдесу
- •III.Танысу
- •Таныстық кезіндегі жауаптар
- •IV.Қоштасу
- •V. Шақыру
- •VI. Өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау
- •VII.Өтінішпен шақыруды қабыл алу-алмау жауабы
- •VIII. Сұқбаттасушының пікірімен келісу-келіспеу
Жігіттер гардеробы
Кейбір ұйымдар өз қызметкерлерінің имиджін белгілі бір түрде, тұрпатта сақтауға ұмтылады.
Ресми орында жұмыс істейтін қыздарға ашық-шашық, жеңі жоқ көйлек киюі жараспайды. Мұндай киімдерді қызметтен тыс уақытта, демалғанда, қыдырғанда, көшеге шыққанда үстіне ілсе болады. Сол сияқты әр қызметтің өзіне сай киім үлгісі болатынын білген абзал. Ал жұмысқа қарапайым, әрі жарасымды офистік үлгіде киінген қолайлы. Юбканың ұзындығы, блузканың ойығы, аяқ киім өкшесінің биіктігі аса маңызды рөл атқармайды, костюм өзіне тартымды тұруы керек. Сонымен, егер Сіз іскер азамат болсаңыз, белгілі бір мекемеде, арнайы кабинетте отыратын қызмет иесі ретінде күнделікті жұмысқа ашық түсті көйлек, сұр костюм-шалбар соған сәйкес галстук таққаныңыз абзал. Іскерлік стильдегі киімді белгілі бір мекеме (офис, компания, банк, т.б.) үшін таңдауда ұқыптылық қажет

Қыздардың гардеробы
Киімді сатып алуда стильді сақтау қажет, аксессуар имиджді толықтырып тұруы қажет. Ең маңыздысы туфли мен сөмке бір-біріне үйлесуі керек.


Іскер адамдар киімдері
Жігіттердің киіну мәнеріне келетін болсақ, соңғы жылдары ер адамдарға арналған сән үлгісінің өскені байқалады.
Ер адамның гардеробында мына киімдердің болғаны дұрыс:
күнделікті костюмдер - жіңішке жолақ сызықты немесе тор көзді түсі ашық емес; сұр, қара көк, қоңыр түсті немесе т.б. Түсі, матасының сапасы жағынан шебер таңдалған осындай екі костюмді бір-бірімен үйлестіріп киюге де болады. Бұл жағдайда бір түсті бешпентке тор көзді немесе жолақ сызықты шалбар, ал керісінше тор көзді не жолақ сызықты бешпенке бір түсті шалбар үйлеседі;
салтанатты жағдайға арналған қатаң костюмдер - қара, қара көк немесе қара сұр түсті;
мерекеге киетін костюмдер - қоңыр түсті костюмдермен міндетті түрде ақ жейде, қара бәтеңке, қара шұлық киіледі. Мұндай костюмнің төс қалтасынан ақ түсті бет орамалдың шеті көрініп тұруы керек;
спорттық үлгіде аралас костюм - шалбары мен бешпенті түсі, матасының сапасы жағынан бір-біріне ұқсамайды, бірақ өзара үйлеседі;
жеңіл костюм - жылдың жылы мезгілінде киюге арналған мақта-мата немесе жасанды матадан тігілген;
киетін жейдеңіз, жемпіріңіз бен бәтеңкеңіздің жиынтығына қарай мұндай костюм бір түсті немесе суретті, ашық немесе қоңыр болуы мүмкін;
салтанатты банкеттер мен ресми қабылдауларға арналған костюмдер - смокинг, фрак, сако.

Ресми қабылдауларға арналған костюмдер
Смокингпен ақ түсті жейде, қара жилет, қара жібек белбеу, «көбелек» галстук, қара бәтеңке мен қоңыр түсті шұлық киеді. Смокингті жұқа беті тегіс жүн матадан немесе мақта матадан, қара атлас жағалы қылып тігеді, шалбарының жанындағы сыртқы тігісімен атлас тесма жүргізіледі. Оны галун деп атайды.
Фракпен крахмалданған маниш, ақ түсті «көбелек» галстук, ақ жилет, ал салтанатты жағдайларда (тіпті қазаға да) лактелген қара бәтеңке, қара шұлық киіледі. Фрактың ішінен киетін жилеттің барлық түймелері салулы болуы керек. Төс қалтасына ақ түсті бет орамал салынады. Егер фракты кешке киетін болсаңыз ақ түсті жилетпен, ал салтанатты жағдайларда күндіздің өзінде қара жилет киіледі. Смокинг сияқты фрактың да жағасының қайырылған беті қара жібектен тігіледі, ал шалбарында бір жібек галунның орнына екеуі жүргізіледі.
Сако – қара шалбар мен қара-сұр жолағы бар бешпенттен тұратын костюм. Сакомен ақ түсті фракпен киетін жейде, жалпақ немесе қалыпты жылтыр-сұр галстук тағып, сұр немесе қара жилет, қара бәтеңке кию керек.
Галстук әрқашан да өз иесінің талғамын көрсетіп тұрады. Галстукты дұрыс байласаңыз ғана ол сізге көрік беріп жақсы пікір қалыптастырады, ал егер дұрыс байламасаңыз сіздің мінсіз кейпіңізге нұсқан келтіреді.
Галстуктың негізгі 3 түрі бар: байланбалы - өзіңіз байлайтын галстук; регат - өзі байлаулы дайын күйінде болатын галстук; «көбелек» - көбелек пішінді жіпке бекітілген галстук. Галстукты костюміңіздің түсі мен матасының суретіне, үлгісіне қарап таңдау керек. Қатаң костюммен табиғи жібек немесе жасанды жібектен жасалған галстук тағуға болады. «Көбелекті» тек ресми жағдайларда ғана тағады. Олардың түсі ерекше болғаны жөн.



