Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рысбек Акмарал ПД(к)-101 ғылыми жұмыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

1 Ғаламның тілдік бейнесіндегі «қазақ әйелі» концептісі

Тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қағамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі, негізге алынады. Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың,адамдар арасындағы пікір алысудың, ойдың жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқыла, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Ой және оның мазмұны тіл арқылы көрініп, сол арқылы ұғынылады.

Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қағамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың, бірлесіп еңбек етуі ушін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қооғамның өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллектившнен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет .

Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі.

«Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А.Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады: «...мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода».

Осымен сабақтастырып, В.З.Демьянков, Ю.С.Степанов ұғым мен концептінің аражігін ажырата қарастырады. Осы тектес концепт туралы пікірлердің ішінен қазіргі кезде көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып, ғылыми тәжірибеде қолданылып жүрген – А.Вежбицкаяның анықтамасы. Ғалым концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды [3, 6-7 б].