Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға

таңғыш қою арқылы қорғау.

Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.

Асептика  жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйсетін затта микроб болмау тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Антисептикажараға түскен бактерияларды,микроорганизмдердің

өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуледе өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрідәрмекті қолдануға негізделген. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттан құралуы мүмкін.

Биологиялық аитисептиктер жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

Жарақатқа таңғыш қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу материалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин (ағаш мақта), кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады.

Пакетті пайдалану ережесі:

 резиналы жамылғының шетін тілігі бойынша ашу;

 алдымен бүгілген жерден түйреуішті алып қағаз тысты ашады;

 таңғыш материалды жастықшаның ішкі жағына, яғни жараға қойылған жоғарғы бетіне қол тигізбей жазады;

 егер жара тесіп өткен болса жастықшаның бірін аузына, ал екіншісін астыңғы саңылауға қояды. Бұдан кейін екі жастықшаны да орап дәкінің шетін түйреуішпен түйрейді.

26 Сурет. Жеке таңғыш пакеті

Алғашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттер: қанның кетуін тоқтату, жараны ластану мен жұқтырудан қорғау, қан кеткен кезде пайда болатын ауруларды ескертуге бағытталған шараларды жүргізу.

Жарақаттанудан кейінгі алғашқы сәтте қанның кетуі айрықшша қауіпті, сондықтан да кезкелген ықтимал әдіспен қанды тоқтатуға тырысу керек. Болмашы жараларға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны мүмкіндігінше ыстық сумен, ал бар болса сутегі тотығымен шаяды. Бұдан кейін сыдырылған жерге йод немесе тотыяйын, яғни зеленка жағады. Үлкен жараны йодпен шаюға болмайды.

Инфекцияның жараға өтуін тоқтататын ең қарапайым әдіс оны өз уақытында таңып тастау. Таңғыш жараның тазалануына ықпал етеді, жараға енген микробтарды сорып алады.

Таңғышты ораған кезде міндетті түрде негізгі ережелерді ұстану керек. Таңған кезде жанға қатты батпау үшін, дененің зақымдалған бөлігін ұстап тұру керек. Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта ұстап, сол қолмен таңғышты ұстап, оның қыртысын жазып отыру керек. Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай орайды. Таңғышты оның қан айналымын бұзбау үшін аса қатты байламау керек. Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде, бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын ауыртпай және жараны зақымдамай оның бетін ашу қажет. Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған жағындағы киімді шешеді.

Зардап шегушілерді емдеу мекемесіне жеткізу кезінде оған қосымша зақымдар мен жанын қиналтпау үшін нақты ережелер мен талаптарды қатаң сақтау керек. Жарақатына байланысты әр түрлі жолмен тасымалдайды:

 басы, омыртқасы және аяққолдары жарақаттанған есі бар зардап шегушілерді арқасымен шалқасынан жатқызып тасымалдайды, іші ашық жарақаттанған және жамбас сүйектері сынған болса, шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салады;

 талықсу кезінде шалқасынан, басын денесінен төмен салақтатып, аяғын биіктеу көтеріп алып жүреді;

 омыртқа зақымданғанда және адам есін білмегенде зардап шегушіні екбетінен жатқызады;

 кеуде клеткалары және жыныс мүшелері зақымданған кезде жартылай отырғызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салып алып жүреді.