- •1. Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Екінші тақырып отбасы және ұлттық құндылықтар
- •Алтын бесік -отбасы.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Мәтіндегі көп мағыналы сөздерді жазып алып, олардың мағынасын анықтаңыз. Үшінші тақырып жас отбасы және дәстүр
- •2. Тапсырма орындаңыз:
- •Төртінші тақырып қазақстан республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Бесінші тақырып
- •Алтыншы тақырып мінез және келбет
- •Мәтінді оқыңыз. Адамның келбетін сүреттейтін сөздерді іріктеп жазыңыз. Келбет
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Жетінші тақырып замандас келбеті
- •Мәтінді оқыңыз. Жоспар құрыңыз. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •4. Жаттығулар
- •Сегізінші тақырып уақыт және адам
- •Әр нәрсенің өз уақыты бар
- •Өмір қайта оралмайды
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •7.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тоғызыншы тақырып салауатты өмір салты
- •Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Жоспар құрыңыз.
- •2. Берілген сөз тіркесінің мағынасын түсініңі. Сөйлем құраңыз.
- •Сөз тіркесі
- •Оныншы тақырып дені саудың – жаны сау
- •Дені саудың – жаны сау.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Он бірінші тақырып
- •Он екінші тақырып Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •Мұқан Төлебаев
- •Он үшінші тақырып қазақстан өнері
- •Он төртінші тақырып
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Он бесінші тақырып кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Мына сөз тіркестерін аударыңыз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
- •Морфология
- •Синтаксис
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Демографиялық саясаттың мақсаты қандай?
Демографиялық саясаттың міндеттерін атаңыз.
Демографиялық саясат қандай қағидаттарға негізделген?
Сөздік
Саясат – политика
Қағидат – положение
Теңдік – равенство
Кемеітушілік – дискриминация
өсіп-өну – рост, увеличение
көші-қон – иммиграция
Тұрақты тіркестердің сөйлеу тіліне жұмсалу ерекшелігі
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады. 2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді. Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.
Бесінші тақырып
ҚАЗІРГІ ТҰРҒЫН ҮЙ
1. Мәтінді оқыңыз, ұғыныңыз.
Менің үйім қаланың ортасында орналасқан. Ол жеке меншік үй. Үйдің ауласы кең. Бау-бақшасы бар. Үйдің алдында әдемі гүлдер және қайың, терек, шырша ағаштары өседі. Үйдің кіреберісінде кең дәліз орналасқан. Мұнда улкен айна және сырт киім, аяқ киім шкафы бар. Үй төрт бөлмелі. Бөлмелер кең және жарық. Оң жақтағы екі бөлме әкем мен шешемнің бөлмесі. Біріншісі – жатын бөлме. Мұнда үлкен кереует, екі тумба, үш есікті шифоньер, үлкен айна тұр. Екіншісі – кабинет. Бұл бөлмеде әкем жұмыс істейді. Мұнда компьютер, диван, кресло, екі орындық бар. Кіреберіске қарама қарсы қонақ бөлме орналасқан. Оның үлкен бір терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі бар. Оң жағында қабырға жиһазы орналасқан. Ортасында үлкен дөңгелек үстел, алты орындық бар. Еденіне әдемі гүлді кілем салынған. Бұл бөлмеде біз дем аламыз, теледидар көреміз, достарымызды жинап көңіл көтереміз.
Сол жақта ас үй және менің бөлмем орналасқан. Ас үйде тоңазытқыш, ас үй жиһазы бар.
Ас үйдің ар жағында менің бөлмем орналасқан. Бұл – үлкен бөлме. Бөлменің оң жағында кереует бар. Сол жағында жазу үстелі, орындық және кішілеу кресло бар. Жазу үстелі үлкен, оның үстінде компьютер қоюға да орын табылды. Мен қойған мақсатыма жету үшін көп жұмыс істеймін. Терезенің сол жағында желдеткіш орналасқан. Сондықтан жазда бөлмем салқын, ал қыста жылы болады.
Үйіміз оқу орнынан алыс емес. Мен автобусқа отырып, тез арада, көзді ашып-жұмғанша университетте боламын.
Біздің үйде телефон, интернет бар. Біздің үйіміз өте жайлы.
2. Тапсырма орындаңыз:
А) Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Ә) Мәтінді айтып беріңіз
Б) Мәтіндегі тұрақты сөзтіркестерін тауып, олардың мағынасын түсіндіріңіз
3. Төмендегі сөйлемдерді қолданып, өз пәтеріңіз, үйіңіз жайында айтып беріңіз.
- Сіз қай үйде (жерде) тұрасыз? - В каком доме (месте) живете?
- Біз Абай көшесіндегі көп қабатты үйде тұрамыз. - Мы живем в многоэтажном доме по улице Абая.
- Үйіңіз (пәтеріңіз) жақсы ма? – У вас хороший (ая) дом (квартира)?
- Жақсы - хороший(ая).
- Пәтеріңізде неше бөлме бар? - Сколько комнат в вашей квартире?
- Үш бөлме және ас үй. - Три комнаты и кухня.
- Пәтеріңіз (үйіңіз) ұнай ма? - Вы довольны своей квартирой (домом)?
- Біздің пәтеріміз (үйіміз) жайлы. – У нас удобная (ый) квартира (дом).
- Сіздің пәтеріңіз қай қабатта? - На каком этаже ваша квартира?
- Үшінші қабатта. – На третьем этаже.
Сіз тұратын үйде лифт бар ма? – Есть ли лифт в вашем доме?
- Лифт бар. – Лифт есть.
- Үйіңізде телефон бар ма? – Дома у вас есть телефон?
- Иә, бар. – Да, есть.
Грамматика
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.
Сөз тіркесі |
тұрақты тіркес |
/. Таза дәптер, таза киім, әдемі дәптер, әдемі киім,
2. Әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, улкеннің ісі. |
тайга таңба басқандай (анық), біреудің ала жібін аттамау (ұрламау), жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқак,), таяқ тастам (жақын), тіс жармау (ундемеу). |
Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады. Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.
4. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жаз.
Екі бөлмелі, көңіл көтеру, туған жер, отыз төрт, көзге түртсе көргісіз, қой аузынан шөп алмас,ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, көзді ашып-жұмғанша, ала жаздай, Елек өзені, таза үй, озат оқушы, мақсатқа жету, торы ала, ертеден қара кешке дейін, ауыл жастары, көзге оттай басылу. 5. Тіл сөзі бар тұрақты тіркестер берілген соның мағынасын сәйкестендіру қажет.
Тіл байлану а) сөзге шебер, шешен
Тіл азар ә) сөзіне тірек етті
Тілге тиек етті б) үндемей қалды
Тілдің майын тамызу в) тіл алмайтын
Тілдеп жіберді г) өте дәмді тағам туралы
Тілге келмеді ғ)азғырғанға елікті
Тілге ерді д)бір сөз де айта алмады
Тілді суырып әкетті е) ұрысты, балағаттады
