Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
общ макро.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
483 Кб
Скачать
☆

33. Ақшаның функциялары. Ақша агрегаттары

Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.

LM аббревиатурасы: L- өтімділік, M- ақша массасы

LM үлгісі немесе қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті анықтайды. LM қисығы IS қисығы сияқты пайыз бен табыс арасындағы байланысты анықтайды. Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.

Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады. Қолдағы бар өтімділігі жоғары ақша - М1 ,ал ең төмені- МL

Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:

М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер

Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.

М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар

МL= М3+ мемлекеттік қор облигациялар,коммерциялық қысқа мерзімді несиелер

Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.

34.Сандық ақша теориясының теңдеуі. Ақша айналым жылдамдығы. Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни V=(P*Y)/M, мұндағы M-ақша жиыны, P-бағалар деңгейі, Y-шығарылым. Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді. Бұл теңдікті былай жазылады: M*V=P*Y. Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. М1, М2, М3-ке сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады. Ақшаның сандық теориясының теңдеуін пайыздық формуламен көрсетуге болады: М% өзгерісі+V% өзгерісі=P% өзгерісі+Y% өзгерісі.

35.Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Егер М-ақша ұсынысы, Р-бағалар деңгейі болса, онда М/Р-ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы М және бағалар деңгейі Р тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни (М/Р)S=М/Р. Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады: (М/Р)D=(М/Р)S немесе L(r,Y)=M/P.

r (M/P)S

r 1 A (M/P)D

(M/P)1 M/P

А-ақша нарығының тепе-теңдігі

LM-қысқа мерзімдегі тепе-теңдікті көрсетеді

36.Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы. Артық резервтер нормасы. Пропорционалдық коэффициенті (Cr+1)/(Cr+rr)=m деп белгіленеді. Оны ақша мультипликаторы деп атайды. Ақша мультипликаторы - ақша массасы мен ақша базасының өзара байланысын сипаттайтын коэффициент. Ақша мультипликаторы әрдайым 1-ден үлкен болады, яңни m>1: M=m*MB. Ақша ұсыныс дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша (CU) және депозиттер (D). Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді: 1.ақша базасы MB=CU+Re; 2.депозиттерді резервтеу нормасы rr; 3.ақшаны депозиттеу коэффициенті, яғни қолма-қол депозитке айналдыру Cr. Ақша ұсынысын 2 формула арқылы табуға болады: 1) MB/(Cr+rr)=M/Cr+1; 2)M=((Cr+1)MB)/(Cr+rr)→M≈MB.

(M/P)S

r (M/P)S-нақты ақша ұсынысы

M/P