Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_bilety2.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
54 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақтың атақты билері.

Төле би Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.) Қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Ол-қазақтың Тәуке, Болаи, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі. Шыққан тегі-Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руы.

Қазыбек би Келдібеқұлы (1667-1763ж.ж.) Сырдария өңірінде туған. Ол-қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешн,Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушыларының Қаракесек руы.

Әйтеке би Байбекұлы (1689-1766 ж.ж.) Өзбекстан, Қазбибі твуы, Қызылша мекенінде туылған. Ол-қазақтың Тәуке,Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

  1. Салалас құрмалас сөйлемдер.

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып. Құрамындағы жай сөйлемдері екі түрлі жолмен байланысады:

а)Құрамындағы жай сөйлемдері көбін жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

б)Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар:

1)Ыңғайлас-бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді. Жалғаулықтар:да,де,та,те,және,әрі;

2)Қарсылықты-жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Жалғ.:бірақ, дегенмен, сонда да, әйтсе де, алайда;

3)Себеп-салдар-жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді. Жалғ.:өйткені, себебі, сондықтан.

4)Кезектес-іс-қимылдың кезектесіп келетінің білдіреді. Жалғ.:бірде, біресе, кейде;

5)Талғаулы-жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады. Жалғ.:не, немесе, әлде, яки, әйтпесе, не(я) болмаса;

6)Түсіндірмелі-соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады. Жалғаулығы жоқ.

  1. Берілген сөздерге антоним тап, сөйлем құрастыр:

шашу-жинау; жауап-сұрақ; бері-әрі; іздеу-табу.

14-билет

  1. Еліміздің Ата Заңы.

1993 жыл, 28 қантар-Қазақстан Республиқасының тұңғыш Конституциясы қабылдаңған күн. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ата Заңда ҚР-сы азаматтарының құқықтары, міндеттері, бастандықтары бекітілген. Олардың өмір сүруге, еңбек етуге, оқұға, білім алуға, емделуге, демалуға құқықтары бар.Отанын сүйіп, қорғау, қызмет ету, еңбек ету, т.б міндеттері бар. Конституция-ең негізгі заң.

15-билет

  1. Жеті жарғы.

Жеті жарғы -17 ғ. аяғы мен 18 ғ. басында қалыптасқан қазақ құқықтарының жиынтығы. Өмірге әкелген-Тәуке хан мен оның билері. Бұл заң Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп аталды. Онда 7 бап бар: 1-жарғы- көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. 2-жарғы- түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. 3-жарғы- мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. 4-жарғы-өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзғандарға өлім жазасы бұйырылсын. 5-жарғы- өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлікті ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. 6-жарғы-төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегі мүліктей күн төленсін.

7-жарғы- ұрланған жылқы, өзге де құнды мүліктер үшін он есе артық айып төленсін.

16-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]