- •Молодежного общественного объединения
- •«Alpha-Семипалатинск»
- •1. Общие положения
- •2. Предмет и цели деятельности «объединения»
- •4.3.Председатель:
- •5.3.Прибыль, полученная от деятельности «Объединения», не может перераспределяться между членами «Объединения», а направляется на уставные цели.
- •6. Права и обязанности членов «объединения». Порядок приобретения и утраты членства
- •2. «Бірлестіктің» мақсаттары және қызмет түрі
- •Председатель общественного объединения _______________________
- •1. Жалпы ережелер
- •3.«Бірлестіктің» ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жағдайы және қызметін жүзеге асыру аумағы
- •Қалыптасу ережелері, басқарушы органдардың өкілеттік мерзімі мен құзіреті, «бірлестіктің» үздіксіз қызмет жасайтын басқарушы органының тұрғылықты орыны
- •5. «Бірлестік» мүлкінің және қаражатының кіріс көздері, «бірлестік» пен оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлікке иелік ету құқы
- •5.3. «Бірлестік» жұмысынан кірген кіріс «Бірлестік» мүшелері арасында бөліске түспейді, жарғылық мақсаттарға бағытталады.
- •6. «Бірлестік» мүшелерінің құқы мен міндеттері. Мүшелікке қабылдану және шығарылу.
- •6.2. Бірлестік мүшелері
- •6.3. «Бірлестік» мүшелері
- •7. Бірлестік жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ережесі
- •Есеп және есептілік
- •9.«Бірлестік» жұмысын тарату және қайта құру тәртібі. Жабылған жағдайдағы бірлестік мүлкінің тағдыры.
- •Қоғамдық бірлестіктің төрағасы _______________________ Выписка из
- •«Alpha-Семипалатинск»
- •Повестка дня:
- •Выступил:
- •Постановили:
- •Заявление о государственной (учетной) регистрации юридического лица, филиала (представительства)
- •«Alpha - Семипалатинск» г. Семей «03» июня 2011 г.
- •Повестка дня:
- •По первому вопросу:
- •Постановили:
5. «Бірлестік» мүлкінің және қаражатының кіріс көздері, «бірлестік» пен оның құрылымдық бөлімшелерінің мүлікке иелік ету құқы
5.1. «Бірлестік» мүлкінің ақшалай немесе басқа да кіріс көздері заңнамалық актілерге сәйкес қаражаттан құралады:
- құрылтайшылардан түскен қаржы (қатысушылар мен мүшелерінен);
- ерікті жарна мен қайырымдылықтан түскен;
- заңнамалық негізде анықталған қызмет көрсету мен жұмыс түрлерінен, тауар таратудан түскен түсім (кіріс);
- дивидендтер (табыс, акция, облигация, басқа да құнды қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы);
басқа да заңнамалық актілер шектеу қоймайтын түсімдер.
5.2. «Бірлестік» қаржысы:
- жарғылық мақсаттарға;
- келісімшарт міндеттері бойынша төлеуге;
- «Бірлестік» қызметіне байланысты шығындарға жұмсалады.
5.3. «Бірлестік» жұмысынан кірген кіріс «Бірлестік» мүшелері арасында бөліске түспейді, жарғылық мақсаттарға бағытталады.
5.4. «Бірлестік» шотындағы мүлік, қаржы «Бірлестіктің» меншігі болып табылады.
Филиал немесе өкілдіктің мүлкі «Бірлестік» балансында да, жеке баланста да саналады. Филиал (өкілдік) өз қызметін «Бірлестік» атынан жүзеге асырады. Өз филиалының (өкілдігінің) жұмысына «Бірлестік» жауапты.
Филиал өзіне бекітілген қаражатты «Бірлестіктің» жарғылық мақсаттарына сәйкес берілген құқық шеңберінде жұмсай алады.
5.5. «Бірлестік» Қазақстан Республикасы заңнамалары мен «Бірлестік» жарғысы беретін құзіреттік шегінде жұмыс атқаратын басқарушы органдары арқылы міндеттеме ала алады және құқыққа ие болады.
«Бірлестік» жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген төмендегідей құқыққа ие:
өз жұмысы жөнінде еркін ақпарат беруге;
сотта, мемлекеттік органдар және басқа қоғамдық бірлестіктер алдында өз мүшелерінің заңды мүддесіне өкілдік етуге және қорғауға құқылы.
бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
жиналыс, митинг, шеру өткізуге, пикетке шығуға;
баспа жұмысын жүзеге асыруға;
халықаралық үкіметтік емес, коммерциялық емес бірлестіктерге енуге;
- бекітілген заңнамалық негізде банктерден есеп шот ашуға;
-ұйымның атауы мемлекеттік және орыс тілінде толық жазылған бланкілер, мөр және мөртабанға (штамп) ие болуға;
-меншігіне бөлек мүлік, өзіндік баланс пен смета алуға;
-мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік құқыққа ие болуға, жүзеге асыруға;
-заңнамалық актілермен қарастырылмаған борлса, басқа заңды тұлға құруға;
-филиал және өкілдіктер ашуға;
-одақ пен ассоциация құрамына енуге, сондай-ақ, олардың қызметіне араласуға;
-қаражатты жарғыда бекітілген мақсаттарды жүзеге асыруға пайдалануға;
9) сотқа шағымдануға және жауапкер болуға;
-«Бірлестік» Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттікті орындай алады.
«Бірлестік» міндетті:
-Қазақстан Республикасы Заңнамалары мен жарғымен бекітілген нормаларды сақтауға;
-өз мүшелерінің қызығушылықтары мен құқықтарына қатысты құжаттармен және шешімдермен танысуларына мүмкіндік жасауға;
-өз мүшелерін қаржылық кіріс-шығыс жөнінен хабардар етіп отыруға;
-тіркеуші органды бірыңғай мемлекеттік тіркеуге енетін басқарушы органның тұрағы ауысқан жағдайда және жетекшілері жөніндегі мәліметтерден хабардар етіп отыруға;
- бюджетке бекітілген негізде слық және басқа да төлемдерді төлеп тұруға;
- өзіне тиесілі мүлікке байланысты міндеттемелері бойынша жауап беруге;
- ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік алып жүруге.
