Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Studmed.ru_lekcii-po-deloproizvodstvu-na-kazahs...doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
668 Кб
Скачать
☆

Үлгімен танысыңыз

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітірген соң 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми – жобалау институтында жұмыс істедім. 1980 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.

Ата-анам бар. Әкем - Өмірбек Қадіров, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасымова ұзақ жылдар бойы мұғалім болып істеді, қазір – зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүсибайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Екі балам бар, олар мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін, аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекенжайым: Алматы қ., “Қазақфильм” шағын ауданы, 47-үй, 12-пәтер.

Тапсырма:

  1. Үлгі бойынша өзіңіздің өмірбаяныңызды жазып келіңіз.

  2. Сіз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерсіз. Сіздің өмірбаяндық мәліметтеріңіз:

Аты-жөніңіз – Бақтығалиев Дархан Сатайұлы (Бақтығалиева Аян Айдарқызы).

Жасыңыз – 34-те.

Алматыдағы №12 мектепте оқыдыңыз.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын бітірдіңіз.

Мамандығыңыз – шығыстанушы-тарихшы.

Әскери борышыңызды атқардыңыз.

Қазіргі қызметіңіз – “Арай” ашық акционерлік қоғамының директоры.

Қосымша мәліметтер: мақалаларыңыз, кітаптарыңыз жарияланды.

Олардың тақырыптары: “Республикада демократия негіздерін қалыптастыру” т.б.

Отбасы жағдайыңыз туралы жазыңыз.

  1. Тағы қандай мәліметтер қоса аласыз.

  2. Белгілі қоғам қайраткерінің өмірбаянымен танысыңыз:

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған.

1936 жылы М. И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітіргеннен кейін тау-кен инженері мамандығы бойынша Балқашқұрылыста әуелі бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысым инженері, участке бастығы, бас инженер, Балқаш мыс еріту комбинаты Қоңырат кенішінің директоры болып жұмыс істеді, кейін “Алтайполиметалл” комбинатында, Риддер кенішінде басшы қызметтер атқарды.

1942-1952 жылдары – Қазақ ССР Министрлер Советі Төрағасының орынбасары.

1952-1953 жылдары – Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті.

1955-1964 жылдары – Қазақ ССР Министрлер Советінің Төрағасы.

Кейінгі жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары.

Д. А. Қонаев – тау-кен ғылыми, қоғамдық ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған, қазақ саяси-әлеуметтік қоғамы мен ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері ірі ғалым. Ол – үш мәрте Еңбек Ері. Бірнеше ордендермен, медальдармен, аттақтармен марапатталған.

  1. Берілген мәтінді ауызша айтып беріңіз. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері бойынша жұмыс істеңіз.

  2. Берілген кесте, тұрақты сөз орамдарына назар аударыңыз, пайдаланып сөйлеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]