Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

№10.1 Қасиетті апостолдар петр мен павел шіркеуі

Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша қала 1766 жылы қасиетті апостолдар Петр пен Павелдың құрметіне салынған шіркеудің атымен аталды. Кейін ағаш шіркеуді халық бұзып алып кеткендіктен, 1831 жылы тастан жаңа шіркеу тұрғызылды. Өкінішке орай, бірінші шіркеу Кеңес Одағы кезінде жойылып кетті. Тек қабырғаның төменгі бөлігі ғана қалған.

№10.2 МЕШІТ

Бір қабатты мешіттің қабырғасын 1890 жылдың аяғында Валит Янгузаров қалай бастады. Кеңес үкіметі кезінде бұл ғимараттың мұнарасын қиратып, спорт мектебі ретінде пайдаланған. 1991 жылы қалалық кеңестің шешімімен аталған ғимарат Петропавл мұсылман қауымына қайтарылды. Қазіргі кезде ол қалпына келтіріліп, діни ғимарат қызметін атқарады. Ғимарат тарихи құндылық болып табылатындықтан, 1994 жылдың наурыз айынан бастап діни архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.

№10.3 ҚАРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

1999 жылы Қарасай мен Ағынтай батырлар жерленген жерге мемориалдық кешен орнатылды.

Архитекторлары – Б.Ибраев, С.Ағынтаев.

Алтынайұлы Қарасай – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).

Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы.

Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған уақыты еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орнаққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай мен Ағынтай батырлар да болған.

1643 жылы жоңғарларға қарсы соғыста Қарасай батыр 3 мың қолымен қатысып, асқан ерлік көрсеткен. Соған орай Сүйінбай жыраудың:

Қарасай халқы үшін атқа мінді,

Шыдамай жауыздыққа неше түрлі, - дейтіні, немесе:

Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,

Қалмақ қашты баласын, малын тастап.

Әйеліне қарауға шамасы жоқ,

Келіп еді баста жерді ластап, - деп Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігін сипаттайды.

№10.4 Преснов бекінісі

1755 жылы қаланып, 1844 жылы қатардағы бекіністер қатарына қосылған. 1740 жылы Орта жүз қазақтарына ықпалын күшейте түскен патшалық Ресей 1752 жылы 28 ақпанда шекараны ішке қарай жылжыта түсіп, оған бекіністер орнатып, арасына қорғандар салуға бұйрық шығарды. Сонда, батыс бөліктегі жаңа тізбек бойындағы бір қамалды екі байланысқан тұщы көлдің біріне орнату керек болды.

Сөйтіп, аталған қамалды тұрғызу 1755 жылы аяқталды. 1768 жылы Ресейдің батыс-сібір шекарасындағы шиеленіскен саяси жағдайға байланысты бекіністі күшейту үшін қайта құру жұмысы жүргізілді.

Бекіністің айналасына биіктігі 3 метр болатын дуал үйілді. Бекіністің ішінде шіркеу, штаб үйі, казармалар мен қоймалар болды.

№10.5 АБАЙ-ПУШКИН ЕСКЕРТКІШІ

Абай және Пушкин ескерткіші Павлодар қаласының орталығында орналасқан. Салтанатты ашылу рәсімі 2006 жылы тәуелсіздік күні өтті. Ашылу салтанатына көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты. Мүсіндерді жасау үшін 1 жыл уақыт қажет болды. Арнайы конкурс жарияланып, жеңісті мүсінші – Қазбек Сатыбалдин, архитектор – Сұлтан Баймағамбетов пен Валерий Затай жеңіп алды. Мүсіндер қоладан құйылды. Мүсіндер композициясы өмір ағашымен толықтырылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 7,5 метрді құрайды.

№10.6 «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ

«Абылай ханның Резиденциясы» кешені 2008 жылы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Зерттеушілердің айтуы бойынша осы кешен орналасқан жерге 1965 жылы Екатерина ІІ патшайымы Абылай ханға арнап үй тұрғызған. Патшалы Ресей осындай әдіспен дала халқының билеушілерін өздеріне тартқан. Бізге жеткен деректерге қарасақ, үй ағаштан тұрғызылған. Осы мұражай кешені еліміздің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына кірді. Кешенді қалпына келтіру жұмыстарына 4 млн қаражат жұмсалды.

№10.7 «БИОХИМ» ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІ

Біздің облысымызда осы за­манғы биотехникалық орта­лық, ТМД көлеміндегі биоэта­нол өндіретін бірден-бір кәсіп­орын – “Биохим” өндірістік кешені құрылды. “Биохим” ке­шені – би­дайдан бастап, әлем­дік рынокта сұранысқа ие және осы заманғы өнім – био­эта­лонға дейін өндіретін кластерлік дамудың классикалық үлгісі. «Биохим» өндірістік кешені облыстағы индустриалды аграрлы өндірістіктің бағдарламасына кірген нысан болып табылады. Құрамында екі элеватор бар.

«Биохим» өндірістік кешені облыстағы индустриалды аграрлы өндірістіктің бағдарламасына кірген нысан болып табылады. Құрамында екі элеватор бар.

№10.8 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ

1909 жылы Алексей Юзефович атты саудагер салған ағаш үй. Үлкен үй 2 қабаттан, балконнан және шатыр терезесінен тұрады. Осы үй 1985 жылы шығармашылық өнер мұражайына берілді. Мұражайға айналмай тұрып кешенді Кеңес өкіметі әртүрлі мекемелерге берген болатын.

№10.9 «ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР

Н.Погодин атындағы драма театры орналасқан жерде 1965 жылы жазда православтық шіркеу орналасқан. Вознесенск кафедралды соборының алғашқы түсі қызыл болды. Ақ түспен бояуға өткен ғасырда рұқсат бермеді. 1930 жылы шіркеуді жою туралы шешім шықты. 1999 жылы Вознесенск соборына ұқсатып 19 шағын ауданына қайтадан жаңғыртылып, тұрғызылды. Шіркеу 6 жыл бойы тұрғызылды. Құрылыс қаражаты қарапайым халықтан шықты.

Шіркеуде 6 шіркеу қоңырауы орналасқан. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 640 кг. Шіркеу қоңыраулары арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Орал қаласында жасалынды. 2005 жылы шіркеудің құрылыс жұмыстары аяқталып, халыққа қолдануға берілді.

№10.10 «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

Петропавл қаласында орналасқан екі қабатты мешіт. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында салынған мешіт қайта жаңғыртуды қажет етті. Петропавл тұрғындарының өтініші бойынша Мира мен Кәрім Сутюшев көшелерінің қиылысында жаңа мешіттің құрылысы 2001 жылы басталды. Мешіт Солтүстік Қазақстан мұсылмандарының қаражатына тұрғызылды. Мешіттің жалпы биіктігі – 28 метр, ауданы – 500 шаршы метр. Екі үлкен залы бар. Оған 500 ер азамат пен 200 әйел сияды. Сонымен қатар 200 орындық асханасы бар. Неке қию залына 200 адам сияды. Мешіт кейінгі үлгіде салынып, 2005 жылы қараша айында халыққа берілді.