- •Мазмұны
- •1 Салық саясатының теорялық аспектілері
- •1.1. Салық ұғымы, маңызы және экономикалық мәні.
- •1.3. Салық саясатының қызметі.
- •2.2. Қазақстан Республикасының салық саясатының қызмет ету
- •2.3. Қазақстан Республикасының салық саясаттың құқықтық негіздерін талдау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2. Қазақстан Республикасының салық саясатының қызмет ету
механизімін талдау.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекетгердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Нарықтық экономика меп мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты — бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
- мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
- салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
- арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, бір-шама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толыктырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең. 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президетінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
1 Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:
- Қосылған құнға салынатын салық.
- Акциздер.
- Мемлекеттік баж салығы және т.б.
2. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
- Жер салығы.
- Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
- Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық және т.б.
3 Жергілікті салықтар мен алымдар:
- Курорттық алым.
- Жарнамаға салынатын салық.
- Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым және т.б.
Екінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
- Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
- Қосылған құнға салынатын салық.
- Акциздер және т.б.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
- Жер салығы.
- Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
- Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
- заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
- аукциондық сатудан алынатын алым;
- заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздерді (түбір сөз, сондай-ақ олардың кез-келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
- жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
Үшінші кезең. 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер — Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қантарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде "экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы" қосылды.
Салықтың түрлері:
- Корпорациялық табыс салығы.
- Қосылған құн салығы.
- Мүлік салығы және т.б.
Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Сонымен қатар алым - анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым "алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: "жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және "кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін" және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.
Алымдардың түрлері:
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
- Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
- Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым және т.б.
Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде "қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы" төлейді.
Толемақының түрлері:
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы және т.б.
Мемлекеттік баж дегеніміз – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Баж салығы — алып келінген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзитті тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.
Мемлекеттік баж салығы - төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.
Кеден төлемдері:
- кеден бажы;
- кеден алымдары;
- алымдар және т.б.
