- •Етістік (the verb)
- •1 Етістік туралы жалпы мағлұмат
- •2 Етістіктердің жіктелуі
- •Етістіктің шақтары (the verb tenses)
- •1 Етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат
- •2 Simple тобының шақтары
- •2.1 Present Simple етістік түрлері to бөлшегінсіз инфинитивке сәйкес келеді. Тек 3-жақтың жекеше түріне –s жұрнағы жалғанады.
- •2 Жақшаны ашып, етістіктерді Present Simple шағында қойыңыз. Аударыңыз.
- •Exercises (Simple Tenses)
- •1 Аударыңыз
- •3 Төмендегі сөйлемдерді сұраулы қылып жазыңыз.
- •4 Төмендегі сөйлемдерді болымсыз қылып жазыңыз.
- •5 Жақшаны ашып, етістіктерді Past Simple шағында қойыңыз және аударыңыз.
- •6 Төмендегі сөйлемдерді болымсыз және сұраулы қылып жазыңыз.
- •7 Жақша ішіндегі етістіктерді Future немесе Present Simple шақтарында қоя отырып, жақшаны ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •3. Continuos тобының шақтары
- •Exercises
- •8 Сұрақтарға жауап беріңіз
- •9 Төмендегі сөйлемдерді болымсыз және сұраулы қылып жазыңыз.
- •10 Жақшаны ашып, етістіктерді Present Indefinite немесе Present Continuous Tense шақтарында қойыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •11 Шақтары дұрыс қойылмаған етістіктерді жөндеңіз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •12 Past Indefinite немесе Past Continuous шақтарын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •13 Етіcктiрeі Future Continuous шағынaалмастырыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •14 Future Indefinite немесе Future Continuous шақтарын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •4 Perfect тобының шақтары
- •Exercises
- •15 Present Perfect шағын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •16 Past Indefinite немесе Present Perfect шақтарын қолдана отырып, етістіктерді тиісті шақта қойып жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •17 Past Perfect шағын қолдана отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •19 Мағынысына байланысты төмендегі етістіктерді Present Indefinite, Present Continuous немесе Present Perfect қойыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •20 Мағынысына байланысты төмендегі етістіктерді Past Indefinite, Past Continuous, Present Perfect, Past Perfect формаларына қойыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •21 Мағынысына байланысты төмендегі етістіктерді Future Indefinite, Future Continuous, Future Perfect формаларына қойыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
- •22 Етістіктерді тиісті шақта көрсете отырып, жақшаларды ашыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.
Етістіктің шақтары (the verb tenses)
1 Етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат
1.1 Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атаймыз. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынын, орындалуға тиістілігін, орындалғандығына қарай яғни іс-әрекеттің өту уақытын – осы, өткен және келер шақты білдіру үшін ағылшын етістігі етістіктің төрт шағында жұмсалады.
Олар: 1. Белгісіз шақ тобы (Simple Tenses)
2. “Созылмалы” шақ тобы (Continuous Tenses)
3. Аяқталған шақ тобы (Perfect Tenses)
4. Аяқталған созылмалы шақ тобы (Perfect Continuous Tenses)
1.2 Белгісіз шақ тобы (Simple Tenses)
Бұл топ белгісіз осы шақ (Present Simple Tense), белгісіз өткен шақ (Past Simple Tense) және белгісіз келер шақтан (Future Simple Tense) тұрады. Simple тобының шақтарының басқа топтардың шақтарынан ерекшелігі: іс-әрекеттің өту айғағының констациясын ғана осы, өткен және келер шақтарда береді, оның ұзақтығын, аяқталғандығын және басқа бір іс-әрекетке немесе сәтке қатыссыз екендігін көрсетпейді.
1.3 “Созылмалы” шақ тобы (Continuous Tenses). Бұл топ созылмалы осы шақ (Present Continuous Tense), созылмалы өткен шақ (Past Continuous Tense) және созылмалы келер шақтардан (Future Continuous Tense) тұрады. Continuous тобының шақтары осы шақ, өткен және келер шақтың белгілі бір уақытында басталып және болып жатқан, болған, осы сәтте болатын созылмалы іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.
1.4 Аяқталған шақ тобы (Perfect Tenses). Бұл топ аяқталған осы шақ (Present Perfect Tense), аяқталған өткен шақ (Past Perfect Tense); және аяқталған келер шақтан (Future Perfect Tense) тұрады. Perfect тобының шақтары осы, өткен, келер шақтардың белгілі бір сәтінде жасалған іс-әрекетті білдіреді.
1.5 Аяқталған созылмалы шақ тобы (Perfect Continuous Tenses). Бұл топ аяқталған созылмалы осы шақ (Present Perfect Continuous Tense), аяқталған созылмалы өткен шақ (Past Perfect Continuous Tense), аяқталған созылмалы келер шақтан (Future Perfect Continuous Tense) тұрады. Perfect Continuous тобының шақтары осы, өткен, келер шақтардың белгілі бір кезеңіне дейін жалғасып, осы кезеңді қоса белгілі бір уақыт мерзіміне дейін созылған созылмалы іс әрекетті білдіреді.
1.6 Бұл түрлерден басқа етістіктің “өткен шақтағы келер шақ” (Future in the Past) деген де түрі бар. Ол келер шақта айтылған сәтке қатысты емес, өткен шаққа байланысты, яғни өткен шақта сөз болған келешекте болатын іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.
2 Simple тобының шақтары
2.1 Present Simple етістік түрлері to бөлшегінсіз инфинитивке сәйкес келеді. Тек 3-жақтың жекеше түріне –s жұрнағы жалғанады.
1. Бастауышқа тән кәдімгі, үнемі болатын іс-әрекет |
I get up at eight o’clock.
|
Мен сағат сегізде тұрамын. |
2. Сөйлеп тұрғанда болатын іс-әрекет (Present Continuous-те қолданылмайтын етістіктермен) |
I don’t understand this sentence. |
Мен бұл сөйлемді түсінбеймін. |
3. Шартты және мезгіл бағыныңқы сөйлемдерде болатын іс-әрекет |
If he comes, I’ll ask him about it. |
Егер ол келсе, мен бұл туралы одан сұраймын. |
4. To leave, to start, to sail, to arrive, to return, to do, to come етістіктерімен енді болатын іс-әрекет |
The steamer sails tomorrow. |
Пароход ертең келеді. |
Сұраулы түрі do / does көмекші етістігінің, болымсыз түрі do және does көмекші етістіктеріне not бөлшегінің қосындысынан жасалады. Мысалы: Do you go to the cinema every month? – No, I don’t. I do not go to the cinema. Does your father work? – No, he doesn’t. He doesn’t work.
2.2 Past Simple-дегі етістік түрі инфинитив түріне барлық жақтарда –ed жалғауын жалғау арқылы жасайды. Past Simple дұрыс емес етістіктерде басқа жолдармен жасалады. Сұраулы түрі did көмекші етістігінің, болымсыз-did көмекші етістігінің, not бөлшегінің және мағыналық етістігінің инфинитив түрінің көмегімен жасалады. Мысалы: Did you go shopping last week? – Yes, I did. / No, I didn’t.
1. Өткен уақыт кесіндісінде болған іс-әрекет |
I met him yesterday. |
Мен оны, кеше кездестірдім. |
2. Кезектесіп өтіп кеткен іс-әрекеттер |
He left the hotel, took a taxi and drove to the station. |
Ол жатаханадан шығып, такси ұстады да станцияға жөнелді. |
3. Әдетте қайталанатын іс-әрекет |
In summer I went for a walk after breakfast. |
Жазда мен әдетте таңертеңгі астан кейін ұзақ серуенге шығатынмын. |
2.3 Future Simple shall және will көмекші етістіктері мен мағыналық етістіктің инфинитивінен жасалады. Мысалы:
Келешекте жасалатын іс-әрекетті білдіреді. |
I will return to Moscow in few days. |
Мен Мәскеуге бірнеше күнде қайтамын. |
2.4 Future Simple in the Past сөйлеп тұрған мерзімге емес, өткенге қатысты болашақты сипаттау үшін қолданылады.
I knew that she would return soon. |
Мен оның жуықта келетінін білгенмін. |
