- •Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық
- •Басуға ұсынған
- •Қазақ тілінің ерекшелігі
- •Фонетика
- •Дыбыстардың саралануы
- •Үндестік заңы
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
- •Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Сәлем – сөздің атасы
- •2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- •3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
- •4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
- •Есте сақтаңыз!
- •5. Мәтінге сүйеніп өз туыстарыңыз туралы (олар сізге кім болып келетінін) айтып беріңіз.
- •Білім – байлығымыз
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •4. Жалқы зат есімді табыңыз:
- •5. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Өлеңді жаттап алыңыз:
- •Септіктер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •1) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •3) Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
- •Етістіктің түрлері
- •Ғалам және ғасыр
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Студент – болашақ басшы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстан Республикасының Үкімет құрылымы
- •Тапсырмаларды орындаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2) Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3) Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.
- •Өткен шақ
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Етістіктің райлары
- •Мамандық
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сын есімнің шырайлары
- •Кім көшбасшы болғысы келеді ?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Басшы келбеті
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Сан есімнің түрлері
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Қазақстанның қазба байлығы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Анамның асыл қасиеті
- •Қазақ – қонақжай халық
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •5) Әнді жаттап алыңыз.
- •Ұлттық теңге – дербес елдіктің дәлелі.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Әр елдің ақшалары жайлы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Қазақстан – егеменді ел
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тақырып: Қазақстан Республикасы.
- •Қазақстан Республикасы
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Еліктеу сөздер
- •Септеулік шылаулар
- •Жалғаулық шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Көмекші есімдер
- •Модаль сөздер
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Мазмұны
Ұлттық байлық дегеніміз не?
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле батады.
Экономикалық әдебиеттерде ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.
Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі. Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын, барлығының да ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады. Ал Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй т.б. ұлттық байлық болып саналады.
Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оның ғалымдар ең құндысын рет-ретімен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.
Сонымен, ұлттық байлыққа не жатады?
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
а) мемлекет аймағындағы ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы;
ә) табиғат және жер асты байлығы;
б) әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
*
- Мәтіндегі жаңа сөз, сөз тіркестерімен танысып, олармен сөйлем құраңыз.
- Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз.
- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
- Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.
**
- Мәтіндегі таныс емес сөздер және сөз тіркестерімен сөздік құраңыз.
- Мәтіндегі негізгі қағидаларды табыңыз.
- Мәтінді қысқаша мазмұндап беріңіз.
- «Ұлттық» сөзімен сөз тіркестерін құрап, мағынасын талдаңыз.
***
- Мәтінге деген өз пікіріңізді, ойыңызды негіздеңіз.
- Мәтіндегі негізгі, қосалқы, маңызды ақпараттарды анықтаңыз.
- Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.
- Ұлттық байлыққа не жататынын анықтап, сызба жасаңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Топтау сан есімін табыңыз:
А) бесінші;
В) екі-үштен;
С) беске таман;
Д) бестен екі;
Е) он жеті.
2. Реттік сан есімді табыңыз:
А) сегіз;
В) оннан бір;
С) бесеу;
Д) мыңға жуық;
Е) жиырмасыншы.
3. Болжалдық сан есімді табыңыз:
А) бес бүтін;
В) оныншы;
С) екіден;
Д) үшкетерде;
Е) жетеу.
4. Бөлшектік сан есімді табыңыз:
А) бір жарым;
В) елуінші;
С) тоғыз;
Д) жүздеген;
Е) бес-бестен.
5. Жинақтық сан есімді табыңыз:
А) отызыншы;
В) бір-бірден;
С) алтау;
Д) үш ширек;
Е) тоқсан.
СОӨЖ № 11
Тақырып: Қазақстанның қазба байлығы.
Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
