Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10. Салта.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

12 Билет

Ақпартты (басып) шығару және бейнелеу құралдары.

Принтер – информацияны қағазға басып шығару құрылғысы. Оның өзінің жадысы және матрицалық, лазерлік, т.б. типтері бар. Олардың ішіндегі арзаны – символдарды қағазға нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын матрицалық принтер. Оның информацияны қағазға басып шығару бөлігі, нұсқаларына қарай 18, 24 және т.б. инелі бастиектен тұрады. Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген лазерлік принтерлер информацияны қағазға лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады. Олардың басу жылдамдықтары тез, әрі сапалы болғандықтан, бағасы қымбатырақ.

Матрицалық принтерлер

Мұнда басқа бірнеше инеден құралған матрицаның баспа торабында енгізудің көмегімен жасалған. Қағазбен баспа торыбының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лентаны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады. Баспа торабында орналасқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгіленуінің т.б. кодтары сақталады. Бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды.

Сия бүріккіш принтер

Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қызмет принципі матрицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы ашашыратқыш және сия резервуары орналасқан. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді, оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ-қара және түрлі-түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.

Лазерлі принтер

Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Сапасы фотографиялыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппатардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын ұнтақтың қабаты себіледі. Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүктелерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады.

Түрлі түсті баспа кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі. Түрлі түсті лазерлі принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі электронды құрал болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]