Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Габитов-Философия_pih

.pdf
Скачиваний:
110
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

адамзаттың мəдениетi дамуындағы ежелгi Мысыр мен Қос өзен халықтарының рөлiне жалпы сипаттама бередi. Бұл халықтардағы мал шаруашылығы мен егiншiлiктiң, сауда мен қолөнердiң, ирригациялық (суғару) жүйелерiн құрудың, металлургияның жоғары дамығандығын ескертедi. Финикиялықтар алғаш рет алфавит қалыптастырып, əйнектi,

металды оюды алғаш ойлап тапты. Ежелгi грек мəдениетiне талдау жасай отырып, өнерге үлкен көңiл бөледi.

Гердер грек тарихының негiзгi кезеңдерiн бөлiп көрсеттi: рулық мəдениеттiң қалыптасуы, аристократиялық монархиялар (Спарта) мен демократиялық қалалық республикаларға (Афины) көшу, “Перикл ғасыры” – афины мəдениетiнiң гүлденуi, Афинаның құлауы жəне Македон монархиясының орнауы.

Гердердiң пiкiрiнше, ортағасырлар адамзаттың мəдени дамуындағы қажеттi жəне маңызды кезең болды. Ол бұл кезеңдегi əлемдiк мəдениеттiң жетiстiгi шығыс халықтарының, оның iшiнде рухани мəдениетi мұсылман дiнiмен анықталатын арабтардың табыстарын қоспаса, толық болмас едi деп есептейдi. Арабтардың Кiшi

Азияны, Мысырды, Персияны жаулап алуы əлемдiк мəдениет үшiн прогрессивтi нəтижелер бердi. Арабтың ғалымдары антикалық ғылыми дəстүрдiң мұрасын қабылдап алып, онан əрi европалық ғылымға ықпал еттi. Европа арабтардан фарфор, қағаз, оқ дəрi, магниттiк бағыттағыш (теңiзде жүзу iсiне орасан зор ықпалын тигiзген) сияқты нəрселердi бiлдi. И.Гердер адамзат мəдениетiнiң дамуын XIV ғасырдың соңына дейiн ғана қарастырды.

Алайда бұл оның əлемдiк ғылымға қосқан үлесiн кемiтпейдi. Оның мəдениет концепциясы мəдениет теориясы мен тарихтың кейiнгi дамуына үлкен ықпалын тигiздi. Оның гуманизмiнiң философиялық негiзiадамзат прогресi туралы iлiмi болды. Қоғамның жоғары өрлеуiн ол гумандылық деп атайды. Жəне адамзаттың бүкiл тарихы – оның өзi “абыройды, ақыл-ойды, еркiндiктi, жоғары ұмтылыстар мен мақсатты, күш пен

денсаулықты тəрбиелеу” деп түсiнген гумандылыққа тезiрек жетуге ұмтылған жарыс. Немiс философы Карл Ясперс (1888-1969) өзiнiң бiрқатар жұмыстарында

(“Уақыттың рухани ахуалы”, “Тарихтың бастаулары мен оның мақсаты”) əлемдiк мəденитарихи процестiң өзiндiк интерпретациясын (түсiндiрмесiн) баяндады. Оқшау мəдениеттер мен өркениеттер теориясын салыстырғанда, Ясперс адамзаттың шығу тегi мен даму жолы бiртұтас деп тұжырымдайды. Тарихтың шынайы мəнi – адамда адамзаттылықтың қалыптасуы, өйткенi “тарихи мүмкiндiктердiң шегi адам болмысының тұңғиығында орналасқан”. Жəне адамның əлемде толық аяқталуы мүмкiн емес, “себебi, адам үнемi

өзiнiң шегiнен шығуға ұмтылатын жан болып табылады”. Ол адамның нақтылығы ретiндегi

тарих көп жағдайда рухани факторлармен анықталады деп сенедi. Философ христиандық iлiмнiң түрi өзгерген картинасы болып табылатын тарихтың линиялық схемасына назар аударады. Алайда Ясперс бұл схемаға өзiнiң философиялық жəне дүниетанымдық қондырғыларымен байланысты өзгерiстер енгiзедi. Оның пiкiнше, “Əлемдiк тарихтың белдеуi” тек Христiң пайда болуымен анықталмауы тиiс, өйткенi ол тек христиандар үшiн ғана маңызды жəне бүкiл адамзатты қамти алмайды. Бiрақ ол христиандықтан да,

исламнан да тарихи дəстүрлерi тереңде əрi ертеректе жатқан философиялық жалпы

адамзаттық сенiмдi жариялайды. Философиялық сенiмнiң пайда болу уақыты ғана “əлемдiк тарихтың белдеуi”, “белдеулi дəуiр” болып табылады. Бұл уақыт қазiргi адамның

типiн қалыптастырған рухани дəстүрлердiң Қытайда, Үндiстанда, Персияда, Палестина мен Ежелгi Грецияда бiр мезгiлде, яғни б.з.д. 800-200 жылдар аралығындағы пайда болу

кезеңi. “Белдеулiк дəуiр”- ғұрыптық табынушылықа тəн мифологиялық сана мен пұтқа табынушылықтың орнына жаңа əлемдiк дiндер мен философияның келген уақыты. Бұл

дəуiр адамның əлемге жəне өзiне деген жаңа қатынасын қалыптастырды: өзiнiң өткiншiлiгiн, өз өмiрiнiң жұтаңдығын сезiну, трагедиялық күнə алдындағы шарасыздық. Бұл əсiресе грек трагедиялары мен ертееврей пайғамбарларының уағыздарынан айқын көрiнедi. “Адамзат болмысының бұл жалпы өзгерiсiн рухтану деп атауға болады… адам ендi өзiне тұйықталмайды. Адам өз-өзiн қаперiне алмайды, сондықтан жаңа шексiз

мүмкiндiктер үшiн ашық”, - деп тұжырымдайды К. Ясперс. Рухтың осы оянуымен ол осы

уақытқа дейiн оқшау өзара байланыссыз мəдениеттерге бөлiнiп келген адамзаттың жалпы тарихын осы кезден бастап санауды ұсынады. Демек, халықтар арасындағы нағыз

байланыс рулық та, табиғи да емес, рухани байланыс болып табылады.

Осылайша, Ясперс бүкiл тарихи прогрестi тарихқа дейiн жəне бүкiлəлемдiк тарих деп бөледi. Ол əлемдiк тарихтың схемасы мынадай төрт кезеңнен көрiнедi: тарихқа дейiн, ерте мəдениеттер, “белдеулiк уақыт” кезеңi жəне техника ғасыры. Тарихқа дейiнгi кезең - “прометей дəуiрi”- адамның қалыптасу кезеңi: тiлдiң, еңбек құралдарының пайда болуы, отты пайдалануды үйрену. Онан кейiн “жүздеген мыңжылдықтарға созылған тарихқа

дейiнгi кезеңнiң қараңғы тұңғиығынан” б.з.д. 5 мыңжылдықтан бастап, Мессопатамияда, Мысырда, Инд жəне Хуанхэ аңғарларында ерте заманның ұлы мəдениеттерi пайда болады. “Белдеулiк уақыт”- тарихтағы шалт бұрылыс. “Белдеулiк дəуiрдiң” негiзiн даярлаған ежелгi заманның ұлы мəдениеттерi жойылады. Жаңа дəуiр тарихи тұрғыда барлығын қамтиды. Бұл дəуiрдiң идеясын қабылдамаған халықтар, К.Ясперстiң пiкiрiнше, тарихтан тыс, табиғи өмiр сүру деңгейiнде қалып қояды. “Белдеулiк дəуiр”- əлемдiк тарихтың өзiнiң тарихқа дейiнгi өткенiне жəне жалпыəлемдiк мəдениеттiң болашақ

дамуына жол сiлтейтiн өзiндiк нүкте. Ясперс адамзат тарихтың нағыз негiзiн тудыруға қабiлеттi жаңа “белдеулiк уақытқа” келуi де мүмкiн деген болжам айтады.

4.7. Эстетикалық мəдениет

Эстетикалық мəдениет өзiнiң көпқабаттылығымен сипатталатын күрделi құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мəдениетiнiң iлгерiлмелi

дамуы əлеуметтiк прогрестiң маңызды белгiсi болып табылады. Өзiнiң консерватизмiмен ерекшеленетiн кейбiр дəстүрлi мəдениеттердiң өмiр сүруiнiң өзi тоқыраудың белгiсiн көрсетедi. Мұндай мəдениеттер, əдетте, декоративтi формаларды, қолөнер бұйымдарын ғұрыптық, көркем безендiрудi, тұрғын үйдiң интерьерiн жəне т.б. кеңейтiлген түрiнде емес, жай ғана қайта өндiрiп қоюмен шектеледi. Мəдениеттануда соңғы жылдары мəдениеттiң белгiлi бiр құбылысы мен көрiнiстерiн рухани немесе материалдық мəдениет салаларына жатқызудың өлшемi неде деген мəселеге байланысты пiкiрталас толастамай келедi. Бiздiң ойымызша, эстетикалық мəдениет саласы өзiнiң құрамына материалдық мəдениетке де, рухани мəдениетке де қатысты нəрселердi енгiзедi. Бұл мағынада эстетикалық мəдениеттiң универсалдылығы айдан анық.

Эстетикалық мəдениеттiң қабаттары көп жағдайларда субъекттiң рухани күш-жiгерiн пайдалану негiзiнде де, əрекеттiң практикалық тəжiрибесiн, шеберлiгiн қолдану нəтижесiнде құралады. Оның үстiне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды жəне т.б.қолдануды талап етуi мүмкiн. Тiптi музыкант немесе суретшi өз ойын жеткiзу үшiн техникалық құралдарға жүгiнедi. Адамзат өнерi мен талантының шығармасын қалыптастыруда не нəрсенiң мəндi рөл атқаратынын бiлу маңызды. Бұл үшiн дарындылықтың, эстетикалықтың қажет екендiгi айдан анық. Алайда, эстетикалық мəдениет құбылысының рухани немесе материалдық мəдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен бұл құбылыстың бiр рет табылған шешiмдi немесе шаблонды қайта көшiруi емес, оның қаншалықты мөлшердегi нағыз шығармашылықты бiлдiретiндiгiне көңiл аудару қажет.

Өнер адамзаттың өмiрқамының ең ертедегi формаларының бiрi болып табылады. Алайда бүгiнде өмiрдiң дəстүрлi түсiнiгi қайта қарастыруды қажет етедi. Өйткенi өнер

еңбектiң, моральдың, дiннiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн əрекет түрлерiнен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердiң ненi бiлдiретiнiн ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзiнiң еңбегiнде өнер терминiнiң қазiргi тiлде екi мағынада – кең жəне тар мағыналарында қолданылатынын айтады (Культурология: курс лекций. Алматы, 1994). Өзiнiң кең мағынасында өнер адамының барлық шығармашылық жасампаз əрекетiн бiлдiредi жəне бұл мағынада өндiрiс те, тiптi дiн де өнердiң формалары ғана

болып табылады. Əсiресе осы мағынасында ол ежелгi грек тiлiн де көбiрек қолданылады:

орыстың “искусство” деген терминiмен аударылатын “poiesis” сөзi ежелгi гректерде “бiлiм”, “туынды”, “сана” ұғымдарын де бiлдiредi. Адамның əрекетiмен байланысты жəне осы əрекеттiң өнiмi болып табылатын барлық нəрселер “poicsisia” - адамзат саласына жатқызылады жəне ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – “Physis’y” қарсы қойылады. Өзiнiң тар мағынасында өнер əртүрлi формалардағы көркем шығармашылықтың нəтижелерi мен процестерi (бейнелеу өнерi, музыка, поэзия жəне т.б.) болып табылады.

Дəл осы мағынасы қазiргi əлемде негiзгi болып табылады жəне бiз де оны осы мəнде

қарастырамыз.

Жекелеген ғылымдар жəне рухани, практикалық əрекеттiң салалары əлемнiң əртүрлi

қырларын игередi, тұлғаның белгiлi бiр қырларының қалыптасуына жағдай жасайды жəне соған сəйкес белгiлi бiр мəдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол əлемдi

өзiнiң тұтастығында қабылдаудың кепiлi, адамзаттың өмiрлiк тəжiрибесi мен мəдениетiнiң тұтастығын сақтаушы. Өнердiң бұл бүкiлəлемдiк-тарихи мақсаты адамзат дамуының

барлық этаптары үшiн қажеттiлiгi мен құндылығын қамтамасыз ететiн оның полифукнционалдылығын (көп қызметтiлiгiн) тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барлық функцияларының дерлiк өз “дублерлары” (қосалқылары) бар: өнер – бұл таным, алайда əлемдi танытатын ғылым да бар; өнер-тəрбие, бiрақ бұл мəселемен айналысатын педагогика бар: өнер – тiл жəне

ақпарат құралы, бiрақ онымен қатар табиғи тiл мен ақпарат құралдары да өмiр сүредi;

өнер - əрекет, бiрақ еңбек - əлемдi өзгертушi адамның əрекеттiк мəнi көрiнiсiнiң ең басты формасы. Алайда өнер адам əрекетiнiң бiрде-бiр формасын алмастыра алмайды, өйткенi

ол əрбiр əрекеттi ерекше үлгiлейдi. Бұл ерекшелiктi түсiнудiң кiлтi ешнəрсенi де көшiрумен айналыспайтын, көркемдiк əрекеттiң ерекше пререгативасы болып табыладын өнердiң эстетикалық жəне гедонистiк функцияларында.

Ерте кездiң өзiнде-ақ өнердiң көңiлдi көтере отырып, үйрететiндiгi белгiлi едi. Өнердi

қабылдау мен көркем шығармашылық процесi барысында адамның лəззат алуы мен эстетикалық ықпал етуi арқасында оның тəрбиелiк əсерi де, ақпарат алу да, тану да, тəжiрибе алмасу да, əлем жағдайын талдау да, шаттану мен шабыттану да жүзеге асады. Адамның жаратылысы өнердiң ерекшелiгiн анықтайды.

Өнер қоғамдық адамның нақты өмiрлiк тəжiрибесiн тереңдету, кеңейту үшiн өмiрдi өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол – адам өмiрқамының бейнелiк үлгiсi. Өнер тұлғаны өзiнiң бүкiл көпқырлығында жəне тұтастығында қайта жаратады, оның өмiрлiк жəне көркемдiк тəжiрибесiмен өзара əрекеттесе отырып, адамның əрекетi мен санасының барлық құрылымына əсер етедi. Көркемдiк шығармашылықта диалектикалық өзара əрекет барысында бейнелiк ойлаудың құрылымын айқындайтын тұлға - ұлт – адамзат сияқты

əлеуметтiк бастаулар қиылысады.

Өнер өзiнiң аудиториясына тұлғалық формаға көркемдiк идеяларды еге отырып, оқырмандарды, көрермендердi, тыңдармандарды тартады. Жəне осыдан көркемдiк идеялардың инвариантты көпшiлiгi туындайды: бiр ғана көркем идея əркiмде əртүрлi қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудiң деңгейi ғана əртүрлi. Өнерде болса иеленудiң деңгейi де, мазмұны да əртүрлi: көркемдiк шығармада берiлген əлеуметтiктарихи тəжiрибенi адам өзiнiң индивидуалдық аснасына көшiредi, нəтижесiнде көтерiлген мəселелер мен нақтылыққа деген оның жəне тұлғалық қатынасы қалыптасады.

Өнерде тек суретткердiң тұлғасы ғана таңбаланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшiн маңызды қажеттi, тұрақты нəрселердi бейнелей отырып, ол оған тұлғалық форма бередi, яғни əлемдi өзi арқылы ашады. Осылайша, суреткер халықты

өзiнiң өмiрлiк тəжiрибесiн иеленуге мəжбүрлейдi. Өнердiң ұлттық ерекшелiгi автордың көркемдiк ойлауының ерекшелiгiнен көрiнедi. Өнердiң төлтумалығын ашудың кiлтi де

осында. Бейнелiк (образдық) ойлаудың əртүрлi ұлттық құрылымдарында сезiмдер, бояулар, белгiлер алмасуының эмоционалдық алгоритмдерi де əртүрлi. Өнердегi ұлттық ерекшелiктiң дəл анықтамасын Н.В.Гоголь бередi: “…нағыз ұлтжандылық сарафаны (алжапқышты) сипаттауда емес, халықтың рухының өзiнде. Ақын, тiптi, мүлде бөтен əлемдi сипаттаған кезде де ұлтжанды бола алады, ол оған өзiнiң ұлттық стихиясының, өз халқының көзiмен қарайды, өз отандастары қалай сезiнiп жəне сөйлейтiндей етiп, сезiнедi

жəне сезiнедi жəне сөйлейдi. (Шығыс жинағы.,1953, т.6. 34-бет).

Ұлттық өмiрлiк-тарихи жəне көркем тəжiрибе өз қайталануында да қайталанбайды. Ол халықтар бiртұтас қоғамдық заңдар бойынша өмiр сүрiп, жасампаздықпен айналысқандықтан қайталанады. Ол жалпы заңдардың əрбiр халықтың тарихында өзiнiң индивидуалдық өзгешелiгiмен көрiнгендiктен қайталанбайды. Əрбiрр халықтың өнерi ұлттық пен жалпы адамзаттықтың осы диалектикасын бере алады. Нағыз жоғары өнердегi ұлтжандылықпен тұтастығы арқылы көрiнедi. Суреткердiң ұлттық алғышартпен

сипатталатын санасы белгiлi бiр əлеуметтiк мүдделерге сай сынған күйiнде жалпы

адамзаттылықты бейнелейдi. Бұл ұлы туындылардың өз жаратушыларының тарихи шектеулi щеңберiнен тысқа шығып, ғасырлар бойы өз құндылығын сақтауға, өзге

құндылықтың бағдардағы жаңа дəуiр адамдарының санасына еркiн кiруге мүмкiндiк бередi.

Əлемге деген құндылықты қатынас түрлерiнiң бiрi эстетикалық қатынас болып табылады. Əсемдiк пен тұрпайылық, асқақтық пен таяздық, трагедиялық пен

комедиялықты өнер мен нақтылықтың қасиеттерiн бағалау мен тануды бiлдiредi. Бұл бағалау құндылықтық мəнге ие эстетикалық қатынастың объектiн игерудiң жалғыз мүмкiн болатын тəсiлi болып табылады. Табиғатты эстетикалық игеру процесiнде адам табиғибиологиялық та, əлеуметтiк те жан болып есептеледi. Жəне табиғатта оған оның физиологиялық өмiрқамы үшiн қажеттi нəрсе ғана бағалы емес, оның əлеуметтiк

болмысымен байланысты нəрселер де құнды. Өйткенi адам табиғатты өз өмiрiмен, өз

қайғысы жəне қуанышымен пайымдай отырып, оны адамдандырады.

Ақындар, суретшiлер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесiмдiлiк iздейдi.

Жəне үйлесiмдiлiктегi, ырғақтағы, мақсаттылықтағы, заңдылықтың көрiнiсiндегi эстетикалық құндылықты терiске шығаруға болмайды. Мəселе оның ненi бiлдiретiндiгiнде. Үйлесiмдiлiк – бұл аулантүрлiлiктiң тұтастығы, өзiнше құндылық емес, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзiнде үйлесiмдiлiк те, ырғақ та, тепе-теңдiлiк те

заңды өмiр сүредi. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшiн маңыздылығы

– бұл адамзат мəдениетiнiң құбылысы.

Эстетикалық құндылықтардың категориялдық талдауын эстетикалықтың мазмұнының өзiнен бастаған дұрыс. Эстетикалықтың аксиолологиялық түсiндiрiлуi эстетикалық құндылықтардың нақты формаларын қарастырудың бастапқы позициясы ретiнде қызмет атқарады. Эстетикалық - бұл əсемдiкке, тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа жəне өзге де өнер мен өмiрдiң сипаттамаларына тəн жалпылықты бйнелейтiн эстетиканың ең кең жəне фундаменталды категориясы.

Эстетикалықтың ең жоғарғы көрiнiсi өнердiң кейпiне енетiн əсемдiк болып табылады.

Демек, əсемдiк – бұл “адам” туралы ұғымдардың бiрi, өмiрдiң барлық күрделiлiгi мен тереңдiгiн қамтитын оның анықтамаларының бiрi. Тек нақты өмiрдi ғана емес, əсiресе тарихтың өтпелi кезеңдерiнде өзi тудырған өмiрлiк əлемнiң шеңберiнен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмiрдi де қамтиды. Əсемдiк эстетикалық құндылық ретiнде адамзат мəдениетiнiң тарихында, ең алдымен антикалық философияда терең теориялық тұрғыда талданған едi.

Софистердiң бiзге дейiн жеткен шығармаларының көпшiлiгi эстетикалық мəселелерге арналған. Мысалы, “ Dialexeis“ деп аталатын трактатты алуға болады. Бұл шығарманың алты тарауының екiншiсi “сұлулық пен тұрпайылық” мəселесiне арналған: “Əсемдiк пен тұрпайылық туралы екi жақты пiкiрлер айтылады. Бiреулер оны өз атаулары

көрсетiп тұрғандай əсемдiк басқа, тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесiлерi əсемдiк те, тұрпайылық та бiр деп есептейдi. Мен болсам былайша пайымдаймын.

Əшекейлермен безену, иiссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшiн – тұрпайы, ал əйел үшiн - əсем. Достарыңа жақсылық жасау - əсем, ал жауларына – тұрпайы. Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгiру - əсем. Достарың мен азаматтарды өлтiру – тұрпайы, ал дұшпандарды өлтiру - əдемi. Жəне барлығы да осылай… Менiң ойымша, егер бiреу адамдарға барлық тұрпайы нəрселердi бiр жерге жинауға бұйрық берiп (əркiмнiң өз қалауы бойынша) жəне осы үйiндiден əркiм өзiнше əсем деп есептейтiн

нəрселерiңдi алыңдар деп бұйырса, онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап

əкетер едi, өйткенi адамдар əртүрлi ойлайды (Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. М., 1974, 16-17 беттер). Бұл мəтiн софистердiң əсемдiктiң салыстырмалы сипатын мойындағанын бiлдiредi. Əсемдiк орынның, уақыттың жəне мақсаттың шарттарымен байланысты ғана өмiр сүредi. Нəрсе бiр қатынасында əсем болса, екiншiсiнде тұрпайы.

Əсемдiктiң мəнi туралы осыған ұқсас ойлар кейiнгi ғасырларда да айтылды. V

ғасырда (Византия), XV ғасырда (Испания), ХХ ғасырда (АҚШ) айтылған бiрнеше

аксиологиялық пiкiрлердi келтiрейiк. Дионисий Ареопагит: “Əсемдiк дегенiмiз барлық əсемдiк сияқты үнемi мəндi, бiрдей əсем, сонымен бiрге ерекше əсем, пайда болмайтын жəне жойылмайтын… Өз-өзiнде жəне өз өзiмен келiсiмiнде ол бүкiл əсемдiктiң терең сұлулығын сəулелендiрiп тұратын əрқашанда тұтас бейнелi əсемдiк”. Леоне Эрео: “Тəн

үйлесiмдiлiгi, адам тəнiнiң үйлесiмдiлiгi немесе өнердегi үйлесiмдiлiк əлемдiк рухта да үстемдiк ететiн үйлесiмдiлiк пен тұтастықтың бейнесi болып табылады. Бұл үйлесiмдiлiк

əлемдiк рухтың бейнесi, өйткенi əлемдiк рухтағы реттелген тұтастық пен формалардың тəртiбi сияқты бұл да үйлесiмдi үндестiк жəне тəртiптен құралады, үйлесiмдi əндегi, насихатты ой-толғау немесе өлеңдердегi дыбыстардың тəртiбiн естудiң нəтижесiнде бiздiң рухымыз онда бейнеленген əлемдiк рухтың үйлесiмдiлiгi мен үндестiгiне қуанады”. Дж. Сантаяна: “…Сұлулық … идеалдың көрiнiсi, құдiреттi парасаттың символы болып

табылады”.

Жаңа заманда əсемдiктiң құндылықтық мəнi Гегельдiң эстетикалық еңбектерiнде қарастырылған. Эстетикалық құбылысты Гегель танымның диалектикалық методы

позициясынан қарастырады. Эстетиканың маңызды категориясы - əсемдiктiң мəнiне берген оның анықтамасы терең диалектикалылығымен ерекшеленедi. Əсемдiк идеяның сыртқы болмыспен нақты бiрлiгiнiң сезiмдiк құбылысы ретiнде, ұғым мен нақтылықтың, сыртқы форма мен iшкi мазмұнның тұтастығы ретiнде көрiнедi. Əсемдiктiң осы

түсiндiрмесiне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы iлiмiн дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесi арасындағы арақатынасқа байланысты өнер формаларының қалай өзгеретiнiн көрсетедi. Гегель əсемдiктiң мынадай анықтамасын бередi: “Əсемдiктiң мəнiне сəйкес, əсем объектiде оның ұғымы, мақсаты жəне жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзiнен туындайтын сыртқы айқындылығы, алуан түрлiлiгi мен нақтылығы да көрiнуi тиiс. Бiз жоғарыда айтқандай, əдемi зат нағыз мəн мен ұғымның жəне белгiлi сыртқы болмыстың имманенттi тұтастығы жəне келiсiмi ретiнде ғана шынайы… Ұғым мен құбылыс арасындағы келiсiм олардың толық өзара бiр-бiрiне енуiн бiлдiредi. Сондықтан сыртқы форма мен образ сыртқы материалдан ажыратылған болып қалмайды… оның ұғымына сəйкес нақтылықтың өзiне тəн тəнкристалданған форма болып

табылады” (Эстетика в 4т. т.1.М.,1968, 123-бет.)

Эстетикалық құндылық ретiндегi əсемдiктi философтар ғана емес, көркем сөздiң өкiлдерi де зерттедi. Өнертанымдық əдебиеттерде өнердi түсiнудiң бастапқы алғышарты ретiнде, əдетте, Н.Г. Чернышевскийдiң мынадай белгiлi түсiндiрмесiн келтiредi: “Əсемдiк бұл өмiр… өз ұғымдарымыз бойынша өмiрдi қалай көрсек, онда ол нəрсе де əдемi; өзiнде өмiрдi көрсететiн жəне бiзге өмiр туралы ескертетiн зат əсем” (Избранные эстетические произведения. М., 1978, 68-бет).

Қанша дегенмен де əсемдiктiң аксиологиялық талдануы мəдениеттанымдық жəне эстетикалық дискурс шеңберiнде жемiстi нəтижелер бередi. Ю. Борев əсемдiктiң барлық алуан түрлiлiгiн бiрнеше парадигмаларға жiктейдi. Бiрiншi парадигма (Платон, Тертуллиан, Фома Аквинский, Франциск Ассизский, Гегель); əсемдiк нақты заттар мен

құбылыстардағы таңба немесе құдайдың (немесе абсолюттiк идеяның) кепiлi. Екiншi парадигма: нақтылық эстетикалық тұрғыда бейтарап, оның сұлулығының көзi – индивидтiң

жанында (Т.Липпм, Ш.Лало, Э.Мейман), ол адамның рухани байлылығының нақтылыққа “көшiрiлуiнiң” (Н.Гартман), “қарызға берiлуiнiң” (Б.Кроче) нəтижесiнде пайда болады: сұлулық субъекттiң затты интернационалды (бағытталған, белсендi, “пайымдалған”) қабылдауының нəтижесi (феноменология). Үшiншi парадигма (Сократ, Аристотель, Н.Г.Чернышевский): əсемдiк өмiр қаситтерiнiң адаммен, оның практикалық қажеттiлiктерi, оның идеалдары мен əсем өмiр туралы көзқарастарымен немесе сұлулықтың өлшемi

ретiндегi арақатынасының нəтижесi. Төртiншi парадигма (француз материалистерi):

əсемдiк салмақ, түс, форма жəне т.б. сияқты табиғат құбылыстарының кəдуiлгi қасиеттерi болып табылады.

Кез келген құбылыстың əсемдiкке ие болуы оның өзiнiң толық сезiмдiк-нақты тұтастығында қоғамдық-адами құндылық ретiнде көрiнуiмен, тұлғаның үйлесiмдi дамуына жағдай жасауымен, адамзаттың барлық жақсы қабiлеттерi мен күш-жiгерiнiң iске асуына мүмкiндiк беруiмен, адамның нақты болмыста бекiтiлуi жəне оның еркiндiгiн кеңейтуге

ықпал етуiмен байланысты болады. Сондықтан сұлулық эстетикалық идеалды бекiте

жəне байыта отырып, адам бойында қуаныш, сүйiспеншiлiк, еркiндiк сезiмдерiн ұялатады. Асқақтық - бұл өзiнiң ерекше мағыналылығымен жəне құдыреттiлiгiмен өзгешеленген

əсемдiктi сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да кейбiр асқақ құбылыстардың формалары өзiнiң сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан шаттанудың, шабыттанудың,

ерекше танданудың қоздырушы сезiмдерiн оятады. Əлемнiң шексiздiгi мен мəңгiлiгi, табиғат пен адамның iшкi күш-қуатының құдiретi, əлемдi игерудiң шексiз мүмкiндiктерi -

мұның барлығы асқақтықты (эстетикалық категория ретiнде) бейнелейдi.

Егер əсемдiк пен асқақтық эстетикалық құндылықтардың бейнелерi болса, онда тұрпайылық пен таяздық оның антиподтары болып табылады. Тұрпайылық пен таяздық əсемдiк пен асқақтыққа қарсы ұғымдар. Аксиологияда, жоғарыда айтылғандай, “кұндылық” ұғымының көлемiне қатысты бiржақты қалыптасқан пiкiр жоқ. Кейбiр авторлардың

пiкiрiнше, құндылықтар тек жағымды белгiлермен ғана болмайды, жағымсыз құндылық

ретiнде оның жағымсыз белгiсi де болады. Əрине, құндылықтарды жағымды жəне жағымсыз деп бөле салуға да болар едi, алайда бұл терминнiң қоғамда қалыптасқан

дəстүрлi түсiнiгi “құндылық” ұғымының тек жағымды мағынасын ғана қабылдайды, өйткенi құндылық - бұл құны бар, жағымды нəрсе деген сөз. Мұнан шығатын қорытынды: құндылықтың қатынастар шеңберiндегi жағымсыз мағынаға ие заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды “антиқұндылық” терминiмен белгiлеуге болады. Демек, бiр-бiрiне қарсы

тұрған əсемдiк пен тұрпайылық - бұл эстетикалық құндылық жəне антиқұндылық. Жиiркенiштiлiк – асқақтықтың үнемi сыртқы сұлулығы бола бермейтiнi секiлдi, бұл да

кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан антиқұндылықты бiлдiредi. Жиiркенiштiлiк өте жағымсыз құндылық ретiнде сипатталады. Тұрпайылықты ең түркi шегi болып табылады. Бұл адамның еркiне толық бағына қоймаған, олар үшiн қауiп-қатер тұрғызатын жағымсыз, құпия, жасырын күштер. Егер адамзат өз қоғамдық қатынастарын игермесе, онда ол үлкен қасiреттердiң көзiне айналып кетуi мүмкiн. Осындай қаһарлы қатерлерге қатысты барлық құбылыстар – фашизм, тирания, соғыс жəне т.б. адамдар жиiркенiштi қабылдайды. Жиiркенiштiлiкпен тұрпайылық тығыз байланысты.

Тұрпайылық керi итерсе, əсемдiк өзiнiң бiр көрiнiсiмен баурап алады. Тұрпайылық -

бұл дисгармония, патология, iшкi байлығы, жарығы, рухы жоқ бос нəрсе, бiрақ ол адамзатқа қауiп-қатер төндiрмейдi, өйткенi бұл заттардағы күштердi адамдар игерген.

Трагедиялық пен комедиялық құндылықтар мен антиқұндылықтардың күресi процесiнде қалыптасқан күштердiң күрделi қиюласуы нəтижесiнде пайда болады. Трагедиялық - бұл өзiне дұшпан күштермен кұресте қасiретке немесе өлiмге ұшырайтын оқығаның немесе əлеуметтiк қоғамның, құбылыстың, адамның эстетикалық құндылықтарының бекiтiлуi: Қасiреттiң, өлiмнiң өзi қүндылық болып саналмайды, бiрақ солар арқылы құндылық бекiтiледi. Трагедиялық эмоция – бұл эстетикалық-адамгершiлiк тұрғыда “тазалайтын”, рухани шынықтыратын, ондағы ашылған сұлулыққа жақындастыратын терең қайғы мен жоғары шаттықтың қосындысы. Трагедияның адамға əсерiн кезiнде Аристотель “катарсис” – тазалану деп атаған болатын.

Комедиялық та құндылық пен антиқұндылықтың қайшылығының нəтижесi. Өйткенi комедиялықтың мəнi қайшылықта. Комедиялық қарама-қарсы тұрудың, контрастың,

айырылудың нəтижесi, тұрпайылық пен əсемдiктiң, жиiркенiштiк пен асқақтықтың, жалған мен ақиқаттың, аңғалдық пен ақылдылықтың жəне т.б. Комедиялық - бұл ақырында антиқұндылық болып шығатын адамдар мен құбылыстардың өзiн-өзi айқындап қоюы, оның нағыз құндылықтық мағынасын аңғару. Комедиялықты эстетикалық күйде қабылдау адам бойында күлкi, əжуа туғызады. Адамдар қандай да бiр ақымақтықтың мəнiн оның шынайы құндылығын бейсаналы түрде салыстыра отырып, өзiнiң бағалау қабiлетiне орай

келеке етедi. Комедиялықта ұлтшылдық ерекшелiк бар, бiрақ сонымен бiрге жалпы

адамзаттық белгiлердi де аңғару қиын емес. Əлеуметтiк дамудың жалпы заңдылықтарына орай бiр құбылысты барлық халықтар да бiрдей күлкiге айналдыра алады.

Сезiмдер мəдениетiнiң саласы ретiнде эстетикалық құндылықтар сезiмге iсер ете отырып, адамның рухани əлемiнiң маңызды бөлiгiне айналады. Өйткенi сезiмдер адамның ақыл-ойына ықпал етiп қана қоймай, көбiне оның алғышарты да бола алады. Эстетикалық құндылықтардың жаратылысын қарастыру барысында, оның мынадай көзқарасы қалыптасады. Эстетикалық құндылықтар қоршаған нақтылыққа деген эмоционалды-

бағалаушы-сезiмдiк реакцияны сипаттай отырып, рухани келiсiмнiң бiр бөлiгiн бiлдiредi. Эмоция – бұл адамды қозғайтын, тоқтататын, рационалды анықтауға бағынбайтын

сезiмдердiң сыртқа шығарылуы.

Өнер өзiнiң нақты түрлерiнде өмiр сүредi: əдебиет, театр, живопись (сұңғат), мүсiн,

би, əн, графика (сызба), сəулет, қолданбалы жəне декоративтi өнер, цирк, көркем фотография, кино, теледидар. Өнердiң түрлерге бөлiну принципi – нақтылықтың

эстетикалық байлығына сүйенетiн, əлемдi көркемдiк игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерiнiң алуан түрлiлiгi. Адамзаттың əлемдiк-тарихи практикасының негiзiнде, адамдардың еңбек əрекетi процесiнде адамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезiмдерi, оның əуездi құлағы, форманың сұлулығын көретiн көзi, сұлулықпен шабыттану қабiлеттерi дамыды.

Сазгер табиғаттың картинасын естiп қабылдайды, ал суретшi сол картинаны

дыбыспен емес, көрумен қабылдайды, формалардың сұлулығынан, линиялардың, жарық пен көлеңкенiң ойынынан лəззат алады. Тек бiр ғана зат – адамға жақын табиғат өмiрiн

суретшi де, музыкант та бiрдей қабылдағанымен, ол өнердiң əрқайсысы бөлек түрлерiнде əртүрлi қырымен бейнеленедi. Бiрақ, нəтижесiнде тек сол нақтылық қана бейнеленедi жəне қабылданады.

Өнердiң дамуы үшiн оның əрқайсысының өз ерекшелiктерiне орай бөлiнуiмен қатар,

əрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара əрекетi де маңызды ықпал етедi. Өнер түрлерiнiң бiрiгуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерiнiң арнайы ерекшелiктерiн сақтай отырып, адамзаттың көркемдiк мəдениетiне, əлемдiк эстетикалық игеруге жаңа, өзгеше үлестерiн қосып отырады. Өнердiң алуан түрлiлiгi əлемдi өзiнiң күрделi жəне бай күйiнде эстетикалық тұрғыда игеруге мүмкiндiк бередi. Басты немесе екiншi деңгейдегi өнер түрлерi жоқ. Бiрақ əрбiр түрдiң өнердiң өзге түрлерiмен салыстарғанда əлсiз жəне басым тұстары бар.

Қолданбалы өнер. Көркем шығармашылықтың ең ежелгi жəне қазiргi күнi де дамып отырған түрлерiнiң бiрi - қолданбалы өнер. Ол сұлулық заңдарына сəйкес құрылған тұрмыс жабдықтарында iске асады. Бұл тек пайдалы заттар ғана емес, оның

қолданылуын бiлдiретiн көркемдiк бейнесi (образы) бар əдемi заттар болып та есептеледi. Бiздi қоршаған заттар, бiздiң тұрмысымызды, күнделiктi өмiрiмiзде қажеттiлiктерiмiздi өтейтiн заттар өнердiң шыңына дейiн көтерiлуi мүмкiн. Қолданбалы өнер өзiнiң табиғаты жағынан ұлтжанды, ол халықтың əдет-ғұрпынан, салт-дəстүрiнен, наным-сенiмдерiнен туындап, оның өндiрiстiк əрекетiне, тұрмысына жақын болады. Қолданбалы өнердiң туындылары өзiнiң қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседi. Бұл оны жаратушы – суретшiнiң, қолөнершiнiң бүкiл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар. Жаңа заманда өндiрiстiң дамуы заводтық тəсiлдiң енуiне орай туындаған жаратушының индивидуалдылығының белгiсiн өшiре бастады. Бiрақ өнеркəсiпке суретшiнiң келуiмен дизайн дамуы басталды.

Сəулет өнерi (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейiн, ендi

оның тұрағы үңгiр немесе ұя емес, эстетикалық кейiпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сəулет өнерiне айналды. Архитектура (грекше architektoh - құрылысшы) –

адамның тұрғын үйге жəне қоғамдық орынға деген қажеттiлiгiн өтеуге негiзделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында нақтылықтың сұлулық заңы бойынша қалыптасуы. Сəулет өнерi табиғаттан бөлек, стихиялық ортаға қарсы тұратын жəне адамдарға өздерiнiң материалдық жəне рухани қажеттiлiктерiне орай адамдарға кеңiстiктi пайдалануға мүмкiндiк беретiн тұйық утилитарлыкөркем игерiлген əлем. М.В.Ломоносов бұл өнердiң ерекшелiгiн анықтай отырып ,былай деп жазды: “Сəулет

өнерi күш-жiгерiн жинақтап, зəулiм ағаштар мен зiл-батпан тастарды бағындыра отырып,

мекен етуге қолайлы, көз тоймайтын əдемi, ұзақ уақытқа шыдайтын берiк ғимараттар соғады” (Шығ. тол. жин., Л.,1959,т.8,808-бет.). Сəулет өнерiнiң арқасында “екiншi табиғаттың” құрамдас бөлiгi – адам еңбегiнiң арқасында дүниеге келген жəне оның өмiрi мен əрекетi сонда өтетiн материалдық орта пайда болады.

Живопись (сұңғат өнерi). Живопись өнердiң ең ежелгi түрлерiнiң бiрiне жатады. Живопись өзiнiң қазiргi түсiнiгiнде жазудың бiр түрi ретiнде қарастырылады. Өзiнiң не iстегенiн жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға əуел бастан-ақ тəн.

Алғашқы қауымдық адамның жартасқа салған суреттерi осыны дəлелдейдi. “Живописьтi өз ерекшелiгiнде ұғыну үшiн, бiз оның ең маңызды элементi – түстi назарға алуымыз

керек. Живопись түстi жазу немесе жазу мен түстiң синтезi болып табылады. Живописьтiң толық анықтамасын алу үшiн түс пен жазуға сызықты (линияны) қосуымыз керек:

живопись – сызуы бар түстi жазу. Осылайша жазу, түс жəне сызу жинақталып живописьтiң мəнiн құрайды” (Нұржанов Б.Ғ. Культурология: курс лекции. 77-бет.).Түстi, суреттi,

коммуникацияны, бояуды пайдалана отырып живопись табиғаттың, адамның өмiрi мен əлеуметтiк процестер туралы кең көзқарасты бiлдiрiп, нақтылықтың колориттi байлығын, оның кеңiстiктiлiгi мен материалистiлiгiн бейнелейдi. Материалдардың (түс пен сызу) белгiлi бiр бояушы пигменттердi таңдау нəтижесiнде олардың қолдану техникасының жəне оларды байланыстырушыларының (май, желiм т.б) жиынтығы живопистiң

əртүрлiлiгiн тудырады: майлы живопись, сылақтағы живопись (фреска) жəне т.б.

Көрерменге терең эмоциялық əсерiн тигiзетiн живопистегi жанрлар (тарихи, тұрмыстық, пейзаж, портрет, натюрморт) мен түрлердiң (монументалды-декоративтi, станокты

живопись немесе картина, икон жазу, панорама жəне диаграмма) адамдардың рухани мəдениетiнiң, дүниетанымының қалыптасуына ықпал етедi.

Мүсiн өнерi (скульптура.) Мүсiн өнерi— құбылыстардың өмiрлiк бейнесiн бере алатын, материалдарда таңбаланатын, əлемдi пластикалық образдарда игеретiн кеңiстiктiк-

бейнелеушi өнер. Мүсiндiк туындыларды мрамор, гранит жəне басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен жабыстырады. Жұмсақ материалдар уақытша деп есептеледi, олармен жұмыс барысында онан ары сақталу үшiн қоладан, шойыннан құю көзделедi. Адам мүсiн өнерiнiң жалғыз болмағанымен ең басты обьектi. Анималистер жанурлардың бейнесiн сомдайды. Дөңгелек мүсiн адамды қоршаған ортаның бөлшектерiн ғана бейнелейдi. Мүсiннiң барьелеф жəне горельеф сияқты түрлерi живопиське, графикаға жақындайды.

Əдебиет. Əдебиет əлемдi көркем сөзбен игередi. Оның саласына табиғи жəне коғамдық құбылыстар, iрi əлеуметтiк катаклизмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмiрi, оның сезiмдерi енедi. Барлық адамзаттық тiлмен байланысты жəне

тiлге қатысты бар нəрсе адамға тəн. Халық тудырған тiл бүкiл тəжiрибенi өзiне жинақтайды жəне ойлау формасына айналады. “Тiлдер – бұл жылнамалар үзiндiлерiнде сақталмаған тарихи мəлiметтердiң қоймасы, тiлдер – бұл өртенбейтiн, жанбайтын, шайылмайтын, идеология ықпалына берiлмейтiн архив. Ата-бабалардың сансыз ұрпақ алмасуларынан бiзге қалған басты интеллектуалдық мұра” (О.Сүлейменов. Язык письма. Алматы-Рим, 1998, 203-бет.). Тiл қалыптасуының тарихи процесiнiң өзi əлемдi ассоциативтi қабылдауға, нақтылықты көркем бейнелеуге дайындады. Əдебиет өзiнiң əртүрлi жанрларында əрекеттi драмалық тұрғыда қайта қалпына келтiру арқылы, оқиғаларды этикалық тұрғыда баяндау арқылы немесе адамның iшкi əлемiн лирикалық тұрғыда ашу арқылы осы материалдарды қамтиды.

Театр. Театр - əлемдi драмалық əрекет арқылы көркемдiк тұрғыда игеретiн, оны

актерлар көрерменнiң көз алдында iске асыратын өнер түрi. Театрдың негiзi – драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына живописьтi, мүсiн өнерiн, кейде сəулет

өнерiн (декорация), кейде кино, музыка, би өнерлерiн де енгiзедi. Театр өнерiнiң синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшiнiң, сазгердiң, актердiң шығармашылық күш-жiгерлерi бiрiктiрiледi. Театрдағы көркемдiк бейненiң “құрылыс материалы” – тiрi адам, актер. Драматург пен режиссердiң ойы актер арқылы iске асады. Ол сахнадағы барлық нəрсеге театралдылық бередi. Сахнада бөлменiң интерьерiн, пейзажды, қала көшесiнiң кейпiн дəл беруге болады,

алайда, егер актер өзiнiң сахналық əрекетiмен шындықты тiрiлтпесе, бұл декорацияның

бəрi өлi бутафория болып қала бередi. Жəне, керiсiнше, актер пъесаның iс-əрекетiне сай жағдай мен ортадағы адамның бейнесiн дəл, толық бере алса, қоршаған ортаның ең жалпы деген белгiлерiнiң өзi (мысалы, Шекспир театрындағы сияқты,“бақ”, “дала” немесе “сарай” жазулары бар тақтайшаларға дейiн) театралдық өмiрмен бiте қайнасып кетедi. Тетрдың маңыздылығының ерекшелiгi, мұнда шығармашылық акт (бейненi сомдау)

көрерменнiң көз алдында жүзеге асады. Осыған байланысты театр аудиторияға əсер

етудiң орасан зор мүмкiншiлiгiне ие болады. Кинода көрермен шығармашылықтың

нəтижесiн көрсе, ал театрда процестiң өзiн көрсетедi. Спектакльдiң ең басты ерекшелiгiнiң кiлтi осында. Өйткенi театр – бұл ең алдымен актердiң көрерменмен тiрi байланысы, аудиторияның көз алдындағы щығармашылық.

Эстетикалық мəдениеттiң маңызы мен əлеуметтiк рөлiн қарстырғанда оның

жетiстiктерiн өнер, фольклор, сəулет өнерi жəне т.б. шығармаларының деңгейi мен көлемiне əкелiп тiреу жеткiлiксiз болар едi. Бұл жерде мəдениеттiң, оның iшiнде

эстетикалық мəдениеттiң маңызды функциялар атқаратындығын естен шығармау керек.

Бұл түсiнiк бiзге эстетикалық мəдениеттi бүтiндей қабылдаудың бағдарын бередi. Мұндай

қабылдаудың негiзiн эстетикалық мəдениет құбылыстары мен айғақтарын “заттандыру мен затсыздандыру” процесiнiң тұтастығы концепциясы құрайды. Бұл концепцияның қарапайым мəнiн эстетикалық сала құбылыстарының деңгейi, саласы ретiнде ғана емес,

эстетикалық мəдениет дамуының өлшемi болып табылатын берiлген қоғамдағы оның

сұраныс деңгейi ретiнде де көрiнедi.

Батыстың жəне Шығыстың дəстүрлi мəдениеттерiне ұқсамайтын өзге халықтар мен

ұлттардың өзiндiк эстетикалық мəдениетi мен төлтума дамуы болғандығын ескеру қажет. Мысалы Тынық мұхит аймақтарының социумдары, кейбiр солтүстiк тайпалар, австралиялық аборигендер жəне т. б. осыған мысал бола алады. Бұл тұрғыдан алғанда Ю.Бромлейдiң өз дəстүрiнiң тұйықтылығымен, консервативтiлiгiмен, қатаңдығымен

сипатталатын мəдениеттердiң ерекшелiгi туралы ойы көңiлге қонымды. Кез келген сыртқы ықпалға деген тосқауыл, тұрақтылық, қарапайым қайта өндiруге ұмтылу – олардың жалпы ерекшелiгi. Мəдениетте үш саланы (немесе қабатты) бөлiп алуға болады: материалды, рухани жəне көркем. Сонымен бiрге көркем мəдениет (немесе өнер) өнерге бағытталған бүкiл əрекеттiң барлық түрлерiн жинақтап, дербес сала қалыптастыру қабiлетiне ие. Эстетикалық мəдениет жалпы мəдениет емес, ол ұлтжанды, жалпы универсалды феноменнiң модификациясы ғана емес. Қай халық болмасын, өзiнiң рухани əлемiнiң байлығына қарамастан өзiнiң ұлт жанды əлемiн сақтайды. Ол белгiлi бiр кеңiстiктiкуақыттық ортада пайда болады, оның мəнi мен мүддесiн бiлдiредi. Ол осынысымен құдыреттi жəне сонымен бiрге шектеулi. Оның үстiне онда жетiстiктер өзектi

мəселелермен, мазасызықтармен қатар өмiр сүредi. Сондықтан ол өзiндiк, өмiр сүруге қабiлеттi өзге көркемдiк əлемдермен байланысқа түсуге тəуелдi.

Көркем мəдениеттiң өзегiне енген адам əрекетiнiң бiр қырын бiлдiретiн мəдениет құбылыстарының жекелеген бөлiктерiн - мəдениет салалары, ал оларды құрайтын топтарды - мəдениет аймақтары деп атауға болады. Адам əрекетiнiң негiзiнде оның қажеттiлiктерiн жiктеу нəтижесiнде пайда болған топтарды-мəдениет түрлерi деп атайды. Құрылымдық түзiлiм ретiнде қарастырылатын эстетикалық мəдениет əрекет түрлерiнiң жүйесi сияқты түрде көрiнуi мүмкiн, алайда бұл эстетикалық мəдениеттi өнерге ғана, көркемдiк мəдениетке ғана əкелiп тiреудi бiлдiрмейдi. Көркемдiк мəдениет эстетикалық мəдениет обьективациясының бiр түрiн ғана бiлдiредi.

Көркем абстракциядағы адамзаттың алғашқы қадамдары көркемдiк бейнелердi

“заттандырумен” байланысты болды. Эстетикалық бастаудың бұл көрiнiсiн ерте заманғы фольклормен қатар, тұрмыс жабдықтарынан, киiмнен, тұтынатын заттардан жəне т.б.

аңғаруға болады. Көркемдiк парасаттың жетiлген түрлерi кейiнiрек пайда болады. Жəне қолданбалы өнердiң қарапайым технологиясын игерген дамыған қоғамда ғана əсемдiктiң негiзi ретiндегi эстетикалық идеал пiсiп-жетiледi.

Өнер туындысының жоғары көркемдiк белгiсi ретiнде жаратушының бұл көркем туындыны алуан түрлi əлеуметтiк маңызды мазмұнымен толтыруы саналады. “Форма мен мазмұнның тұтастығы осыдан көрiнедi. Ертедегi эпостардың өзiнде-ақ, гректiң “Илиада

мен Одиссеясында”, қазақтың “Қобыланды батыры” мен “Алпамысында” жалпы түрiктiң

“Көрұғлысында”, қырғыздың “Манасында” этикалық мəн мен мазмұн əсем сұлулық пен күш-жiгердiң жарқын көркемдiк бейнелерiмен тұтастықта көрiнедi.

Өнер дамуының онан кейiнгi жолы жалпылықты бiрiктiрудiң жолдары мен құралдарын iздестiрумен, нақтылықты индивиуалдық тұрғыда қайта өңдеумен байланысты болды. Бiздiң ойымызша ұлттық өнердiң диалектикасы қоғамдық байланыстар мен процестердiң күрделiленуiне, əлеуметтiк өзгерiстерге орай осыған дейiн

болған формалар - символдар мен белгiлер туралы көзқарастардың күресiмен

сипатталады. Бұл ғұрыптың поэзия белгiлерiнiң сипатын зерттеген Д.Фрезердiң еңбектерiнде айқын көрiнедi. Кез-келген күнтiзбелiк немесе отбасылық тұрмыстық ғұрып

фольклорлық күнтiзбелiк жəне отбасылық-ғұрыптық поэзия сияқты белгiлер мен символдарға толы. Қазiргi халықтық санада ғұрыптың əлеуметтiк-практикалық, нақты-

экзистенциалды жəне эстетикалық белгiлерi арасындағы терең байланыстар жойылған. Алайда ұлттық поэзияның атмосферасын эмоционалдық қабылдаумен оңай аулауға

болады.

Белгiлi бiр ұлттық эстетикалық мəдениеттiң бiрте-бiрте қалыптасуы ғасырлар бойына созылатын ұзақ процесс. Алайда бұл мəдениеттiң қалыптасуы оның көптеген белгiсiз жаратушыларының эстетикалық əрекетiнiң нəтижесi екендiгiн ескеруiмiз қажет. Тұрмысық қатынастың эстетикалық элементтерiнiң, ұлттық əдет-ғұрыптармен қатар, көркем

шығармашылықтың кейбiр салаларының негiзiн қалаушылардың атын бiз атай алмаймыз.

Халықтар мен ұлттардың эстетикалық санасы қоғамда қалыптасқан эстетикалық көзқарастардың, арнайы дəстүрлердiң негiзiнде құралады. Жалпы мəдениет сияқты