- •К.Байсейтова .
- •Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз. Күләш Байсейітова.
- •Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз;
- •Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар:
- •1. Сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар.
- •2. Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар. Сыдық Мұхамеджанов.
- •2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар. Ғазиза Жұбанова.
- •3. Мәтіннің мазмұнына қатысты сұраулы сөйлемдер жазыңыздар.
- •6. Сұхбаттарды аударыңыз. Толымды, толымсыз сөйлемдерді табыңыз.
- •7. Жақты, жақсыз сөйлемдерді бағаналарға бөліп жазыңыздар.
- •5. Төмендегі сөйлемдерден атаулы сөйлемді табыңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Сөйлем құраңыз.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бастауыштың құрамын анықтаңыз.
- •1.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
- •2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:
- •2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
- •3. Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •4. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.
- •5. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.
- •VII сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары.
- •1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер?
- •2. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар және дұрыс аудармасын табыңыздар:
- •4. Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз:
- •5. Сөйлемдердің екінші жұбын дұрыс тауып, аяқтаңыздар, оларды аударыңыздар:
- •7. Сұхбаттағы орыс тіліндегі сөйлемдерді аударыңыз. Пысықтауышты табыңыз.
- •VIII сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Ақан сері.
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
- •4. Пысықтауыштарды қай сөз табынан екенін айтыңыз.
- •IX сабақ. Ән және қазақ даласының бұлбұлдары. Әміре Қашаубаев.
- •1. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыздар.
- •2.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар: Әміре Қашаубаев.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
- •4. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •2. Мәтінге сұрақтар құрыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.
- •4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз.
- •5. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз
- •6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз, құрмалас түріне ажыратыңыз.
- •7. Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.
- •8. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
- •9. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.
- •XI сабақ. Астана қаласындағы өнер ошақтары:
- •Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.
- •6. Үлгі бойыша екі жай сөйлемді пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құраңыздар.
- •7. Төмендегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
- •XII сабақ. Қазақтың тұңғыш операсы тарихынан.
- •1. Жаңа сөздермен танысыңыз, есте сақтаңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз және жауап беріңіз.
- •4. Мына жай сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.
- •5 . Жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіз.
- •6. Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің мәнін, құрылымдық ерекшелігін, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.
- •7. Оқыңыз. Сөйлемдерді қажетті алайда, біресе, және, де, бірақ
- •XIII сабақ.
- •1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
- •6. Берілген сөздерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.
- •XIV сабақ. М.Мақатаев.
- •Диологты оқып, өзара сөйлесіңдер.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз және дұрыс құраңыздар:
- •4.Өлеңді түсініп оқып жаттап алыңыздар.
- •6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар;
- •7. Мәтінді оқыңыздар, аударыңздар.
- •9. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •10. Қазақ тіліне аударыңыз.
- •1. Мәтінді аударыңыз, мәнерлеп оқыңыз.
- •Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Мәтінді пайдалан отырып, көп нүктенің орнын толтырыңдар.
4. Қазақ тіліне аударыңыз.
Талантливый актер, известный политик, аккуратный коллега, опытный специалист, знающий экономист, культурный человек, воспитанный студент, неопытный служащий, собранный студент, известный ученый, бесполезная работа, безработный человек, исполнительный начальник.
5. Тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1. Елтаңбаның негізгі бояуы - ... түстес.
2. Қазақстан Республикасындағы ... тіл – қазақ тілі.
3. ... ауа райы құбылмалы келеді.
4. Төле би - ... жүздің бас биі болыпты.
5. Менің ... үлкен, жаңа үйі бар.
6. Олар ... тауға қарай кетті.
7. Білім – адам үшін ең ... іс.
8. Әрбір баланың ... анасы, ... әкесі болады.
Керекті сөздер: мемлекеттік, биік, достарымның, Ұлы, тауда, туған, бағалы, алтын.
6. Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.
1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.
7. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыздар. Мәтіннен жанама толықтауышты теріп жазыңыздар.
Ана тілі
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, газет-журналдар, радио-теледидар мен кинотеатрдан үйреніп, ана тілін тереңірек білеміз. Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі тыныс құралымыз. Әр халықтың басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көргені, білгені жайлы ұғымдар, ойы, сезімі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.Әр адам өз ойын ана тілінде жақсы білідіріп, өз шығармасын ана тілінде жақсы жазады.
Ана тілін жақсы білмей сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Ана тілінің байлығын молынан пайдалана білмеген адам шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды.
! Сұрақтарға жауап беріп, соңынан мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
1. Ана тілі кімнің тілі?
2. Біз ана тілін қалай біле бастаймыз?
3. Тіл қандай құрал?
4. Тіл арқылы атадан балаға не қалады?
5. Ұлт тілін кім жасайды?
Х сабақ. Астана қаласындағы өнер ошақтары:
К.Байсейтова атындағы опера және балет театры.
Жаңа сөздер:
Мазұмын – содержание
сапа – качество
өзгеріс – изменение
тұсау кесу – премеьера
аяғынан тік тұру – поставить работу
тәжірибе жинақтау – набраться опыта
кеңінен танымал – широко известный
бедел – авторитет
жоспар – план
даңқты шебер – известный мастер
көрнекті – видный
зор үміт арту – возлагать большие надежды
1.Мәтінді оқып, аударыңыз.
Елімізде бүгінде классикалық өнер мазұмынды және сапалы өзгерістерді бастан кешіруде. К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театры 2000 жылы 6 шілдеде «Біржан-Сара» операсымен тұсауын кесті. Театрдың дамуына күш-жігерін салып жүрген директоры Төлеубек Нығметұлы Әлпиев.
Театрдың симфониялық оркестрінде 89 музыкант бар. Хордың құрамы 65 адамнан тұрады. Балет труппасы 55 бишіні біріктіріп отыр.
Театрдың репертуары ай санап толығып келеді. «Травиата», «Аққу айдыны», «Вальпургий түні», «Кармен-сюита» Астана сахынасының көркі болып отыр.
К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының бірінші жұмыс маусымы 2000 жылдың 14 қазанында үш прьемерамен ашылды. Олар: М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», П.Чайковскийдің «Аққу айдыны», Д.Вердидің «Травиатасы». Жас театрдың алғашқы маусымының ашылуына Қазақстан мен Ресейдің көрнекті шеберлері шақырылды. Олар: Ресейдің халық артисі, Үлкен театрдың дирижері Фуат Мансұров, Ресейдің халық артисі Үлкен театрдің әншісі Ахмет Агади, көпшілікке танымал балетмейстер Заурбек Райбаев және дирижер Абзал Мұхитдинов. Даңқты шеберлер қатарында өнерде бірінші қадам жасап жатқан жігерлі жастарымыз баршылық, Ол жас хормейстері - Ержан Дәуітов. Еңбек жолын Қазақ ұлттық музыка академиясынан бастап, ер балалар хорын ұйымдастырып, хор дирижерілік факультетінде жұмыс істеген және тәжірибе жинақтаған маман.Театрдағы балет пен хордың құрамында музыка академиясының түлектері бар. «Асыл-тастан, ақыл-жастан» демекші, Астана операсы мен балет өнерінің келешегі жастардың қолында.
