Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор. менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
492 Кб
Скачать
☆

14. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігін бағалау.Компания этикасын және әлеуметтік жауапкершілігін басқару.

Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін бағалау моделі көрсеткендей компанияның әлеуметтік жауапкершілігі 4 ке бөлінеді: экономикалық, заңды, моральдік, дискрециондық.

Экономикалық жауапкершілік Заңдық жауапкершілік Моралды жауапкершілік Дискрециондық жауап-к

Пайданы барынша максимальдау Экономикалық мақсатқа Заңда көрсетілмеген, Ешқандай пайданы көздемей,

бірақ, белгіленген мөлшерде ғана заң нормативтерін экономикалық пайда қоғам игілігіне жұмсалатын

М.Фридмен бұзбай,жалтармай жету к.к. әкелмейтін жауапкершілік. Күш жігер, қаражат.

(финантропе)

15. Басқару шешімі

Шешім қабылдау- бұл кез-келген басқару функцияларының құрамдас бөлігі болып табылады. Шешім ол альтернативаны таңдау. Менеджер жұмысының нәтижесі – дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Сондықтан да, шешім қабылдау әрқашан да қиын жұмыс. Ұйымның барлық қызметі, оның алдына қойған мақсаты, оған жетуі- осының бәрі қабылданған шешімге байланысты. Шешім қабылдау кез келген басқару функциясын орындау үшін қажетті байланыстырушы процесс. Ф.Харрисон айтқандай, «шешім қабылдау кез келген ұйымды басұарудың интегралды бөлігі». Ал енді басқару шешімі дегеніміз өзінің міндеттерін орындау шін басқарушының қабылдайтын таңдауы. Басқару шешімінің мақсаты – ұйым мақсатына жету үшін қажетті іс-қимылдармен қамтамасыз ету. Басқару шешімінің 2 түрі бар:

1.Бағдарланған шешімдер күнделікті туатын мәселелерге байланысты болады. Себебі осы мәселелерге арналған ережелер қаылдануы керек және бұл қабылданған ережелер келешекте де қолданылады. Бағдарланған шешімдер ұйым ішінде тез-тез қайталанып тұратын проблемалар болған кезед дуындайды. Мысалы, жазу қағазы және басқа да концелярлық қажеттіліктер таусыла бастаған кезде заказ беру, өндірістік запастарға заказ беру уақыты, шығыс есебін дайындау, маршрутты таңдау сияқты шешімдер. Осы сияқты шешімдерді қабылдаудың ережесін бір рет бекітіп қойса, келесіде қызметкерлер шешімді өздері қабылдай береді. Бағдарламаланатын шешімдер ұйының тиімді жұмыс істеуіне көп әсерін тигізеді.

2.Бағдарланбаған шешімдер анықталмаған және нашар жүйеленген және ұйым үшін көп тиімді ситуациялар болған кездt қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, өнімді қалай жақсару керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жетілдіру керек, бағынушылардың мотивациясын қалай күшейтуге болады.

16.Шешімді қабылдау үдерісінің кезеңдері.

Шешім –басқару процесінің маңызды құрал бөлігінің бірі болып саналады. Басқару процесі үздіксіз тізбектелген күрделілігі мен маңыздылығы жағынан әр қилы шешімдерден тұрады. Шешім қабылдау процесі мына кезеңдерден тұрады:1)Шешім қабылдау қажеттілігін анықтау. Шешім қабылдау қажеттілігі жалпы проблема туындаған жағдайда пайда болады. Проблема кәсіпорынның нақты жетістіктері жоспарланғаннан төмен болған жағдайда туындайды. Мәселенің шығу себебін анықтау үшін міндетті түрде қажетті ішкі және сыртқы ақпаратты жинап, талдау жасау қажет. Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлілігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты. Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған форма бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, басқа менеджерлермен, мамандармен және қызметкерлермен әңгіме жүргізеді, эксперттердің пікірін тыңдайды

2)Диагностика және мән-жайды талдау. Менеджер шешім қабылдау қажеттілігін анықтағаннан кейін, мән-жайды терең түсінуі керек. Диагноз- менеджерлер жағдайдың нақты себебін талдайтын шешім қабылдау процесінің бір кезеңі болып табылады. Менеджерлер проблеманың пайда болған себебін, диагнозын мұқият анықтамастан бұрын шешім қабылдаудың варианттарын қарастыратын болса, онда олар қателеседі. 3)Шешім варианттарын тұжырымдау. Пайда болған проблемалар және мүмкіндіктер талданып болғаннан кейін менеджерлер болашақ істелетін іс-әрекеттердің варианттарын қарастыра бастайды. Тек бір вариантты ғана қарастырып қою, әдетте қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. 4)Ең тиімді вариантты таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің ең жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Ең жақсы вариант болып, ұйымның ортақ мақсатына және құндылығына сай және минималды шығын мен алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін вариант болып саналады. Менеджерлер әдетте тәуекелі аз варианттарды таңдауға тырысады. 5)Шешімді жүзеге асыру. Шешімді жүзеге асыру кезеңі басқарушылық және әкімшілік қабілеттілікті қолданумен жүзеге асырылады. Бұл кезеңнің мағынасы стратегияны жүзеге асырумен ұқсас болып келеді. Таңдалған альтернативаның сәттілігі оны нақты іс-әрекеттерге айналдыруға бола ма соған байланысты. 6)Нәтижені бағалау және кері байланыс. Бағалау кезеңінде менеджерлер олардың қабылдаған шешімдері қаншалықты сәтті жүзеге асырылды және сол арқылы олар мақсаттарына жетті ме, әлде жетпеді ме, сол туралы ақпарат жинайды. Кері байланыс маңызды болып табылады, себебі, шешім қабылдау аяқталмайтын, шексіз процесс үдеріс болып табылады. . Стратегиялық шешімдерде әрқашанда тәуекел болады, бірақ кері байланыс және кабылдаған шешімдер компанияны дұрыс жолға келтіруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]