- •Физиология кафедрасы
- •20 Ж. « » Хаттама №
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Гальванидің 1-тәжірибесі:
- •Бақылау: ситуациялық есептерді шешу
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Бұлшық еттік талшықтардың(1)және миофибрильдердің құрылымы:а-анизотроптық дискілер,I-изотроптық дискілер,h.Z-пластинкалар.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Реоэнцефалограмма.
- •Соматикалық(солдан) және вегативтік(оңнан)рефлекстердің схемасы.
- •Кесте. Элекроэнцефалограмма параметрлерінің көрінісі және әртүрлі ритмдердің тіркелу шарты.
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •«Астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы
- •II. Деніміз сау болсын!
- •«Астана медицина университеті» ақ физиология кафедрасы
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау: тақырып бойынша ситуациялық есептер. «астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы
- •Физиология кафедрасы
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •Тақырыб: Көру талдағышы. Көру талдағышының зерттеу әдістері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Физиология кафедрасы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
Физиология кафедрасы
№14 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: Дәм сезу және иіс сезу талдағыштары. Тері талдағышы.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Аға оқытушы Тулеубаева А.А.
Астана 2010ж
1. Тақырыбы: Дәм сезу және иіс сезу талдағыштары. Тері талдағышы.
2. Мақсаты: Иіс сезу талдағышының арқасында, қоршаған кеңістікте бағдарлау және сыртқы әлемді тану іске асырылады. Ол тамақтық тәртіпке, қорғаныштық тәртіпке әсер етеді, жыныстық бағдарлауды қабілеттендіреді.
3. Оқу мақсаты: Дәм сезу талдағышының құрылысы мен қызметтенуі туралы түсінік беру. Дәм сезімінің жіктелуін беру. Дәмнің сезімталдылығының табалдырығын анықталуын студентке үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Дәм сезу талдағышы. Рецепторлық, өткізгіш және қыртыстық бөлімдері.
Дәм сезудің жіктелуі.
Дәм сезгіштікті зерттеу. Тәттіге, ащыға, қышқылға, тұздыға дәм сезу табалдырығын анықтау.
Иіс сезу талдағышы. Рецепторлық, өткізгіш және қыртыстық бөлімдері.
Иістердің жіктелуі, оларды қабылдау теориялары.
Тактильді талдағыш. Тері рецепторлары. Жанасуды, вибрацияны, қысымды қабылдаудағы ролі.
Талдағыштың рецепторлық, өткізгіш, қыртыстық бөлімдері.
Зерттеу әдістері. Тітіркендіру күшінің табалдырығын анықтау. Сезінудің тітіркендіру қарқынының өзгеруіне байланыстылығын анықтау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1. Сипап-сезу өткірлігі.
2 . Терморецепторлардың бейімделуі.
3. Температуралық, кезектескен бейнелер.
4. Дәмнің сезімталдылығының табалдырығын анықтау.
6. Әдебиет:
Негізгі:
1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Физиология кафедрасы
№14 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы: Дәм сезу және иіс сезу талдағыштары. Тері талдағышы.
№1 жұмыс Сипап сезу өткiрлiгi
Құрал-жабдықтар: сызғыш, өлшегіш – циркуль, зерттелуші-физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтынадам.
Жұмыс жағдайы:
1. Барлық тәжiрибе бойы өлшегіш – циркуль температурасы тұрақты.
2. Өлшегiш - циркyль инелерінің ұзындықтары бірдей.
3. Өлшемдерi анық және миллиметрлiк шкаласы бар сызғыш.
Жұмыс барысы: Өлшегiш - циркль дене бөлiгiне жанасқанда eкi "укол" айырмашылығы анық болуы тиiс.
Көз жеткiзбеушiлiк болмас үшiн бiр және сол дене бөлiгiнде тәжiрибенi eкi рет қайталайды.
Eкi өлшемнiң арифметикалық ортасы тәжiрибе ортасы болып есептелiнедi.
Тәжiрибеге арналған дененiң 3 бөлiмi, яғни:
Тiл
Иық
● Қолдағы саусақ таңдап алынады.
Өлшегiш - циркуль арасын бiртiндеп жақындата отырып, eкi укол орнына бiр немесе бірнеше тітіркендіргіш саны дәл таба алмайтын сезіміне көз жеткіземіз.
Тіл |
Иық |
Қолдағы саусақ |
0,9мм |
48мм |
4мм |
Бірнеше уақыттан соң, тәжірибе қайта жүргізіледі.
Тіл |
Иық |
Қолдағы саусақ |
0,8мм |
43мм |
4мм |
Алынған нәтиженің орташа арифметикалық мәні есептелінеді.
Тіл |
Иық |
Қолдағы саусақ |
0,85мм |
45,5мм |
4мм |
Тұжырымдар: Тәжірибе нәтжесін дененің түрлі бөліктерінде сипап сезу өткірлігі әр түрлі екендігіне көз жеткізетіндігін дәлелдейді. Саусақ немесе иыққа қарағанда, тіл жанасуға өте сезімтал.
Сипап сезу өткірлігі – айырым табалдырығына айтымды шама, яғни екі нүктедегі шама (қос сезімі) жанасу сезімімен аяқталынатын тірі нүктесін бір уақытта екі тітіркендіргішпен тітіркендіру арасындағы машинальді арақашықтық.
№2 жұмыс
Терморецепторлардың бейімделуі.
Құрал – жабдықтар: Суы бар тостаған: Біріншісінде – су температурасы 100С – ге тең.
Екіншісінде – су температурасы 250С – ге тең. Үшіншісінде – су температурасы 400С – ге тең.
Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.
Жұмыс жағдайы:
Бөлме температурасы тұрақты.
Тәжірибе барысында тостағандағы су температурасы термометрмен бақыланады.
Жұмыс барысы: Тәжірибе жүргізгенде зерттелушінің қолын алдын – ала суытпайды және ысытпайды. Тәжірибені бір рет жүргізу жеткілікті, өйткені жұмыс жағдайын дұрыс сақтағанда, жұмыс нәтижелері бірден алынады.
Сонымен, сол қол су температурасы 100С – ге тостағанда – суықты, ал оң қол су температурасы 400С – ге тең тостағанда жылуды сезеді. 5 минут күтеміз. Екі қолда да су температурасы 250С – ге тең тостағанға салынады.
Сол қол – жылуды, ал оң қол суықты сезеді. 2 – 10 минут күтеміз – бейімделу тиімділігі, екі қолда тостағандағы су температурасын қалыпты температура ретінде қабылдайды.
Бейімделу (лат. Adaptatio - теңесу) – қоршаған орта факторының әсерінен организмнің бейімделу қасиеті мағынасында.
Тұжырымдар: Тәжірибе нәтижесін адамға қажет жағдай, көбіне температуралық жағдайға бейімделіс адамға тән қасиет екендігін дәлелдейді.
№ 3жұмыс
Температуралық, кезектескен бейнелер.
Құрал – жабдықтар: Колба (стакан).Бірінші жағдайда суық сумен толтырылған.
Екінші жағдайда ыстық сумен толтырылған. Секундомер.
Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.
Жұмыс жағдайы:Бөлме температурасы тұрақты.
Жұмыс барысы: Адам терісіне суық және жылы заттың әсерін екі реттік талдау жүргіземіз. І талдау – ұзақ жанастыру. ІІ талдау – қысқы уақыттық, жиі жанастыру.
Суық сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, суықты сезу жалғаса береді, бірақ бұл сезім біртіндеп жойылады. Жүргізу тәртібін өзгертеміз, яғни 2 – 5 минут бойы, 1 – 3 секунд жиілікпен колбаны жиі – жиі маңдаймен түйістіреміз. Нәтиже барысында суықты сезу тәжірибе бойы тұрақты болып қалады, ал жанастыру сезімін біз жанастыру жиілігі бойынша сеземіз.
Осы тәжірибені жылы (ыстық) сумен жүргіземіз.
Жылы сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, жылуды сезу жалғаса береді, бірақ жылуды сезу алдыңғы тәжірибедегі суықты сезуге қарағанда жылдам жойылады.
Жанастыру жағдайын жоғарыда жүргізілген тәжірибеге сай өзгертеміз. 2 – 5 минут бойында жанастыру жиілігі 1 – 3 секунд. Колбаны алғанда жылуды сезу жойылады. Кезекті жанастыру және жылуды сезу Үзілген сипатта болып табылады.
Тұжырымдар: тәжірибе нәтижесінде жылуға қарағанда суықтық тітіркендіргіш әсері айқын деген қорытынды жасаймыз.
№4 жұмыс
Дәм сезу табалдырығын анықтау.
Жұмыс барысы: Зерттелетін адамның тіл ұшына пипеткамен бір тамшы берілген ерітіндіні тамшылатады. Олар оны жұтып, ерітіндінің дәмін анықтайды.
Нәтижесі:
Зат |
Дәм сезу табалдырығы |
Тәтті |
|
Ащы |
|
Тұзды |
|
Қышқылды |
|
жұмыс №5 Жобаларды салу
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№15 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Аға оқытушы Тулеубаева А.А.
Астана 2010ж
1. Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.
2. Мақсаты:.
3. Оқу мақсаты: Студентті шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. «Жол сүрлеу» жүретін орталықтардың орналасуы мен шартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.
