Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рысбек Акмарал ПД(к)-101 ғылыми жұмыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

1.3«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдарды білдіретін лингвомәдени сипаты

Зергерлік әшекей бұйымдар тек байлық пен сәндік үшін ғана емес, ол киім-кешек мәдениетіндегі ажырамас атрибуты, бірегей кешенді құрйтын аксессуарлар қатарынан берік орын алады. Олар киім-кешектің ғұрыптық, функциялық ерекшеліктерін, қолданыстық сипатын арттыра түсетін бөліктері.Зергерлік бұйымдардың ұлттық киімдердің ерекшеліктерімен түрлеріне тәуелділігі олардың өзіндік үлгісі мен пішімін қалыптастыруындағы заңдылық болатын. Сондықтан да киім түрлері сөз болғанда онымен ғажайып үндестік тапқан, арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер, уйлесілімдік пен эстетикалық және көркемдік сән беріп тұратын зергерлік әшекей түрлеріне тоқталу заңды мәселе.

Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық, теңбіл тас,феруза,маржан,лағыл,гауһар, сапфир,меруерт, жақұт, жарқырауық тас, янтарь тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Зергерлік өнердің бұл құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған[11, 336,338 б.].

Тілші-ғалым Р. Н. Шойбеков еңбектерінде бұған қосабаскиім әшекейінің төмендегі түрлері аталады:

Былқылдақ – әйел баскиіміне тағатын үлкен мошақ, маржан.

Есектас – көз тимесін деген ырыммен жас блалардың бөркіне тағуға арнап өңделген, жонынан қырналған көк тас, әшекей.

Жырға – сәукеленің моншағы, шұбыртпасы, салпыншағы, жырға, әдетте, көп салпыншақтардан құралып, баскиімнің екі жағынан кеулеге төгіліп тұрады.

Қозалы үкі – бөрікке қадайтын үкі қауырсынын ораған әшекей.

Көзотаға – көбінесе ер адамның баскиіміне қадайтын меруерт, асыл тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті адамдар таққан: - Алтынды курме киемін,

Айтулы төре боламын,

Көзотаға тағынып,

Көріне төре боламын[12, 340 б.].

Шашқа тығылатын сәндік бұйымдар

Шашбау

Қазақ халқы әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептеген. Қиылған, алынған шашты аяқ астына тастамаған, жинап таза жерге жасырған. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, ұшына шолпы не шашбау байлаған. Шашбау – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған соғылады да, түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матадан ызылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп, ұшына күміс теңгелерден шұбыртпа зер шашақтар мен күміс ақша тағылады.

«Қыл шашын байлап қылаңдап,

Шашбауын байлап сылаңдап»[13,341 б.].

Шашбау жасалған материалына қарай алтын шашбау, күміс шашбау, тілла шашбау деп аталса, жасалу әшекейлеу әдістеріне қарай үзбелі шашбау, шашақты шашбау т.б. түрде айтылған. «Алпамыс батыр» дастанында айтылатын:

«Заманыңда тығысып

Тіллә шашбау жар-жар...» - дегендегі

шашбау түрі алтын тиындар қадалған тіллә шашбау[14, 341 б.].

Шолпы

Сол сияқты күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелер де шашбау теңселген сайын жалт-жұлт еткендіктен шолпы деп аталса керек. Шолпыныңасыл тас қондырылған түрін көзді шолпы дейді. Қозалы шолпы – сәндікке қоза орнатып жасаған шолпы. Согдай-ақ шолпынвң қоңыраулы шолпы, сылдырмақ шолпы дегендей түрлері бар.

Шолпыны кестелі жіпке қосып та өрген. Тиындардың «Бойыңды тік ұста», «Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сиыңды» деген тәрбиелік мәні бар сөздерді «ескертіп» тұрғандай. Шолпы таққан бойжеткендерге денеңді тік үстасын, тиындар сылдырламайды деген шарт қойылған. Шолпы таққан замандарда шынында да сол ғасырдың бойжеткен қыздарының денесі тік болатын. Тиындар кісі алдынан өткенде сылдырласа, ол үлкен өдепсіздік деп есептелінетін.

Алаштың ардақтысы Міржақіп әкеміз де осы көрінісі қалт жібермей:

«Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл.

Сылдырап алтын шолпы, иықта шаш» - деп суреттеген ғой

Шолпы қыздардың бойына ойлылық, зерделілік, биязы мінез қалыптастырған»[15, 342 б.].

Сырға

Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Ел ішінде кең тараған әндердің бірінде мынадай жолдар бар:

«... Құлағыңа таққаның күміс сырға,

Күмбірлетіп шығасың күнде қырға»

Бабаларымыздың эстетикалық талғамының зор болғандығы сондай, сырға таққан әйелдер төңірегіне қаншама шуақ шашым, өзін қоршаған ортаға эстетикаллық-рухани байлықтың дәнін себетініне, әдемілікке, әсемдікке баулитынына жете мән бергенге ұқсайды. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қарғайтын шағына дейін таққан, яғни жасы егде әйелдердің де сырғасы болғанымен ол кимешектің астынан көрінбей қалатындықтан жиі тақпаған»[16, 344-346 б.].

Шекелек

Маңғыстау жерінде кездесетін ауырлау келген сырғаның бір түрі шекелікті құлақтың сырғалығые жырып кетпес үшін баскиімге немесе самайға ілген. Сондықтан да кейбір жерлерде оны самайсырға деп те атайды. Самайсырғаларда ұзын салпыншақтар болады. Оның құрамдас бөліктері – қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері әсем сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу өзекке бекітіледі»[17, 347 б.].

Мойынға тағатын әшекей бұйымдар

Әйкел – мойынға тағатын алтын мен күмістен жасалған металл әшекейдің көне атауы және ол қазақ тілінде бар атау»[18, 348 б.].

«Ішкен асы асылдың

Тамағынан көрінген.

Қостан әйкел тағынған,

Жүз теңгелік опа-ендік

Екі бетке жағынған» [19, 1963, 8-б].

Моншақ

Моншақ – мойынға тағылатын сәнді бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі түсті, формасы да әртүрлі болады. «Моншақ» сөзінің шығуы туралы «мойын-шақ» немесе «мойын-тақ» деген сөздерден құралды деген пікірлер бар»[19, 146 б.].

«... Тақияға тізілтіп,

Тақты меруерт моншақты...» [20, 350 б.].

Моншақтың тана түріндегісі де бар. Көзтана, 4,5,6 тармақ тана, су тана, ойма тана, көз орнатылған таналар да моншаққа жатады.

Тал моншақ – тақияға, сырткиімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі:

«Тақияма таққаным тал-тал моншақ

Жарасар кер биеге кер құлыншақ»[21, 351 б.].