Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
общ макро.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
483 Кб
Скачать
☆
  1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы

Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру б.т. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өдшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын,қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с.,ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады.Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1-кезеңге фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауынз зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2 – кезеңде фирмалар мен шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі.Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3 – кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэконималық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортысындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

  1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ел ішіндегі барлық субъектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:

  • Еңбек ақы(жалақы, сыйақы),

  • Меншік иелерінің(шағын фирмалар, дүкендер)табыстары,

  • Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),

  • Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),

  • Таза пайыздар.

Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді: корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда. ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.