- •Инфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны
- •І. Инфляция - әлеуметтік – экономикалық құбылыс
- •1.1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
- •1.2. Инфляция түрлері мен факторлары
- •1.3. Инфляцияға қарсы шаралар
- •Іі. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
- •2.1. Жалпы инфляцияға сипаттама
- •2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны
- •2.3. Инфляцияға қарсы жүргізілетін шараларға баға беру
- •Ііі бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциямен күрес мәселелері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.3. Инфляцияға қарсы жүргізілетін шараларға баға беру
2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.
2004 жылы ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6 % шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол нақты бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе кысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрынннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстаннның барлық әкімшілік – экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда да монетарлық - қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де тырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. бірақ 60 – 70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады [4].
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемлді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) келісімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 4 2005 жылғы 13 қаңтардағы берілген бойынша мына мәліметтерді көруге болады:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2004 жылғы қыркүйекте 0,8 % болды, бұл соңғы 8 жылда қыркүйекте белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады (1996 жылғы қырқүйекте – 1,2 %). Азық – түлік және азық – түлікке жатпайтын тауарлар 0,8 % - ға, ақылы қызмет көрсету – 0,7 % - ға қымбаттады.
Азық – түлік тауарларының құрылымында, әсіресе, жұмыртқаға баға 12,8 % - ға өсті, сүт – 4,9 % - ға, шұжық тағамдары – 3,0 %- ға, күріш – 2,6 % - ға қымбаттады. Жеміс – жидек пен көкөніске баға 1,4 % - ға, ұнға – 0,4 % - ға, нанға – 0,1 % - ға арзандады.
Азық – түлікке жатпайтын тауарлар тобына бағаның өсуі көп жағдайда жанар – жағармай материалдарының қымбаттауымен байланысты болды: бензин – 5,1% - ға, дизель отыны – 2,8 % - ға , көмір – 2,4 % - ға қымбаттады. Киім – 0,6 %– ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары мен аяқ – киім – 0,5% - дан қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 6,5% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,3% - ға, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0,1% - ға қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляцияның деңгейі 3,8 % болды (2003 жылдың қаңтар – қыркүйегінде - 2,8 %) , сонымен бірге азық – түлік тауарларына баға 4,0 % - ға, азық – түлікке жатпайтын тауарларға - 4,1 % - ға, халыққа ақылы қызмет көрсету – 3,1 % - ға көтерілді.
2004 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетуде 7,7 % -ды құрады (2004 жылғы тамызда – 7,3 %).
2004 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2004 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі тән болды. 2004 жылдың 1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.
2004 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.
2004 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86 % - ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.
