Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод ук по нап дипл раб_Лаура.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау

Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыруды нақты және уақтылы жоспарлау оның сапасы мен сәтті қорғалуына өз әсерін тигізеді. Дипломдық жұмысты жазу кезіндегі негізгі аспектілер – оның тақырыбын таңдау және күнтізбелік жоспар бойынша оны орындаумен қатар, жұмысты рәсімдеу талаптарымен танысу.

2.1 Диплом жұмысының тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы тиіс.

Күндізгі оқу бөлімінің студенттері диплом жұмысының тақырыбын өндірістік (диплом алдындағы) практикаға дейін, ал сырттай және кешкі бөлім студенттері – ең соңғы сессия кезінде таңдап алуы керек.

Егер, жұмыс кәсіпорын (мекеме) материалдары бойынша орындалатын болса, онда оның тақырыбы сол кәсіпорынның (мекеменің) шешетін мәселелеріне жақын болуы тиіс. Сырттай және кешкі бөлім студенттері өздерінің өндірістік қызметімен немесе өндірістік қажеттілігіне сай тақырыптарға диплом жұмысын жаза алады.

2.2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдағанда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу керек:

- диплом жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

- тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығын айқындай білу керек;

- олардың материалдары бойынша жазылып жатқан диплом жұмысының нәтижелері кәсіпорын (мекеме) үшін тәжірибеде құнды болуы тиіс және іске асуы қажет;

- жеке зерттеулерді, статистикалық мәліметтерді, құқықтық және нормативті актілерді оқып үйрену және жұмыста пайдалана білуі керек.

2.3 Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан (кафедра құрастырған тізімнен) таңдайды. Диплом жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, жоғары оқу орнының факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. Диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылады.

2.4 Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын жазбаша түрде немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

2.5 Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында анықталып, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.6 Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

3 Диплом жұмысының жазылу ережелері

3.1 Диплом жұмысын жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

3.2 Диплом жұмысының ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады;

3.3 Диплом жұмысының жетекшісі:

1) диплом жұмысына тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді;

6) әрдайым жұмыстың орындалуын бақылайды және оның орындалуы жайында кафедраға хабарлап отырады;

7) аяқталған диплом жұмысына сын-пікір жазады.

3.4 Диплом жұмысына тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының күнтізібелік кестесінен тұрады (А қосымшасы).

Диплом жұмысының тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының тапсырмасы диплом жұмысына тігіледі.

3.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.

3.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады.

3.7 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

3.8 Шығарушы кафедра диплом жұмысы орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

3.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

3.10 Диплом жұмысы мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3.11 Әрбір дипломдық жұмыстың тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет. Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр диплом жұмысының экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

3.12 Диплом жұмысының ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

3.13 Диплом жұмысын студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық және басқа да ұйымдарда орындалады.

3.14. Диплом жұмысы қорғауға 2 апта қалғанша аяқталып рәсімделуі керек.