Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод ук по нап дипл раб_Лаура.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

6 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі

6.1 Дипломдық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

6.2 Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

6.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми констультант (егер бар болса) пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

6.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысының мазмұнын, ұсыныстардың дәлелдігін, рәсімделуін анықталған талаптарға сәйкестігін тексеріп диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

6.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

6.6 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы, пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

6.7 Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

6.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

6.9 Пікір жазушы диплом жұмысына жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Пікірде пікір берушінің қолы қойылып, оның жұмыс орнының мөрімен расталуы керек.

6.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

6.11 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

6.12 Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен диплом жұмысының қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.

6.13 050703 – «Ақпараттық жүйелер» и 050704 – «Есептеу техника және программалық қамтамасыздандыру» мамандығының студенттері дипломдық жұмысты қорғауда электрондық қорларды мультимедиялық тұсау кесер түрінде тұстас техникалық құралдар базасында және ақпарат қатынас саласында жетістікте пайдалануда жүзеге асыруға болады.